Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi



жүктеу 0,8 Mb.
бет9/14
Дата15.04.2020
өлшемі0,8 Mb.
#29597
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

                сақталмайтын демалыс

      1. Жұмыс берушi қызметкерге:


      1) ата-анасының қалауы бойынша - баланың анасына не әкесiне;
      2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың бiреуiне;
      3) баланы iс жүзiнде тәрбиелеп отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
      4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейiн баланың күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi.
      2. Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде оның қалауы бойынша толық немесе бөлiнiп пайдаланылуы мүмкiн.
      3. Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
      4. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек стажына, мамандығы бойынша жұмыс стажына есептеледi.

18-тарау. ҚОСА АТҚАРАТЫН ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУДIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      196-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты

      1. Қызметкер өзi еңбек қатынастарында тұрған бiр жұмыс берушiмен (негiзгi жұмыс орыны бойынша), сондай-ақ бiрнеше жұмыс берушiмен де қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
      2. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнiнде сiлтеме болуы мiндеттi.

      197-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын


                жасасуға қажеттi қосымша құжаттар

      Қызметкер басқа жұмыс берушiмен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшiн осы Кодекстiң 31-бабында көзделген құжаттардан бөлек, негiзгi жұмыс орны бойынша еңбектiң сипаты мен жағдайлары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етедi.

      198-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жұмыс уақытының
                ұзақтығы

      Негiзгi жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделiктi жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстiң 82-бабында белгiленген күнделiктi жұмыс уақытының нормасынан 4 сағаттан артық аспауға тиiс.

      199-бап. Қоса атқаратын жұмыс кезiндегi жыл сайынғы
                ақылы еңбек демалысы

      1. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi.


      2. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы - қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi.

      200-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын


                жасасуды шектеу

      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын он сегiз жасқа толмаған қызметкерлермен және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен жасасуға тыйым салынады.

      201-бап. Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жұмыс
                берушiнiң бастамасы бойынша бұзудың қосымша
                негiздерi

      Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты, осы Кодекстiң 54-бабында көзделген негiздерден басқа, еңбек шарты осы жұмыс өзi үшiн негiзгi болып табылатын қызметкермен жасалынған жағдайда жұмыс берушiнiң бастамасымен бұзылуы мүмкiн.



19-тарау. АУЫР ЖҰМЫСТАРДА, ЕҢБЕК ЖАҒДАЙЛАРЫ ЗИЯНДЫ (ЕРЕКШЕ
ЗИЯНДЫ) ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҚАУIПТI ЖҰМЫСТАРДА IСТЕЙТIН
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУДIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      202-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды


                (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi
                жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң жұмыс
                уақытының қысқартылған ұзақтығы

      1. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн жұмыс уақытының аптасына 36 сағаттан аспайтын қысқартылған ұзақтығы белгiленедi.


      2. Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша айқындайды .

      203-бап. Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысы

      Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiне, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiне сәйкес берiледi. Демалыстың бұл түрiнiң ұзақтығын, сондай-ақ оны берудiң шартын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды .

      204-бап. Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды


                (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi
                жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне
                ақы төлеу

      Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу қалыпты еңбек жағдайлары бар жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеумен салыстырғанда жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар (ставкалар) немесе қосымша ақылар белгiлеу жолымен жоғарылатылған мөлшерде, бiрақ Қазақстан Республикасының заңнамасында, салалық келiсiмдерде немесе ұжымдық шарттарда еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарттарына негiзделiп белгiленгеннен төмен емес мөлшерде белгiленедi.


      Өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, сондай-ақ ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып айқындайды .
      Осы бапта белгiленген еңбекке ақы төлеу шарттары ауыр, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жағдайлардағы еңбегi жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелерiмен расталған қызметкерлерге қолданылады.
      Ескерту. Осы Кодекстiң 204-бабы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiледi.

      205-бап. Салауатты және қауiпсiз еңбек жағдайларын


                қамтамасыз ету

      Ұйым қызметкерлерiне еңбек жағдайлары бойынша жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiннен төмен емес нормаларда арнайы киiм, арнайы аяқ киiм және басқа да дара қорғану құралдары, жуу және зарарсыздандыру материалдары, сүт, емдеу-профилактикалық тағамдары берiледi.


      Ескерту. 205-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

20-тарау. МАУСЫМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДА IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      206-бап. Маусымдық жұмыстар

      Климаттық немесе өзге де табиғи жағдайлары бойынша белгiлi бiр, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең (маусым) iшiнде орындалатын жұмыстар маусымдық деп танылады.

      207-бап. Маусымдық қызметкерлермен еңбек шартын жасасу


                ерекшелiктерi

      1. Еңбек шартында маусымдық жұмыстар орындауға арналған шарт жасасу туралы талап және жұмыстарды орындаудың айқындалған кезеңi көрсетiлуге тиiс.


      2. Маусымдық жұмыстарға арналған еңбек шартын жасасу кезiнде қызметкердiң өзiне тапсырылатын жұмысқа сәйкестiгiн тексеру мақсатындағы сынақ мерзiмi белгiленбейдi.

      208-бап. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен


                еңбек шартын жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша
                бұзудың қосымша негiздерi

      Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен еңбек шарты, осы Кодекстiң 54-бабында көзделген негiздерден басқа:


      1) жұмыс берушiдегi жұмыстар өндiрiстiк сипаттағы себептер бойынша екi аптадан артық мерзiмге тоқтатылған;
      2) қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығы салдарынан қатарынан бiр ай бойы жұмысқа шықпаған жағдайларда жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша бұзылуы мүмкiн.

      209-бап. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкерлермен


                еңбек шартын бұзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi

      1. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкер, бұл туралы жұмыс берушiнi күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша түрде ескерте отырып, еңбек шартын өз бастамасы бойынша бұзуға құқылы.


      2. Жұмыс берушi маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкердi еңбек шартының осы Кодекстiң 54-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша бұзылатыны туралы күнтiзбелiк жетi күн бұрын жазбаша ескертуге мiндеттi.
      3. Маусымдық жұмыстарда iстейтiн қызметкермен еңбек шарты бұзылған кезде, жұмыс берушi пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлемiн жұмыс iстелген уақытқа барабар төлейдi.
      4. Маусымдық жұмыста iстейтiн қызметкермен еңбек шарты ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты тоқтатылған кезде екi апталық орташа жалақы мөлшерiнде демалыс жәрдемақысы төленедi.

21-тарау. ВАХТАЛЫҚ ӘДIСПЕН ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ
ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      210-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеу ерекшелiктерi

      1. Вахталық әдiс, қызметкерлердiң тұрақты тұратын жерiне күн сайын қайтып келуi қамтамасыз етiле алмайтын кезде, олардың тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде еңбек процесiн жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
      2. Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлер жұмыс өндiрiсi объектiсiнде болған кезде оларды тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үймен, жұмыс орнына және одан керi жеткiзiп салуды, сондай-ақ жұмыс орындау жағдайларымен және
ауысымаралық демалыспен қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Жұмыс берушi қызметкердiң жұмыс өндiрiсi объектiсiнде болу жағдайларын еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес қамтамасыз етедi.

      211-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеуге қойылатын


                шектеулер

      Вахталық әдiспен орындалатын жұмыстарға он сегiз жасқа толмаған қызметкерлер, жүктi әйелдер, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер жiберiлмейдi. Өзге қызметкерлер, егер мұндай жұмыстар медициналық қорытынды негiзiнде олардың денсаулығына қайшы келмесе, вахталық әдiспен орындалатын жұмыстарға тартылуы мүмкiн.

      212-бап. Вахтаның ұзақтығы

      1. Объектiде жұмыс орындау уақытын және ауысымаралық демалыс уақытын қамтитын кезең вахта болып есептеледi.


      2. Вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
      Теңiз кемелерi экипаждарының мүшелерi үшiн қызметкердiң келiсiмiмен вахтаның ұзақтығы күнтiзбелiк бiр жүз жиырма күнге дейiн ұзартылуы мүмкiн.
      Ескерту. 212-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      213-бап. Вахталық әдiспен жұмыс iстеу кезiнде жұмыс


                уақытын және тынығу уақытын есепке алу

      1. Жұмыстың вахталық әдiсi кезiнде айлық, тоқсандық немесе өзге де неғұрлым ұзақ, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезең iшiндегi жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленедi.


      2. Есептiк кезең жұмыс уақытын, демалыс уақытын, жұмыс берушi
орналасқан жерден немесе жиналатын жерден жұмыс орнына дейiнгi және одан керi қайту жолының уақытын қамтиды. Бұл ретте, есептiк кезеңдегi жұмыс уақытының жалпы ұзақтығы осы Кодексте белгiленген нормалардан аспауға тиiс.
      3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын вахтааралық тынығу кезеңiнде бөлiп беруге жол берiлмейдi.
      4. Жұмыс берушi вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн әрбiр қызметкердiң жұмыс уақыты мен тынығу уақытының есебiн ай бойынша және барлық есептiк кезең бойынша жүргiзуге мiндеттi.

22-тарау. ҮЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      214-бап. Үй қызметкерлерiмен еңбек шартын жасасу және


                тоқтату ерекшелiктерi

      1. Үй қызметкерлерi деп жұмыс берушi - жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар (қызмет көрсетулер) орындайтын қызметкерлер танылады.


      2. Жұмыс берушi үй қызметкерiн жұмысқа қабылдау не онымен еңбек қатынастарын тоқтату туралы акт шығармайды және еңбек кiтапшасына оның жұмысы туралы мәлiметтер енгiзбейдi.
      3. Үй қызметкерiнiң еңбек қызметi еңбек шартымен расталады.
      4. Үй қызметкерiмен еңбек шарты тоқтатылғаны (бұзылғаны) туралы жазбаша ескертудiң мерзiмi, сондай-ақ жұмысынан айырылуға байланысты өтемақы төлеу жағдайлары мен мөлшерi еңбек шартында белгiленедi.

      215-бап. Үй қызметкерлерiнiң жұмыс уақыты мен тынығу


                уақытының режимi

      1. Үй қызметкерлерiне осы Кодексте белгiленген жұмыс уақыты мен тынығу уақыты ұзақтығының нормалары қолданылады.


      2. Үй қызметкерiнiң жұмыс режимi, оларға демалыс күндерiн, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру, оларды үстеме жұмыстарға, түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерi жұмысқа тарту тәртiбi еңбек шартында айқындалады.

      216-бап. Тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау


                тәртiбi

      Үй қызметкерiне қатысты тәртiптiк жазаны қолдану және алып тастау тәртiбi еңбек шартымен айқындалады.

      217-бап. Жеке еңбек дауларын шешу

      Үй қызметкерi мен жұмыс берушiнiң арасындағы жеке еңбек даулары тараптар келiсiмiмен және (немесе) сотта шешiледi.

      218-бап. Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу

      Үй қызметкерiмен еңбек шартын бұзу еңбек шартында көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.



23-тарау. ҮЙДЕ ЖҰМЫС IСТЕЙТIН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      219-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер

      1. Жұмыс берушiмен жұмысты өз материалдарымен және өзiндiк немесе жұмыс берушi бөлiп беретiн не жұмыс берушi қаражаты есебiнен сатып алынатын жабдықтарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып, үйде жеке еңбегiмен орындау туралы еңбек шартын жасасқан адамдар үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлер деп есептеледi.
      2. Қызметкердiң жұмысты үйде орындауы еңбек шартын жасасқан кезде, сол сияқты еңбек шартының қолданылу мерзiмi iшiнде еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзе отырып белгiленуi мүмкiн.

      220-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек


                жағдайлары

      1. Үйде iстелетiн жұмыс қызметкердiң денсаулық жағдайына қайшы келмейтiн және оларды орындау үшiн еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптар қамтамасыз етiлген жағдайда ғана орындалуы мүмкiн.


      2. Үйде iстелетiн жұмыстарды орындауға арналған еңбек шартында:
      1) жұмысты қызметкерге меншiк құқығымен тиесiлi немесе жұмыс берушi бөлiп беретiн не жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен сатып алынатын жабдықтарды, материалдарды, құрал-саймандар мен құрылғыларды пайдаланып орындау;
      2) қызметкердi жұмысты орындау үшiн шикiзатпен, материалдармен, жартылай дайын өнiмдермен қамтамасыз ету тәртiбi мен мерзiмдерi;
      3) дайын өнiмдi алып шығу тәртiбi мен мерзiмдерi;
      4) қызметкерге төленетiн өтемақы және өзге де төлемдер туралы талаптар мiндеттi түрде көзделуге тиiс.

      221-бап. Үйде жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң жұмыс


                уақыты мен тынығу уақытының режимi, еңбек
                қауiпсiздiгiн және еңбегiн қорғауды қамтамасыз
                ету жағдайлары

      Жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi, жұмыс берушiнiң қызметкердiң жұмыс уақыты режимiн сақтауын бақылау ерекшелiктерi, еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету және үйде жұмыс iстейтiн қызметкер үшiн осы талаптардың сақталуы жөнiндегi жағдайлар еңбек шартында белгiленедi.



24-тарау. МҮГЕДЕКТЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      222-бап. Мүгедектердiң еңбек ету құқығын iске асыруы

      1. Мүгедектер әдеттегiдей еңбек жағдайлары бар не мүгедектер еңбегiн пайдаланатын мамандандырылған ұйымдарда оңалтудың жеке бағдарламасын ескере отырып, жұмыс берушiлермен еңбек шарттарын жасасуға құқылы.
      2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы бойынша денсаулық жағдайы еңбек мiндеттерiн орындауға кедергi келтiретiн не оның денсаулығына және (немесе) басқа адамдар еңбегiнiң қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайларды қоспағанда, мүгедектiк себептерi бойынша еңбек шартын жасасудан бас тартуға, мүгедектi басқа жұмысқа ауыстыруға, еңбек жағдайларын өзгертуге тыйым салынады.

      223-бап. Мүгедек қызметкерлердiң еңбек жағдайлары

      1. Еңбектi нормалау, еңбекке ақы төлеу және еңбектi қорғау жағдайлары, жұмыс режимi, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару тәртiбi, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптар келiсiмi бойынша еңбек шартының, ұжымдық шарттың өзге де жағдайлары басқа қызметкерлермен салыстырғанда мүгедек қызметкерлердiң жағдайларын нашарлата немесе құқықтарын шектей алмайды.
      2. Мүгедектер еңбегiн ауыр жұмыстарда, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайлары бар жұмыстарда пайдалануға тыйым салынады.
      3. Жұмыс iстеп жүрген мүгедектерге осы Кодексте, келiсiмдерде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта белгiленген қосымша кепiлдiктер берiлуi мүмкiн.
      4. Жұмыс берушi жұмыс iстеп жүрген мүгедектердiң толық емес жұмыс уақыты режимi, жүктеменi азайту және басқа еңбек жағдайлары туралы медициналық қорытындыларды орындауға мiндеттi.

      224-бап. Мүгедек қызметкерлердiң жұмыс уақытының


                қысқартылған ұзақтығы

      1. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты белгiленедi.


      2. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлердiң күнделiктi жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жетi сағаттан аспауға тиiс.

      225-бап. Мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық


                есебiн қолдануды шектеу

      1. Бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебiн қолдануға жол берiлмейдi.


      2. Егер үшiншi топтағы мүгедек қызметкерлерге медициналық
көрсетулер бойынша жұмыс уақытының жиынтық есебi белгiленетiн
режимге тыйым салынған болса, оларға мұндай есеп белгiленбейдi.

      226-бап. Мүгедек қызметкерлердiң түнгi уақыттағы


                жұмысын, үстеме жұмысын, демалыс және мереке
                күндердегi жұмысын, оларды iссапарға жiберудi
                шектеу

      Мүгедек қызметкерлердi үстеме жұмысқа, түнгi уақытта, демалыс және мереке күндерiндегi жұмысқа тартуға, iссапарға жiберуге, егер олар үшiн мұндай жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса, олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.

      227-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек
                демалысын беру

      Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы олармен келiсе отырып, жұмыс берушi бекiтетiн демалыс кестесiне сәйкес берiледi.

      228-бап. Мүгедек қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы
                қосымша демалыс беру

      Жыл сайынғы ақылы қосымша демалыс - жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бiр мезгiлде не мүгедек қызметкердiң қалауы бойынша жұмыс жылының басқа уақытында берiледi.



25-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚЫЗМЕТШIЛЕРДIҢ ЕҢБЕГIН РЕТТЕУ
ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

      229-бап. Азаматтық қызметке кiру

      1. Азаматтық қызметке кiру тағайындау тәртiбiмен немесе конкурс бойынша жүзеге асырылады. V095648
      2. Конкурсты бос лауазымы бар мемлекеттiк мекеме, қазыналық кәсiпорын ұйымдастырып, өткiзедi.
      3. Азаматтық қызметке кiру және азаматтық қызметшiнiң бос лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
      4. Азаматтық қызметке қабылдау еңбек шартын жасасу және жұмыс берушiнiң актiсiн шығару жолымен жүзеге асырылады.

      230-бап. Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесi

      Азаматтық қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

      231-бап. Азаматтық қызметте болумен байланысты шектеулер

      1. Азаматтық қызметшi:
      1) материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес мақсатта пайдалануға;
      2) азаматтық қызметтiң қалыпты жұмыс iстеуiне және лауазымдық
мiндеттердi атқаруға кедергi келтiретiн iс-әрекеттерге қатысуға;
      3) қызмет жағдайын азаматтық қызметпен байланысты емес мақсатта пайдалануға;
      4) азаматтық қызметтi өткеру кезеңiнде белгiлi болған мемлекеттiк құпияны, қызметтiк және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етуге құқылы емес.
      2. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адам басқарушылық функцияларды орындаумен байланысты лауазымға азаматтық қызметке қабылдана алмайды.
      Ескерту. 231-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-б. қараңыз) Заңымен.

      232-бап. Азаматтық қызметшiнi басқа мемлекеттiк


                мекемеге (қазыналық кәсiпорынға) жұмысқа
                ауыстыру

      Азаматтық қызметшi өзiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша тиiстi ұйымдардың басшылары арасындағы келiсiм бойынша басқа мемлекеттiк мекемеге (қазыналық кәсiпорынға) жұмысқа ауыстырылуы мүмкiн.

      233-бап. Азаматтық қызметшiлердi аттестаттау

      Азаматтық қызметшiлер кәсiптiк және бiлiктiлiк даярлығы деңгейiн, iскерлiк қасиеттерiн айқындау мақсатында аттестаттаудан өтедi.


      Азаматтық қызметшiлердi аттестаттаудан өткiзудiң тәртiбi мен шарттарын тиiстi қызмет саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайды.

      234-бап. Азаматтық қызметтегi жоғарылату

      1. Азаматтық қызметшiлердiң қызметтегi жоғарылауы оларды жоғары лауазымға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.
      2. Бiлiктiлiк деңгейi жоғары және жұмыс тәжiрибесi бар, өзiнiң кәсiптiк, бiлiктiлiк деңгейiн үнемi арттырып отыратын азаматтық қызметшiлер азаматтық қызмет бойынша жоғарылатуда басым құқықты пайдаланады.

      235-бап. Азаматтық қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру


                және оларды қайта даярлау

      1. Азаматтық қызметшiлер кәсiптiк бiлiмi мен дағдыларын тереңдету, кәсiптер мен мамандықтар алу мақсатында тиiстi бiлiм беру ұйымдарына жiберiлуi мүмкiн.


      2. Азаматтық қызметшiнiң оқуы, қайта оқуы, тағылымдамадан өтуi, өндiрiстен (жұмыстан) қол үзбей оқу жағдайындағы ғылыми тағылымдамасын қоса алғанда, жiберушi ұйымның қаражаты есебiнен төленедi.
      Азаматтық қызметшiнiң оқуы кезiнде оның атқаратын лауазымы, кепiлдiктерi мен өтемақы төлемдерi сақталады.
      3. Бiлiктiлiгiн арттырудан немесе азаматтық қызмет бейiнiне сәйкес келетiн мамандық бойынша қайта даярлаудан өтiп жатқан азаматтық қызметшiлерге ақылы оқу демалысы берiледi.

      236-бап. Азаматтық қызметшiлердi көтермелеу

      Лауазымдық мiндеттерiн адал атқарғаны, жұмысты, оның iшiнде айрықша күрделi және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшiн, бастамашылдығы, шығармашылық белсендiлiгi және жұмыстағы басқа да жетiстiктерi үшiн азаматтық қызметшiлер:
      1) азаматтық қызметтегi жоғарылатумен;
      2) ақшалай сыйақымен;
      3) алғыс жариялаумен көтермеленуi мүмкiн.
      Ұжымдық шартта көтермелеудiң басқа да шаралары көзделуi мүмкiн.

      237-бап. Азаматтық қызметшiлерге басқа жерге жұмысқа


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау