жағдайда жұмыс беруші бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан
кемінде екі апта бұрын хабарлауға міндетті.
108-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын ауыстырудың
немесе ҧзартудың жағдайлары мен тәртібі
1. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:
қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктілікке және босануға
байланысты демалыста болған;
егер бұл үшін заңда жұмыстан босату кӛзделсе, қызметкер жыл сайынғы
ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттік міндеттер атқарған жағдайларда,
толық немесе оның бір бӛлігі ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкін.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бір бӛлігі) қызметкердің
жазбаша келісімімен немесе оның ӛтінуі бойынша ғана ұзартылуы немесе
ауыстырылуы мүмкін. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша
келесі жылғы еңбек демалысына қосылуы немесе қызметкердің ӛтініші бойынша
басқа уақытта бӛлек берілуі мүмкін.
3. Еңбек демалысын қатарынан екі жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
109-бап. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып
алу
1. Жұмыс беруші жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердің
жазбаша келісімімен ғана үзуі мүмкін. Қызметкердің жұмыс берушінің ұсынысынан
бас тартуы еңбек тәртібін бұзу болып табылмайды.
2. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты
пайдаланылмаған бӛлігі еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша ағымдағы жыл
ішінде немесе келесі жұмыс жылында кез келген уақытта беріледі не келесі
жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек
демалысына қосылады.
3. Қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде
демалыстың пайдаланылмаған бӛлігін басқа уақытта берудің орнына қызметкер мен
жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы
еңбек демалысының пайдаланылмаған бӛлігінің күндері үшін ӛтемақы тӛлемі
жүргізілуі мүмкін.
4. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және ауыр
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда
істейтін қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға
жол берілмейді.
110-бап. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы ҥшін ӛтемақы
тӛлемі
Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл
сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған
қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек
демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін ӛтемақы тӛлемі жүргізіледі.
111-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің ӛтініші
негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс
берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады.
3. Жұмыс беруші:
1) неке тіркелген;
2) бала туылған;
3) жақын туыстары қайтыс болған;
4) еңбек шартында, ұжымдық шартта кӛзделген ӛзге де жағдайлар кезінде
қызметкердің жазбаша ӛтініші негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы
сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
112-бап. Оқу демалысы
1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен
емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау,
дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшін оқу демалыстары беріледі.
2. Оқу демалысына ақы тӛлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу
шартында айқындалады.
113-бап. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы
(балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар
1. Жүкті әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған
баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына
байланысты мынадай демалыстар:
1) жүктілікке және босануға байланысты демалыс;
2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс;
3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы
сақталмайтын демалыс беріледі.
2. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға
байланысты демалыстар беру осы Кодекстің 192 - 195-баптарында кӛзделген
шарттармен жүзеге асырылады.
3. алынып тасталды
Ескерту. 113-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының
2007.12.19.
N 9
(2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
114-бап. Демалысты ресімдеу
Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс
берушінің актісімен ресімделеді.
9-тарау. ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ
115-бап. Еңбекті нормалауды ҧйымдастыру саласындағы
мемлекеттік кепілдіктер
Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін;
мемлекеттік органдардың еңбектің техникалық негізделген үлгілік
нормалары мен нормативтерін әзірлеуді қамтамасыз етуін;
жұмыс берушілердің еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді және қайта
қарауды қамтамасыз етуін бақылауды қамтиды.
116-бап. Еңбек нормалары
1. Еңбек (ӛндірім, уақыт, қызмет ету) нормалары еңбек шығындарының
ӛлшемі болып табылады және тиісті біліктілігі бар қызметкері үшін техниканың,
технологияның, ӛндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне
сәйкес белгіленеді.
2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін ӛндірім нормалары осы
Кодекстің 182-бабына сәйкес белгіленеді.
3. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегіне уақыт бойынша ақы
тӛлеу кезінде нормаланған тапсырмалар белгіленеді. Жұмыс беруші жекелеген
функциялар мен жұмыс кӛлемдерінің орындалуы үшін қызмет ету нормаларын немесе
қызметкерлер санының нормаларын
(нормативтерін) белгілеуі мүмкін.
117-бап. Жаңа еңбек нормаларын әзірлеу, енгізу,
қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру және
қайта қарау
Достарыңызбен бөлісу: |