Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Күшін жойған


-бап. Жұмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет29/65
Дата27.12.2019
өлшемі0,88 Mb.
#25027
түріКодекс
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65

 
      145-бап. Жұмысқа орналастыру кезіндегі мемлекеттік 
 
                кепілдіктер 
 
      Мемлекет халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарға: 
 
       1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмыс алуда 
тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге; 
 
      2) жұмыссыздарды, табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және 
жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды кәсіптік 
даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға, сондай-ақ жұмыссыздар 
үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға;
 
       2-1) 
күші жойылды - ҚР 2009.05.05 
N 159-IV
 (2011.01.01 бастап қолданысқа 
енгізіледі) Заңымен;
 
       3) кәсіпкерлікті дамытуға 
жәрдемдесуге
;
 
      4) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган және жұмыспен қамтудың 
жекеше агенттігі арқылы еңбек делдалдығын  ұйымдастыруға; 
 
       5) кәсіптік-бағдарлау қызметтерін көрсетуге, бос орындар мен бос жұмыс 
орындары туралы ақпараттар беруге; 
 
       6) кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды 
даярлауға бағдарлауға
 
      7) жұмыс күшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 
құжаттарына сәйкес өңіраралық қайта бөлуге; 
 
       8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды әзірлеуге 
және іске асыруға; 
 
       9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс 
орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін 
белгілеуге; 
 
       10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға тікелей 
ұйымдарда жағдай жасауға
 
       11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара 
іс-қимылына; 
 
       12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 
жағдайлармен қамтамасыз етуге кепілдіктер береді. 
 
        
Ескерту. 145-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.05. 
N 159-
IV 
(қолданысқа енгізілу тәртібін 
2-баптан 
қараңыз); 03.07.2013 
№ 124-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 
29.12.2014 
№ 269-V
 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
       146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы 
 
                құқықтары 
 
      Азаматтардың: 
 
       1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен, сондай-ақ халықтың 
жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 
органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің еңбек делдалдығы арқылы 
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға
 
       2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде шетелден жұмыс 
іздеуге және жұмысқа орналасуға; 
 
       3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан және жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар алуға; 
 
       4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар. 
 
      147-бап. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыру кезіндегі 
 
                құқықтары мен міндеттері 
 
      1. Жұмыс берушінің: 
 
       1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға; 
 


 
       2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек нарығының 
жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, толық және жедел 
ақпарат алуға құқығы бар. 
 
      2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға: 
 
      1) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның 
қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты 
алдағы уақытта қызметкерлердің жұмыстан босатылуы туралы, жұмыстан босатылатын 
қызметкерлердің лауазымдары мен кәсіптерін, мамандықтарын, біліктілігі мен 
еңбекақысының мөлшерін көрсете отырып, босатылуы мүмкін қызметкерлердің саны мен 
санаттары туралы және олардың босатылатын мерзімдері туралы жұмыстан босату 
басталардан кемінде екі ай бұрын
 
       2) өндірісті ұйымдастырудағы, оның ішінде қайта ұйымдастыру кезіндегі 
өзгеріске және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты 
қызметкерлердің толық емес жұмыс уақыты режиміне көшуі бөлігінде алдағы уақытта 
болатын еңбек жағдайларының өзгеруі туралы кемінде бір ай бұрын; 
 
       3) бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) туралы олардың пайда болған күнінен 
бастап үш жұмыс күні ішінде; 
 
      4) азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту 
туралы (жолдамада тиісті белгі қою арқылы себебін түсіндіре отырып) оларды 
уәкілетті орган жіберген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге 
міндетті.
 
      3. Жұмыс беруші жергілікті тұрғындар болып табылмайтын адамдарды жұмысқа 
қабылдау және (немесе) ол адамдармен еңбек қатынастарын тоқтату туралы ақпаратты 
ішкі істер органына бір ай ішінде береді. Ақпаратты беру тәртібі мен нысанын Ішкі 
істер министрлігі айқындайды.
 
       
Ескерту. 147-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.05.05 
N 159-IV
 (қолданысқа 
енгізілу тәртібін 
2-баптан
 қараңыз), 2011.07.22 
№ 478-IV
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 
13.06.2013 
№ 102-V
 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен 
соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      148-бап. Еңбек делдалдығы 
 
      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган немесе жұмыспен қамтудың 
жекеше агенттігі: 
 
       1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс 
күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету; 
 
       2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету; 
 
       3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушіге жолдама 
беру; 
 
       4) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын қалыптастыру; 
 
       5) өтініш білдірген азаматтарды есепке алу мен тіркеу; 
 
       6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер көрсету; 
 
       7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде 
өзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады. 
 
   13-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ  
      149-бап. Қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық 
 
                міндеттерді орындаған кезде берілетін 
 
                кепілдіктер 
 
      1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда 
қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта 
оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан 
босатады. 
 


жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау