Дивидентті төлеу тәртібі
Дивидент түсінігі компания табысының бір бөлігін акция иеленушілерге төленуі ретінде қабылданады.
Қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес, дивидент дегеніміз акционерлік қоғамның акционерлеріне олардың құзырындағы акция санына сәйкес төленетін таза табысының көлемі.
Дивидент ұлттық заңнамалармен реттелетін белгілі бір мерзімділікпен төленеді. Мысалы, Германияда дивидент жылына бір рет төленді. Көптеген елдерде дивидент төлеу стандартты түрде болады және бірнеше сатылардан өтеді.
Дивидентті хабарлау күні- бұл директорлар кеңесі дивидентті төлеу туралы шешімді қабылдаған күн,көптеген компаниялар оны қаржылық-ақпараттық мақалаларда жариялайды.
Санақ күні- хабарланған дивиденттерді алуға құқығы бар акционерлерді тізімін жазу күні. Мұндай тіркеудің қажеттілігінің басты себебі бағалы қағаздар нарығындағы акция айналысымен байланысты акционерлер құрамы үнемі өзгеріп отырады. Тіркеу күндері көбінесе дивидентті төлеу алдында 2-4 апта бұрын жүргізіледі.Кімнің дивидент алуға құқылы екенің анықтау үшін экс-дивиденттер мерзімі белгіленеді. Осы мерзімге дейін акцияны сатып алған тұлғалар мұндай құқыққа ие болмайды. Экс-дивиденттік күн дивидент төленгенге дейінгі 4 күн бұрын белгіленуі мүмкін. Төлеу мерзімі акционерлер дивиденттік төлемді алуға мүмкіндігі бар күн.
Ресей заңдарына сәйкес акционерлік қоғамдар дивидент төлеуді квартал бойынша, жарты жылда немесе бір жылда 1 рет төлеуіне болады. Аралық дивиденттерді төлеу туралы шешім акцияларды формасы мен көлеміне байланысты директорлар кеңесінің ( бақылау кеңесінің қабылдануы мүмкін). Осыған ұқсас шешімдер жылдық дивиденттер бойынша директорлар кеңесінің нұсқуымен акционерлердің жиналысында қабылдануы мүмкін.
Жылдық дивиденттердің көлемі директорлар кеңесі ұсынған көлемі мен аралық дивиденд көлемінен жоғары болмады және аралық дивиденд көлемінен төмен болмауы қажет. Осыдан, көріп отырғанымыздай, дивиденд төлеу фактін анықтағанда директорлар кеңесі маңызды ролі ойнайды.
Артықшылығы бар акция иелеріне төленбеген немесе толығымен төленбеген жағдайда, олар осы дивиденд толығымен төленгенге дейін акционерлер жиналысында дауыс беру құқығына беру ие болады.
Қоғам төлем туралы шешімдерді (дивидендтерді хабарлау) келесі жағдайларда қабылдай алмайды:
А) қоғамның жарғылық капиталы толығымен төленбегенде ;
Б) қоғам меншігін толық көлемінде сатып алмағанда;
В) дивиденд төлеу уақытында қоғам банкротқа ұшыраса немесе оны төлегеннен кейін
Г) қоғамның таза активтерінің құны оның жарғылық капиталы мен резервтерін қоры қосындысы сомасынан келе болмауы қажет.
Көптеген елдерде, сонымен қатар Ресейде де дивиденд көлемі салықтарды есептеусіз хабарланады. Дивиденд акцияның номиналдық құнына процент ретінде немесе бір акцияға ұлттық валюта түрінде белгіленеді. Дивидентер ақша түрінде немесе жарғыда белгіленуі бойынша басқа да мүлік (акция, облигация және тауар) түрінде төленуі мүмкін. Дивидендті акционерлік қоғам немесе агент – банк төлеуі мүмкін. Дивиденд чектермен, төлем тапсырысымен немесе пошталық аударымдармен төленеді. Төленбеген және алынбаған дивидендтер бойынша пайыз белгіленбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |