Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия
отырысының шешімі
Астана қаласы 2009 жылғы 3 желтоқсан
Төрағалық етті: ҚР Білім және ғылым министрі
Ж.Қ. Түймебаев
Комиссия мүшелері, қатысушылар (тізім бойынша)
Комиссия отырысында мәселелер күн тәртібіне сәйкес талқыланады.
Комиссия талқылау қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылдады.
1. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстарында балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының жүзеге асырылуы туралы
_____________________________________________________________ (Ж.Қ.Түймебаев, Р.П. Шер, Р.М. Жұмабекова, Е.А. Шеленжек және т.б.).
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне: 1) мектепке бармайтын балаларды анықтаудың, сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға көмек көрсетуге арналған жергілікті бюджет шығыстарының мерзімді мониторингін қамтамасыз ету;
2) жалпы оқыту және мектептік тамақтандыру жүйесін жетілдіру мәселесі жөнінде органдар білім беру ұйымдарының қызметтерін зерделеу жұмысын жалғастыру;
3) сабаққа бармай жүрген балаларды есепке алудың қазіргі заманға сай ақпараттық жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстарды зерделеу және оларды жергілікті білім беру органдарына жіберу ұсынылсын.
2. Ақмола облысының әкімдігіне:
1) 2010 - 2012 және одан кейінгі жылдарға арналған Өңірлік стратегиялық даму жоспарының жобасында келесі міндеттер мен көрсеткіштер қарастыру:
сабаққа бармай жүрген оқушыларды дер кезінде есепке алып, алдағы уақытта оларды оқыту;
оқушыларды мектепке және кері үйлеріне қолайлы және қауіпсіз жеткізу;
2) 2010 жылғы 1 ақпанға дейін құқық қорғау органдарының, облыстық, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) бірлескен алқа отырыстарында жалпы оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі ақпараттардың нақтылығын, оқушылардың кешкі жалпы білім беретін мектептерге ауысу тәжірибесін, сонымен қатар балаларды 9-сыныптан кейін оқыту мәселелерін ерекше қарастыру ұсынылсын.
3. Ақмола облысының Білім басқармасына: 1) 2010 жылғы 1 қаңтарға дейін балаларды жалпы орта біліммен қамту жөніндегі есептерді жинау, өңдеу, сақтау тәртібін жүйеге келтіру ұсынылсын. КУОБОО (ЦВИАРН), кешкі мектептер, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау бөлімдері, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың арасында түрлі санаттағы балалардың тізімдерін салыстырмалы тексеруді жүргізу;
2) 2010 жылғы 1 қаңтар мен 1 мамыр аралығында жалпы оқытумен байланысты құжаттарды жүргізу мен бақылауды ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдарының басшылары мен мектеп полиция инспекторларының барлық санаттарына арналған оқыту семинарларының топтамасын ұйымдастыру;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің «Ақмола облысының білім беру ұйымдарындағы тамақтандыруды және жалпы оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі білім беру органдарының қызметтері туралы» анықтамасының қорытындылары мен ұсынымдарын ескере отырып, мектеп әкімшілігінің жұмыстарын бақылауға алу, бір айлық мерзім ішінде анықтамада көрсетілген кемшіліктерді және оларға себепші болған себептер мен жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау. Қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2009 жылдың 1 ақпанына дейін хабарлау ұсынылсын.
4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру органдарына:
1) құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, сабақты себепсіз қатыспай жүрген балаларды анықтау және арнайы есепке алу жөнінде оның ішінде аулаларды аралау және рейдтерді ұйымдастыру жөнінде кешенді шара қабылдау;
2) орта білім беру ұйымдарын аттестаттау жоспарында жалпы оқытумен қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметтерін бағалау мәселелерін қарастыру;
3) ВАК отырыстарында балаларды 9-сыныптан кейін оқыту және олардың жұмысқа орналасу жағдайын зерделеп қарастыру; 4) білім беру органдарының 2010 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жұмыс жоспарына «Балалар мен ата-аналарға ықыласты мектеп» конкурсын ұйымдастыру мен өткізу іс-шараларын енгізу ұсынылсын.
2. Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында бала еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу және ескерту жөніндегі Әлеуметтік орталықтардың жұмыстары туралы
________________________________________________________
(Ж.Қ.Түймебаев, Д.Ш. Жандаева, М.В. Трошихин, С.Е. Жарқынбекова және т.б.)
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп (келісім бойынша), Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында бала еңбегінің ең нашар түрлерін алдын алу және ескерту жөніндегі Әлеуметтік орталықтардың қызметтерін алдағы уақытта қолдау жөнінде ұсынымдарды әзірлеу ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне:
1) ауылдық аймақтарды дамыту саласындағы ұсыныстарды пысықтау жөніндегі ведомствоаралық комиссия шеңберінде өңір басшыларын, фермерлерді, Халықаралық еңбек ұйымының сарапшыларын, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың жауапты қызметкерлерін шақырып, «Мақта шаруашылығы қожалықтарының әлеуметтік-экономикалық проблемалары және Мақтаарал ауданында бала еңбегіне жол бермеу» мәселесін қарастыру;
2) Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарына мақта өсіретін аудандардағы біліктілігі төмен қол еңбегін мақта жинаудың қазіргі заманға сай технологияларына алмастыру жөнінде мақсаттар мен көрсеткіштерді қосу;
3) басқа елдердің тәжірибесіне сүйеніп, шаруа (фермерлік) қожалықтары қызметтерінің мәселелері жөніндегі заңнама шеңберінде мақта жинайтын техника арендасының құнын өтейтін экономикалық балама жолдарды құрудың нормасы мен тетігін қарастыру;
4) «КазАгро» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы қызметінің жоспарында мақта шаруашылығы саласын техникалық және технологиялық жаңғырту, өндіріске бала еңбегін пайдаланбайтын халықаралық сапа стандартын енгізу, мақта өсіретін қожалықтарды экономикалық тұрғыда қол жетімді техникамен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қарастыру ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осы Министрліктің Стратегиялық жоспарына бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою және осыған сәйкес мониторинг жүргізу жөнінде міндеттер мен көрсеткіштерді қосу ұсынылсын.
4. Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне:
1) ВАК жұмысын тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауға төмендегі мәселелер бойынша ұйымдастыру көзделсін:
бала еңбегін пайдаланып жүрген жұмыс берушілердің, бала еңбегінің заңсыз түрімен айналысып жүрген балаларды алдын ала анықтап, ведомствоаралық есепке алу;
бала еңбегінің түрлеріне әсерін тигізетін әртүрлі жағдайлар мен себептерді анықтау және тереңдетілген талдау қамтамасыз етілсін және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау;
бала еңбегінің ең нашар түрлерін жою жөнінде жұмыс берушілердің, селолық шаруалықтардың, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарының, құқық бұзушылықтың алдын алу мекемелер қызметтерін үйлестіру;
2) Мақтаарал ауданындағы жалпы білім беру мектептерінің жұмыстары ерекше бақылауға алынсын, ауыл шаруашылықтарында бала еңбегін пайдалануда және сабақтан қалуға әсер ететін жағдайлар мен себептердің бұзылуын жою жөнінде шара қолдану. Сабақтан қалуға ықпал еткен мектеп әкімшілігі қатаң тәртіптік жауапқа тартылсын. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органы - ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне 2010 жылдың 1 ақпанына дейін қабылданған шаралар туралы хабарлау ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың құқықтарының сақталуын тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою туралы (ҚР Премьер-Министрдің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 20-48/2656 (2.4 т.) тапсырмасы)
______________________________________________________
( Ж.Қ.Түймебаев, Г.А. Өмірәлі, Г.Т. Жақыбай және т.б.)
1. Білім және ғылым, Деңсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп:
даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әдістемелік-педагогикалық түзеу және кешенді әлеуметтік қолдауды уақытылы көрсету мақсатында білім беру ұйымдарының (психологиялық-әдістемелік-педагогикалық кеңестер, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, логопед пунктері) арнайы желілерін кеңейтуге мүмкіндік туғызу;
2) жаңа ақпараттық және коммуникациялы технологиялардың, оның ішінде оқыту жүйесінде қашықтан оқыту, арнайы және инклюзивті білім берудің тиімділігін арттыру үшін кадрларды кәсіби даярлау және қайта даярлау мүмкіндігін пайдалану;
3) даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың ата-аналарын әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулықтарын жақсарту, арнайы оқытудың сапасын дамытуда мүдделі министрліктер мен ведомстволардың, ата-аналар қоғамының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының тиімді әрекеттері ұйымдастырылсын;
4) Даму мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде ұзақ мерзімді болашақтағы ұлттық іс-қимыл жоспары жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту жоспарының жобасын 2010 жылғы маусымға дейін әзірлеу ұсынылсын.
2. Облыстардың және Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
1) 2010 жылғы 1 маусымға дейін «Әлеуметтік оңалтумен қамтамасыз ету және білім беру үрдістерін қазіргі заманға сай алдын ала анықтау мәселелері жөнінде облыстық және аудандық психологиялық-әдістемелік-педагогикалық кеңестердің қызметтерін тиімді бағалау туралы» мәселелерді қарастыру.
2) Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, осы санаттағы балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларды ерте анықтау, оңалту, есепке алу және ведомствоаралық бағдарламаларын әзірлеу жөнінде ПМПК қызметтерін жетілдіру ұсынылсын.
4. 2010 жылға арналған Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспарын бекіту
____________________________________________________________
( Ж.Қ.Түймебаев, Р.П. Шер және т.б.)
1. 2010 жылғы арналған Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспары бекітілсін.
2. Ведомствоаралық комиссияның мүшелері 2010 жылға арналған Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспарын қабылдасын.
Комиссия төрағасы,
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаев
Достарыңызбен бөлісу: |