Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi


ауысуы кезiнде берiлетiн кепiлдiктер мен



жүктеу 0,8 Mb.
бет10/14
Дата15.04.2020
өлшемі0,8 Mb.
#29597
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

                ауысуы кезiнде берiлетiн кепiлдiктер мен
                өтемақы төлемдерi

      Азаматтық қызметшiлерге мемлекеттiк мекемемен (қазыналық кәсiпорынмен) бiрге қолданыстағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс бойынша басқа жерге (басқа елдi мекенге) жұмысқа ауысу кезiнде:


      азаматтық қызметшiнiң өзiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң жұмыс орнына дейiнгi жолақысының құны (мемлекеттiк мекеме (қазыналық кәсiпорын) тиiстi қозғалыс құралын беретiн жағдайлардан басқа);
      мүлiктi тасымалдау шығыстары;
      жолда болған әр күн үшiн тәулiктiк шығыстар;
      атқаратын лауазымы бойынша алты лауазымдық жалақысы мөлшерiндегi бiржолғы жәрдемақы;
      жолға жиналу және жаңа орынға орналасу күндерi үшiн, бiрақ алты күннен аспайтын, сондай-ақ жолда болған уақыты үшiн жалақысы төленедi.

      238-бап. Азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу

      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. қараңыз.V11, V095648
      2. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшiлерiне, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң, осы түрлерiмен қалалық жағдайда
айналысатын азаматтық қызметшiлердiң жалақыларымен және ставкалармен салыстырғанда кемiнде жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленедi. V085148
      3. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсiм бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.

      239-бап. Азаматтық қызметшiлерге берiлетiн демалыс

      1. Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қызметшiлерге лауазымдық жалақысы мөлшерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi. Азаматтық
қызметшiлерге сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтiзбелiк жылда бiр рет төленедi.
      Азаматтық қызметшiлердiң жекелеген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарымен неғұрлым ұзақ мерзiмдi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы белгiленуi мүмкiн.
      2. Жоғары оқу орындарында оқитын азаматтық қызметшiлерге жұмыс берушiмен келiсiм бойынша емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау мен қорғау, оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезеңiне ақылы оқу демалыстары берiледi.
      Ескерту. Осы Кодекстiң 239-бабы 1-тармағы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      240-бап. Азаматтық қызметшiлермен еңбек шартын


                тоқтатудың қосымша негiзi

      1. Қызметкерлермен еңбек шартын тоқтату үшiн осы Кодексте белгiленген негiздермен қатар азаматтық қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының заңында белгiленген зейнеткерлiк жасқа жетуi олармен еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiзi болып табылады.


      2. Мемлекеттiк мекеменiң (қазыналық кәсiпорынның) басшысы не жауапты хатшысы немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адам зейнеткерлiк жасқа жеткен, кәсiптiк және бiлiктiлiк деңгейi жоғары қызметкермен оның еңбекке қабiлеттiлiгiн ескере отырып, еңбек шартын жыл сайын ұзартуы мүмкiн.
      Ескерту. 240-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.07.27 N 315 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

25-1-тарау. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық даму институттары, ұлттық холдингтер және ұлттық компаниялар, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу ерекшелiктерi

      Ескерту. Кодекс 25-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      240-1-бап. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
                  кәсiпорындарда, ұлттық басқарушы холдингтерде,
                  ұлттық даму институттарында, ұлттық
                  холдингтерде және ұлттық компанияларда,
                  сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарында жұмыста
                  болумен байланысты шектеу

      Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарға, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық холдингтерге және ұлттық компанияларға, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарына басқару функцияларын атқарумен байланысты лауазымға бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдауға болмайды.



26-тарау. ШАҒЫН КӘСIПКЕРЛIК СУБЪЕКТIЛЕРI ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      241-бап. Өздерiне қатысты еңбек қатынастарын реттеу


                ерекшелiктерi белгiленетiн шағын кәсiпкерлiк
                субъектiлерi

      Осы тарауда белгiленген еңбектi реттеу ерекшелiктерi қызметкерлерiнiң орташа жылдық саны 25 адамнан аспайтын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне қолданылады.

      242-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн еңбек
                шарттарының мерзiмдерi

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлермен еңбек шарттарын осы Кодекстiң 29-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген шектеусiз белгiлi бiр мерзiмге жасаса алады.

      243-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң еңбек
                тәртiптемесiнiң ережелерi

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн дербес бекiтедi.

      244-бап. Жұмыс режимi

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс берушi бекiтетiн кестеге сәйкес демалыс және мереке күндерi жұмысқа тартуды көздейтiн жұмыс режимiн белгiлеуге, сондай-ақ жұмыс уақытының ұзақтығы жөнiндегi жалпы талаптарды сақтай отырып, жұмыс уақытының жиынтық есебiн немесе жұмыс күнiн бөлiктерге бөлудi пайдалануға құқығы бар.

      245-бап. Еңбекке ақы төлеу шарттары

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу шарттарын жұмыс берушi белгiлейдi немесе өзгертедi және еңбек шартын жасасу кезiнде немесе оларды бекiтуге кемiнде бiр ай қалғанда қызметкерлер назарына жеткiзедi. Жұмысқа ақы төлеу шарттарын бекiту кезiнде жұмыс берушiнiң еңбек шартының талаптарын бiржақты тәртiппен өзгертуге құқығы жоқ.

      246-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң әлеуметтiк
                әрiптестiкке қатысуы

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi қатысатын еңбек қатынастарына, егер жұмыс берушiлер мен қызметкерлер келiссөздер жүргiзу және осындай келiсiмдерге қол қою үшiн тиiстi ұйымдарға бiрiккен болса, келiсiмдердiң күшi қолданылады.

      247-бап. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде еңбек
                қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды
                ұйымдастыру ерекшелiктерi

      Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнде еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды ұйымдастыруды жеке немесе заңды тұлғалар шарт негiзiнде жүзеге асыруы мүмкiн.



27-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ АЛҚАЛЫ АТҚАРУШЫ ОРГАНЫНЫҢ БАСШЫСЫ
МЕН МҮШЕЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      248-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының


                еңбегiн реттеудiң құқықтық негiздерi

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек қатынастары осы Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттары мен еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

      249-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
                еңбек шартын жасасу

      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесi немесе ол уәкiлеттiк берген тұлға (орган) не заңды тұлғаның уәкiлеттi органы Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында немесе тараптар келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасасады.


      Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын жасасу алдында қосымша рәсiмдер белгiленуi мүмкiн.

      250-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының қоса


                атқаратын жұмысы

      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның уәкiлеттi органының не заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң, не ол уәкiлеттiк берген тұлғаның (органның) рұқсатымен ғана басқа ұйымдарда ақы төленетiн лауазымдарды атқара алады.

      251-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының
                материалдық жауапкершiлiгi

      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаға келтiрген залалы үшiн осы Кодексте немесе Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.

      252-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен
                еңбек шартын тоқтатудың қосымша негiздерi

      Заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiнiң не ол уәкiлеттiк берген тұлғаның (органның) немесе заңды тұлғаның уәкiлеттi органының еңбек қатынастарын мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiмi осы Кодексте көзделген негiздермен қатар заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шартын тоқтатуға қосымша негiз болып табылады.


      Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысымен еңбек шарты тоқтатылған жағдайда, оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн еңбек шартын мерзiмiнен бұрын бұзғаны үшiн оған еңбек шартында айқындалатын мөлшерде өтемақы төлемi төленедi.

      253-бап. Заңды тұлғаның атқарушы органы басшысының


                бастамасы бойынша еңбек шартын мерзiмiнен
                бұрын бұзу

      Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлға мүлкiнiң меншiк иесiн не ол уәкiлеттiк берген тұлғаны (органды) немесе заңды тұлғаның уәкiлеттi органын бұл жөнiнде жазбаша түрде кемiнде екi ай бұрын ескерте отырып, еңбек шартын мерзiмiнен бұрын бұзуға құқылы.

      254-бап. Заңды тұлғаның алқалы атқарушы органы
                мүшелерiнiң еңбегiн реттеу ерекшелiктерi

      Осы тарауда белгiленген атқарушы орган басшысының еңбегiн реттеу ерекшелiктерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында өзгеше белгiленбесе, заңды тұлғаның алқалы атқарушы органының басқа да мүшелерiне қолданылады.



28-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ, ПАРЛАМЕНТ ЖӘНЕ
МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СУДЬЯЛАРЫНЫҢ, ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТЕГI АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ
ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      Ескерту. Тақырыптың орыс тiлiндегi мәтiнi өзгертiлдi, мемлекеттiк тiлдегi мәтiнi өзгермейдi - ҚР 2011.01.06 N 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      255-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және
                мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан
                Республикасы судьяларының еңбегiн реттеу

      Мемлекеттiк қызметшiлердiң, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбiн, еңбектiң ерекше жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодексте реттеледi. Z010148 , Z000132

      256-бап. Әскери қызметтегi адамдар және құқық қорғау
                органдарының қызметкерлерi

      1. Әскери қызметтегi адамдарға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, ұлттық қауiпсiздiк органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкiлеттi органда, Республикалық ұланда, iшкi әскерлерде, әскери-тергеу органдары мен әскери полицияда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөнiндегi орталық атқарушы органының азаматтық қорғанысты басқару органдары мен бөлiмдерiнде және әскери прокуратура органдарында әскери қызмет өткерiп жүрген адамдар жатады. Z050029, Z952710, Z952671, Z922200, Z050032, Z952483, Z970100


      2. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының iшкi iстер, қаржы полициясы органдарында, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, кеден органдарында, прокуратура органдарында қызметте тұрған, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын адамдар жатады.
      Ескерту. 256-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.05.27 № 279-IV, 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      257-бап. Әскери қызметтегi адамдардың және құқық қорғау


                органдары қызметкерлерiнiң еңбегiн реттеу

      Әскери қызметтегi адамдардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң еңбегi қызметке кiрудiң, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше жағдайлары мен тәртiбiн, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңiлдiктердi, артықшылықтар мен шектеулердi белгiлейтiн Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген ерекшелiктермен бiрге осы Кодекспен реттеледi.



4-БӨЛIМ. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК ЖӘНЕ
ҰЖЫМДЫҚ ҚАТЫНАСТАР

29-тарау. ЕҢБЕК САЛАСЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТIК ӘРIПТЕСТIК

      258-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң мiндеттерi

      Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк әрiптестiк:
      1) әлеуметтiк, еңбек және осылармен байланысты экономикалық қатынастарды реттеудiң тиiмдi тетiгiн жасау;
      2) қоғамның барлық жiктерiнiң мүдделерiн объективтi ескеру негiзiнде әлеуметтiк тұрақтылық пен қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
      3) қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оларды әлеуметтiк қорғауды жүзеге асыру;
      4) барлық деңгейдегi әлеуметтiк әрiптестiк тараптары арасындағы консультациялар мен келiссөздер процесiне жәрдемдесу;
      5) ұжымдық еңбек дауларын шешуге жәрдемдесу;
      6) әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi ұсыныстарды талдап-тұжырымдау мiндеттерiн шешуге бағытталған.

      259-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi

      Әлеуметтiк әрiптестiктiң негiзгi принциптерi мыналар:
      1) тараптар өкiлдерiнiң өкiлеттiлiгi;
      2) тараптардың тең құқықтылығы;
      3) талқыланатын мәселелердi таңдау еркiндiгi;
      4) мiндеттемелер қабылдау ерiктiлiгi;
      5) тараптар мүдделерiн құрметтеу;
      6) ұжымдық шарттарды, келiсiмдердi орындау мiндеттiлiгi;
      7) келiсiм бойынша қабылданған мiндеттемелердi өз кiнәсi бойынша орындамағаны үшiн тараптардың, олардың өкiлдерiнiң жауаптылығы;
      8) әлеуметтiк әрiптестiктi нығайту мен дамытуға мемлекеттiң жәрдемдесуi;
      9) қабылданатын шешiмдердiң жариялылығы.

      260-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк органдары

      Әлеуметтiк әрiптестiк әлеуметтiк әрiптестiк органдары:
      1) республикалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi республикалық үшжақты комиссия (бұдан әрi - республикалық комиссия);
      2) салалық деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi салалық комиссиялар (бұдан әрi - салалық комиссия);
      3) өңiрлiк (облыстық, қалалық, аудандық) деңгейде - әлеуметтiк әрiптестiк пен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу жөнiндегi облыстық, қалалық, аудандық комиссиялар (бұдан әрi - өңiрлiк комиссия) арқылы тараптардың өзара iс-қимыл жасасуы нысанында;
      4) ұйымдар деңгейiнде - қызметкерлердiң өкiлдерi мен жұмыс берушiнiң арасында еңбек саласындағы өзара нақты мiндеттемелердi белгiлейтiн келiсiмдер немесе ұжымдық шарттар нысанында қамтамасыз етiледi, ал шет ел қатысатын ұйымдарда оны Қазақстан Республикасының резиденттерi халықаралық шарттардың (келiсiмдердiң) және Қазақстан Республикасы заңнамасының негiзiнде қамтамасыз етедi.

      261-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк нысандары

      Әлеуметтiк әрiптестiк:
      ұжымдық шарттардың, келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеу және оларды жасасу жөнiндегi ұжымдық келiссөздер;
      еңбек қатынастарын және олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу, қызметкерлердiң еңбек саласындағы құқықтарының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жетiлдiру мәселелерi бойынша өзара консультациялар (келiссөздер);
      қызметкерлер мен жұмыс берушiлер өкiлдерiнiң еңбек дауларын сотқа дейiн шешуге қатысуы нысандарында жүзеге асырылады.

      262-бап. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары

      Тиiстi атқарушы органдар атынан мемлекет, белгiленген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген өз өкiлдерi атынан қызметкерлер мен жұмыс берушiлер әлеуметтiк әрiптестiк тараптары болып табылады.

      263-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi республикалық деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Республикалық комиссия тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ететiн тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.


      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерi мен жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi республикалық комиссияның қатысушылары болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалалардың жартысынан астамының аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер қызметкерлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi бiрлестiктерiнiң республикалық одағының (қауымдастығының), шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi республикалық бiрлестiктiң, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң республикалық салалық бiрлестiктерiнiң өкiлдерi жұмыс берушiлердiң республикалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      Аталған одақтардан (қауымдастықтардан) өкiлдiк ету олардың құрамына кiретiн республикалық қоғамдық бiрлестiктердiң санына қарай пропорциялық негiзде жүзеге асырылады.

      264-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi салалық деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Салалық комиссия тиiстi шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн салалар тiзбесiн республикалық комиссия белгiлейдi.


      2. Тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi салалық комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумағында құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар салалық кәсiптiк одақтар қызметкерлердiң салалық бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Салалық ұйымдардың өкiлдерi жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.

      265-бап. Әлеуметтiк әрiптестiктi өңiрлiк деңгейде


                ұйымдастыру

      1. Өңiрлiк комиссия тиiстi келiсiмдермен және шешiмдермен ресiмделетiн консультациялар мен келiссөздер жүргiзу арқылы әлеуметтiк әрiптестердiң мүдделерiн келiсудi қамтамасыз ету жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.


      2. Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi өкiлеттi өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң өкiлдерi өңiрлiк комиссиялардың қатысушылары болып табылады.
      3. Облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегi кәсiптiк одақтар бiрлестiктерi қызметкерлердiң өңiрлiк бiрлестiктерiнiң өкiлеттi өкiлдерi болып табылады.
      4. Өңiрлiк деңгейдегi жұмыс берушiлердiң өкiлеттi өкiлдерi:
      облыстық деңгейде - жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң облыстық бiрлестiктерi, шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi облыстық бiрлестiк;
      қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсiпкерлiк жөнiндегi қалалық, аудандық бiрлестiктер болып табылады.

      266-бап. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын ұйым деңгейiнде


                реттеу

      1. Әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттеудi қамтамасыз ету, ұжымдық келiссөздер жүргiзу және ұжымдық шарттың жобасын дайындау және оны жасасу, осы Кодекске сәйкес қызметкерлер өкiлдерiнiң пiкiрi ескерiлiп немесе солардың келiсiмi бойынша шығарылуы жүзеге асырылатын жұмыс берушi актiлерiнiң жобаларын талқылау үшiн, сондай-ақ ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшiн тараптар шешiмi бойынша тең құқықтылық негiзде тараптардың қажеттi өкiлеттiктер берiлген өкiлдерiнен тұратын комиссиялар құрылады.


      2. Жұмыс берушi ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес ұйымда жұмыс iстейтiн кәсiптiк одақтың қызметi үшiн жағдай жасайды.
      3. Тараптардың келiсiмi бойынша және кәсiптiк одақ мүшелерi болып табылатын қызметкерлердiң жазбаша өтiнiштерi болған кезде, жұмыс берушi кәсiптiк одақтың есеп-шотына қызметкерлердiң жалақысынан ұсталатын мүшелiк кәсiподақ жарналарын ай сайын аудара алады.

      267-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық,


                өңiрлiк комиссияларды құрудың принциптерi мен
                тәртiбi

      1. Тұрақты жұмыс iстейтiн республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялар мынадай принциптер:


      1) комиссиялардың қызметiне атқарушы билiк органдары өкiлдерiнiң, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер өкiлдерiнiң қатысу мiндеттiлiгi;
      2) тараптардың өкiлеттiлiгi;
      3) тепе-тең өкiлдiк ету;
      4) тараптардың тең құқықтылығы;
      5) тараптардың өзара жауапкершiлiгi негiзiнде құрылады.
      2. Комиссиялар қатысушыларының жеке құрамын әлеуметтiк әрiптестiктiң әрбiр тарапы дербес құрады.

      268-бап. Республикалық, салалық, өңiрлiк комиссиялардың


                негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi

      1. Комиссиялардың негiзгi мақсаттары әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының мүдделерiн келiсу болып табылады.


      2. Комиссиялардың негiзгi мiндеттерi:
      1) әлеуметтiк және экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары бойынша әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының ұстанымдарын келiсу;
      2) келiсiмдердi әзiрлеу мен жасасу;
      3) келiсiмдердi iске асыру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу, келiсу және бекiту;
      4) халықаралық еңбек нормаларын ратификациялауға және қолдануға байланысты мәселелер бойынша консультациялар өткiзу және ұсынымдар әзiрлеу болып табылады.
      3. Комиссиялар өздерi бекiткен ережелерге және жұмыс жоспарларына сәйкес жұмыс iстейдi. Комиссия отырыстары жылына екi реттен сирек болмайтындай етiп өткiзiледi.

      269-бап. Республикалық, салалық және өңiрлiк


                комиссиялардың негiзгi құқықтары

      Республикалық, салалық және өңiрлiк комиссиялар:


      1) өз отырыстарында әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласында келiсiлген саясат жүргiзу проблемаларын қарауға;
      2) келiсiм жобасын әзiрлеу, көрсетiлген келiсiмдi iске асыру, комиссия шешiмдерiн орындау кезiнде атқарушы органдардың, жұмыс берушiлер мен қызметкерлер бiрлестiктерiнiң мүдделерiн келiсуге;
      3) атқарушы органдардан, жұмыс берушiлерден және (немесе) қызметкерлер өкiлдерiнен әлеуметтiк және еңбек қатынастарын реттейтiн, жасалатын және жасалған келiсiмдер туралы ақпарат сұратуға;
      4) өз шешiмдерiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыруға, ал жауапты тұлғалар оларды орындамаған жағдайда әлеуметтiк әрiптестiктiң тиiстi тарапына анықталған бұзушылықтарды жою және келiсiмнiң талаптарын орындамағаны үшiн кiнәлi тұлғаларды жауапқа тарту жөнiндегi ұсыныстары бар ақпарат жiберуге;
      5) атқарушы органдардан ұжымдық келiссөздер жүргiзу және келiсiмнiң жобасын әзiрлеу, аталған келiсiмнiң орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшiн қажеттi әлеуметтiк жағдай туралы ақпаратты сұратуға және алуға;
      6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың қарауына әлеуметтiк және еңбек қатынастары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      7) ғалымдар мен мамандарды тарта отырып, жұмыс топтарын құруға;
      8) комиссия отырысына атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң қызметкерлерiн, сондай-ақ тәуелсiз сарапшыларды шақыруға;
      9) атқарушы органдар, жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң бiрлестiктерi комиссия белгiленген мерзiмде қарауға және орындауға мiндеттi бiрлескен келiсiмдер мен шешiмдер қабылдауға;
      10) әлеуметтiк және еңбек қатынастары мен әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi бойынша халықаралық, республикалық, өңiраралық кеңестер, конференциялар, конгрестер, семинарлар өткiзуге аталған iс-шараларды ұйымдастырушылармен келiсiлген тәртiппен қатысуға құқылы.

      270-бап. Қызметкерлер өкiлдерiнiң өкiлеттiктерi

      1. Қызметкерлер өкiлдерiнiң:
      1) қызметкерлердiң әлеуметтiк-еңбек құқықтары мен мүдделерiн бiлдiруге және қорғауға;
      2) жұмыс берушiмен жобаларды әзiрлеу және келiсiмдердi, ұжымдық шарттарды жасасу жөнiндегi ұжымдық келiссөздер жүргiзуге, осы мақсаттарда еңбек қатынастары мәселелерi бойынша қажеттi ақпарат алуға;
      3) келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда көзделген әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiн шешуге қатысуға;
      4) осы Кодексте белгiленген тәртiппен қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;
      5) еңбек заңнамасын бұзу мәселелерi бойынша еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк инспекторларымен өзара iс-қимыл жасасуға;
      6) келiсiмдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды зерделеу мен қолдану үшiн жұмыс орындарында болуға;
      7) еңбек қатынастарына және әлеуметтiк-экономикалық мәселелерге байланысты заңнамалық актiлердiң, бағдарламалардың жобаларын әзiрлеу мен қарау жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың жұмысына қатысуға;
      8) осы Кодексте белгiленген тәртiппен қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы еңбек дауларын реттеуге қатысуға;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен жиналыстар, шерулер, митингiлер, пикеттер, ереуiлдер өткiзуге құқығы бар.
      2. Жұмыс берушiлердiң қызметкерлер өкiлдерiне өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына кедергi жасауына жол берiлмейдi.


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау