Ќазаќстан Республикасыныњ ѓылым жєне білім министрлігі


Дивидендтік төлем түрлері және оладың көздері



жүктеу 0,69 Mb.
бет42/68
Дата21.01.2022
өлшемі0,69 Mb.
#34451
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68
қаржылық менеджмент силлабус

Дивидендтік төлем түрлері және оладың көздері.

Дивидендтік төлем көзі - өткен жылдағы қоғамның таза пайдасы, ал артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін арнайы қорлар құрылуы мүмкін. Сондықтан теория жүзінде коммерциялық ұйым ағымдағы дивиденттер бойынша есеп беру периодындағы табыстан артық болатың соммадағы жалпы төлемді төлей алады. Бірақ базалық нұсқа болып ағымдағы уақыттың таза пайдасын бөлу табылады. Заң бойынша дивиденд төлеу үшін өткен жылдың бөлінбеген пайдасын пайдаланбау туралы айтылмағандықтан, директорлар кеңесінің жауапкершілігін артырады.

Акционерлерде есептік кезеңдегі таза пайданы белгілеу бағытында да тұрақты болуы керек, яғни 1 жыл өткеннен кейін өз ойын өзгертіп бұрын реинвестицияланған табыстың бір бөлігін дивиденд ретінде төлеуге болмайды. Бұл шектеу белгілі-бір денгейде меншік иелерінің құқықтарын бұзады, яғни меншік қаражаттарын бұзады қолдану мүмкіндігіне қатысты. Бухгалтерлік есепте және кейбір нормативтік құжаттарда анық немесе жанама түрде "резервтік капитал"және"резервтік қор" ұғымдарын атап өтеді. Резервтік капитал ашық акционерлік қоғамдарда міндетті түрде құрылады, сонымен қатар оны қолдану бағытты заңда белгіленген, әсіресе ол дивиденд төлеуге қолданылмайды. Дегенмен, қоғам артықшылығы бар акциялар бойынша дивидендтерді төлеуге қолдану үшін таза пайданың есебінен арнайы(резервтік)құруы мүмкін. Кез-келген компанияның таза табысының көлемі үнемі ауытқып тұрады және ол шығынмен де шығуы мүмкін. Кез-келген жағдайда, дивиденд мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылдау оңай іс емес. Біріншіден, нарық жағдайында өндіріс қуаттылығын кеңейту мүмкіндігі бар немесе жаңа инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндігі бар. Екіншіден, дивидендті төлеу тұрақсыздығы немесе оның тез өзгеруі акция құнының курсының төменденуіне әкеледі.

Дивидендтік саясаттың қосымша аргументеріне "клиентура эффектісі" деп аталатын феноменді жатқызуға болады. "Клиентура" деген ұғым дәл осы компанияға қызығушылық тудырған жиынтық инвесторларды білдіреді.

Табысты бөлудің қалыптасқан алгоритіміне келетін болсақ, әлемдік тәжірибиеде дивиденд төлеудің көп түрі ойлап табылған.

Пайданы бөлудің тұрақты пайыздық методикасы.

Таза табыс артықшылығы бар акциялар (Дтм) бойынша дивиденд төлеуге жұмсалатыңдығы белгілі және табысқа жай акциялардың иелері де (Ксs) қол жеткізе алады. Соңғысы, өз кезегінде акционерлер жиналысында жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және бөлінбеген пайда (RP) талқыланып, шешіледі.

Дивидендтік саясатты сипаттайтын негізгі аналитикалық көрсеткіш болып "дивидендтік шығыс" коэффициенті табылады.

Табысты бөлудің тұрақты пайызының дивиденттік саясатты дивидендті төлеу коэффициенті мәнінің өзгермеуін болжайды, басқа сөзбен айтқанда фирма оның мақсатты мәндерімен бағдарланады:

Дсs= K%=const.

Бұл жағдайда, егер коммерциялық ұйым жылды шығынмен аяқтаса онда дивиденд мүлдем төленбеуі мүмкін.

Бұл бағыттың негізгі артықшылығы болып жай акциялар бойынша дивиденд мөлшерінің айтылғандай мұндай ауытқушылықтар акцияның нарықтық құны төмендеуіне әкеледі. Әйтсе де мұндай дивидендтік саясатты кейбір фирмалар қолданғанымен, көпшілік теоретиктер мен практиктер бұл әдісті қаржылық менеджмент облысында қолдану ұсынбайды.

Тіркелген дивидендтік төлем методикасы. Бұл саясат акцияға дивиденті өзгермейтін мөлшерде ұзақ мерзімге созылатын уақыт аралығында тұрақты төлеп туруды ұсынады. Егер фирма сәттілікпен дамып келе жатса және кейбір жылдарда акция табыстылығы тұрақты және белгілі деңгейден өспесе, онда дивиденд мөлшері жоғары болуы мүмкін, яғни бұл екі көрсеткіштердің арасында белгілі бір байланыс бар. Берілген методика белгілі-бір деңгейде психиологиялық фактордың әсерін азайтып, акция бағасының курстық ауытқушылықтарын жаңартуға мүмкіндік береді.

Кепілдікпен минимумды және экстра – дивиденттерді төлеу методикасы. Бұл методика алдағы методиканың дамушысы болып табылады. Компания тұрақты тіркелген дивидендтерді төлейді, бірақ сәтті қызмет жағдайында, акционерлерге қосымша экстра-дивидендтер төленеді. Экстра ұғымы тұрақты дивидендтерге есептелген премияны білдіреді және ол 1 реттік қолдану сипатында болады, яғни оны келесі жылда беруге етпейді. Сонымен қатар, бұл жерде премияның психологиялық әсерін де ескеруді ұсынады – ол өте жиі төленбеуі керек, себебі бұл жағдайында ол күтілетін болады да экстра – дивиденд өз құндылығын, мазмұның жоғалтып алады.

Қалдықтық принцип бойынша дивиденд төлеу методикасы.

Бұл методика Батыс елдерде көп тараған болып саналады. Бұл методика бойынша дивиденттер компанияның барлық инвестициялық сұраныстары қанағаттандырылғаннан кейін ең соныңда төленеді. Осы бойынша іс-әрекеттің орындалу тәртібі белгілі.

А) капиталдың оптиталды бюджеттін құрайды.

Б) бюджетті орындау үщін қажетті қаржылық көздерінің оптималды құрылымын анықтау.

В) дивидендтер тек қана инвестицияны қаржыландырумен сұралмаған табыс қалған жағдайда ғана төленеді.

Дивидендті акциямен төлеу методикасы

Бұл формада есеп айырасу үшін акционерлер ақша акция пакетің алады.Оны қолдану себептері әртүрлі болуы мүмкін.Мысалы, компанияның белгілі-бір проблемалары бар және оның қаржылық жағдайы тұрақсыз болғанда,акционерлерді қанағаттандыру үшін компания деректоратты қосымша акция ұсынады.

Екінші нұсқасы :компанияның қаржылық жағдайы тұрақты, ол жылдам темппен өсіп келеді, сондықтан оның дамуына қосымша қаражат қажет олар компанияға бөлінбеген пайда ретінде түседі.

Сонымен қатар қаражат көздерінің құрылымын өзгертуді қалаумен, сәтті жұмыс атқаратың персоналды акциямен қуанту үшін де дивиденд акция түрінде төленуі мүмкін.

Дивидендті акция түрінде төлеу бір уақытта жарғылық капитал мен валюта балансын өсіруіне немесе валюталық балансын өсуруінсіз меншікті қаражаттардың көздерін жай қайта болумен қатар жүруі мүмкін.

Экономикасы дамыған елдерде, көбінесе 2-ші нұсқасы қолданылады.Бұл жағдайдай өткен жылдық бөлінбеген пайдасы және эмиссиондық табыстың азаюы есебінен жарғылық капиталдың өсуіне әкеліп соқтырады.

Дивиденттік саясат және акция курсын реттеу.

Акцияның курстық бағасы және дивиденттік саясат бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ алдын-ала анықталған тәуелділік екеуінің арасында жоқ.. Тиімді дивидендтік саясаттың акцияның курстық бағасының ауытқуын төмендететілгендігі туралы жоғарыда көрсетілген. Курстық баға түрлі кездейсоқ факторлардың әсерінен қалыптасады. Қаржылық менеджментте төленетің дивидендтерге әсерін тигізетін курстық бағаны жасанды реттейтің кейбір әдістер жасалынған.

Оған бөлшектеу, консолидация және акцияны сатып алу жатады.

Акцияны бөлшектеу методикасы

Акцияны бөлшектеу операциясы, тарылту деп аталады, дивидендті төлеу формасына жатпайды, дегенмен ол дивиденд көлеміне де акцияның курстық құнына да әсер етеді. Әдебиетте көрсетілген жағдайда акцияны бөлшектеу акция өтімділігінің артуы ретіндегі компанияның капитализацияланған құнының өсуіне әкеледі, сәйкесінше, потенциялды акционерлер саны жоғарлады.

Акцияны бөлшектеуді, көбінесе гүлденген компаниялар жүргізеді. Көптеген компаниялар акцияларының бағасының кетуін болдырмауға тырысады, өйткені ол акция өтімділігіне әсер етуі мүмкін. Бөлшектеу техникасы келесідей осы операцияны жүргізуге акционерлерден рұқсат алғаннан кейін директорат акцияның нарықтық бағасына байланысты бөлшектеудің анағұрлым тиімді масштабын анықтайды: мысалы, ескі 1 акция орнына 2 жай акция шығару, 1 акциядан 3 жаңа акция шығару және т.б. Бұдан ары бағалы қағаздарды ауыстыру жүзеге асырылады. Бұл жағдайда валюта балансы, сонымен қатар меншікті капитал өзгермейді, тек қана жай акциялардың саны ғана артады.

Керісінше процедура да жүруі мүмкін, яғни бірнеше ескі акциялар 1 жаңа акцияға айырбасталады. Бұл процесс акция консалидациясы деп аталады.

Акцияны сатып алу методикасы.

Меншікті акцияны сатып алу барлық елдерде рұқсат етілмеген , мысалы, Германияда рұқсат етілмейді. Оның негізгі сбебі – компанияның жалпы активтерінің көлемін асыра сілтеп өсіруді болдырмау. Ол баланс активінде бейнеленуі есебінен жүргізілуі мүмкін.

Компанияның өз меншік акцияларын сатып алудың әртүрлі себептері болуы мүмкін. Әсіресе, портфельдегі акциялар өз компаниясының жұмысшыларының акционерлерге айналу мүмкіндігін береді, компания иелерінің санын азайту үшін т.б.. Белгіленген денгейде бұл операция акционерлердің жиынтық табысына әсер етуі мүмкін.


жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау