Ескерту. 210-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi) Заңымен.
211-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеуге қойылатын
шектеулер
Вахталық әдiспен орындалатын жұмыстарға он сегiз жасқа толмаған
қызметкерлер, жүктi әйелдер, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер
жiберiлмейдi. Өзге қызметкерлер, егер мұндай жұмыстар медициналық қорытынды
негiзiнде олардың денсаулығына қайшы келмесе, вахталық әдiспен орындалатын
жұмыстарға тартылуы мүмкiн.
212-бап. Вахтаның ұзақтығы
1. Объектiде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық демалыс уақытын
қамтитын кезең вахта болып есептеледi.
2. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк он бес күннен аспауға тиiс.
Жекелеген объектiлерде вахтаның ұзақтығы қызметкердiң жазбаша
келiсiмiмен еңбек және (немесе) ұжымдық шартқа сәйкес күнтiзбелiк отыз күнге
дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерi үшiн қызметкердiң келiсiмiмен
вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бiр жүз жиырма күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
Ескерту. 212-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28
N 369-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi)
Заңымен.
213-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде жұмыс
уақытын және тынығу уақытын есепке алу
1. Жұмыстың вахталық әдiсi кезiнде айлық, тоқсандық немесе өзге де
неғұрлым ұзақ, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең
iшiндегi жұмыс уақытының
жиынтық есебi белгiленедi.
2. Есептiк кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс берушi
орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейiнгi және одан керi
қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептiк кезеңдегi жұмыс уақытының
жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгiленген нормалардан аспауға тиiс.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңiнде бөлiп
беруге жол берiлмейдi.
4. Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс
iстейтiн әрбiр қызметкердiң
жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебiн ай бойынша және барлық есептiк кезең
бойынша жүргiзуге мiндеттi.
22-тарау. ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
214-бап. Үй қызметкерлерiмен еңбек шартын жасасу және
тоқтату ерекшелiктерi
1. Үй қызметкерлерi деп жұмыс берушi - жеке тұлғалардың үй
шаруашылығында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады.
2. Жұмыс берушi үй қызметкерiн жұмысқа қабылдау не онымен еңбек
қатынастарын тоқтату туралы акт шығармайды және еңбек кiтапшасына оның жұмысы
туралы мәлiметтер енгiзбейдi.
3. Үй қызметкерiнiң еңбек қызметi еңбек шартымен расталады.
4. Үй қызметкерiмен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша
ескертудiң мерзiмi, сондай-ақ жұмысынан айырылуға
байланысты өтемақы төлеу
жағдайлары мен мөлшерi еңбек шартында белгiленедi.
215-бап. Үй қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты мен тынығу
уақытының режимi
1. Үй қызметкерлерiне осы Кодексте белгiленген жұмыс уақыты мен тынығу
уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.
2. Үй қызметкерiнiң жұмыс режимi, оларға демалыс күндерiн, жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгi уақытта,
демалыс
және мереке күндерi жұмысқа тарту тәртiбi еңбек шартында айқындалады.
216-бап. Тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау
тәртiбi
Үй қызметкерiне қатысты тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау
тәртiбi еңбек шартымен айқындалады.
217-бап. Жеке еңбек дауларын шешу
Үй қызметкерi мен жұмыс берушiнiң арасындағы жеке еңбек даулары
тараптар келiсiмiмен және (немесе) сотта шешiледi.
218-бап. Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу
Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу еңбек шартында көзделген негiздер
бойынша жүргiзiледi.
23-тарау. ҮЙДЕ ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
219-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер
1. Жұмыс берушiмен жұмысты өз материалдарымен және өзiндiк немесе жұмыс
берушi бөлiп беретiн не жұмыс берушi қаражаты есебiнен сатып алынатын
жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегiмен
орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер
деп есептеледi.
2. Қызметкердiң жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол
сияқты еңбек шартының қолданылу мерзiмi
iшiнде еңбек шартына тиiстi
өзгерiстер енгiзе отырып белгiленуi мүмкiн.
220-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек
жағдайлары
1. Үйде iстелетiн жұмыс қызметкердiң денсаулық жағдайына қайшы
келмейтiн және оларды орындау үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
жөнiндегi талаптар қамтамасыз етiлген жағдайда ғана орындалуы мүмкiн.
2. Үйде iстелетiн жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында:
1) жұмысты қызметкерге меншiк құқығымен тиесiлi немесе жұмыс берушi
бөлiп беретiн не жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен сатып алынатын
жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар
мен құрылғыларды пайдаланып
орындау;
2) қызметкердi жұмысты орындау үшiн шикiзатпен, материалдармен,
жартылай дайын өнiмдермен қамтамасыз ету тәртiбi мен мерзiмдерi;
3) дайын өнiмдi алып шығу тәртiбi мен мерзiмдерi;
4) қызметкерге төленетiн өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар
мiндеттi түрде көзделуге тиiс.
221-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жұмыс
уақыты мен тынығу уақытының режимi, еңбек
қауiпсiздiгiн және еңбегiн қорғауды қамтамасыз
ету жағдайлары