Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі


-бап. Келісімдердің қолданылуы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет40/51
Дата20.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#1193
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51

      
278-бап. Келісімдердің қолданылуы
 
      1. Келісімдердің күші келіссӛздерде осы келісімдерді әзірлеу мен ӛз 
аттарынан жасасу үшін тиісті тараптар ӛкілдеріне уәкілеттік берген тиісті 
атқарушы органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушілерге қолданылады. 
      2. Келісім: 
      жұмыс берушілер бірлестіктерінің мүшелері болып табылатын, келісімді 
жасасқан барлық жұмыс берушілерге қатысты қолданылады. Жұмыс берушілер 
бірлестігіндегі мүшелікті тоқтату жұмыс берушіні соның мүшесі болған кезеңде 
жасалған келісімді орындаудан босатпайды. Келісім қолданыста болған кезеңде 
жұмыс берушілер бірлестігіне кірген жұмыс беруші осы келісімде кӛзделген 
міндеттемелерді орындауға міндетті; 
      келісімге қол қойылғаннан кейін қосылған жұмыс берушілерге қатысты 
қолданылады. 
      3. Келісімдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің 
меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдік 
жеке және заңды тұлғалар не шетелдік қатысуы бар ұйымдар болып табылатын 
ұйымдарға да қолданылады. 
      4. Келісім жарияланғаннан кейін еңбек жӛніндегі уәкілетті мемлекеттік 
орган республикалық деңгейде, тиісті қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік 
органдар салалық деңгейде және жергілікті атқарушы органдар ӛңірлік деңгейде 
келісім жасасуға қатыспаған жұмыс берушілер бірлестіктеріне, жұмыс 
берушілерге, қызметкерлер бірлестіктеріне тиісті деңгейде келісімге қосылуға 
ұсыныс жасауға құқылы. Аталған ұсыныс ресми жариялануға тиіс. 
      Егер жұмыс берушілер бірлестіктері, жұмыс берушілер, қызметкерлер 
бірлестіктері келісімге қосылу туралы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап 
күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті атқарушы органдарға оған қосылудан дәйекті 
бас тартуды жазбаша түрде ұсынбаған болса, онда келісім соларға қатысты осы 
ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап қолданылады деп есептеледі. 
      
279-бап. Келісімдердің орындалуын бақылау
 
      Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары 
жүзеге асырады. 
      
280-бап. Келіссӛздерге қатысудан жалтарғаны ҥшін
 
                
жауапкершілік
 
      Тараптар ӛкілдерінің әлеуметтік әріптестік туралы келісімді жасасу, 
ӛзгерту жӛніндегі келіссӛздерге қатысудан жалтаруы немесе әлеуметтік 
әріптестік туралы келісілген келісімге қол қоюдан құқыққа сыйымсыз бас 
тартуы, келіссӛздер жүргізу және әлеуметтік әріптестік туралы келісім 
нормаларының сақталуына бақылау жасау үшін қажетті ақпарат бермеуі, сондай-ақ 
оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 
 
31-тарау. ҦЖЫМДЫҚ ШАРТ
 
      
281-бап. Ҧжымдық келіссӛздер жҥргізудің принциптері
 
      Ұжымдық келіссӛздер жүргізудің принциптері: 
      тараптар мүдделерінің тең құқықтылығы және оларды құрметтеу; 
      ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді 
талқылаудағы таңдау еркіндігі; 
      тараптардың міндеттемелер қабылдау еріктілігі; 
      Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады. 
      
282-бап. Ҧжымдық келіссӛздер жҥргізудің, ҧжымдық шартты
 
                
әзірлеу мен жасасудың тәртібі
 


      1. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің бастамашысы бола 
алады. 
      Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жӛніндегі келіссӛздерді бастау 
туралы ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, осы 
баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен келіссӛздерге кірісуге міндетті. 
      2. Ұжымдық келіссӛздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу 
үшін тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, 
оның жеке құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптар 
келісімімен айқындалады. 
      Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша ұжымдық шартты әзірлеу мен 
жасасу үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді. 
      Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер жұмыс 
берушімен ӛзара қарым-қатынастарда ӛз мүдделерін білдіру үшін кәсіподақ 
органына да, ӛзге ӛкілдерге де уәкілеттік беруге құқылы. 
      Ұйымда қызметкерлердің бірнеше ӛкілдері болған кезде комиссияға қатысу 
және ұжымдық шартқа қол қою үшін олар біртұтас ӛкілді орган құруы мүмкін. Бұл 
ретте олардың әрқайсысына ӛздері ӛкілдік ететін қызметкерлердің санына қарай 
пропорционалды ӛкілдік ету принципі негізінде келіссӛздер жүргізу жӛніндегі 
біртұтас органның құрамында ӛкілдік ету құқығы беріледі. 
      3. Комиссия әзірлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлері 
міндетті түрде талқылауға тиіс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердің 
ӛздері айқындайды. Комиссия келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды ескере 
отырып, жобаны пысықтайды. 
      4. Тараптардың келісіміне қол жеткізілген кезде ұжымдық шарт кемінде 
екі данада жасалады және оған тараптардың ӛкілдері қол қояды. 
      5. Ұжымдық шарттың жекелеген ережелері бойынша тараптар арасында 
келіспеушіліктер болған кезде ұжымдық келіссӛздер басталған күннен бастап бір 
ай ішінде тараптар бір мезгілде келіспеушіліктер хаттамасын жасай отырып, 
келісілген талаптармен ұжымдық шартқа қол қоюға тиіс. 
      6. Ұжымдық шартты ӛзгерту және толықтыру осы бапта оны жасасу үшін 
белгіленген тәртіппен тараптардың ӛзара келісімімен ғана жүргізіледі. 
      7. Егер алынған мәліметтер мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық және 
заңмен қорғалатын ӛзге де құпияларды құрайтын болса, ұжымдық келіссӛздерге 
қатысушылардың бұл мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ. 
      8. Ұжымдық келіссӛздерге қатысушылар келіссӛздер жүргізу кезінде орташа 
айлық жалақысы сақтала отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатылуы мүмкін. 
Бұл мерзім олардың еңбек ӛтіліне қосылады. 
      9. Тараптардың ӛкілдері тараптар қол қойған ұжымдық шартты бір ай 
мерзім ішінде еңбек жӛніндегі уәкілетті органның аумақтық бӛлімшесіне 
мониторинг үшін ұсынуға міндетті. 
      10. Тараптардың ӛкілдері қызметкерлерге ұжымдық шарттың орындалу барысы 
туралы мезгіл-мезгіл хабарлап отыруға міндетті. 
      
283-бап. Ҧжымдық шарттың тараптары
 
      1. Қызметкерлер және жұмыс беруші ұжымдық шарттың тараптары болып 
табылады. 
      2. Ұжымдық шарт ұйымдарда да, филиалдар мен ӛкілдіктерде де жасалуы 
мүмкін. 
      
284-бап. Ҧжымдық шарттың мазмҧны мен қҧрылымы
 
      1. Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымын тараптар айқындайды. Ұжымдық 
шартқа: 
      1) еңбекке ақы тӛлеуді нормалау, оның нысандары, жүйелері, 
қызметкерлерге, оның ішінде ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды) және 
(немесе) қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстарда істейтін қызметкерлерге 
тарифтік ставкалар мен жалақылар, үстемақылар мен қосымша ақылар мӛлшері 
туралы; 
      2) еңбекке ақы тӛлеуді индекстеу туралы, жәрдемақылар мен ӛтемақы 
тӛлемдерін тӛлеу туралы, оның ішінде жазатайым оқиғалар кезіндегі қосымша 
ӛтемақылар туралы; 
      3) тиісті мамандықтың, ұйымдағы лауазымның ең жоғары және ең тӛменгі 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау