1) жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал
үшін;
2) қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде туындаған залал үшін
материалдық жауаптылықта болады.
4. Қызметкер мен жұмыс беруші ұжымдық шартта, еңбек шартында белгіленген
басқа жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады.
162-бап. Жұмыс берушінің қызметкерге оны еңбек ету
мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген
залал үшін материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген,
еңбек шартының талаптары біржақты өзгертілген, қызметкер жұмыстан шеттетілген,
еңбек шарты негізсіз бұзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің алмай қалған
жалақысы мен оған
тиесілі өзге де төлемдерді оған өтеуге міндетті.
2. Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен
келісілген актілерінде қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы
келтірілген залалды жұмыс берушінің өтеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі мүмкін.
163-бап. Қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін
жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі
Қызметкердің мүлкіне залал келтірген жұмыс беруші оны еңбек шартының, ұжымдық
шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде өтеуге міндетті.
164-бап. Қызметкердің өміріне және (немесе)
денсаулығына келтірілген зиян үшін жұмыс
берушінің материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкер еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және
(немесе) денсаулығына зиян келтірілген кезде жұмыс беруші зиянды Қазақстан
Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген көлемде өтеуге міндетті.
2. Осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы баптың 1-
тармағында көзделген зиян қызметкердің сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық
көлемде өтеледі. Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге
сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.
3. Қызметкерлердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды
жұмыс берушілердің өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
4. Қызметкерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма
тоғызға дейінгі пайызды қоса алғандағы дәрежесiмен байланысты зиян келтірілген
кезде жұмыс беруші қызметкерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан
туындаған шығыстарды өтеуге міндетті.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған, әрбір оқиға бойынша жұмыс беруші
өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін кезде республикалық бюджет туралы
заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен
аспауға тиіс.
Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы
шығыстарды шеккен қызметкер не тұлға ұсынған, осы шығыстарды растайтын құжаттардың
негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
саласындағы заңнамасына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген
көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайды.
Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.04.2015
№ 311-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
165-бап. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені
үшін материалдық жауапкершілігі
1. Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені үшін материалдық
жауапкершілігі осы Кодексте көзделген жағдайларда және мөлшерде басталады.
2. Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды өтеуге
міндетті.
3. Егер залал еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті
қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің сақталуы үшін
тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан
туындаған болса, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін жауапкершілігі
жойылады.
4. Қызметкерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы
мүмкін залал үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді.
5. Жұмыс беруші қызметкерлердің қалыпты жұмысы және оларға сеніп тапсырылған
мүліктің толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
6. Тікелей нақты залал деп жұмыс берушінің бар мүлкінің азаюы немесе аталған
мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта
болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушіде жатқан мүліктерінің) жай-күйінің
нашарлауы, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлікті сатып алу немесе қалпына келтіру үшін
шығындалуына не артық төлем төлеуіне деген қажеттілігі түсініледі.
166-бап. Қызметкердің материалдық жауапкершілігінің шегі
Қызметкер келтірілген залал үшін, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, өзінің
орташа айлық жалақысы шегінде материалдық жауаптылықта болады.
167-бап. Қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал
үшін толық материалдық жауапкершілікте болу
жағдайлары
Мынадай:
1) қызметкерге толық материалдық жауапкершілікті өзіне алу туралы жазбаша
шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз
етілмеген;
2) қызметкер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да
бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;
3) алкогольдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас)
жағдайда залал келтірілген;
4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды
әзірлеу кезіндегіні қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға
берген құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем
шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген;
5) қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
расталған заңсыз іс-әрекеттерінен залал келтірілген жағдайларда жұмыс берушіге
келтірілген залалдың толық мөлшеріндегі материалдық жауапкершілік қызметкерге
жүктеледі.
168-бап. Толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық
жауапкершілік туралы шарттар
1. Өндіріс процесінде өзіне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға,
өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға
байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс беруші
қызметкерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз
етпегені үшін қызметкердің толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша
нысанда шарт жасасады.
2. Өндіріс процесінде өздеріне берілген мүлік пен құндылықтарды сақтауға,
өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға
байланысты, келтірілген залал үшін әрбір қызметкердің материалдық жауапкершілігінің
Достарыңызбен бөлісу: |