бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылғанда қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты
айына айлық орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
2. Еңбек шартын жасасу кезінде жұмыс беруші еңбек жағдайлары туралы дәйексіз
ақпарат берген не жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын, еңбек
шартының, ұжымдық шарттың талаптарын бұзған жағдайда қызметкердің бастамасы бойынша
еңбек
шарты бұзылған кезде жұмыс беруші қызметкерге жұмысынан айрылуына байланысты үш
айға орташа жалақысы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізеді.
3. Еңбек шартында, ұжымдық шартта жұмысынан айрылуына байланысты өтемақы
төлемінің неғұрлым жоғары мөлшері көзделуі мүмкін.
158-бап. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі
мен шарттары
1. Геологиялық барлау, топографиялық-геодезиялық, іздестіру ұйымдарының
қызметкерлеріне:
1) тұрақты тұратын жеріне күн сайын қайтып келмейтін тұрақты тұратын жерінен
тысқары жерде;
2) сол сияқты тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, далалық ұйым
орналасқан жерге күнде қайтып келгенімен тұрақты тұратын жерінен тысқары жерде;
3) еңбекті вахталық әдіспен ұйымдастыру жолымен тұрақты тұратын жерінен
тысқары жерде далалық жағдайда жұмыстар орындаған кезде далалық жабдықталым ақшасы
төленеді.
2. Далалық жабдықталым ақшасын төлеу дала жұмыстарында болған барлық
күнтізбелік күндер үшін жүргізіледі.
3. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысында болған уақыт үшін қызметкерлерге
далалық жабдықталым ақшасы төленбейді.
4. Қызметкер далалық ұйымнан іссапарға шыққан кезде оған далалық жабдықталым
ақшасын төлеу тоқтатылады, ал іссапарға байланысты шығыстар осы Кодекске сәйкес
өтеледі.
5. Ұйым қызметкерлерінің орташа жалақысын есептеу кезінде далалық
жабдықталым ақшасының мөлшері есепке алынбайды.
6. Далалық жабдықталым ақшасын төлеудің тәртібі, шарттары мен мөлшері,
далалық жағдайдағы жұмыс уақытын есепке алу тәртібі келісімдерде, еңбек шартында,
ұжымдық шартта белгіленеді және жұмыс берушінің актісімен бекітіледі.
7. Далалық жағдайлардағы жұмыс кезінде қызметкерге демалыс күндері үшін
далалық жабдықталым ақшасын төлеу оны ол қай жерде (далалық жұмыстар жүргізілетін
объектіде, учаскеде, ұйымның далалық базасында, жұмыстар жүргізілетін жерден
тысқары) өткізуіне байланысты жүргізіледі. Мұндай тәртіп еңбекті ұйымдастырудың,
еңбек пен тынығу режимінің қабылданған нысандарына қарамастан қолданылуы мүмкін.
159-бап. Қызметкерлерге жұмыс берушінің қаражаты
есебінен әлеуметтік жәрдемақы төлеу
1. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкерлерге еңбекке уақытша
жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.
2. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен
тәртіппен берілген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық
бойынша әлеуметтік жәрдемақылар төлеу үшін негіз болып табылады.
3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылар қызметкерлерге
еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбек қабілеті қалпына келген күнге
дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебімен төленеді.
3-1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы:
1) заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі екендігі анықталған жағдайда,
өзінің қылмыстық құқық бұзушылық жасау кезінде алған жарақаттарының салдарынан
еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге;
2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкерді мәжбүрлеп емдеген (психикалық
аурулардан басқа) уақыт үшін;
3) заңды күшіне енген сот үкімімен немесе қаулысымен қызметкердің кінәлі
екені анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшін және сот-медициналық
сараптама жасалған уақыт үшін;
4) қызметкердің ішімдік, есірткі және уытты заттарды пайдалануы салдарынан
туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы
кезінде;
5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетін уақытша еңбекке
жарамсыз күндер үшін төленбейді.
4. Әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі, оларды
тағайындау және төлеу тәртібін – еңбек жөніндегі уәкілетті орган айқындайды. Жұмыс
берушілер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
әлеуметтік жәрдемақы мөлшеріне қосымша төлемдер белгілеуге құқылы.
Ескерту. 159-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.12.19
N 9
(2008.01.01
бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.05.05.
N 159-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2011.07.05
N 452-IV
(2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),
2012.02.17
№ 566-IV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 03.07.2014
№ 227-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
160-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген залалды
(зиянды) өтеу жөніндегі міндеттері
1. Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны осы
Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді.
2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық
жауапкершілігі нақтылануы мүмкін.
3. Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты
тарапын басқа тарапқа келтірілген залалды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық
жауапкершіліктен босатуға әкеп соқпайды.
161-бап. Еңбек шарты тарапының залал (зиян) келтіргені
үшін материалдық жауапкершілігі басталатын
жағдайлар
1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал
(зиян) үшін материалдық жауапкершілігі, егер осы Кодексте және Қазақстан
Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық
(әрекет немесе
әрекетсіздік) нәтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін және құқыққа қарсы кінәлі
мінез-құлық пен келтірілген залал (зиян) арасындағы себепті байланыс үшін
басталады.
2. Жұмыс беруші қызметкер алдында:
1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы
келтірілген залал үшін;
2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;
3) қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін
материалдық жауаптылықта болады.
3. Қызметкер жұмыс берушінің алдында:
Достарыңызбен бөлісу: |