Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет50/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57

      Адамдардың өмiрi мен денсаулығына тiкелей қатер төнген жағдайда 
прокурор немесе сот тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн ереуiлдi тоқтата тұруға 
құқылы. 
      5. Ереуiлдi басқарушы органның сот шешiмiне Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар. 
      
Ескерту. 303-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн 
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      304-бап. Ереуiлдердi заңсыз деп танудың салдары 
 
      Сот ереуiлдi заңсыз деп танығанда, жұмыс берушi ереуiлдi ұйымдастыруға 
немесе өткiзуге қатысқан қызметкерлердi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартуы 
мүмкiн.  
      305-бап. Локаутқа тыйым салу 
 
      Ереуiл өткiзудi қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында 
локаутқа, яғни қызметкерлердiң ұжымдық еңбек дауына немесе ереуiлге қатысуына 
байланысты, осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 19) тармақшасында көзделген 
жағдайларды қоспағанда, солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушiнiң 
бастамасы бойынша бұзуға тыйым салынады. 
      
Ескерту. 305-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
5-БӨЛIМ. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ 
 
33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ 
 
МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ 
 
      
306-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау
 
                
саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi
 
                
бағыттары 
 
      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясат:  
      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан 
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге және қабылдауға; 
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк, 
салалық (секторлық) және өңiрлiк бағдарламаларды әзiрлеуге;  
      3) еңбек жағдайларын, оның қауiпсiздiгi мен қорғалуын әзiрлеу және 
жақсарту, қауiпсiз техникалар мен технологияларды әзiрлеу және енгiзу, 
еңбектi қорғау, қызметкерлердiң жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндiру 
жөнiндегi қызметтi экономикалық ынталандыру жүйелерiн құруға және iске 
асыруға;  
      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi жүзеге 
асыруға;  
      5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары бойынша ғылыми 
зерттеулер жүргiзуге;  
      6) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды есепке 
алудың бiрыңғай тәртiбiн белгiлеуге;  
      7) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы Қазақстан 
Республикасы заңнамасының сақталуын мемлекеттiк қадағалау мен бақылауға;  
      8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қызметкерлердiң 
құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру 
тәртiбiн нормативтi түрде бекiтуге;  
      9) өндiрiстегi жазатайым оқиғалардан және кәсiптiк аурулардан зардап 
шеккен қызметкерлердiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң заңды мүдделерiн 
қорғауға;  
      10) ауыр жұмыс және өндiрiс пен еңбектi ұйымдастырудың қазiргi заманғы 
техникалық деңгейiнде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек 


жағдайлары бар жұмыс үшiн еңбекақы төлеу шарттарын белгiлеуге;  
      11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбектi қорғау жөнiндегi отандық 
және шетелдiк озық жұмыс тәжiрибесiн таратуға;  
      12) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi мамандарды 
даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға;  
      13) 
Алынып тасталды - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
 Заңымен.
 
      14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы бiртұтас 
ақпараттық жүйенiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге;  
      15) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы халықаралық 
ынтымақтастыққа бағытталған. 
      
Ескерту. 306-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2010.03.19 
№ 258-IV
 Заңымен.
 
      307-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
 
                саласындағы мемлекеттiк басқару, бақылау және 
 
                қадағалау 
 
      Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк 
басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкiметi, еңбек 
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган және өзге де уәкiлеттi мемлекеттiк 
органдар өз құзыретiне сәйкес жүзеге асырады.  
      308-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
 
                жөнiндегi талаптар 
 
      1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар Қазақстан 
Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi және 
қызметкерлердiң еңбек қызметi процесi кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығын 
сақтауға бағытталған ережелердi, рәсiмдер мен нормативтердi қамтуға тиiс.  
      2. Жұмыс берушiлер мен қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында 
өз қызметiн жүзеге асыру кезiнде еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
жөнiндегi талаптарды орындауға мiндеттi. 
      
Ескерту. 308-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      
309-бап. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау 
 
                
саласындағы мониторинг пен тәуекелдердi
 
                
бағалау 
 
      
Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық 
бөлiмшелерi жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын кешендi бағалау, өндiрiстiк 
жарақаттануды азайту және өндiрiстегi жазатайым оқиғалардың алдын алу 
мақсатында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторинг пен 
тәуекелдердi бағалауды ұйымдастырады.  
34-тарау. ЕҢБЕК ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ 
 
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰҚЫҚТАРЫНЫҢ КЕПIЛДIКТЕРI 
 
      310-бап. Еңбек шартын жасасу кезiнде еңбек қауiпсiздiгi 
 
                және еңбектi қорғау құқықтарына берiлетiн 
 
                кепiлдiктер 
 
      1. Еңбек шартында зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторларды 
қоса алғанда, еңбек жағдайларының дәйектi сипаттамасы, Қазақстан 
Республикасының заңнамасында және ұжымдық шартта көзделген осындай 
жағдайлардағы жұмыс үшiн берiлетiн кепiлдiктер, жеңiлдiктер мен өтемақы 
төлемдерi көрсетiлуге тиiс.  
      2. Ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi еңбек 
жағдайлары бар жұмыстарда, сондай-ақ жерасты жұмыстарында iстейтiн 
қызметкерлермен еңбек шартын жасасу азамат алдын ала медициналық тексеруден 
өткеннен кейiн және денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк 
органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау