Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет30/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65

 
       2. Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін 
аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа 
жалақысынан төмен емес жалақы төленеді. 
 
      3. Әскерге шақыру және мерзімді әскери қызмет уақытында қызметкердің жұмыс 
орны (лауазымы) сақталады.
 
      
Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2014 
N 212-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа 
енгiзiледi).
 
      150-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер 
 
                үшін кепілдіктер 
 
      Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден 
өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты 
есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады. 
 
      151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшін 
 
                кепілдіктер 
 
      Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан мен оның компоненттерін 
донациялау уақытында жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады, сондай-ақ 
оларға Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес 
өзге де кепілдіктер беріледі. 
 
        
Ескерту. 151-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.16. 
N 186-IV 
Заңымен; өзгеріс 
енгізілді - ҚР 06.04.2015 
№ 299-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      152-бап. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін 
 
                кепілдіктер мен өтемақы төлемдері 
 
      1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы 
сақталады. 
 
      2. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
 
      1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін 
тәуліктік төлемдер; 
 
       2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары; 
 
       3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді. 
 
       3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек 
шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады. 
 
       4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу осы Кодекстің 183, 187, 226-баптарында 
көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады. 
 
      153-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге 
 
                ауыстыру кезіндегі кепілдіктер мен өтемақы 
 
                төлемдері 
 
      1. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс 
беруші қызметкерге: 
 
       1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону; 
 
       2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын 
өтеуге міндетті. 
 
       2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен 
мөлшері еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде 
айқындалады. 
 
      154-бап. Экологиялық зілзала және радиациялық қатер 
 
                аймақтарында еңбек қызметін жүзеге асыратын 
 
                қызметкерлерге берілетін кепілдіктер 
 


 
      Экологиялық зілзала және радиациялық қатер аймақтарында еңбек қызметін жүзеге 
асыратын қызметкерлерге берілетін кепілдіктер Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленеді.
 
      154-1-бап. Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер,
 
                  қызметкер үшін кепілдіктер
 
      Бітімгершілік операцияға қатысқан жұмыскер, қызметкер үшін кепілдіктер 
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
 
      
Ескерту. 13-тарау 154-1-баппен толықтырылды - ҚР 15.06.2015 
№ 321-V
 Заңымен 
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі).
 
      155-бап. Қызметкердің жеке мүлкін жұмыс берушінің 
 
                мүддесіне пайдалануға байланысты өтемақы 
 
                төлемдері 
 
      Қызметкер жеке мүлкін жұмыс берушінің мүддесіне және оның келісімімен 
пайдаланған кезде жұмыс беруші құрал-саймандарды, жеке көлікті, басқа да техникалық 
құралдарды пайдаланғаны, тоздырғаны (амортизациясы) үшін және оларды пайдалану 
шығыстарына тараптардың келісімі бойынша өтемақы төлемдерін жүргізеді. 
 
      156-бап. Жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты 
 
                бар не қызмет ету учаскелері шегіндегі 
 
                қызметтік сапарлармен байланысты болатын 
 
                жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдері 
 
      1. Қызметкерлердің жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипаты бар не қызмет 
көрсету учаскелері шегіндегі қызметтік сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, 
оларға тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде болған әр күн үшін келісімде, ұжымдық 
шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген 
тәртіппен өтемақы төлемдері жүргізіледі. 
 
      1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болатын не 
қызмет көрсететін учаскелері шегінде қызметтік жол жүрулермен байланысты 
қызметкерлерге темір жол, өзен, теңіз, автомобиль көлігі, азаматтық авиация, 
автомобиль жолдары, магистральдық байланыс желілері мен олардағы құрылыстар, 
радиорелелік желілер және олардағы құрылыстар, электр берілісінің әуе желілері және 
олардағы құрылыстар, байланыс объектілері қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік шекарасы учаскелеріне қызмет көрсететін қызметкерлер 
жатады.
 
       2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерінде емес, белгілі бір күндерінде 
сапарда болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндірісі) орнына баруға және кері 
қайтуға жол жүрген нақты күндер санына барабар жүргізіледі. 
 
       3. Өтемақы төлемдері еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режиміне қарамастан 
жүзеге асырылады. 
 
       4. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде өтемақы төлемдері 
ескерілмейді. 
 
        
Ескерту. 156-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10 
N 101-IV 
(2009.01.01 
бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 
N 553-IV
 (алғашқы ресми жарияланғанынан 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      157-бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берілетін 
 
                өтемақы төлемдері 
 
      1. Жұмыс беруші мынадай жағдайларда: 
 
       1) жұмыс беруші - заңды тұлға таратылған не жұмыс беруші - жеке тұлға 
қызметін тоқтатқан жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты 
бұзылғанда; 
 
       2) қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау