Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет51/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57

денсаулық жағдайы бойынша қайшылықтар жоқ екендiгi айқындалғаннан кейiн 
жүзеге асырылуға тиiс.  
      311-бап. Еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң еңбек 
 
                қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау құқықтарына 
 
                берiлетiн кепiлдiктер 
 
      1. Жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгiнiң жағдайлары ұлттық 
стандарттарға, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi ережелер 
талаптарына сәйкес болуға тиiс.  
      2. Жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi 
талаптарды бұзуы салдарынан жұмыс тоқтап тұрған уақытта қызметкердiң жұмыс 
орны (лауазымы) және орташа жалақысы сақталады.  
      3. Өзiнiң немесе айналасындағы адамдардың өмiрi мен денсаулығына 
тiкелей қауiп туындаған жағдайда, қызметкердiң жұмысты орындаудан бас тартуы 
оны тәртiптiк және (немесе) материалдық жауапкершiлiкке тартуға әкеп 
соқпайды.  
      4. Жұмыс берушi қызметкердi жеке және (немесе) ұжымдық қорғану 
құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етпеген жағдайда, қызметкер еңбек 
мiндеттерiн орындауды тоқтатуға құқылы, ал жұмыс берушi осы себеп бойынша 
туындаған iркiлiс кезiнде қызметкердiң орташа жалақысы мөлшерiнде еңбекақы 
төлеуге мiндеттi.  
      5. Еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрi мен 
денсаулығына зиян келтiрiлген жағдайда, келтiрiлген зиянды өтеу осы Кодексте 
және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен 
және шарттарда жүргiзiледi. 
      
Ескерту. 311-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.07.10 
№ 31-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      312-бап. Қызметкерлердi мiндеттi медициналық тексеру 
 
      1. Жұмыс берушi ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 
қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi Қазақстан 
Республикасы заңнамасында белгiленген тәртiппен мерзiмдiк медициналық 
тексеруден және тексерiлуден өткiзудi өз қаражаты есебiнен ұйымдастыруға 
мiндеттi.  
      2. Ерекше қауiптi жұмыстармен, машиналармен және тетiктермен байланысты 
жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер ауысым алдындағы медициналық куәландырудан 
өтуге тиiс. Ауысым алдындағы медициналық куәландырудан өту талап 
етiлетiн кәсiптердiң тiзiмiн денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi 
мемлекеттiк орган айқындайды.  
      313-бап. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 
 
                қорғау мәселелерi бойынша оқыту, нұсқама беру 
 
                және бiлiмдерiн тексеру 
 
      1. Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi 
бойынша оқытуды, нұсқама берудi және бiлiмдерiн тексерудi жұмыс берушi өз 
қаражаты есебiнен жүргiзедi.  
      2. 
Алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 бастап 
қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      3. Жұмысқа қабылданған адамдар кейiннен олардың еңбек қауiпсiздiгi және 
еңбектi қорғау мәселелерi бойынша бiлiмi мiндеттi түрде тексерiле отырып, 
жұмыс берушi ұйымдастыратын алдын ала оқытудан мiндеттi түрде өтедi. Еңбек 
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша алдын ала оқытудан, 
нұсқама беруден және бiлiмiн тексеруден өтпеген қызметкерлер жұмысқа 
жiберiлмейдi.  
      4. Өндiрiстiк қызметтердi жүзеге асыратын ұйымдардың басшы 
қызметкерлерi мен еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз етуге 
жауапты адамдары мерзiмдi, үш жылда кемiнде бiр рет кадрларды кәсiптiк 
даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды жүзеге 


асыратын ұйымдарда еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша 
оқудан және бiлiмiн тексеруден өтуге мiндеттi. 
      Оқуы және бiлiмi тексеруден өтуге тиiс адамдардың тiзiмi жұмыс 
берушiнiң актiсiмен бекiтiледi. 
      Ескерту. 313-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) 
Заңдарымен.
 
35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШIНIҢ ЕҢБЕК 
 
ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН 
 
МIНДЕТТЕРI 
 
      314-бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 
 
                қорғау құқықтары 
 
      Қызметкердiң:  
      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай жабдықталған 
жұмыс орнына;  
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi, сондай-ақ еңбек 
шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-
жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз 
етiлуге;  
      3) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық 
бөлiмшелерiне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбектi 
қорғауға тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiруге;  
      4) өзi немесе өз өкiлi арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауiпсiздiгi 
және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және 
қарауға қатысуға;  
      5) денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай туындаған кезде 
бұл жөнiнде тiкелей басшысына немесе жұмыс берушiге жазбаша түрде хабарлай 
отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;  
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен еңбек 
мiндеттерiн қауiпсiз атқару үшiн қажеттi бiлiм алуға және кәсiптiк даярлыққа;  
      7) жұмыс берушiден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек 
жағдайларының жай-күйi, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы, өмiрi 
мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) 
және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi 
шаралар туралы дәйектi ақпарат алуға;  
      8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай болмауына 
байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының 
сақталуына;  
      9) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы 
заңсыз әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.  
      315-бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 
 
                қорғау саласындағы мiндеттерi 
 
      Қызметкер:  
      1) өндiрiсте болған әрбiр жазатайым оқиға, кәсiптiк аурудың (уланудың) 
белгiлерi, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiн 
жағдай туралы өзiнiң тiкелей басшысына дереу хабарлауға;  
      2) мiндеттi мерзiмдi медициналық тексеруден және ауысым алдындағы 
медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты басқа 
жұмысқа ауысу үшiн не кәсiптiк аурудың белгiлерi пайда болған кезде 
медициналық куәландырудан өтуге;  
      3) жұмыс берушi беретiн жеке және ұжымдық қорғану құралдарын қолдануға 
және мақсатқа сай пайдалануға;  
      4) медициналық мекемелер ұсынған емдiк және сауықтыру iс-шараларын 
жұмыс берушi қаржыландырған жағдайда соларды орындауға;  
      5) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, 
ережелердiң және нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушiнiң 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау