Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет48/57
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12938
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57

тараптардың өкiлдерi қол қоятын хаттамамен ресiмделедi және оның тараптар 
үшiн мiндеттi күшi болады.  
      6. Бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жеткiзiлмегенде, оның жұмысы 
тоқтатылады, ал дауды шешу үшiн еңбек арбитражы құрылады. 
      
Ескерту. 292-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi) Заңымен.
 
      293-бап. Еңбек арбитражы 
 
      1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бiтiмгерлiк 
комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде 
әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық, салалық немесе 
өңiрлiк комиссия мүшелерiнiң  
қатысуымен құрады.  
      2. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын 
қараудың тәртiбi тараптардың келiсiмiмен белгiленедi. Еңбек арбитражы кемiнде 
бес адамнан құрылуға тиiс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық 
бiрлестiктердiң өкiлдерi, мемлекеттiк еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар 
мен басқа да адамдар енгiзiледi.  
      3. Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелерi қатарынан 
сайлайды.  
      4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары 
өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделi 
адамдар өкiлдерiнiң де қатысуымен қарайды.  
      5. Дауды қарау рәсiмiн еңбек арбитражы белгiлейдi және ұжымдық еңбек 
дауы тараптарының назарына жеткiзедi.  
      6. Еңбек арбитражының шешiмi құрылған күнiнен бастап күнтiзбелiк жетi 
күннен кешiктiрiлмей арбитраж мүшелерiнiң қарапайым көпшiлiк дауысымен 
қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерiнiң дауыстары тең бөлiнген кезде 
төрағаның дауысы шешушi болып табылады. Шешiм дәлелдi әрi жазбаша түрде 
болуға және оған арбитраж мүшелерiнiң барлығы қол қоюға тиiс.  
      7. Бiтiмгерлiк комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiсiмiне 
қол жеткiзiлмеген кезде, заң бойынша ереуiлдер өткiзу тыйым салынған немесе 
шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы мiндеттi түрде құрылуға тиiс.  
      8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешiмiн орындауға 
мiндеттi болады.  
      294-бап. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау 
 
      1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртiбi ұжымдық еңбек 
дауы тараптарының келiсiмi бойынша айқындалады.  
      2. Тараптар өздерiне қатысты тәуелсiз ұйымдар мен тұлғаларды делдал 
ретiнде белгiлейдi. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi 
республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының 
келiсiмiмен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi жұмысқа орталық және 
жергiлiктi атқарушы органдардың, қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық 
бiрлестiктердiң басшылары мен қызметкерлерiн, жұмыс берушiлердi, сондай-ақ 
тәуелсiз сарапшыларды тарта алады.  
      Делдалды таңдау жағдайларының бәрiнде олардан делдалдық етуге жазбаша 
келiсiм алынуға тиiс.  
      295-бап. Тараптардың ұжымдық еңбек дауы бойынша 
 
                келiсiмге қол жеткiзуiнiң салдарлары 
 
      1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен 
немесе онсыз шешу туралы келiсiмге қол жеткiзiлген барлық жағдайларда 
аяқталмай қалған бiтiмгерлiк рәсiмдерi тоқтатылады, ал тараптар арасындағы 
келiсiмнiң талаптары дауды шешудiң талаптары деп есептеледi.  
      Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткiзген келiсiмдер жазбаша түрде 
ресiмделедi.  


      2. Тараптар арасында даудың шешiлуi туралы келiсiмге қол жеткiзу, егер 
ереуiл жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады.  
      296-бап. Ұжымдық еңбек дауының шешiлуiмен байланысты 
 
                кепiлдiктер 
 
      Бiтiмгерлiк комиссиясының мүшелерi ұжымдық еңбек дауын шешу жөнiндегi 
келiссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негiзгi 
жұмысынан босатылады.  
      Қызметкерлердiң, олардың бiрлестiктерiнiң ұжымдық еңбек дауын шешуге 
қатысатын өкiлдерi ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңiнде тәртiптiк жазаға 
тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкiлдiк етуiне 
уәкiлеттiк берген органның алдын ала келiсiмiнсiз жұмыс берушiнiң бастамасы 
бойынша олармен еңбек шарты бұзылмайды.  
      297-бап. Тараптардың және бiтiмгерлiк органдарының 
 
                ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөнiндегi 
 
                мiндеттерi 
 
      1. Тараптардың ешқайсысы бiтiмгерлiк рәсiмдерге қатысудан жалтаруға 
құқылы емес.  
      2. Бiтiмгерлiк комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек 
дауындағы келiспеушiлiктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткiзiлуге 
тиiс.  
      3. Егер жұмыс берушiнiң өкiлi өкiлеттiктерiнiң жеткiлiксiз болуына 
байланысты ұжымдық еңбек дауы тараптарының келiспеушiлiктерiн реттеу мүмкiн 
болмаса, қызметкерлердiң талаптары ұйымдардың, оның iшiнде Қазақстан 
Республикасының аумағында орналасқан, мүлкiнiң меншiк иелерi шетелдiк жеке 
немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдiк қатысуы бар 
ұйымдардың мүлiк меншiк иелерiне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе 
акционерлерiне табыс етiледi.  
      4. Осы баптың 2, 3-тармақтарында көрсетiлген рәсiмдердiң нәтижелерiмен 
келiспеген жағдайда, қызметкерлер өз мүдделерiн қорғаудың заңда көзделген, 
ереуiл өткiзуге дейiнгi өзге де барлық тәсiлдерiн пайдалануға құқылы.  
      298-бап. Ереуiл өткiзу құқығы 
 
      1. Егер бiтiмгерлiк рәсiмдер арқылы ұжымдық еңбек дауын шешуге қол 
жеткiзiлмесе, сондай-ақ жұмыс берушi бiтiмгерлiк рәсiмдерден жалтарған не 
ұжымдық еңбек дауын шешу барысында қол жеткiзiлген келiсiмдi орындамаған 
жағдайларда қызметкерлер ереуiл өткiзу туралы шешiм қабылдай алады.  
      2. Ереуiл өткiзу жөнiндегi шешiм қызметкерлердiң (олардың өкiлдерiнiң) 
жиналысында (конференциясында) қабылданады. 
      Қызметкерлер жиналысы, егер оған ұйым қызметкерлерiнiң жалпы санының 
жартысынан астамы қатысса, заңды деп танылады. 
      Конференция, егер оған хаттамалық шешiмдерге сәйкес қызметкерлер 
сайлаған делегаттардың кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп танылады. 
      Қызметкерлер жиналысының (конференциясының) шешiмi дауыс берушiлердiң 
көпшiлiк дауысымен қабылданды деп есептеледi. Қызметкерлер жиналысын 
(конференциясын) өткiзуге мүмкiндiк болмаған кезде қызметкерлердiң өкiлдi 
органы ереуiлдi өткiзудi қолдайтын қызметкерлердiң жартысынан астамының қолын 
жинап, өз шешiмiн бекiтуге құқығы бар. 
      3. Ереуiлдi қызметкерлер (олардың өкiлдерi) уәкiлеттiк берген орган 
(ереуiл комитетi) басқарады. Бiрнеше жұмыс берушiлердiң қызметкерлерi 
(олардың өкiлдерi) бiрдей талаптар қойып, ереуiл жариялаған жағдайда, оны осы 
қызметкерлер өкiлдерiнiң бiрдей санынан құрылатын бiрлескен орган басқаруы 
мүмкiн.  
      4. Ереуiлге қатысу ерiктi болып табылады. Ешкiмдi ереуiлге қатысуға 
немесе ереуiлге қатысудан бас тартуға мәжбүрлеуге болмайды.  
      5. Қызметкерлердi ереуiлге қатысуға немесе ереуiлге қатысудан бас 
тартуға мәжбүрлейтiн тұлғалар Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау