Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 19,76 Kb.
Pdf просмотр
бет27/65
Дата18.12.2017
өлшемі19,76 Kb.
#4590
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65

 
төлемдерді төлеу жұмыс берушінің кінәсінен кешіктірілген кезде, жұмыс беруші 
қызметкерге берешек пен өсімақыны төлейді. Өсімақы мөлшері жалақы төлеу жөніндегі 
міндеттемелерді орындау күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта 
қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып есептеледі және төлем жүргізілуге тиісті 
күннен кейінгі күннен бастап әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін есептеледі 
және төлем жасалған күнмен аяқталады. 
 
       5. Еңбек шарты тоқтатылған кезде жұмыс берушіден қызметкерге тиесілі барлық 
сомаларды төлеу шарт аяқталған күннен кейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірілмей 
жүргізіледі. 
 
      135-бап. Жалақы төленетін орын 
 
      Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер еңбек шартының, ұжымдық шарттың 
талаптарында өзгеше көзделмесе, олардың жұмыс істейтін орнында жүргізілуге тиіс. 
 
      136-бап. Қызметкердің орташа айлық жалақысын есептеу 
 
      1. Бес күндік, сондай-ақ алты күндік жұмыс аптасында орташа айлық жалақыны 
есептеу белгіленген қосымша ақылар мен үстеме ақылар, сыйлықақылар және еңбекке ақы 
төлеу жүйесінде көзделген тұрақты сипаттағы басқа да ынталандыру төлемдері ескеріле 
отырып, тиісті кезеңдегі орташа күндік (сағаттық) жалақының есебінен нақты жұмыс 
істелген уақыт үшін жүргізіледі. 
 
       2. Осы Кодекске сәйкес тиісті ақы (төлем) төлеуге байланысты оқиғаның 
алдындағы он екі күнтізбелік ай орташа жалақыны есептеу үшін есептік кезең болып 
табылады. Күнтізбелік он екі айдан аз жұмыс істеген қызметкерлер үшін орташа айлық 
жалақы нақты жұмыс істелген уақыт бойынша айқындалады. 
 
      3. Орташа жалақыны айқындаудың осы Кодексте көзделген барлық жағдайлары үшін 
еңбек жөніндегі уәкілетті орган оны есептеудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
 
      4. Егер бұл қызметкердің жағдайын нашарлатпайтын болса, ұжымдық шартта орташа 
жалақыны есептеудің өзге кезеңдері көзделуі мүмкін.
 
      
Ескерту. 136-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 
N 239-V
  Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      137-бап. Жалақыдан ұстап қалу 
 
      1. Қызметкердің жалақысынан ұстап қалу сот шешімі бойынша, сондай-ақ 
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүргізіледі. 
 
       2. Қызметкердің өзі жұмыс істейтін ұйымға берешегін өтеу үшін оның 
жалақысынан ұстап қалу қызметкердің жазбаша келісімі бар болған кезде жұмыс 
берушінің актісі негізінде жүргізілуі мүмкін. 
 
       3. Ай сайынғы ұстап қалудың жалпы мөлшері қызметкерге тиесілі жалақының елу 
процентінен аспауға тиіс. 
 
      138-бап. Қызметкердің қайтыс болуына байланысты 
 
                алынбаған жалақыны беру 
 
      Қызметкердің қайтыс болуына байланысты алынбаған жалақы Қазақстан 
Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен беріледі.
 
   10-1-тарау. Ұлттық біліктілік жүйесі 
      Ескерту. Кодекс 10-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      138-1-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар
 
      Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
 
      1) ұлттық біліктілік жүйесі – мамандардың біліктілігіне еңбек нарығы 
тарапынан сұраныс пен ұсыныстарды құқықтық және институционалдық реттеу 
тетіктерінің жиынтығы;
 
      2) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік 


 
деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
 
      3) салалық біліктілік шеңберлері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін 
құрылымдық жағынан сипаттау;
 
      4) кәсіби стандарт – кәсіби қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне 
және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын 
талаптарды айқындайтын стандарт.
 
      138-2-бап. Ұлттық біліктілік жүйесінің құрылымы
 
      Ұлттық біліктілік жүйесі мыналарды:
 
      1) ұлттық біліктілік шеңберін;
 
      2) салалық біліктілік шеңберлерін;
 
      3) кәсіби стандарттарды;
 
      4) маманның кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растауды 
қамтиды.
 
      138-3-бап. Ұлттық біліктілік шеңбері
 
      1. Ұлттық біліктілік шеңбері кәсіби қызметтің жалпы сипаттамаларын әрбір 
біліктілік деңгейі үшін сипаттаудан тұрады.
 
      2. Ұлттық біліктіліктер шеңберін әзірлеуді еңбек жөніндегі уәкілетті 
мемлекеттік орган білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп 
жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын 
реттеу жөніндегі республикалық комиссия бекітеді.
 
      
Ескерту. 138-3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      138-4-бап. Салалық біліктілік шеңберлері
 
      1. Салалық біліктілік шеңберлері ұлттық біліктілік шеңбері негізінде 
экономикалық қызметтің нақты саласында әзірленеді.
 
      2. Салалық біліктілік шеңбері салада орындалатын жұмыстардың күрделілігіне 
және пайдаланылатын білім, машықтар мен құзырет сипатына қарай деңгейлер бойынша 
маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды жіктейді.
 
      3. Салалық біліктіліктер шеңберін әзірлеуді тиісті қызмет салаларының 
уәкілетті мемлекеттік органдары жүргізеді және оны әлеуметтік әріптестік пен 
әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді.
 
      
Ескерту. 138-4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 
№ 130-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
27.06.2014 
N 212-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн 
өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
 
      138-5-бап. Кәсіби стандарттар
 
      1. Кәсіби стандарттарды әзірлеуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті 
мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, 
жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және қызметкерлердің салалық 
бірлестіктерімен бірлесіп жүзеге асырады.
 
      2. Кәсіби стандарттардың құрылымын, оларды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан 
өткізу және қолдану тәртібін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан 
Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, жұмыс берушілердің республикалық 
бірлестіктерімен және қызметкерлердің республикалық бірлестіктерімен келісу 
бойынша айқындайды.
 
      3. Кәсіби стандарттарды бекітуді тиісті қызмет салаларының уәкілетті 
мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім 
бойынша олар белгілеген тәртіппен жүргізеді.
 
      4. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Кәсіби стандарттар тізілімін 
жүргізуді өзі белгілеген нысан бойынша жүзеге асырады.
 


жүктеу 19,76 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау