Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі



жүктеу 1,35 Mb.
Pdf просмотр
бет35/47
Дата20.11.2017
өлшемі1,35 Mb.
#1191
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47

Жұмыскерлер жиналысын (конференциясын) өткізу мүмкін болмаған кезде, жұмыскерлердің 

өкілді органының өзі ұсынған талаптарын қолдауға жұмыскерлердің кемінде үштен екісінің 

қолтаңбасын жинап, өз шешімін бекітуге құқығы бар.

 

       Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс берушімен жұмыскерлер жиналыстарын 



(конференцияларын) өткізу регламентін, орнын, уақытын, жиналысқа (конференцияға) 

қатысушылардың санын келіседі. 

 

       3. Жұмыскерлердің талаптары жазбаша нысанда жазылады және жұмыс берушіге, жұмыс 



берушілер бірлестіктеріне жиналыс (конференция) өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш 

күн мерзімде жіберіледі. 

 

      4. Көрсетілген талаптарды әртүрлі жұмыс берушілердің жұмыскерлері қойған жағдайда, 



бұл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе аумақтық бірлестіктері не жұмыскерлер 

уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынуы мүмкін.

 

      5. Жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі жұмыскерлердің талаптар қою жөнінде 



жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі келтіретін қандай да болсын араласуға бармауға 

міндетті.

 

       6. Жұмыскерлердің талаптарын шешу мүмкін болмаған кезде, олар татуластыру 



рәсімдері тәртібімен қаралады. 

 

      7. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға жүгіне 



алады. Делдалдық рәсім татуластыру комиссиясындағы, еңбек төрелігіндегі татуластыру 

рәсімдеріне қарағанда дербес болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.

 

      165-бап. Татуластыру комиссиясы



 

      1. Татуластыру комиссиясы жұмыс берушi мен жұмыскерлер өкілдерінің тең санынан 

тепе-теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган болып табылады.

 

      Татуластыру комиссиясын құру туралы шешiм жұмыс беруші, жұмыс берушілер бірлестігі 



(олардың өкілдері) өз шешімін жұмыскерлердің (олардың өкілдерінің) назарына жеткізген не 

хабарламаған не ұжымдық келіссөздер барысында келіспеушіліктер хаттамасын жасаған күннен 

бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданады. Ұйымда жұмыскерлердің бірнеше өкілдері болған 

кезде, олар комиссия жұмысына қатысу үшін бірыңғай өкілді орган құрады.

 

      2. Жұмыс берушi, жұмыс берушiлер бiрлестiгi татуластыру комиссиясының жұмыс істеуі 



үшін қажетті жағдайлар жасайды.

 

      3. Татуластыру комиссиясы жұмыскерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) талаптарын олар 



келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешiктiрілмейтін мерзімде қарайды. 

Татуластыру комиссиясының талаптарды қарау тәртiбi, қараудың көрсетiлген мерзiмiн ұзарту 

тараптардың келiсiмi бойынша жүзеге асырылады және хаттамамен ресiмделедi.

 

      4. Татуластыру рәсiмі процесінде татуластыру комиссиясы жұмыскерлермен (олардың 



өкiлдерiмен), жұмыс берушiмен, жұмыс берушiлер бiрлестiгiмен (олардың өкiлдерiмен), 

мемлекеттiк органдармен және өзге де мүдделi адамдармен консультациялар жүргiзедi.

 

       5. Комиссияның шешiмi тараптар келiсiмiнiң негiзiнде қабылданады, тараптардың 



өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi, тараптар үшiн мiндеттi күшi болады және 

татуластыру комиссиясының шешімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындалады. 

Тараптардың біреуі хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, басқа тарап хаттамада 

тиісті жазба жасайды. 

 

      6. Татуластыру комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде оның жұмысы 



тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек төрелігі құрылады.

 

      166-бап. Еңбек төрелігі



 

      1. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясының 

жұмысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрады.

 

       2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі 



тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес 

адамнан тұруға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы, Ұжымдық 

еңбек дауларының алдын алу және оларды шешу үшін еңбек төрелігі жөніндегі кеңестің 



өкілі, қажет болған кезде басқа адамдар қосылуға тиіс. 

 

      Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары 



бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды.

 

      3. Еңбек төрелігінің төрағасын төрелік мүшелері өздерінің арасынан сайлайды.



 

      4. Еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауының тараптары өкілдерінің 

міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған кезде басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің 

қатысуымен де қарайды.

 

      5. Дауды қарау рәсімін еңбек төрелігі айқындайды және ол ұжымдық еңбек дауы 



тараптарының назарына жеткізіледі.

 

      6. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен 



кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек 

төрелігі мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып 

табылады. Шешім уәжді болуға, жазбаша нысанда жазылуға және оған төрелік мүшелерінің 

барлығы қол қоюға тиіс.

 

      7. Татуластыру комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптары келісімге қол 



жеткізбеген кезде, Қазақстан Республикасының заңдарымен ереуілдер өткізу тыйым салынған 

немесе шектелген ұйымдарда еңбек төрелігінің құрылуы міндетті.

 

      8. Еңбек төрелігінің шешімі ұжымдық еңбек дауы тараптарының орындауы үшін міндетті 



болады.

 

      9. Еңбек төрелігінің шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, 



тараптардың дауды шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқығы бар.

 

      167-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау



 

      1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртібі ұжымдық еңбек дауы 

тараптарының келісуі бойынша айқындалады.

 

      2. Тараптар делдал ретінде өздеріне қатысты тәуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды 



айқындайды. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық, 

өңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісімімен ұжымдық еңбек дауларын 

реттеу жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті атқарушы органдардың, қауымдастықтардың 

және басқа да қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен жұмыскерлерін, жұмыс берушілерді, 

сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.

 

      Делдалдарды тарту жағдайларының бәрінде олардан делдалдық етуге жазбаша келісім 



алынуға тиіс.

 

      168-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша келісімге



 

                қол жеткізуінің салдарлары

 

      1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен немесе 



онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда аяқталмаған татуластыру 

рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келiсiмнiң шарттары дауды шешудiң шарттары 

болып есептеледi.

 

      Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша нысанда 



ресiмделедi.

 

      2. Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер ереуіл 



жарияланған болса, оның тоқтатылуына алып келеді.

 

      169-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты



 

                кепілдіктер

 

      Татуластыру комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі 



келіссөздерге қатысқан уақытта жалақысы сақтала отырып, жұмысынан босатылады.

 

      Жұмыскерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысатын 



өкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тәртіптік жазаға тартылмайды, басқа жұмысқа 

ауыстырылмайды немесе солардың өкілдік етуіне уәкілеттік берген органның алдын ала 

келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша олармен еңбек шарты бұзылмайды.

 



жүктеу 1,35 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау