Ќазаќстан Республикасыныњ ѓылым жєне білім министрлігі


тақырып . Дивиденттiк саясатты басқару



жүктеу 0,69 Mb.
бет40/68
Дата21.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#34451
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
қаржылық менеджмент силлабус

8 тақырып . Дивиденттiк саясатты басқару.
Практикалық сабақтар:

    1. Дивиденттер немесе капиталдың өсiмiнен табыс- инвестордың артыкшылығы.

    2. Артыкшылықты дивидендтердiң үш теориясы. Дивидендтердiң тұрактылыгы.

    3. Практикада дивидентiк саясатты калыптастыру. Дивиденттердi қайта инвестициялау жоспары.

    4. Акцияларды сатып алу.

    5. Дивидендтердi акциялармен төлеу және акцияларды бөлшектеу



Жұмыстың мақсаты:

Капитал құрылымын басқару сияқты дивиденттік саясат та компанияның капитал нарығындағы орнына біршамам әсер етеді, әсіресе акция бағасының қозғалысына. Дивиденд өз кезегінде акционерлердің ақшалай табысын құрайды және белгілі-бір денгейде олар акцияға салынған ақшаларымен коммерциялық ұйым сәтті жұмыс істеп жатқандығының белгісі болып табылады. Есептілік периодында пайданы бөлудің қарапайым сызбасын келесідей түрде көрсетуге болады: табыстың бір бөлігі дивиденд түрінде төленеді, ал қалған бөлігі компания активтеріне реинвестияланады. Табыстың реинвестицияланған бөлігі компания қызметтің қаржыландырудың ішкі көзі болып табылады, сондықтан дивидентік саясат компаниямен тартылатын сыртқы қаржыландыру көздерінің көлеміне біршама ықпал етеді.

Табысты реинвестициялау – біршама қолданбалы және өз қызметің кеңейтіп жатқан компанияны арзан қаржыландыру формасы. Сонымен қатар, оның кең көлемінде таратылуының басты мақсаты осы. Осылай, ағылшын ғалымдардың жүргізілген зертеулерінде келтірілген. Соңғы уақытта өндіріс, қайта бөлу, құрылыс, көлік салаларында қызмет атқаратын Лондон биржасында тіркелген 402 компанияның жаңа инвестициялық жобаларының 91% табысты реинвестициялау арқылы жүзеге асырылған. Реинвестициялық табыс жаңа акцияны шығару барысында орын алатын қосымша шығындардан құтылуға мүмкіндік береді, тағы бір маңызды артықшылығы компания иесі жағынан қызметіне бақылау жасаудың қалыптасқан жүйесінің сақталынуы, себебі мұндай жағдайда акционер саны өзгермейді деп айтуға болады.

Теоретикалық ұсыным бойынша дивидендтік саясатты тандау 2 көзделген сұрақты шешуді көздейді.

Дивиденд көлемі акционерлердің жиынтық байлығының өзгерісіне әсер етеді ме?

Иә болса, онда оның оптималды көлемі қандай болуы керек? Бірінші сұраққа жауап алу қиын емес – компания капиталы құрылымын басқару сияқты оның иесінің ауқаттылығының өзгерісіне біршама әсерін тигізеді.

Күтілетін дивиденд неғұрлым көп болса, оның өсімінің темпі неғұрлым жоғары болса, акцияның теоретикалық құны соғұрлым жоғары болады. Акция құнының жоғарлауы акционерлердің әл-ауқатының өсуіне тең болады. Сондықтан уақыт бойынша дивиденд көлемін өсірудің мақсаттылығы жоғары екендігі туралы қортынды жасауға болады. Дегенмен, мұндай қортынды аса түзу сызықты, себебі мұны кішкене өзгелеу ойластыру керек.

Біріншіден, классикалық мазмұнда дивиденд төлеу компанияның осы уақыт мезетінде өз қолданысында бос қолма-қол ақша қаражаттарында ие деген мағынаны білдіреді, бірақ мұндай алғышарт көбінесе дұрыс емес және компанияның қолма-қол ақша қаражаттарына зәру көздері жиірек кездеседі, сонымен қатар ол міндетті түрде қанағаттандырылмаған қаржылық жағдаймен байланысты болады. Екіншіден, дивиденд төлеу табысты реқаржыландыру мүмкіндігін төмендетеді, бұл ұзақ мерзімді перспектива позициясы бойынша компания табысына кері әсер етуі мүмкін,яғни оның иесінің әл-ауқатына да. Мұндай сызба бойынша мүдделі қарама-қарсы тұжырым пайда болады- көп дивиденд тиімді емес.

Қаржы теориясында дивидендтік саясатының оптималды негізделуінің 3 түрі бар: дивидендтердің иррелеванттылық теориасы, дивидендтік саясаттың маңыздылығы, салықтың дифференцияция теориясы.

Дивидендтің ирревантылық теориясын (dividend irrelevance theory) Ф. Модильяни және М.Миллер негіздеген. Өздерінің 1961 жылы басылып шыққан мақалаларында дивиденд көлемінің фирманың табысын генерациялану әдісімен анықталытын акционерлердің жиынтық байлығының өзгеруіне әсер етпейтіндігін дәлелдейді. Ол көпшілік жағдайда табыс қандай пропорцияда дивиденд түрінде төленген және реинвестицияланғандығынан гөрі инвестициялық саясаттың дұрыстығына тәуелді болады. Басқа сөзбен айтқанда, жалпы жалпы фирма құнын көтеру факторы ретінде оптималды дивидентік саясатты алу ұстаным бойынша дұрыс емес.

Модильяни мен Миллердің ой тұжырымдамасы мынадай. Егер компаниф Р табысын алса және орташа мәнімен алғанда компанияда дәл осындай табыс алатын IР жобасын инвестициялауға мүмкіндігі болса, онда ол мына нұсқалардың кезкелгенін таңдай алады:

а) табысты толығымен реинвестициялау

б) барлық табысты дивиденд түрінде төлеп, жобаны қосымша акция эмиссиялау есебінен қаржыландыру.

в) табыстың бір бөлігін дивиденд түрінде төлеп, қаржылардың шығысын қосымша акция шығару арқылы компенсациялап, жобаны екі көз есебінен қаржыландыру: бөлінбеген пайда және акция эмиссиялаудан түскен кіріс арқылы.

Инвесторлардың қызығушылығын білдіретін және олармен қаржылық салымдар саласындағы шешімдерді қабылдау үшін қолданылатын ең негізгі индикатордың бірі болып, дивидендтік (Кj) және капитализацияланған (Кс) табыстылығы сомасымен көрсетілетін жалпы табыстылық болып табылады. Осы үш нұсқаның кез-келгенін тандағанда да ол жалпы табыстылық денгейін өзгертпейді, тек қана оның құрылымының өзгеруіне алып келеді: мысалы, бірінші жағдайда акционер барлық табысты дивиденд ретінде алады, яғни Р табысының бөлігі ретінде Кс қосылғышы 0-ге тең. Солай, осы нұсқалардың әрқайсысы инвесторлар үшін біркелкі.

Өз теориясын дамыту мақсатында Модильяни мен Миллер дивидендті қалдықтық принцип бойынша есептеуді ұсынды. Осы ұсыныстарын негіздей келе, олар компания алдында тұрған негізгі мақсатқа жетуін анықтайтын дұрыс инвестициялық саясаттың басымдылығын тағы да көрсетеді. Сол үшін қимылдардың тізбегі келесідей болуы керек:

а) капитал салымының оптималды бюджеттін құру және инвестицияға талап етілген сома есептеледі.

б) көздердің мақсаттылық құрылымын ұстап тұру және пайданы реинвестициялау есебінен қаржыландырудың максималды мүмкін шартында инвестициялық портфелі қаржыландыру схемасын анықтау.

В) инвестициялау мақсатында барлық пайда қолданылған жағдайда ғана дивиденд төленеді.

Осылайша, дивидендті саясаттың оптималдылығы тек қана табысты әсерлі реинвестициялау үшін барлық мүмкіншіліктерді талдағаннан кейін дивидендті белгілеу және осының есебінен барлық тиімді инвестициялық жобаларды қаржыландыру. Егер барлық табысты мақсатты түрде реинвестициялауға қолдансақ, дивиденд мүлдем төленбейді, керісінше, егер компанияда тиімді инвестициялық жобалар болмаса, онда табыс толығымен дивиденд төлеуге, жұмсалады.

Модильяни мен Миллер көзқарасы бойынша, барлық тиімді жобалардың табысы есебінен қаржыландырғаннан кейінгі жай акциялардың дисконтталған бағасы қосылған қалдық принцип бойынша алынған дивиденд жалпы сомада бөлінгенге дейінгі акция бағасына тең болады. Басқа сөзбен айтқанда, төленген дивидендтер сомасы шамасымен қаржыландырудың қосымша көздерін мобилизациялау үшін жұмсалған шығындарға тең болады. Дәл осы арқылы дивидендтік саясаттың фирманың нарықтық құнына қатысты иррелвантылық көрінеді.

Модильяни мен Миллердің теоретикалық жұмыстары жұмысшылармен басқа да ғалымдардың қатаң сөгіске ұшырады. Қарсылықтары ең алдымен иррелевантылық теориясындағы алғышарттардың шындыққа жанаспайтындығын көрсетті. Шынымен де, инвестор қандай түрде оның байлығы өсетіндігін (дивиденд, әлде капитал өсімінің табысы жағдайына индиферентті болуы мүмкін емес, себебі, көптеген елдерде дивиденд капитализациядан түскен табысқа салынатын салық әртүрлі ставка бойынша жүргізіледі, капиталды қосыша қосымша бағалы қағазды шығару есебінен тарту эмиссиялық шығындары болған жағдайдағы реинвестициялық пайдамен салыстырғанда қымбаттырақ болады. Сонымен қатар дивиденттік саясаттың ақпараттық хабарламасынан мазмұны туралы ипопизасын елемеуге болмайды, себебі, байқалғандай дивиденд көлемінің қысқаруы акция бағасының төмендеуіне әкеледі, ал көлемінің ұлғаюы - бағаның өсуіне әкеледі.

Осы факторда жақтай отырып, Модильян және Миллер оны кішкене өзгешерек түсіндіреді. Ол былай түсіндіріледі, дивидентті төлеу қатынасына келсек, онда компания басшылары оны орындауға белгілі бір консерватизм және тұрақтылық принципіне аса қызғанышпен сақтайды. Сондықтан төленетін дивиденттің көлемінің күтпеген жерден тез өсіп кетуі бұл компанияның даму тенденцияларының сәтті екенін көрсетуі және оның басқару персоналдары алдағы уақытта тұрақты жоғары табысты күтеді. Басқа сөзбен айтқанда, жақсы перспективаларды күтудегі ағымдағы емес дивиденттік саясат осы компанияның акцияларына деген сұранысты өсіретін бірден-бір аргумент.

Екінші көзқарасты жақтаушылар - Модильяни –Миллер теориясына қарсы шығып, дивиденттік саясат акционердің жиынтық байлығының көлеміне тікелей әсер етеді деген ойды жақтады.Бұл бағыттың негізгі өкілдері болып М.Гордан және Дж.Линтнер саналады.Осы көзқарас жайлы бірінші мақалалар 50 жылдың екінші жартысында шығарыла бастады. Гордан мен Линтер теориясы «Қолдағы шымшық» деген атауға да ие. Себебі инвесторлар тәукелді азайту принципіне сүйеніп, әрқашан болашақта болатын потенциялды табыстан гөрі ағымдағы дивидентті қалайды, соныны ішінде акционерлік капиталдың мүмкін болатын өсімі. Сонымен қатар, ағымдағы дивиденттік төлемдер инвесторлардың осы компанияны инвистициялаудың тиімділігімен мақсаттылығына қатысты сенімсізділігінің денгейін төмендетеді, согл арқылы дисконттау коэфиценті ретінде қолданылатын инвестициялық капиталға деген ең төмеңгі табыс бөлісін оларды қанағаттандырады. Бұл жағдай акционерлік капиталдың нарықтық құнының (Fk) өсуіне алып келеді.керісінше, дивиденттер төленбейтін жағдайда инвесторлардың сенімсіздігі артады, акционерлерге тиімді болатын табыс азаяды. Бұл акционерлік капиталдың нарықтық құнының азаюына алып келеді, ал бұл өз кезегінде акционерлердің ауқаттылығын төмендетеді.

Сонымен Гордан және Линтер теориясының негізгі қорытындысы мынанадай:жалпы табыстылық формуласында дивиденттік табыс алатын орны өте маңызды, себебі дивидентті төлеуге бағытталған табыс бөлігін өсіру арқылы табысты өсіруге болады.

Дивиденттік саясатқа әсер ететін тағы басқа формальды және формальды емес, обьективті және субьективті сипаттағы жағдайлар бар. Соның ішіндегі маңыздыларына тоқталатын болсақ:



  1. Құқықтық сипаттағы шектеу. Меншікті капиталы 3 бөлімнен тұрады: акционерлік капитал, эмиссиондық табыс және бөлінбеген пайда. Көптеген елдерде заң бойынша екі сызба рұқсат етілген – дивидентті төлеу үшін тек пайда ғана жұмсалады немесе пайда мен эмиссиондық табыстан төленеді.

АҚШ пен Ұлыбританияда дивиденттік саясатқа қатысты үш жалпы ереже бар:

А) Таза табыс ережесі

Б) Капитал эзозиясы ережесі

В) Төлем қабілеттілік ережесі

Бірінші ережеге сәйкес дивиденттер тек қана өткен уақыттағы немесе ағымдағы табыстан төлене алады. Бұл ереже АҚШ пен Ұлыбританияда әртүрлі жүргізіледі.

Британдық заңға сәйкес эмиссиялық табыс бөлінбейтін резервтер құрамына кіреді және дивидент төлеуге қолданыла алмайды, ал АҚШ-та мұндай шектеулер жоқ, бірақ жарғылық капиталға тиісуге болмайды.

Екінші ереже біріншіге ұқсайды, яғни ол ереже бойынша жарғылық капитал есебінен дивидент төлеуге рұқсат етілмейді.

Үшінші ережеге сәйкес компанияның төлем қабілеттілігі жоқ болса (Яғни міндеттеме сомасы активтер сомасынан артық болса).



  1. Келісім шарт сипатындағы шектеу. Коптеген елдерде төленетін дивиденттер көлемі арнайы келісім шарттармен реттеледі, сонымен қатар коммерциялық ұйым ұзақ мерзімді сауда алған жағдайда. Осындай қарызды өтеу үшін келісім шартта бөлінбеген пайданың одан төмен түспейтін көлемі және реинвестицияланатын табыстың минималды пайыз мөлшерлемесі көрсетіледі.

  2. Жеткіліксіз өтімділікпен байланысты шектеулер. Жоғарыда көрсетілгендей ақшалай түрде дивиденттер тек қана егер компанияның есеп айырысу шотында ақша қаражаттары жеткілікті болған жағдайда ғана төленеді. Теория жүзінде коммерциялық ұйым дивидент төлеу үшін несие алуына болады, бірақ бұл көп жағдайда мүмкін емес, сонымен қатар бұл қосымша шығындарға алып келеді.

Көптеген компаниялар, әсіресе даму сатысындағы, өзінің өндірістік қуаттылығын арттыру мақсатында қаржылық көздерді іздеу проблемасы туындайды. Қосымша қаржы ресурстары ірі көздері жоғары темппен дами келе жатқан компанияларға – қосымша өндірістік қуаттылықтар алу ұшін және де өсу темпі аса жоғары емес компанияларға материалдық –техникалық базасын жақсарту қажет. Бұл жағдайларда компаниялар көбінесе дивиденттік төлемдерді азайтады.

  1. Акционерлердің қызығушылығымен байланысты шектеулер. Жоғарыда көрсетілгендей дивиденттік саясаттың негізінде жалпыға белгілі қаржылық басқарушылық принципі- акционерлердің жиынтық табысын максимализациялау принципі жатыр. Оның көлемі алынған дивиденд мөлшері мен акция құнының курстық өсу сомасымен алынады. Сондықтан дивиденттердің оптималды мөлшерін анықтағанда компания директорлары мен акционерлер дивиденттің көлемі жалпы компания құнына қалай әсер ететіндігін анықтау керек.

Дивиденттер мөлшеріне және акционерлердің қызығушылығын жақтайтын тағы басқа жағдайлар бар. Сонымен, егер капитал нарығында инвестициялық жобаларға неғұрлым жоғары табыс нормасымен қатыса алуға мүмкіндік болса, онда оның акционерлері жоғары дивидент үшін дауыс бере алады. Бұл жағлдайда акционерлер арасында да қарама қайшылықтар тууы мүмкін. Мысалы, неғұрлым бай акционерлік салық төледен азайту мақсатында табысты реинвестициялауды талап етсе, кейбіреулері басқа да ұсыныстарды талап етуі мүмкін.

  1. Ақпараттық –жарнамалық сипаттағы шектеу нарықтық жағдайда компанияның дивиденттік саясаты туралы ақпараттар толығымен сарапшылар, менеджерлер және брокерлермен қадағаланып отырады. Дивидент төлеудегі үзілістер, компанияда орын алған кез-келген қолайсыз ауытқушылықтар, осы компания акцияларының нарықтық құнының төмендеуіне алып келеді. Сондықтан коммерциялық ұйым үнемі коньюктураның мүмкін ауытқушылықтарына қарамастан дивиденттік саясаттың неғұрлым тұрақты денгейінде ұстап тұруы қажет. Дивиденттік саясат тұрақтылық денгейі көптеген акционерлер үшін осы компанияның қызметінің сәттілігін анықтаудың өзіндік индикаторы рөлін атқарады.


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау