Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасы



жүктеу 324,21 Kb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата14.05.2018
өлшемі324,21 Kb.
#12465
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

Студенттердің  педагогикалық  практикасының  міндеттеріне  мыналар 



кіреді:  

а)  жоо-да    студенттердің  алған  теориялық  білімдерін  бекітіп, 

тереңдету,  осы  білімдерді  оқушылармен  оқу-тәрбие  жұмыстарындағы  іс-

тәжірибеде пайдалануды үйрету; 

б)  балалар  мен  жасөспірімдермен  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмысына 

талдау және байқау жасау іскерлігімен студенттерді қаруландыру; 

в)  балалар  мен  жасөспірімдердің  физиологиясы,  педагогикасы  және 

психологиясы  білімдеріне  сүйене  отырып,  студенттерді  олардың  жас  және 

дара ерекшелектерін есепке алып, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуді үйрету;  

г) оқушылардың танымдық қызметін белсендіретін, әр түрлі әдістерді 

пайдаланып, әр түрлі типтегі сабақтарды жүргізуге студенттерді дайындау; 

д)  студенттердің  сынып  жетекшісі  функциясын  атқаруға  оқушылар 

ұжымы мен жұмыс істеуге, оқушылармен дара тәрбие жұмыстарын жүргізуге 

үйрету; 


е)  студенттерді  мұғалім  мамандығына  деген  сүйіспеншіліктерін  

дамыту,  арнайы  және  педагогикалық  пәндерді  оқытуға  ұмтылысын 

ынталандыру,  тәрбие  және  оқыту  міндеттерін  шығармашылықпен  шешуге 

дайындау мақсатында өзінің педагогикалық қабілетін жетілдіру;  

ж)  оқушылардың  денсаулығын  сақтауға  деген  қатынас    іскерлігіне 

студенттерді дағдыландыру 



Студенттердің  1 курста шешілетін міндеттері 

-  тәрбиелік  шаралар,  сыныптан  тыс  сабақтар  және  жеке  сабақтарға 

қатысу; 

-  оқу  тәрбие  үрдісін  бақылау  іскерлігі  мен  дағдысын  қалыптастыру 

және оның нәтижесін талдау; 

-  сабақты өткізу әдістерін, тәсілдерін және құралдарын студенттердің 

меңгеруі,  сондай-ақ  төменгі  сынып  оқушыларының  танымдық  қызметін 

басқару іскерлігін игеру; 

-  жеке  әдістемелермен  психологиялық-педагогикалық  пәндерді 

зерттеудегі алынған білімдерін іс-тәжірибелі студенттердің шығармашықпен 

үйренуі. 

Студенттердің  бітіру  алдындағы  практикасында  шешілетін 

міндеттері: 

-  оқушыларды  зерттеу,  мінездеме  құру,  олардың  тәрбиелік  деңгейін 

диагностикалау;  

- өздік педагогикалық міндеттерді құрастыру;  

- оқушылармен тәрбиелік қызметті жоспарлау;  

- кейбір оқушылардың ата-аналарымен дара әңгіме жүргізу; 

-  оқушылардың  дамытушылық  қызметінің  әр  түрлі  түрлерін  өз 

бетінше дайындау.  

 

Студенттердің бітіру практикасында шешілетін міндеттері: 

Сынып  жетекшілерінің,  пән  мұғалімдерінің  жұмыс  тәжірибесін 



тереңдету және бекіту;  


 



Сынып ұжымын зерттеу;  

Барлық  сынып  оқушыларына  қатынасы  бойынша  және  жеке 



оқушылар  үшін  соның  ішінде  «қиын  тәрбиеленетіндер»  үшін  де 

педагогикалық міндеттерді айқындау.  

Оқушылардың 



ата-аналарымен 

жұмыс 


істеу 

іскерлігін 

қалыптастыру.  

Практика  процесінде  студенттер  төмендегі  іскерліктерді  меңгеруі 

тиіс: 

-  Сыныптағы  тәрбие  жұмыстары  және  сабақты  жоспарлау,  бақылау 

және оған талдау жасау.  

- Сабақ және сыныптан тыс сабақтардың конспектісін жасау.  

-  Әдістемелік  әдебиеттермен  жұмыс  істеу,  шығармашылық  пен 

материалды  таңдау,  сабақ  және  тәрбие  сағаттарына  көрнекі  құралдарды 

дайындау. 

-  Оқушылардың  дене  және  психикалық  даму  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  сабақ  және  сыныптан  тыс  сабақтарды  өткізу  үшін  ең  тиімді  әдіс, 

тәсіл, құралдарын таңдау. 

- Оқушылар ұжымына және жеке тұлғаға диагностика жүргізу.  

-  Өзінің  қызметінің  нәтижесінде  өзіндік  талдау  және  өзіндік  баға 

беруді жүзеге асыру, сондай-ақ басқа практикантардың сабағы мен сыныптан 

тыс сабақтарына талдау жасау.  

-  Балалар  ұжымына  қойылған  міндеттерді  орындауды  ұйымдастыру 

(уақытша инициативті топтар (УИТ) құру, жұмыстың бірізділігін айқындау, 

тиімді  тәсілдер  мен  әдістерді  таңдауға  көмектесу,  бақылауды  ұйымдастыру 

және жұмыстың қорытындысын шығару).  

- Сынып оқушылар ұжымын және оқушылардың жеке басын зерттеу.  

-  Оқушылар мен тәжірибе жұмысының жаңа түрін жүргізу (ұжымдық 

және дара). 

СТУДЕНТ – ПРАКТИКАНТТАРДЫҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚҰҚЫҒЫ.   



Студент-  практиканттардың    пән  –  мұғалімі  және  сынып 

жетекшісі ретіндегі міндеттері:  

Сынып  жетекшісінің  жұмыс  жоспарымен,  пән-мұғалімінің  сабақ 



жоспарымен, әкімшілікпен, мектеппен танысу. 

Практика барысында оқу және тәрбие қызметінің жеке жоспарын 



жасау.  

Педагогикалық практика өтілетін сыныпты зерттеу. 



Сынып жетекшісінің  және пән-мұғалімінің күнделікті міндеттерін 

орындау. 

Оқушылармен жеке жұмыс жүргізу. 



Оқушыларға  (бітіру  алдындағы  практика)  ұжымға  (бітіру-

практика) диагностика жүргізу. 

Жоспарланған оқу сабақтарына дайындалу және өткізу. 



Ұжымдық  шығармашылық іс-әрекетті дайындау және жүргізу. 

Оқушылардың    оқу  және  оқудан  тыс  қызметін  ұйымдастырудағы 



сабақтастықты жүзеге асыру.  


 



Жетекші мұғалімнің тақырыптық жоспарын зерттеу. 

Практика барысында тақырыптық жоспар жасау. 



Жүйелі күнделікті жоспар құру. 

Өзінің,    студенттердің  және  мұғалімдердің  сабақтарына  талдау 



жүргізу.   

Студент – практиканттың құқығы:  

Мектеп ұжымы қызметіне белсенді қатыса алады;  



Туындаған  сұрақтар  бойынша  практиканың  жетекшісіне,  мектеп 

әкімшілігіне бара алады;  

Өзіндік  ғылыми  зерттеу  тақырыптары  бойынша  ғылыми  – 



практикалық конференцияда шығып сөйлей алады;  

Сынып  жетекшісінен,  психолог-дәрігерден,  баланың  физикалық 



және психикалық денсаулығы туралы мәліметтер алады;  

Оқушылардың  тәрбиелік деңгейін  ескере  отырып,  тәрбиенің  түрі, 



әдістерін және құралдарын таңдап алады; 

Олардың  ары  қарай  дамуы  мақсатында  шығармашылық  қабілетін 



ескере отырып, қызметке оқушыларды баулу.  

 



ІІ. МҰРАЖАЙ-МҰРАҒАТТАНУ ПРАКТИКАСЫ 

І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 

 

ЖОО  және  академиялық  ғылымдар  жүйесінде  тарихи  мұрағаттық 

зерттеулерде  және  құқықтық  нормативтік  актілерде  өзгерістер  енгізу  қоғам 

талабынан  туындап  отырған  мәселе.  Бүгінде  қоғамның  өзекті  мәселелерін 

талдауда теориялық қана емес, сонымен бірге мұрағаттанудың, мұражайдың 

іс-тәжірибе мәселелеріне деген сұраныс туындап отыр.  

Республикада  мұрағаттық  және  мұражайдағы  іс-шараның  дамуымен 

бірге  жоғары  мұрағаттық,  мұражайлық  білім  беру  үшін  бағдарламалар 

өзгеріп  отыр.  Мұрағаттанушының  ғылыми  даярлығын  негіздейтін,  ол  –іс-

тәжірибе.  Соңғы  жылдары  ЖОО  мен  мұрағат,  мұражай  арасындағы    іс-

тәжірибеден  өту  жөнінде  келісім-шарт  жасасу  қолға  алынып  отыр.  Іс-

тәжірибе мерзімі бір жылда екі апта көлемінде әр топ студенттері үшін жеке 

жүргізіледі. Жұмыс күнінің ұзақтығы төрт алты сағат.  

Мұрағат,  мұражай  мекемелері  және    институт  басқарамасының  өзара 

келісімімен  арнайы  жоспар  жасалып,  бекітіледі.  Әр  студенттің  жеке  жұмыс 

жоспары және жұмыс кестесі бекітіледі.  

   

Мұрағаттық  іс-тәжірибе  мақсаты:  студенттерді  мұрағат  тарихымен, 

оның құрылымымен, мұрағат қорларының негізгі құрамы және мазмұнымен 

кеңінен таныстыру.  

  Мұрағаттық іс-тәжірибенің негізгі міндеті: 

 



Мұрағаттың  құрамымен,  функциясы  туралы  нормативті  құжаттармен 

мұрағат мамандарының құрылымдық қызметімен танысу; 

 

Мұрағат  қорларындағы  негізгі  деректермен  оның  мазмұнымен  және 



деректерді жүйелеу тізімімен танысу; 


жүктеу 324,21 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау