Ќазаќстан Республикасыныѕ индустрия жјне


Параграф 3. Зерттеу аумақтары (объектілері) және бөлек аумақтар бойынша топтамалармен танысу



жүктеу 0,98 Mb.
бет3/14
Дата20.11.2018
өлшемі0,98 Mb.
#21983
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Параграф 3. Зерттеу аумақтары (объектілері) және бөлек аумақтар бойынша топтамалармен танысу

37. Бөлімшеде орындаушылардың петрографиялық және минералогиялық топтамалармен, органикалық қалдықтар қазбаларының топтамаларымен және пайдалы қазбалар үлгілерімен, гербаримен танысуға мөлшерлемелер келтірілген.

38. Топтамалармен танысу мұражайларда немесе осы материалдар сәйкес түрде жүйеге келтірілген өзге қоймаларда өндіріледі.

39. Жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Әкімшіліктен топтамалармен танысуға рұқсат алу. Топтамаларды орналастыру (сақтау) және іздеу жүйесімен танысу. Қажетті топтамаларды іздеу. Сөре ұяшықтарынан қажетті үлгілері бар жәшіктерді шығарып алу. Үлгілермен жеке танысу, соның ішінде үлгілердің атауларын және оларды жинау мекен – жайларын жазып алуды қоса. Үлгілері бар жәшіктерді сөре ұяшықтарына орнату.

40. Уақыт мөлшерлемелері бір орындаушыға (партия басшысы, отряд басшысы, геолог, гидрогеолог және т.б.) орнатылған және 18 кестеде (2 қосымша) көрсетілген.

41. Бір жұмыс орындаушының еңбек шығындары (адам – кезеңде) – сан жағынан топтамамен танысудың уақыт мөлшерлемелеріне тең (18 кесте, 2 қосымша ).



Параграф 4. Аэросуреттерді (АС) және космостық суреттерді (КС) алдын – ала кешенді дешифрирлау

42. Кешенді дешифрлау деп АС және КС құрамын геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық, геоэкологиялық ашу түсіндіріледі. Алдын – ала дешифрлаудың барлық материалдары бір түрлі аудандық геологиялық – құрылымдық объектілердің, сыну аумақтарының, метасоматоз аумақтарының, тұрғын – үй түзілулерінің, геофизикалық, геохимиялық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, геоэкологиялық өзгерістердің болжамды дала белгілеу участкелерін таңдау, сонымен бірге тау – кен қазбаларының, бөлшекті зерттеу участкелерінің орналасу нүктелерін таңдау, жердегі және әуедесантты бағдарларды нақтылау үшін көмекші негіз болып табылады.

43. Бөлімшеде аэро таспаға түсіру суреттерінің, аэрофотосұлбалардың және космостық таспаға түсіру материалдарының байланыс іздерін алдын – ала кешенді дешифрлауға мөлшерлемелер берілген, олардың нәтижелері басты түрде ГБЖ жобалау процесінде пайдаланылады. Дала және АКТМ қорытынды дешифрирлауы дала зерттеу жұмыстарын жүргізгенде және материалдарды камералды өңдегенде Жұмыс құрамына кіргізілген, және сондықтан жеке дара мөлшерленбейді.

44. Мөлшерлемелер келесі шарттар орындалғанда орнатылады; байланыс іздері ақ – қара нұсқада жартылай жылтыр фотоқағазда орындалан, жеткілікті рееңді, бойында техникалық ақаулықтар жоқ; АКТМ жүйеге келтірілген.

45. Жұмыс құрамы (айналы – линзалы стереоскопты пайдаланумен). Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Топографиялық картаға суреттерді жалғау. Суреттерге (қалыпқа салу) қажетті бұрын өткізілген зерттеулердің бастапқы жердегі нақты материалын жалғау. Суреттердің контурлы және құрылымды дешифрирлануы. Фотобейненің бөлініп көрсетілген суреттерін зерттеу. Дешифрлаудың барлық мүмкін болатын объектілерін белгілеумен суреттерді егжей – тегжей дешифрирлау. Дешифрлауға келмейтін контурларды (объектілерді) айқындау. Жеке дара суреттер мен стереосуретөлшеуіш құралдар бойынша өлшеуіш дешифрирлау. Аңызы бар аэросуреттер мен космосуреттердің алдын – ала кешенді дешифрлауының картасын құрастыру. Әр түрлі қашықтық суреттерінің және әр түрлі уақытта жасалған суреттердің дешифрлау деректерін, сонымен қатар бұрын жасалған геологиялық таспаға түсіру жұмыстарының нақты геологиялық материалдарымен салыстыру. Жүргізілетін жұмыстар масштабында аэросуреттердің дешифрлау деректерінің геологиялық түрлендіру, алдын – ала дайындалған картасын құрастыру.

46. Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) отряд басшысының үлестік қатысуымен суреттерді алдын – ала дешифрлау бір геологпен (гидрогеологпен және т.б.) жүргізіледі, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады.

47. Мөлшерлеме материалдары 19 және 19 – 1 кестелерде (2 қосымша) ұсынылған.

48. Суреттердің бойлық және көлденең жабылуларын ескере отырып, дешифрлауға жататын аудан суреттердің қосынды ауданының 50 пайыздық өлшемінде қабылданады.

49. Сол АС және КС қосымша алдын – ала дешифрлағанда, олар түрі түсті спектроаумақтық, көпаумақтық немесе синтезделген нұсқаларда орындалған, уақыт мөлшерлемелері (19 кесте, 2 қосымша) 15 пайызға ұлғаяды.

50. Аэробиіктіктік және космостық суреттерді (жергілікті жерде жоғары рұқсат етілгендікке ие болатын) дешифрлауды орындаған жағдайларда және 19 кестеде (2 қосымша) көрсетілген көп есе үлкейтетін құралдарды пайдаланғанда мөлшерлемелерге келесі түзету коэффициенттер қолданылады: 1:100 000-1:200 000 масштабтағы суреттер үшін К=1,5; 1:1000 000 масштабтағы суреттер үшін К=2,0.

51. АС және КС алдын – ала кешенді дешифрлау бойынша негізгі жұмыс орындаушысы – І дәрежелі геологтың (гидрогеологтың және т.б.) еңбек шығындары (адам - кезеңде) – сан жағынан осы жұмысты орындаудың уақыт мөлшерлемелеріне тең (19 кесте, 2 қосымша). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия немесе отряд басшысының еңбек шығындары - 0,01 адам – кезең құрайды.

4. Жұмыстарды жобалауға уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары
52. Жобалау – ғылыми - өндірістік жұмыс, оның нәтижесі жоба және смета болып табылады, оны құрастыру құны сметалық – қаржылық есептермен (СҚЕ) анықталады.

53. Жоба – құжат, ол нақты жұмыстар қойылымын, олардың тізімін және көлемін, әдістемесін (технологиясын) және өткізудің техникалық шарттарын дәлелдейді. Ол алынған нәтижелерге тәуелді нақтылануы (толықтырылуы) және өзгертілуі мүмкін. Алайда жобаны құрастыру негізі алдын – ала дайындау жұмыстарының материалдары болып табылады.

Жобаны жобалау келесілерден тұрады:

жобаның графикалық бөлігін құрастыру;

жобаның мәтіндік бөлігін құрастыру;

жобаны мекеменің (кәсіпорынның) ғылыми – техникалық немесе ғылыми кеңесі мәжілісінде қарастырғанда және сараптамадан кейін қабылданған ұсыныстары бойынша түзетулер мен өзгертулер енгізу.

54. Бөлімшеде жобаның тек графикалық және мәтіндік бөліктерін құрастыруға ғана нормативті материалдар келтіріледі. Жобаға түзетулер мен өзгертулер енгізу бойынша жұмыстың сметалық құны СҚЕ анықталады.
Параграф 1. Жобаның графикалық бөлігін құрастыру
55. Нормативті материалдармен геологиялық құрамы бар (3 т. қараңыз) таспаға түсірулерге және пайдалы қазбаларды іздеулерге (4 т. қараңыз) жобаның графикалық бөлігін құрастыу қамтылған.

56. Жобаланатын жұмыстардың алуан түрлілігіне тәуелді жобалардың графикалық бөлігі белгілі сызбалар топтамасымен ұсынылады, олардың тізімі және орындаушылары 20 кестеде (3 қосымша) көрсетілген.

57. 20 кестеде (3 қосымша) атап көрсетілген сызбаларды құрастыру геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия басшысының үлестік қатысуымен орындалады, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады (10,11 т. қараңыз).

58. № 1-4, 20 сызбалары (20 кесте, 3 қосымша) дайын бланкті негізде; № 5-10, 12-16, 19 – жұмыс масштабында дайын топографиялық негізде; № 11 – 1:50 000 масштабтағы бір топографиялық парақ шеңберінде жұмыстар масштабында дайын топографиялық негізде; № 17, 18, 21, 22 – миллиметр өлшеуіште құрастырылады.

59. Жұмыс құрамы (сызба түрлеріне тәуелсіз). Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Жинақталған және жүйеге келтірілген ақпарат көздерін зерттеу және талдау, соның ішінде қажетті ақпаратты таңдап алған және жалпылама қажеттілігімен зерттеу аумақтары (объектілері) және бөлек аумақтар бойынша дешифрланған аэро, космо суреттер (АКТМ) материалдарын қоса. Шартты белгілеулерді жобалау (оған АКТМ алдын – ала кешенді дешифрлау сұлбаларын құрастыру жатпайды). Құрастырылып жатқан сызбаға қарындашпен сәйкес жүктемеде, шартты белгілермен бейнеленетін әрі қарай оны тушпен жұмыс сызуына бекітумен белгілер салу. Тушпен жұмыс сызуымен жақтаулар және жақтаудан тыс рәсімдеуді салу, соның ішінде негізгі белгілерді қоса. Түрлі – түсті қарындаштармен сызбаны бояу (қажет болған жағдайда).

60. Алдын – ала дайындалған карталарды (геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлі – геологиялық) құрастырғанда жұмыс құрамына қосымша келесілер қосылады: жұмыстар масштабына келтірілген бұрын орындалған түсірілімдердің карталарын монтаждау; АКТМ дешифрлау нәтижелерін және геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) деректерді ескере отырып геофизикалық материалдарды қайта түрлендіру; алдыңғы геохимиялық жұмыстар материалдарын қайта түрлендіру; бір геологиялық (гидрогеологиялық, инженерлі – геологиялық) тілікті құрастыру және жұмыс сызуымен, тушьпен сызу.

61. АКТМ алдын – ала дайындалған кешенді дешифрлау сұлбасын құрастырғанда 60 т. көрсетілгендерге қосымша келесілер енгізіледі: шартты белгілердің жүйесін нақтылау және толықтыру, жеке дара суреттердің алдын – ала дешифрлау нәтижелерін жалпылау, соның ішінде дешифрлау нәтижелерінің байланыстарын қоса.

62. Мөлшерлемелермен жобаланатын жұмыстардың алуан түрлілігі міндетті алдын – ала болатын зерттеулер материалдарымен қамтамасыздандырылғаны ескерілген және қолданыстағы әдістемелік нормативті құжаттармен ретке келтірілген геофизикалық және геохимиялық жұмыстармен еріп жүргізіледі.

63. Мөлшерлемелер орнатылған өлшеуіштермен келесілер қабылданаған:

№, № 1-4, 20, 21 (20 кесте, 3 қосымша, 1 бөлім) сызбаларын құрастырғанда – 15*20 см (3,0 дм2) өлшеміндегі 1 сызба;

№, № 5-7, 9-16, 19 сызбаларын құрастырғанда – карта (сұлба) құрастырылатын топографиялық негіздің 1 тізімдеме парағына сәйкес келетін аудан бойынша 1 сызба;

№ 8 сызбасын құрастырғанда – зерттеу аумағының 10 км2 жұмыстар масштабында 1 сызба;

№ 17, 18 сызбаларын құрастырғанда – 15*30 см (4,5 дм2) өлшеміндегі 1 сызба;

№ 22 сызбасын құрастырған – 10*15 см (1,5 дм2) өлшеміндегі 1 сызба;

64. Жобалардың графикалық бөліктерін құрасыруға мөлшерлемелер 21-45 кестелерде, (Қосымша 3) және 66 – 700 тт. ұсынылған және тек бір жоба бойынша орындалатын жобаланатын жұмыстардың әр біреуі үшін алуан түрлілігімен қол жетімді.

65. Шолу картасын құрастыруға уақыт мөлшерлемесі (3,0 дм2 өлшеміндегі №1 бір сызба) 0,81 кезеңге тең.

66. 1:1 000 000 масштабында зерттеліп жатқан пайдалы қазбаның (кендік пішіннің) тікелей белгілерін тіркеу картасын құрастыруға уақыт мөлшерлемелері - №11 бір сызбаның (1 тізімдеме парағы) – пайдалы қазбалардың тіркеу картасын құрастыруға кететін уақыт мөлшерлемелеріне тең (27 кесте, 3 қосымша).

67. Топонегіздің бір тізімдеме парағында АГӘҚЗ немесе АГГӘҚЗ жобалауда №19 сызбаны құрастыру үшін 0,92 АГӘҚЗ және 0,86 АГГӘҚЗ коэффциенттерімен 38 – 40 (Қосымша 3) кестелерінде көрсетілген уақыт мөлшерлемелері пайдаланылады. Геологиялық немесе гидрогеологиялық партия басшысының еңбек шығындары өзгермейді (74 т. қараңыз).

68. Топонегіздің бірнеше тізімдеме парағында ГТ,ГГТ, АГӘҚЗ, ТГГТ немесе АГГӘҚЗ жобалау жағдайында №№ 6, 7, 10, 12-16, 19 сызбаларды құрастыру үшін 68 т. баяндалғандарды ескере отырып 24-27, 30, 31, 33-35, 38-40 кестелерінен уақыт мөлшерлемелері алынады, олар түзету коэффициенттеріне көбейтіледі (42 кесте, 3 қосымша). Геологиялық немесе гидрогеологиялық партия басшысының еңбек шығындарын есептегенде 42 кестеде көрсетілген коэффициенттер қолданылмайды.

69. Нақты сызбаны құрастыру бойынша (3 қосымша, 20 кестені қараңыз) негізгі жұмыс орындаушысының еңбек шығындары (адам - кезеңде) – сан жағынан осы сызбаны құрастыруға уақыт мөлшерлемелеріне тең (66,67 тт, 21 – 45 кестелер, 3 қосымша). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия басшысының еңбек шығындары 0,04 адам – кезеңді құрайды.


Параграф 2. Жобаның мәтіндік бөлігін құрастыру
70. Бөлімшеге геологиялық құрамы бар тісірілімдерді және пайдалы қазбаларды іздеуді (4,5 т. қараңыз) жүргізуге жобалардың мәтіндік бөлігін құрастыруға нормативті материалдар кіргізілген.

71. ГБЖ кез келген түрін жүргізуге жобалардың мәтіндік бөлігі келесі бөлімдерден тұрады: зерттеу аумағының (объектісінің) геологиялық – экономикалық сипаттамасы; бұрын өткізілген зерттеу жұмыстарын шолу, талдау және бағалау; геологиялық, зерттеу аумағының (объектісінің) гидрогеологиялық, геохимиялық және геофизикалық сипаттамасы; жобаланатын жұмыстардың әдістемесі; жер қойнауын және қоршаған табиғат ортасын қорғау; жобаланатын жұмыстарды өткізу тізімі, көлемі және шарттары.

72. Жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Жобаның графикалық бөлігін құрастыру алдындағы ақпарат көздерін қарап шығу және жалпылау. Жобаланатын жұмыстардың әдістемесін таңдау және дәлелдеу және олардың көлемдерін анықтау. Жоба бөлімдерін жазу, соның ішінде сметалық қнды орнату үшін деректері бар кестелерді құрастыруды қоса (жұмыс көлемі, орындаушылардың құрамы және еңбек шығындары, сатып алынатын және жасап шығарылатын материалдардың атауы және сан мөлшері).

73. Жұмыс геологиялық (гидрогеологиялық) партия басшысының үлестік қатысуымен бір геологпен (гидрогеологпен) орындалады, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады

74. Мөлшерлемелермен келесілер нақтыланған; жобаланатын жұмыстардың түрлері міндетті алдын – ала зерттеулер материалдарымен қамтамасыз етілген және қолданыстағы әдістемелік нормативті құжаттармен реттеліп отыратын геофизикалық және геохимиялық жұмыстармен еріп жүреді.

75. Уақыт мөлшерлемелері орнатылған өлшеуіштермен келесілер қабылданған:

геологиялық құрамды таспаға түсіруде жобалардың мәтіндік бөлігін құрастырғанда, геологиялық – минерагендік картаға түсіруді (ГМКТ) қоспағанда – жұмыс масштабында топографиялық негіздің 1 тізімдеме парағы;

ГМКТ геологиялық құрамды таспаға түсіруде жобалардың мәтіндік бөлігін құрастырғанда – 1:50 000 масштабында топографиялық негіздің 1 тізімдеме парағы;;

іздеу жұмыстарына геологиялық құрамды таспаға түсіруде жобалардың мәтіндік бөлігін құрастырғанда – осы зерттеулер жобаланатын аумақтың 10 км2.

76. 46-51 кестелерінде (4 қосымша) ГТ, АГӘҚЗ, ТГКТ, ГМКТ, Г, И, сонымен бірге іздеу жұмыстарына геологиялық құрамды таспаға түсіруге жобалардың мәтіндік бөлігін құрастыруға уақыт мөлшерлемелері келтірілген. Біріккен таспаға түсірулерде жобалардың мәтіндік бөлігін құрастыруға уақыт мөлшерлемелері келесі кешенге жататын таспаға түсіру кезінде осы жұмысты орындауға уақыт мөлшерлемелерінің сомасына өтеу коэффициенттерін пайдалану жолымен анықталады: ГТ, ГГЗ, ТСГЗ, ТСГ, ГИ біріккен түсірілімдері үшін өтеу коэффициенті – 0,70; ГТ+ТГКТ түріндегі біріккен аспаға түсіру үшін - 0,85; АГӘҚЗ+Г немесе АГӘҚЗ+И түріндегі біріккен аспаға түсіру үшін – 0,75.

77. Бірнеше тізілім парақтарында (соның ішінде топтық таспаға түсірілімдер) кез келген түсірілімдерді жобалаған жағдайда таспаға түсірудің алуан түрлеріне сәйкес келетін жобалардың мәтіндік бөлімін құрастырудың уақыт мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері қолданылады (кесте 52, 4 қосымша).

78. Жобалардың мәтіндік бөлігін (74 т. қараңыз) құрастыру бойынша негізгі жұмыс орындаушысының еңбек шығындары (адам - кезеңде) – сан жағынан осы жұмысты орындауға кететін уақытының мөлшерлемелеріне тең (46-51 кестелер, 4 қосымша). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) отряд басшысының еңбек шығындары - 0,15 адам – кезең.

79. Жұмыс құнын анықтауды жеңілдету үшін, соның ішінде екі кезеңде жұмыстарды жобалағанда дайындау жұмыстарына және жобалауға шығындар жобалық – сметалық құжаттама құрастыру бойынша жоғарыда атап өтілген барлық жұмыс кешеніне (осыған топтамалармен танысу және алдын - ала кешенді дешифрлау кірмейді) адам – айларда ірілендірілген мөлшерлемелер бойынша анықталуы мүмкін. Уақыт мөлшерлемелері және отряд құрамы геологиялық құрамы бар таспаға түсірулерді өткізу бойынша жұмыстарға жобалық – сметалық құжаттамаларды талдау негізінде анықталған. Шығындар жұмыстардың барлық кешеніне орнатылады, соның ішінде қор және басып шығарылған әдебиетті және картографиялық материалды жинау және зерттеу, орындалған жұмыстарды талдау, жобаның мәтіндік және графикалық бөліктерін құрастыру, есептік бөлікті және сметаны құрастыру, мәшикемен теру және сызба – рәсімдеу жұмыстар және ҒТК жобаны қарағанда және сараптама жүргізгеннен кейін қабылданған ұсыныстар бойынша өзгертулер мен түзетулер енгізу.

Дайындық аралығы мен жобалау аралығының уақыт шығындары және отряд құрамы жұмыс сипатына және жағдайлар күрделілігінің тәуелді жобамен дәлелденеді, бірақ олар 3 отряд – айдан аспау керек (18 адам – ай).

Дайындық аралығы және жобалауға отряд құрамы және еңбек шығындары 1 айға келесіні құрайды:

Отряд басшысы – 0,5 адам - ай; І дәрежелі маман (геолог, гидрогеолог, геофизик, экономист) – 3,0 адам – ай; ІІ дәрежелі маман (геолог, гидрогеолог, геофизик) – 1,5 адам – ай; ІІ дәрежелі техник (геолог, гидрогеолог, геофизик) – 1,0 адам – ай. Барлығы – 6,0 адам - ай.



5. Дала жұмыстарының алдындағы жұмыстарға уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары
80. Осы бөлімде 4 «Жобалау» бөлімімен қамтылмаған, бірақ дала жұмыстарын сапалы орындау үшін қажетті болып табылатын карталарды (сұлбаларды) және өзге материалдарды құрастыруға нормативті материалдар келтірілген.

81. Дайындау жұмыстарына сонымен бірге рекогносцирлеу жердегі бағдарлар және жұмыстың тірек аңызын құрастыру жұмыстары жатады, олардың сметалық құны СҚЕ анықталады.

82. Жобаланатын жұмыстардың алуан түрлеріне тәуелді дала жұмыстары алдындағы аралықта белгілі карталар (сұлбалар) жиыны құрастырылады, олардың тізілімі, масштабы және орындаушылары 53 кестеде ұсынылған (5 қосымша).

83. Дала жұмыстарының алдындағы басқа материалдарына келесілер жатады: бұрғылау ұңғымаларының, құдықтардың, шурфтардың, бұлақтардың, ГАЭ көріністерінің жинақ каталогтары; жерасты суларының, сулы көкжиектердің (кешендердің) сулылығының минералдылығының және химиялық құрамының жинақтау кестелері; тау жыныстарының литологиялық (петрографиялық) түрлерінің физико – механикалық қасиеттерінің жинақтау кестелері. Жұмыс техник – геологпен (техник – гидрогеологпен) орындалады.

84. Сызбаларды (53 кесте, 5 қосымша) және өзге материалдарды (83 т.) құрастыру геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия басшысының үлестік қатысуымен орындалады, ол сәйкес дайындау – қорытынды опреацияларға және жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операцияларды атқарады (10, 11 тт. қараңыз).

85. Сызбалар (53 кесте, 5 қосымша) дайын топографиялық негізде, өзге материалдар (83 т.) – дайын кесте немесе каталогтар бланктарында құрастырылады.

86. Жұмыс құрамы (графикалық немесе кестелік материалдардың түріне тәуелсіз). Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Зерттеу аумағы (объектісі) және бөлек аумақтар бойынша жинақталған және жүйеге келтірілген қорлы, архивті және басылып шыққан материалдарды зерттеу және талдау, мұнда ақпарат қажетті таңдаудан өтеді және қажетті ақпарат жалпыланады.

87. Сызбаларды құрастырғанда Жұмыс құрамына қосымша 86 т. көрсетілгеннен өзге келесілер енгізіледі: шартты белгілерді жобалау; шартты белгілермен бейнеленетін құрастырылып жатқан сызбаға қарындашпен сәйкес жүктемелер салу, оны әрі қарай жұмыс сызбасымен тушьпен бекітумен; АКТМ алдын – ала дешифрлау нәтижелерін тасымалдау; тушьпен жұмыс сызбасымен рәсімдеудің жақтауларын және жақтаулар сыртын салу, соның ішіне шартты белгілерді және тіліктерді қоса, сызбаны түрлі – түсті қарындаштармен бояу (қажет болған жағдайда).

88. Уақыт мөлшерлемелері орнатылған өлшеуіштермен келесілер қабылданған:

сызбаларды құрастырғанда - карта (сұлба) қалатын топографиялық негіздің 1 тізілімдеме парағына сәйкес келетін аудан бойынша сызба;

жинақтау каталогтарын құрастыруда –әр бетке 15 тең ақпарат объектілерін енгізу сан мөлшерлемесінде 10 бет;

жинақтау кестелерін құрастырғанда – әр бетте жол саны 20 тең 10 бет.

89. Карталарды (сұлбаларды) және далаға шығу алдындағы аралықта өзге материалдарды құрастыруға уақыт мөлшерлемелері 54-64 кестелерде (5 қосымша) және 90,91 тт. көрсетілген.

90. Сызбаларды құрастыру бойынша негізгі жұмысты орындаушының еңбек шығындары (адам – кезеңде) (53 кестені қараңыз, 5 қосымша) сан жағынан осы жұмысты орындауға кететін уақыт мөлшерлемелеріне тең (54-64 кестелер, 5 қосымша). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия басшысының еңбек шығындары – 0,04 адам – кезең.

91. Жинақтау каталогтарын және жинақтау кестелерін (87 т. қараңыз) құрастыру бойынша негізгі жұмысты орындаушының еңбек шығындары (адам – кезеңде) сан жағынан осы жұмысты орындауға кететін уақыт мөлшерлемелеріне тең (63, 64 кесте, 5 қосымша). Геологиялық (гидрогеологиялық және т.б.) партия басшысының еңбек шығындары – 0,04 адам – кезең.

6. Дала жұмыстарына уақыт мөлшерлемелері және еңбек шығындары
92. Нормативті материалдар келесі дала жұмыстарының түрлеріне ұсынылған:

аэровизуалды бағдарлар;

геологиялық құрам және іздеу жұмыстарында тісірілімдер кезінде жердегі бағдарлар;

іздеу жұмыстары кезінде 1: 5000 масштабында геологиялық картаға түсіру;

жердегі іздеу бағдарлары;

далада материалдарды камералды өңдеу.

93. Мөлшерлемелер далалық аралықта тізбектеліп аталған жұмыстарды орындауға есептелген, олар жердегі бағдарларды жүргізу процесінде орындаушылардың жаяу қозғалысында сәйкес климаттық шарттармен реттеледі, мұнда бағдар басына және оны орындап болғаннан кейін, сонымен бірге базалар және кіші базалар құрылғыларымен байланысты «бос жүрістер» есепке алынбайды (17 т. қараңыз).

94. Мөлшерлемелер дала жұмыстары жергілікті жердің абсолют биіктігі 1500 м дейін, жұмыс орнында ауа температурасы +5 - тен +300 С – ге дейін, беткейлік беттердің тіктілігі 350 дейін, жел жылдамдығы 14 м/с дейін, 20 кг дейінгі жүкпен құрғақ топырақ бойынша жаяу қозғалуды көздейді.

95. Абсолют биіктігі 1500 м асатын жергілікті жерде жұмыстарды орындағанда уақыт мөлшерлемелері 65 кестеде (6 қосымша) көрсетілген коэффициенттермен түзетіледі.
Параграф 1. Аэровизуалды бағдарлар
96. Аэровизуалды бағдарлардың сан мөлшері, созылмалығы (км – мен) және бағыттары жұмыс жобасымен, олардың мақсатты тағайындалуынан, жан – жақты зерттелуінен және бұрын өткізілген зерттеу жұмыстарының материалдарын талдаудан дәлелденеді.

97. Аэровизуалды бағдарлар 4 орындаушысы бар сан мөлшердегі өндірістік (ұшқыш) топпен орындалады, топ келесілерден тұрады: геологиялық партия немесе отряд басшысы, ол штурманның міндеттемелерін біріктіреді, екі маман (геологтар), бір техник (геолог), таспаға түсірушінің жұмысын біріктіреді.

98. Аэровизуалды бағдарлар шолу (рекогносцирлі) және картаға түсіру болып екіге бөлінеді. Оларды өткізу процесі екі ұйымдастырушылық ерекше және технологиялық маңызды бөліктерден тұрады; аэровизуалды бағдарлардың өзі (бақылау) және аэровизуалды бағдарлар нәтижелерін өңдеу.

99. Шолу аэровизуалды бағдарлардың өзі ұшу жылдамдығы 120-150 (орташа 135 км/сағ) болғанда 300- 400 м биіктікте өткізіледі, картаға түсіру бағдарлары ұшу жылдамдығы 80-100 (орташа 90 км/сағ) болғанда 100- 250 м биіктікте өткізіледі. Бір ұшудың оңтайлы ұзақтылығы 4 сағат.

100. Аэровизуалды бағдарлардың өзі қолданыстағы аэровизуалды жұмыстар үшін әуе кемелерін пайдалану ережелеріне сәйкес жалға алынған ұшақтарда және тік ұшақтарда орындалады.

101. Аэровизуалды бағдарлардағы жұмыс құрамы. Дайындау - қорытынды операциялар. Жұмыс орнына қызмет көрсетумен байланысты операциялар. Шартты белгілерді, кодтарды және белгілерді жобалау. АТ стереоскоп астында қарау. Топонегізге (фотосұлбаға) бағдар сызықтарын, бағдар бойынша тірек бағыттарды, сонымен бірге дайындық және дала жұмыстары алдындағы аралықта алынған жұмысқа қажетті деректерді салу. Тікелей аэровизуалды бақылаулар, олар бағдар картасына (аэрофотосұлбаларға) шартты белгілерді салумен, күнделікке (дала журналына) немесе магнитофон таспасына жазба жазумен, болашағы бар жерлерді және маңызды объектілерді фото суретке түсірумен белгіленеді.

102. Аэровизуалды бағдарлар нәтижелерін өңдеуде жұмыс құрамы. Бақылау элементтерін бағдар картасында (аэрофотосұлбада) тушьпен бекіту, күнделікте және бағдар картасында (аэрофотосұлбада) қысқартуларды және шартты белгілерді ашып жазу, магнитофон таспасынан жазбаларды күнделікке аудару (осы құрылғыны пайдаланған жағдайда), аэровизуалды бақылау журналын толтыру.

103. Жоғарыда аталғандардың барлығын есепке ала отырып нормативті материалдар аэровизуалды бағдарларды жүргізу процесінің әр бөлігі үшін ұсынылған.

104. Аэровизуалды бағдарлардың өзіне жұмыстардың сметалық құнын есептегенде әуе кемесін жалға алу және пайдаланумен байланысты шығындар, сонымен қатар осы жұмысты орындайтын өндірістік (ұшқыш) топ құрамына қосымша құн төлеулер ескеріледі.

105. Әуе кемесін аэродромнан жұмыс орнына шоғырландыру және кері қайтаруға шығындар жүктерді тасымалдауға жоба жұмыстарымен дәлелденеді.

106. Нормативті материалдар 107-108 тт. және 66-68 кестелерінде (6 қосымша) көрсетілген.

107. Аэровизуалды бағдардың (бақылаудың) өзіндік 100 км орындаудың уақыт мөлшерлемелері 0,185 кезеңге (шолу бағдары) және 0,278 кезеңге (картаға түсіру бағдары) тең, соның ішінде ұшу уақыты сәйкесінше 0,11 кезең және 0,16 кезең.

108. Аэровизуалды бағдарларды өткізетін өндірістік (ұшқыш) топта (97 т. қараңыз) әр орындаушының еңбек шығындары сан жағынан осы жұмысты орындаудың уақыт мөлшерлемелеріне тең (107 т, кестелер 66-68, 6 қосымша).


жүктеу 0,98 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау