Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет20/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61

 
осы Кодекстің 202-бабына сәйкес белгіленеді. 
 
       3. Бірінші және екінші топтардағы мүгедектер үшін жұмыс уақытының 
қысқартылған ұзақтығы осы Кодекстің 224-бабына сәйкес белгіленеді. 
 
       4. Еңбек шартында, ұжымдық шартта осы баптың 1 - 3-тармақтарында 
көрсетілгеннен кем жұмыс уақытының ұзақтығы көзделуі мүмкін. 
 
       5. Қызметкерлерге жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген кезде 
еңбекке ақы төлеу осы Кодекске сәйкес жүргізіледі. 
 
      79-бап. Толық емес жұмыс уақыты 
 
      Осы Кодексте белгіленген қалыпты ұзақтықтан аз уақыт, оның ішінде: 
 
       толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының 
нормасын азайту; 
 
       толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын 
қысқарту; 
 
       бір мезгілде күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту 
және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту толық емес жұмыс уақыты 
болып есептеледі. 
 
      80-бап. Толық емес жұмыс уақытындағы жұмыс жағдайлары 
 
      1. Еңбек шартында тараптардың келісімімен қызметкер үшін толық емес жұмыс 
уақыты белгіленуі мүмкін. 
 
       2. Толық емес жұмыс уақыты белгілі немесе белгісіз мерзімге белгіленеді. 
 
       3. Толық емес жұмыс уақыты жағдайларында жұмыс істеу қызметкер үшін осы 
Кодексте, еңбек шартында, ұжымдық шартта, келісімдерден белгіленген жыл сайынғы 
ақылы еңбек демалысының ұзақтығын қандай да бір шектеуге әкеп соқтырмайды. 
 
      81-бап. Жұмыс аптасының түрлері 
 
      1. Қызметкерлер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы 
белгіленеді. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (ауысымның) 
ұзақтығы жұмыстың ерекшелігі ескеріле және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығы 
сақтала отырып, жұмыс берушінің актісімен айқындалады. 
 
       2. Өндіріс сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндік жұмыс аптасын 
енгізу қисынсыз болатын ұйымдарда бір демалыс күні бар алты күндік жұмыс аптасы 
белгіленеді. 
 
       3. Жұмыс беруші еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарына 
сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасын белгілейді. 
 
      82-бап. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 
 
      1. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) 
ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат 
болғанда - 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан 
аспауға тиіс. 
 
       2. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) 
ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат 
болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс. 
 
       3. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы, күнделікті жұмыстың 
(жұмыс ауысымының) басталу және аяқталу уақыты, жұмыстағы үзілістер уақыты жұмыс 
аптасының белгіленген ұзақтығы сақтала отырып, ұйымның еңбек тәртіптемесі 
ережелерімен, еңбек шартымен, ұжымдық шартпен белгіленеді. 
 
       4. Өнер және мәдени демалыс кәсіптік ұйымдарының шығармашылық қызметкерлері, 
бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері, спортшылар, жаттықтырушылар үшін 
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, жұмыс берушінің актілеріне, ұжымдық 
шартқа немесе еңбек шартына сәйкес күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) өзгеше 
ұзақтығы белгіленуі мүмкін. 
 


 
      83-бап. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге 
 
              бөлу 
 
      1. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлуге: 
 
       1) жұмыс қарқындылығы әртүрлі болатын жұмыстарда; 
 
       2) егер бұл қызметкердің әлеуметтік-тұрмыстық және өзге де жеке 
қажеттіліктерімен байланысты болса, оның бастамасы бойынша жол беріледі. 
 
       2. Күнделікті жұмысты (жұмыс ауысымын) бөліктерге бөлген кезде жұмыс 
уақытының жалпы ұзақтығы күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) белгіленген 
ұзақтығынан аспауға тиіс. 
 
       3. Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) бөліктерге бөлінетін жұмыс түрлері, 
жұмыстағы үзілістердің саны мен ұзақтығы, сондай-ақ осындай жағдайлары бар жұмыс 
үшін қызметкерлерге төленетін өтемақылардың түрлері мен мөлшері еңбек шартында, 
ұжымдық шартта белгіленеді. 
 
      84-бап. Ауысымдық жұмыс 
 
      1. Өндірістік процестің ұзақтығы не жұмыс берушінің өндірістік қызметінің 
режимі күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан асып кеткен жағдайларда ауысымдық 
жұмыс белгіленуі мүмкін. 
 
       2. Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс ауысымының ұзақтығы, бір жұмыс ауысымынан 
екіншісіне өту қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып жұмыс беруші бекіткен ауысым 
кестелерімен белгіленеді. 
 
       3. Жұмыс беруші ауысым кестелерін қызметкерлер назарына осы кестелер 
қолданысқа енгізілгенге дейін бір айдан кешіктірмей жеткізеді. 
 
       4. Қызметкерді қатарынан екі жұмыс ауысымында жұмысқа тартуға тыйым 
салынады. 
 
      85-бап. Икемді жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс 
 
      1. Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық және жеке қажеттіліктерін өндіріс 
мүдделерімен үйлестіру мақсатында икемді жұмыс уақыты режимі белгіленуі мүмкін. 
 
        2. Икемді жұмыс уақыты режимінің кезінде: 
 
        1) тіркелген жұмыс уақыты; 
 
        2) қызметкер сол уақыт ішінде еңбек міндеттерін өз қалауы бойынша атқаруға 
құқылы икемді (ауыспалы) жұмыс уақыты; 
 
        3) есептік кезең белгіленеді. 
 
        3. Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген жұмыс уақыты 
ұзақтығының орташа нормасы сақталуға тиіс кезең икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі 
есептік кезең деп танылады. 
 
        4. Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі есептік кезең бір айдан аспауға тиіс. 
 
        5. Икемді жұмыс уақыты кезеңіндегі күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) 
және (немесе) апта сайынғы жұмыс уақытының ұзақтығы күнделікті және (немесе) апта 
сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасынан көп немесе аз болуы мүмкін. 
 
        6. Тіркелген жұмыс уақытының, икемді (ауыспалы) жұмыс уақытының ұзақтығы, 
икемді жұмыс уақыты режиміндегі есептік кезең еңбек шартында, ұжымдық шартта 
белгіленеді. 
 
      86-бап. Жұмыс уақытының жиынтық есебі 
 
      1. Жұмыс уақытының жиынтық есебі үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде, 
цехтарда, учаскелерде және өндіріс (жұмыс) жағдайлары бойынша қызметкерлердің осы 
санаты үшін белгіленген жұмыс уақытының күнделікті немесе апта сайынғы ұзақтығы 
сақтала алмайтын жұмыстардың кейбір түрлерінде қолданылады. 
 
       2. Шегінде қызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген күнделікті және 
(немесе) апта сайынғы жұмыс уақыты ұзақтығының нормасы орташа алғанда сақталуға 
тиіс кезең жұмыс уақытының жиынтық есебі кезіндегі есептік кезең деп танылады. 
 
       3. Кез келген, бірақ бір жылдан аспайтын күнтізбелік кезең немесе белгілі 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау