4 дəріс. Жүзді саймандар мен металдың кесіп алынған қабатының геометриялық және конструктивтік параметрлері



жүктеу 418,2 Kb.
бет1/2
Дата26.01.2022
өлшемі418,2 Kb.
#35049
  1   2
2 дəріс


4 дəріс.    Жүзді саймандар мен металдың кесіп алынған қабатының геометриялық және конструктивтік параметрлері

Кесу құралдарын жасау технологиясында қолданылатын, қайрау тəсілдерінде, бет пен құрал жүзін тексеруде, сонымен қатар құралды пайдаланғанда анықтаған геометриялық параметрлерді, тікбұрышты үшжаққа қатынасты бағыттау тиімдірек.

Құралдың геометриялық параметрлерін (бұрыштарын) анықтауда, тікбұрышты үшжақ құрайтын бірнеше координаталық жазықтықтар мен координаталық жазықтықтар жүйесін ажыратады. Қандай координаталық жазықтықтар жүйесін қолдану керектігі кесу құралын қалай - геометриялық дене ретінде немесе еңбек құралы ретінде қарастыруға байланысты анықталады (6 сур.). Бұл жерде D r - негізгі кесу қозғалысы; D s - беріліс қозғалысы; P vu - құралдық негізгі жазықтық; P vc - статикалық негізгі жазықтық; P vk - кинематикалық негізгі жазықтық; P nu , P nc , P nk - құралдық, статикалық, кинематикалық кесу жазықтығы; P u ,Pc , Pk - құралдық, статикалық, кинематикалық негізгі қиюшы жазықтықтары.

6 сурет. Координаталық жазықтықтар жүйесі


Құралды жасауда жəне параметрлерін тексеруде құралдық координаталар жүйесін қолданамыз.

Құралдық координаталар жүйесі - басы жүздің төбесінде, база ретінде алынған кесу құралының геометриялық элементтеріне қатысты бағытталғын тікбұрышты координаталар жүйесі.

Статикалық координаталар жүйесі - басы кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесінде, негізгі кесу қозғалысының жылдамдығының бағытына

қатысты бағытталған тікбұрышты координаталар жүйесі. Статикалық координаталар жүйесі кесу процесіндегі жүздің бұрышын жуықтап есептеу үшін жəне осы бұрыштардың құралды білдекке орнықтырған соң болатын өзгерістерін есепке алу үшін қолданылады.



Кинематикалық координаталар жүйесі - басы кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесінде, кесудің нəтижелегіш қозғалысының жылдамдығының бағытына қатысты бағытталған тікбұрышты координаталар жүйесі.

Негізгі жазықтық (P v ) - кесу жиегінің қарастырып отырған нүктесі арқылы, осы нүктедегі негізгі немесе нəтижелегіш кесу қозғалысының жылдамдығы бағытына перпендикуляр координаталық жазықтық. Құралдық координаталар жүйесінде кесудің негізгі қозғалысының бағыты: қимасы тікбұрышты жону жəне сүргілеу кескіштерде конструкторлық орнықтыру базасына перпендикуляр; қашау кескіштерде - базаға параллель; ості құралдар мен жонғыштарда - құралдың айналма қозғалысы траекториясына жанама; тартажонғыш пен тісқашауыш - оське параллель алынады. Негізгі жазықтықтарды құралдық (P vu ), статикалық (P vc ), кинематикалық (P vk ) деп ажыратамыз. Бұл негізгі жазықтықтар - сəйкес координаталар жүйелерінің негізгі жазықтықтары.

Кесу жазықтығы (P n ) - қарастырылып отырған нүктеде кесу жиегіне

жанама жəне негізгі жазықтыққа перпендикуляр координаталық жазықтық. Əрбір координата жүйесінде сəйкес негізгі қиюшы жазықтықтыр болады, атап айтқанда P nu , P nc , P nk .



Негізгі қиюшы жазықтық (P ) - негізгі жазықтық пен кесу жазықтығының қиылысу сызығына перпендикуляр координаталық жазықтық. Əрбір координата жүйесінде сəйкес негізгі қиюшы жазықтықтыр болады, атап айтқанда P u ,Pc , Pk .

Нормальды қиюшы жазықтық (P н ) - қарастырылып отырған нүктеде кесу жиегіне перпендикуляр жазықтық.

Жүздің элементтері. Барлық кесу құралдарының, өңдеуге қалдырылған

əдіпті кесу процесін жүзеге асыру үшін, қосылатын бөліктері (жүз) болады. Кесу құралы дайындамадан металл қабатын кесіп алып тастау үшін, оның жүзі анықталған жазықтықтармен кескінделуі керек. Осы жазықтықтар мен геометриялық параметрлерді ең көп тараған құрал - токарлық өтім кескішті мысал ретінде қарастырайық, 7 сурет.

Жүздің алдыңғы беті (1) - кесу процесінде кесілетін қабат пен жоңқамен түйісетін құрал жүзінің беті. Жүздің артқы беті (3,5) - кесу процесінде дайындама бетімен түйісетін құрал жүзінің беті. Кесу жиегі (2,6) - жүздің алдыңғы жəне артқы беттерінің қиылысуымен жасалған құрал жүзінің жиегі. Негізгі кесу жиегі (6) - кесілетін қабаттың үлкен жағын құратын кесу жиегінің бөлігі. Көмекші кесу жиегі (2) - - кесілетін қабаттың кіші жағын құратын кесу жиегінің бөлігі. Негізгі артқы бет (5) - негізгі кесу жиегіне жабысатын құрал жүзінің артқы беті. Көмекші артқы бет (3) - көмекші кесу жиегіне жабысатын құрал жүзінің артқы беті. Жүздің төбесі (4) - негізгі жəне көмекші кесу

жиектерінің қиылысқан жеріндегі кесу жиегінің бөлігі. Кесу жиегінің дөңгелектену радиусы (ρ) - нормальды қиюшы жазықтықпен қиылған, кесу жиегінің қисықтық радиусы.



а) кескіш элементтері б) кесілетін қабаттың бұрыштары мен параметрлері


7 сурет. Кескіш пен кесілетін қабаттың беттері мен геометриялық параметрлері

жүктеу 418,2 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау