Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Тараптардың және татуластыру органдарының ұжымдық



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет36/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47

      170-бап. Тараптардың және татуластыру органдарының ұжымдық

 

                еңбек дауларын реттеу жөніндегі міндеттері



 

      1. Тараптардың ешқайсысы татуластыру рәсімдеріне қатысудан жалтаруға құқылы емес.

 

      2. Ұжымдық еңбек дауында реттелмеген келiспеушiлiктер тараптардың назарына жазбаша 



нысанда жеткiзiлуге тиiс.

 

      3. Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болу себебінен ұжымдық 



еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін болмаса, жұмыскерлердің 

талаптары мүліктің меншік иелеріне, ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының 

аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар не 

шетелдік қатысатын ұйымдар болып табылатын ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына) 

немесе акционерлеріне қойылады.

 

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген рәсімдердің нәтижелерімен 



келіспеген жағдайда, жұмыскерлер өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген өзге де барлық 

тәсілдерін пайдалануға құқылы.

 

      5. Жұмыс беруші:



 

      1) жұмыскерлердің осы Кодекстің 164-бабының 3-тармағына сәйкес ресімделген 

талаптарын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұжымдық еңбек дауының туындағаны 

туралы, ол түпкілікті шешілгенге дейін ахуал туралы кейіннен апта сайын хабардар ете 

отырып, еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органды хабардар етуге;

 

      2) осы Кодекстің талаптары сақталмай жүргізілетін ереуілдердің басталғаны туралы 



Қазақстан Республикасының прокуратура органдарын және еңбек инспекциясы жөніндегі 

жергілікті органды бір күн ішінде хабардар етуге міндетті.

 

      171-бап. Ереуіл өткізу құқығы



 

      1. Егер татуластыру рәсімдері арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол жеткізілмесе, 

сондай-ақ жұмыс беруші татуластыру рәсімдерінен жалтарған не ұжымдық еңбек дауын шешу 

барысында қол жеткізілген келісімді орындамаған жағдайларда, жұмыскерлер ереуіл өткізу 

туралы шешім қабылдай алады.

 

      2. Ереуіл өткізу жөніндегі шешім жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) жиналысында 



(конференциясында) қабылданады.

 

      Жұмыскерлер жиналысы, егер оған ұйым жұмыскерлерінің жалпы санының жартысынан 



астамы қатысса, заңды деп танылады.

 

      Конференция, егер оған хаттамалық шешімдерге сәйкес жұмыскерлер сайлаған 



делегаттардың кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп танылады.

 

      Жұмыскерлер жиналысының (конференциясының) шешімдері дауыс берушілердің көпшілік 



дауысымен қабылданды деп есептеледі. Жұмыскерлер жиналысын (конференциясын) өткізу 

мүмкін болмаған кезде жұмыскерлердің өкілді органының ереуілді өткізуді қолдайтын 

жұмыскерлердің жартысынан астамының қолын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.

 

      3. Ереуілді жұмыскерлер (олардың өкілдері) уәкілеттік берген орган (ереуіл 



комитеті) басқарады. Бірнеше жұмыс берушілердің жұмыскерлері (олардың өкілдері) бірдей 

талаптар қойып, ереуіл жариялаған жағдайда, оны осы жұмыскерлер өкілдерінің бірдей 

санынан құрылатын бірлескен орган басқаруы мүмкін.

 

      4. Ереуілге қатысу ерікті болып табылады. Ешкімді ереуілге қатысуға немесе 



ереуілге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды.

 

      5. Жұмыскерлерді ереуілге қатысуға немесе ереуілге қатысудан бас тартуға 



мәжбүрлейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен 

жауаптылықта болады.

 

      172-бап. Ереуілдің басталуы туралы жариялау



 

      1. Осы Кодекстің 171-бабының 3-тармағында көрсетілген, жұмыскерлер уәкілеттік 

берген орган ереуілдің басталуы және болжамды ұзақтығы туралы жұмыс берушіге, жұмыс 

берушілер бірлестігіне (олардың өкілдеріне) оны жариялағанға дейін бес жұмыс күнінен 

кешіктірмей жазбаша түрде ескертуге тиіс.

 



      2. Ереуіл жариялау туралы шешімде:

 

      1) тараптардың ереуіл өткізуге негіз болған келіспеушіліктерінің тізбесі;



 

      2) ереуілді бастау күні, орны мен уақыты, қатысушылардың болжамды саны;

 

      3) ереуілді басқаратын органның атауы, татуластыру рәсімдеріне қатысуға уәкілеттік 



берілген жұмыскерлер өкілдерінің құрамы;

 

      4) ереуіл өткізу кезеңінде орындалатын қажетті жұмыстардың (көрсетілетін 



қызметтердің) ең аз көлемі жөніндегі ұсыныстар көрсетіледі.

 

      173-бап. Ереуілді басқаратын органның өкілеттіктері



 

      1. Ереуілді басқаратын орган өзіне осы Кодексте берілген құқықтар шегінде және 

жұмыскерлер (олардың өкілдері) берген өкілеттіктер негізінде әрекет етеді.

 

      2. Ереуілді басқаратын органның:



 

      1) қойылған талаптарды шешу мәселелері бойынша жұмыс берушімен, жұмыс берушілер 

бірлестігімен (олардың өкілдерімен), мемлекеттік, кәсіподақ, өзге де заңды тұлғалармен 

және лауазымды адамдармен өзара қарым-қатынастарда жұмыскерлердің мүдделерін білдіруге;

 

      2) жұмыс берушіден, жұмыс берушілер бірлестігінен (олардың өкілдерінен) 



жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша ақпарат алуға;

 

      3) жұмыскерлер талаптарының қаралу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап 



отыруға;

 

      4) даулы мәселелер бойынша қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға;



 

      5) жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) келісуімен ереуілді тоқтата тұруға құқығы 

бар.

 

      3. Бұрын тоқтатыла тұрған ереуілді қайта бастау үшін дауды татуластыру 



комиссиясының, делдалдың қайта қарауы немесе еңбек төрелігінде қайта қарау талап 

етілмейді. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі (олардың өкілдері) және еңбек 

дауларын реттеу жөніндегі орган ереуілдің қайта басталуы туралы үш жұмыс күнінен 

кешіктірілмей ескертілуге тиіс.

 

       4. Ұжымдық еңбек дауының тараптары оны реттеу жөніндегі келісімге қол қойған 



жағдайларда, сондай-ақ ереуіл заңсыз деп танылған жағдайда ереуілді басқаратын органның 

өкілеттіктері тоқтатылады. 

 

      174-бап. Ұжымдық еңбек дауы тараптарының ереуіл



 

                барысындағы міндеттері

 

      Ереуіл өткізу кезеңінде ұжымдық еңбек дауының тараптары осы дауды келіссөздер 



жүргізу арқылы шешуді жалғастыруға міндетті.

 

      Жұмыс беруші, мемлекеттік органдар және ереуілді басқаратын орган ереуіл кезеңінде 



қоғамдық тәртіпті, ұйым мүлкінің сақталуын және жұмыскерлердің қауіпсіздігін, сондай-ақ 

тоқтап қалуы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіретін машиналардың 

және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі, өздеріне байланысты шараларды 

қабылдауға міндетті.

 

      175-бап. Жұмыскерлерге ереуіл өткізуге байланысты



 

                берілетін кепілдіктер

 

      1. Ереуілдерді ұйымдастыру немесе оларға қатысу (осы Кодекстің 176-бабының 1-



тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы деп 

қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртіптік ықпал ету шараларының қолданылуына әкеп 

соқпайды.

 

      2. Ереуіл кезінде жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы), еңбекке уақытша 



қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеміне құқығы, еңбек өтілі сақталады, 

сондай-ақ еңбек қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепілдік беріледі.

 

      Ереуіл жалақының төленбеуіне немесе уақтылы төленбеуіне байланысты өткізілгеннен 



басқа жағдайларда, ереуілге қатысушы жұмыскерлердің ереуіл уақыты ішіндегі жалақысы 

сақталмайды. 

 

 



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау