Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет18/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51

жаттықтырушылар үшін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс 
берушінің актілеріне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделікті 
жұмыстың (жұмыс ауысымының) ӛзгеше ұзақтығы белгіленуі мүмкін.  
      
83-бап. Кҥнделікті жҧмысты (жҧмыс ауысымын) бӛліктерге
 
              бӛлу
 
      1. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бӛліктерге бӛлуге: 
      1) жұмыс қарқындылығы әртүрлі болатын жұмыстарда; 
      2) егер бұл қызметкердің әлеуметтік-тұрмыстық және ӛзге де жеке 
қажеттіліктерімен байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол беріледі. 
      2. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бӛліктерге бӛлген кезде жұмыс 
уақытының жалпы ұзақтығы күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) белгіленген 
ұзақтығынан аспауға тиіс. 
      3. Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) бӛліктерге бӛлінетін жұмыс түрлері, 
жұмыстағы үзілістердің саны мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар 
жұмыс үшін қызметкерлерге тӛленетін ӛтемақылардың түрлері мен мӛлшері еңбек 
шартында, ұжымдық шартта белгіленеді. 
      
84-бап. Ауысымдық жҧмыс
 
      1. Ӛндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің ӛндірістік 
қызметінің режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен 
жағдайларда ауысымдық жұмыс белгіленуі мүмкін. 
      2. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс 
ауысымынан екіншісіне ӛту қызметкерлер ӛкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші 
бекіткен ауысым кестелерімен белгіленеді. 
      3. Жұмыс беруші ауысым кестелерін қызметкерлер назарына осы кестелер 
қолданысқа енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей жеткізеді. 
      4. Қызметкерді қатарынан екі жұмыс ауысымында жұмысқа тартуға тыйым 
салынады. 
      
85-бап. Икемді жҧмыс уақыты режиміндегі жҧмыс
 
      1. Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық және жеке қажеттіліктерін 
ӛндіріс мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі 
белгіленуі мүмкін. 
      2. Икемді жұмыс уақыты режимінің кезінде: 
      1) тіркелген жұмыс уақыты; 
      2) қызметкер сол уақыт ішінде еңбек міндеттерін ӛз қалауы бойынша 
атқаруға құқылы икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты; 
      3) есептік кезең белгіленеді. 
      3. Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақыты 
ұзақтығының орташа нормасы сақталуға тиіс кезең икемді жұмыс уақыты 
кезеңіндегі есептік кезең деп танылады. 
      4. Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі есептік кезең бір айдан аспауға 
тиіс. 
      5. Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі күнделікті жұмыстың (жұмыс 
ауысымының) және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы күнделікті 
және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасынан кӛп немесе аз 
болуы мүмкін. 


      6. Тіркелген жұмыс уақытының, икемді (ауыспалы) жұмыс уақытының 
ұзақтығы, икемді жұмыс уақыты режиміндегі есептік кезең еңбек шартында, 
ұжымдық шартта белгіленеді. 
      
86-бап. Жҧмыс уақытының жиынтық есебі
 
      1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін ӛндірістерде, 
цехтарда, учаскелерде және ӛндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің 
осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы 
ұзақтығы сақтала алмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады. 
      2. Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және 
(немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда 
сақталуға тиіс кезең жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең 
деп танылады. 
      3. Кез келген, бірақ бір жылдан аспайтын күнтізбелік кезең немесе 
белгілі бір жұмысты орындау кезеңі жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі 
есептік кезең болуы мүмкін. 
      4. Жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде жұмыстың аяқталуы 
мен келесі жұмыс күнінің (жұмыс ауысымының) басталуы арасындағы қызметкердің 
демалыс ұзақтығының сақталуы міндетті болып табылады. 
      5. Жұмыс уақытының жиынтық есебі кезінде жұмыс істеу тәртібі, жұмыс 
уақытының жиынтық есебі белгіленетін қызметкерлердің санаттары, қызметкерлер 
ӛкілдерінің пікірі ескеріле отырып, еңбек шартында немесе ұжымдық шартта не 
жұмыс берушінің актісінде айқындалады. 
      6. Осы Кодекстің 183, 190, 225-баптарында кӛзделген жағдайларда жұмыс 
уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді. 
      
87-бап. Тҥнгі уақыттағы жҧмыс
 
      1. 22 сағаттан бастап таңертеңгі сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт 
болып есептеледі. 
      2. Қызметкерлерді түнгі уақыттағы жұмысқа тарту осы Кодексте 
белгіленген шектеулер сақтала отырып жүргізіледі. 
      
88-бап. Ҥстеме жҧмысқа тартуды шектеу
 
      1. Үстеме жұмыстарға: 
      1) жүкті әйелдер; 
      2) он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер жіберілмейді. 
      2. Осы Кодекстің 90-бабында кӛзделген жағдайларды қоспағанда, үстеме 
жұмыстарға тартуға қызметкердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі. 
      
89-бап. Ҥстеме жҧмыстардың шекті саны
 
      1. Үстеме жұмыстар әрбір қызметкер үшін тәулік ішінде - екі сағаттан, 
ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) 
қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. 
      2. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына 
жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. 
      3. Үстеме жұмыстардың шекті санын шектеу осы Кодекстің 90-бабының 1) 
тармақшасында кӛзделген жағдайлардағы жұмыстарға қолданылмайды. 
      
90-бап. Қызметкерлердің келісімінсіз ҥстеме жҧмыстарға
 
              жол берілетін ерекше жағдайлар
 
      Қызметкерлердің келісімінсіз үстеме жұмыстарға тек қана мынадай 
жағдайларда: 
      1) ел қорғанысы үшін, сондай-ақ тӛтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы 
немесе ӛндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін 
қажетті жұмыстар жүргізу кезінде;  
      2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау