отырып, ӛздерінің шешімдері мен ұсыныстарын аталған мерзім ішінде
қызметкерлерге жазбаша түрде жеткізуге міндетті.
291-бап. Бітімгерлік рәсімдер
1. Қызметкерлердің талаптарын осы Кодекстің 290-бабында кӛзделген
тәртіппен шешу мүмкін болмаған кезде олар бітімгерлік рәсімдер тәртібімен
қаралады.
Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі (олардың ӛкілдері)
қабылдамаған немесе олардың ішінара қанағаттандырған талаптары алдымен
бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге қол жеткізілмесе - еңбек
арбитражында қаралады.
2. Тараптар ұжымдық еңбек дауын қараудың кез келген сатысында делдалға
жүгіне алады. Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек
арбитражындағы бітімгерлік рәсімдерге қарағанда дербес рәсім болып табылады
және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.
292-бап. Бітімгерлік комиссиясы
1. Бітімгерлік комиссиясын тараптар жұмыс беруші, жұмыс берушілердің
бірлестігі (олардың ӛкілдері) ӛз шешімін қызметкерлерге (олардың ӛкілдеріне)
хабарлаған не хабарламаған күннен бастап не ұжымдық келіссӛздер барысында
келіспеушіліктер хаттамасы жасалған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде
құрады.
2. Бітімгерлік комиссиясы ұжымдық еңбек дауы тараптары ӛкілдерінен
тепе-тең негізде құрылады. Бітімгерлік комиссиясын құру туралы шешім жұмыс
берушінің актісімен және қызметкерлер ӛкілдерінің шешімімен ресімделеді.
3. Бітімгерлік комиссиясы құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті
күннен кешіктірмей қызметкерлердің (олардың ӛкілдерінің) талаптарын қарайды.
Бітімгерлік комиссиясының талаптарды қарау, кӛрсетілген мерзімді ұзарту
тәртібі тараптардың келісімімен жүзеге асырылады және хаттамамен ресімделеді.
4. Бітімгерлік комиссиясы бітімгерлік рәсім барысында, қызметкерлермен
(олардың ӛкілдерімен), жұмыс берушімен, жұмыс берушілер бірлестігімен
(олардың ӛкілдерімен), мемлекеттік органдармен және ӛзге де мүдделі
тұлғалармен консультациялар жүргізеді.
5. Комиссияның шешімі тараптар келісімінің негізінде қабылданады,
тараптардың ӛкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және оның тараптар
үшін міндетті күші болады.
6. Бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жеткізілмегенде, оның жұмысы
тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек арбитражы құрылады.
293-бап. Еңбек арбитражы
1. Еңбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік
комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жӛніндегі республикалық, салалық немесе
ӛңірлік комиссия мүшелерінің
қатысуымен құрады.
2. Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын
қараудың тәртібі тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде
бес адамнан құрылуға тиіс. Еңбек арбитражының құрамына қоғамдық
бірлестіктердің ӛкілдері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар
мен басқа да адамдар енгізіледі.
3. Еңбек арбитражының тӛрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан
сайлайды.
4. Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары
ӛкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі
адамдар ӛкілдерінің де қатысуымен қарайды.
5. Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек
дауы тараптарының назарына жеткізеді.
6. Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті
күннен кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым кӛпшілік дауысымен
қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бӛлінген кезде
тӛрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім дәлелді әрі жазбаша түрде
болуға және оған арбитраж мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс.
7. Бітімгерлік комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісіміне
қол жеткізілмеген кезде, заң бойынша ереуілдер ӛткізу тыйым салынған немесе
шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы міндетті түрде құрылуға тиіс.
8. Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешімін орындауға
міндетті болады.
294-бап. Ҧжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау
1. Ұжымдық еңбек дауын делдалдың қатысуымен қарау тәртібі ұжымдық еңбек
дауы тараптарының келісімі бойынша айқындалады.
2. Тараптар ӛздеріне қатысты тәуелсіз ұйымдар мен тұлғаларды делдал
ретінде белгілейді. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жӛніндегі
республикалық, салалық, ӛңірлік комиссиялар ұжымдық еңбек дауы тараптарының
келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жӛніндегі жұмысқа орталық және
жергілікті атқарушы органдардың, қауымдастықтардың және басқа да қоғамдық
бірлестіктердің басшылары мен қызметкерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ
тәуелсіз сарапшыларды тарта алады.
Делдалды таңдау жағдайларының бәрінде олардан делдалдық етуге жазбаша
келісім алынуға тиіс.
295-бап. Тараптардың ҧжымдық еңбек дауы бойынша
келісімге қол жеткізуінің салдарлары
1. Ұжымдық еңбек дауының тараптары арасында дауды делдалдың қатысуымен
немесе онсыз шешу туралы келісімге қол жеткізілген барлық жағдайларда
аяқталмай қалған бітімгерлік рәсімдері тоқтатылады, ал тараптар арасындағы
келісімнің талаптары дауды шешудің талаптары деп есептеледі.
Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткізген келісімдер жазбаша түрде
ресімделеді.
2. Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер
ереуіл жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады.
296-бап. Ҧжымдық еңбек дауының шешілуімен байланысты
кепілдіктер
Бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жӛніндегі
келіссӛздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі
жұмысынан босатылады.
Қызметкерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге
қатысатын ӛкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тәртіптік жазаға
тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың ӛкілдік етуіне
уәкілеттік берген органның алдын ала келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы
бойынша олармен еңбек шарты бұзылмайды.
297-бап. Тараптардың және бітімгерлік органдарының
ҧжымдық еңбек дауларын реттеу жӛніндегі
міндеттері
1. Тараптардың ешқайсысы бітімгерлік рәсімдерге қатысудан жалтаруға
құқылы емес.
2. Бітімгерлік комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек
дауындағы келіспеушіліктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткізілуге
тиіс.
3. Егер жұмыс берушінің ӛкілі ӛкілеттіктерінің жеткіліксіз болуына
байланысты ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін
болмаса, қызметкерлердің талаптары ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке
немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдік қатысуы бар
ұйымдардың мүлік меншік иелеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе
Достарыңызбен бөлісу: |