Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі



жүктеу 0,85 Mb.
Pdf просмотр
бет45/61
Дата19.11.2018
өлшемі0,85 Mb.
#20798
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61

 
туралы; 
 
       6) салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі шаралар туралы; 
 
       7) қызметкерлерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау жөніндегі 
арнайы іс-шаралар туралы; 
 
       8) өндірістің уақытша тоқтатылуы жағдайында қызметкерлерді қорғау шаралары 
туралы; 
 
       9) жанжалдар мен ереуілдерді болдырмау, еңбек тәртібін нығайту 
 
 туралы; 
 
       10) қызметкерлер өкілдерінің қызметін жүзеге асыру үшін талаптар туралы; 
 
       11) заңнамаға қайшы келмейтін әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша басқа да 
ережелер; 
 
       12) әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жәрдемдесу туралы ережелер көзделуі 
мүмкін. 
 
       5. Салалық келісімдерде: 
 
       1) еңбекке ақы төлеу, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғау, еңбек және 
тынығу режимі туралы; 
 
       2) өтемақы төлемдері туралы; 
 
       3) қызметкерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі арнайы іс-шаралар туралы; 
 
       4) инфляция, ең төменгі күнкөріс деңгейі негізге алынып, еңбекке ақы төлеуді 
реттеу және келісімде айқындалған көрсеткіштерді орындау тетіктері туралы; 
 
       5) көтеріңкі салалық коэффициенттерді белгілеу туралы ережелер көзделуге 
тиіс. 
 
       6. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің 
жағдайын нашарлататын келісімнің ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға 
тиіс. 
 
      Ескерту. 276-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      277-бап. Келісімдерді тіркеу 
 
      1. Облыстық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді 
еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады. 
 
       2. Қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді 
тіркеуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады. 
 
      278-бап. Келісімдердің қолданылуы 
 
      1. Келісімдердің күші өкілдері келісімге қол қойған тиісті атқарушы 
органдарға, қызметкерлер мен жұмыс берушілерге қолданылады.
 
       2. Келісім: 
 
       жұмыс берушілер бірлестіктерінің мүшелері болып табылатын, келісімді 
жасасқан барлық жұмыс берушілерге қатысты қолданылады. Жұмыс берушілер 
бірлестігіндегі мүшелікті тоқтату жұмыс берушіні соның мүшесі болған кезеңде 
жасалған келісімді орындаудан босатпайды. Келісім қолданыста болған кезеңде жұмыс 
берушілер бірлестігіне кірген жұмыс беруші осы келісімде көзделген міндеттемелерді 
орындауға міндетті; 
 
       келісімге қол қойылғаннан кейін қосылған жұмыс берушілерге қатысты 
қолданылады. 
 
       3. Келісімдер Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің 
меншік иелері, құрылтайшылары (қатысушылары) немесе акционерлері шетелдік жеке және 
заңды тұлғалар не шетелдік қатысуы бар ұйымдар болып табылатын ұйымдарға да 
қолданылады. 
 
      4. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық деңгейде, тиісті 
қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар салалық деңгейде және жергілікті 
атқарушы органдар өңірлік деңгейде келісім жасасуға қатыспаған жұмыс берушілер 


 
бірлестіктеріне, жұмыс берушілерге, қызметкерлер бірлестіктеріне тиісті деңгейде 
келісімге қосылуға ұсыныспен келісімді ресми жариялауға міндетті.
 
      Егер жұмыс берушілер бірлестіктері, жұмыс берушілер, қызметкерлер 
бірлестіктері келісімге қосылу туралы ұсыныс ресми жарияланған күннен бастап 
күнтізбелік 30 күн ішінде тиісті атқарушы органдарға оған қосылудан дәйекті бас 
тартуды жазбаша түрде ұсынбаған болса, онда келісім соларға қатысты осы ұсыныс 
ресми жарияланған күннен бастап қолданылады деп есептеледі.
 
      
Ескерту. 278-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.17 
№ 566-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      279-бап. Келісімдердің орындалуын бақылау 
 
      Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары жүзеге 
асырады. 
 
      280-бап. Келіссөздерге қатысудан жалтарғаны үшін 
 
                жауапкершілік 
 
      Тараптар өкілдерінің әлеуметтік әріптестік туралы келісімді жасасу, өзгерту 
жөніндегі келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе әлеуметтік әріптестік туралы 
келісілген келісімге қол қоюдан құқыққа сыйымсыз бас тартуы, келіссөздер жүргізу 
және әлеуметтік әріптестік туралы келісім нормаларының сақталуына бақылау жасау 
үшін қажетті ақпарат бермеуі, сондай-ақ оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. 
 
   31-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ  
      281-бап. Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері 
 
      Ұжымдық келіссөздер жүргізудің принциптері: 
 
       тараптар мүдделерінің тең құқықтылығы және оларды құрметтеу; 
 
       ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылаудағы 
таңдау еркіндігі; 
 
       тараптардың міндеттемелер қабылдау еріктілігі; 
 
       Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау болып табылады. 
 
      282-бап. Ұжымдық келіссөздер жүргізудің, ұжымдық шартты 
 
                әзірлеу мен жасасудың тәртібі 
 
      1. Кез келген тарап ұжымдық шарт жобасын әзірлеудің және жасасудың 
бастамашысы бола алады. 
 
       Екінші тараптың ұжымдық шарт жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау туралы 
ұсынысы бар хабарламасын алған тарап оны он күндік мерзімде қарап, осы баптың 2-
тармағында белгіленген тәртіппен келіссөздерге кірісуге міндетті. 
 
       2. Ұжымдық келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу үшін 
тараптар тепе-тең негізде комиссия құрады. Комиссия мүшелерінің саны, оның жеке 
құрамы, жобаны әзірлеу және ұжымдық шарт жасасу мерзімдері тараптар келісімімен 
айқындалады. 
 
       Жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша ұжымдық шартты әзірлеу мен жасасу 
үшін қажетті жағдай жасауды қамтамасыз етеді. 
 
       Кәсіптік одақтың мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер шарттық негізде 
жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарда өз мүдделерін білдіру үшін кәсіподақ 
органына да, өзге өкілдерге де уәкілеттік беруге құқылы. 
 
       Ұйымда қызметкерлердің бірнеше өкілдері болған кезде комиссияға қатысу және 
ұжымдық шартқа қол қою үшін олар біртұтас өкілді орган құруы мүмкін. Бұл ретте 
олардың әрқайсысына өздері өкілдік ететін қызметкерлердің санына қарай 
пропорционалды өкілдік ету принципі негізінде келіссөздер жүргізу жөніндегі 
біртұтас органның құрамында өкілдік ету құқығы беріледі. 
 
       3. Комиссия әзірлеген ұжымдық шарттың жобасын ұйым қызметкерлері міндетті 
түрде талқылауға тиіс. Жобаны талқылау нысанын қызметкерлердің өздері айқындайды. 


жүктеу 0,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау