тәуліктік төлемдер;
2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтқандағы жол жүру шығыстары;
3) тұрғын үй-жайды жалға алу шығыстары төленеді.
3. Жұмыскерлерді іссапарларға жіберудің шарттары мен мерзімдері еңбек, ұжымдық
шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
4. Он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлер, жүкті әйелдер, сондай-ақ мүгедек
жұмыскерлер үшін мұндай жұмысқа медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған
болса, оларды іссапарға жіберуге жол беріледі. Бұл ретте, аталған жұмыскерлер іссапарға
барудан бас тартуға құқылы.
5. Үш жасқа дейінгі балалары бар жұмыскерлер, егер медициналық қорытынды негізінде
мүгедек балалар не отбасының науқас мүшелері тұрақты күтімді жүзеге асыруға мұқтаж
болса, отбасының науқас мүшелерін күтуді жүзеге асыратын не мүгедек балаларды тәрбиелеп
отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы.
127-1-бап. Экологиялық апат пен радиациялық қатер
аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын
жұмыскерлер үшін кепілдіктер
Экологиялық апат пен радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын
жұмыскерлер үшін кепілдіктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Ескерту. 11-тарау 127-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2016
№ 483-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
127-2-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскерлер,
қызметкерлер үшін кепілдіктер
Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскерлер, қызметкерлер үшін кепілдіктер
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Ескерту. 11-тарау 127-2-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2016
№ 483-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
128-бап. Жұмыскерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге
ауыстыру кезіндегі өтемақы төлемдері
1. Жұмыскер жұмыс берушімен бірге басқа жерге жұмысқа ауыстырылған кезде жұмыс
беруші жұмыскерге:
1) жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің көшуіне;
2) жұмыскер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін тасымалдауға байланысты шығыстарды
өтеуге міндетті.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері
еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады.
129-бап. Жұмыскердің жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне
пайдалануына байланысты өтемақы төлемдері
Жұмыскер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен пайдаланған
кезде жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық құралдарды
пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану шығыстарына
тараптардың келісімі бойынша өтемақы төлемін жүргізеді.
130-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар
не қызмет көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік
сапарлармен байланысты болатын жағдайларда
жұмыскерлерге берілетін өтемақы төлемдері
1. Жұмыскерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет
көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда,
оларға тұрақты тұрғылықты жерінен тысқары жерде болған әрбір күн үшін келісімде,
ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген тәртіппен
өтемақы төлемдері жүргізіледі.
2. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету
учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты жұмыскерлерге теміржол, өзен,
теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық
құбыржолдары, магистральдық байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, радиорелелік
желілер және олардағы құрылыстар, электр берудің әуе желілері және олардағы құрылыстар,
байланыс объектілері жұмыскерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
шекарасының учаскелеріне қызмет көрсететін жұмыскерлер жатады.
3. Жұмыскерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде сапарда
болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға және кері қайтуға жол жүрген
нақты күндер санына пропорционалды түрде жүргізіледі.
131-бап. Жұмысынан айырылуына байланысты берілетін өтемақы
төлемдері
1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда:
1) жұмыс беруші заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші жеке тұлға қызметін
тоқтатқан жағдайда, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;
2) жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқартылған жағдайда, жұмыс берушінің
бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;
3) жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда жұмыскердің
бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде бір айдағы орташа жалақы мөлшерінде
жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.
2. Жұмыс беруші жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан
өндіріс, орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер көлемі азайған жағдайда, жұмыс
берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде екі айдағы орташа жалақы
мөлшерінде жұмысынан айырылуына байланысты өтемақы төлемдерін жүргізеді.
3. Еңбек, ұжымдық шарттарда немесе жұмыс берушінің актісінде жұмысынан айырылуына
байланысты өтемақы төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.
132-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі мен
шарттары
1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының
жұмыскерлеріне:
1) тұрғылықты тұратын жеріне күнделікті қайтып келмей тұрақты тұрғылықты жерінен
тысқары жерде;
2) тұрғылықты тұратын жері болып табылмайтын далалық ұйым орналасқан жерге күнде
қайтып келгенімен, тұрғылықты тұратын жерінен тысқары жерде;
3) еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру жолымен тұрғылықты тұратын жерінен тысқары
жерде далалық жағдайларда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы төленеді.
2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу тәртібі, шарттары мен мөлшері, далалық
жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртібі келісімдерде, ұжымдық, еңбек шарттарында
белгіленеді және жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
133-бап. Жұмыскерлерге жұмыс берушінің қаражаты есебінен
еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша
әлеуметтік жәрдемақы төлеу
1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша қабілетсіздігі
бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен берілген
еңбекке қабілетсіздік парақтары еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік
жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.
3. Еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақылар жұмыскерлерге
еңбекке қабілетсіздіктің бірінші күнінен бастап жұмысқа қабілеттілігі қалпына келген
күнге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына