Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі


-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет26/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51

      
150-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер
 
                
ҥшін кепілдіктер
 
      Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдік медициналық 
тексерулерден ӛтуге міндетті қызметкерлердің олардан ӛткен уақытта жұмыс 
берушінің қаражаты есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы 
сақталады. 
      
151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер ҥшін
 
                
кепілдіктер
 
      Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан тапсыру уақытында 
жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады. 
      
152-бап. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер ҥшін
 
                
кепілдіктер мен ӛтемақы тӛлемдері
 
      1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы 
сақталады. 
      2. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге: P001428 
      1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері 
үшін тәуліктік тӛлемдер; 
      2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары; 
      3) тұрғын үй жалдау шығыстары тӛленеді. 
      3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек 
шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады. 
      4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу осы Кодекстің 183, 187, 226-
баптарында кӛзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 
      
153-бап. Қызметкерді жҧмыс берушімен бірге басқа жерге
 
                
ауыстыру кезіндегі кепілдіктер мен ӛтемақы
 
                
тӛлемдері
 
      1. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс 
беруші қызметкерге: 
      1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің кӛшіп-қону; 
      2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жӛніндегі 
шығыстарын ӛтеуге міндетті. 
      2. Осы баптың 1-тармағында кӛзделген ӛтемақы тӛлемдерінің тәртібі мен 
мӛлшері еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде 
айқындалады. 
      
154-бап. Экологиялық зілзала және радиациялық қатер
 
                
аймақтарында еңбек қызметін жҥзеге асыратын
 
                
қызметкерлерге берілетін кепілдіктер
 
      Экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін 
жүзеге асыратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленеді. 
      
155-бап. Қызметкердің жеке мҥлкін жҧмыс берушінің
 
                
мҥддесіне пайдалануға байланысты ӛтемақы
 
                
тӛлемдері
 
      Қызметкер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен 
пайдаланған кезде жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке кӛлікті, басқа да 
техникалық құралдарды пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшін және 
оларды пайдалану шығыстарына тараптардың келісімі бойынша ӛтемақы тӛлемдерін 
жүргізеді. 


      
156-бап. Жҧмысы жолда ӛтетін немесе жҥріп-тҧру сипаты
 
                
бар не қызмет ету учаскелері шегіндегі
 
                
қызметтік сапарлармен байланысты болатын
 
                
жағдайларда қызметкерлерге ӛтемақы тӛлемдері
 
      1. Қызметкерлердің жұмысы жолда ӛтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не 
қызмет кӛрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын 
жағдайларда, оларға тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде болған әр күн үшін 
келісімде, ұжымдық шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушінің 
актісінде белгіленген тәртіппен ӛтемақы тӛлемдері жүргізіледі. 
      2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір 
күндерінде сапарда болған жағдайда, тӛлем жұмыс (жұмыс ӛндірісі) орнына 
баруға және кері қайтуға жол жүрген нақты күндер санына барабар жүргізіледі. 
      3. Ӛтемақы тӛлемдері еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режиміне қарамастан 
жүзеге асырылады. 
      4. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде ӛтемақы 
тӛлемдері ескерілмейді. 
      
157-бап. Жҧмысынан айрылуына байланысты берілетін
 
                
ӛтемақы тӛлемдері
 
      1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда: 
      1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға 
қызметін тоқтатқан жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты 
бұзылғанда; 
      2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің 
бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына 
байланысты айына айлық орташа жалақысы мӛлшерінде ӛтемақы тӛлемін жүргізеді. 
      2. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы 
дәйексіз ақпарат берген не жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек 
заңнамасын, еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда 
қызметкердің бастамасы бойынша еңбек 
шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты 
үш айға орташа жалақысы мӛлшерінде ӛтемақы тӛлемін жүргізеді. 
      3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты 
ӛтемақы тӛлемінің неғұрлым жоғары мӛлшері кӛзделуі мүмкін. 
      
158-бап. Далалық жабдықталым ақшасын тӛлеудің тәртібі
 
                
мен шарттары
 
      1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының 
қызметкерлеріне: 
      1) тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келмейтін тұрақты тұратын 
жерінен тысқары жерде; 
      2) сол сияқты тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, далалық ұйым 
орналасқан жерге күнде қайтып келгенімен тұрақты тұратын жерінен тысқары 
жерде; 
      3) еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру жолымен тұрақты тұратын жерінен 
тысқары жерде далалық жағдайда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым 
ақшасы тӛленеді. 
      2. Далалық жабдықталым ақшасын тӛлеу дала жұмыстарында болған барлық 
күнтізбелік күндер үшін жүргізіледі. 
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт үшін қызметкерлерге 
далалық жабдықталым ақшасы тӛленбейді. 
      4. Қызметкер далалық ұйымнан іссапарға шыққан кезде оған далалық 
жабдықталым ақшасын тӛлеу тоқтатылады, ал іссапарға байланысты шығыстар осы 
Кодекске сәйкес ӛтеледі. 
      5. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде далалық 
жабдықталым ақшасының мӛлшері есепке алынбайды. 
      6. Далалық жабдықталым ақшасын тӛлеудің тәртібі, шарттары мен мӛлшері, 
далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртібі келісімдерде, еңбек 
шартында, ұжымдық шартта белгіленеді және жұмыс берушінің актісімен 
бекітіледі. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау