«Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ»


Жұмыс уақытының есебі. Мерзімнен тыс жұмыстар



жүктеу 2,34 Mb.
бет5/11
Дата14.11.2017
өлшемі2,34 Mb.
#331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

6.2. Жұмыс уақытының есебі. Мерзімнен тыс жұмыстар.

Еңбек заңнамасы жұмыс уақытының есептеудің үш түрін ескереді: күн сайынғы, апталық және жиынтық.

Күн сайынғы есепте қызметкерлер орнатылған сағаттар санын жұмыс істейді. Екі жағдайда да жұмыстың басы мен аяғының уақыты ішкі еңбек тәртіп ережелерімен немесе ауысым график-терімен орнатылады.

Ауысымды жұмыста күн сайынғы есепте жұмыс уақытының режимі ауысымдылық графиктерімен орнатылады. Олардың ішін­де ауысымдардың саны және олардың үзақтығы, өр ауысымдағы жұмыстың басталуы мен аяғы, бір ауысымнан келесі ауысымға ауысутәртібі көрсетіледі.

Бес күндік жұмыс апта жағдайында жұмыс уақытының апталық есебі қолданылуы мүмкін. Бүл жүманың өр күндеріндегі ауысымдардың үзақтығы апталық сағат нормаларын сақтағанда мүмкін.

Жиынтық есеп кезінде есеп кезеңі ай, квартал, жылға келетін орнатылған нормалармен сәйкес барлық жұмыс уақыты - қосылады және оның нөтижесінде сағатта жұмыс уақытының айлық, кварталды, жылдық үзақтығы анықталады.

Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі жұмыс беруші актілерімен анықталады және ұйымның ұжымдық шартымен орнатылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебінде:

есептік кезең анықталады, яғни заңнамамен орташа орнатылған жұмыс күні және жұмыс аптасының үзақтығы сақталатын кезең. ҚР Еңбек кодексінің 213 бабына сәйкес жұмыстың вахталық өдісі кезінде ай, тоқсан немесе өзге де неғүрлым үзақ, бірақ бір жылдан аспайтын кезең ішіндегі жұмыс уақытының жиынтық есебі белгіленеді.

есептік кезеңдегі жұмыс уақытының үзақтығы еңбек туралы заңмен орнатылған аптадағы жұмыс сағаттарының қалыпты санынан аспау керек;

жұмыс уаңытының күн сайын немесе апта сайынғы үзақтығы жұмыс күні немесе жұмыс апта сағаттарының нормасынан көбірек немесе азырақ мүмкін болу мүмкін;

демалысқа және азық қабылдауға және күн сайынғы демалысқа арналған үзіліс үзақтығы Еңбек кодексініц 93 бабымен ескерілген жайлардың сақтауымен орналастырады.

Еңбектің белгілі бір өлшемін жұмыс уақыты нормасы ретінде орната түра, заң шығарушы сонымен қатар кейбір ерекше жағдайларды ескереді, онда қызметкерді жұмысқа бұл норма сыртында да тартуы мүмкін - ол мерзімнен тыс жұмыстар.

Мерзімнен тыс жұмыстар - ішкі төртіп ережелеріне немесе ауысым графиктеріне қоса орнатылған осындай санатты қызметкерлеріне жұмыс уақытының бір күндік үзақтығы кәсіпорын әкімшілігі өкімі немесе келісімімен істелетін жұмыстар.

Қызметкердің келісімінсіз мерзімнен тыс жұмыстарға ерекше жағдайларда ғана:

1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды немесе дүлей апаттарды, өндірістік аварияларды болғызбау немесе олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;

сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, жылыту, жарық беру, канализация, көлік, байланыс жөніндегі қогамдық қажетті жұ-мыстарды жүргізу кезінде - олардың дүрыс жұмыс істеуін бүзатын кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшін;

егер жұмыс үзілісті көтермейтін болса, ауыстырушы қызметкер келмей қалған кезде Еңбек кодексінің 89-бабында көзделген сагаттар санынан аспайтын уақытқа жұмысты жалғастыру үшін жол беріледі.

Жұмыс мерзімнен тыс деп ол қызметкердің кәдімгі міндеттеріне кіруі немесе қызметкер әкімшілікпен тапсырылған басқа істі орындағанына тәуелсіз танылады.

Барлық қызметкерлер мерзімнен тыс жұмыстарға тартыла алмайды. Мерзімнен тыс жұмыстарға он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер мен жүкті әйелдер жіберілмейді.

Мүгедек қызметкерлерді үстеме жұмысқа, түнгі уақытта, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа тартуға, іссапарға жіберуге, егер олар үшін мүндай жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған болса, олардың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

Жұмыс берушінің жүкті өйелдерді түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, оларды іссапарға жіберуге, сондай-ақ оларды жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан кері шақырып алуға құқығы жоқ.

Жұмыс берушінің:

жеті жасқа дейінгі балалары бар өйелдерді және жеті жасқа дейінгі балаларды анасыз төрбиелеп отырған басқа да адамдарды;

егер үш жасқа дейінгі балалар, мүгедек балалар не отбасының ауру мүшесі медициналық қорытынды негізінде тұрақты күтім жасауға мүқтаж болса, отбасының ауру мүшелеріне күтім жасай-тын не мүгедек балаларды төрбиелеп отырған қызметкерлерді жазбаша келісімінсіз түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа тартуға, сондай-ақ іссапарға және вахталық өдіспен орындалатын жұмысқа жіберуге құқығы жоқ.

Әрбір қызметкер үшін үстеме жұмыстар бір күнтізбелік күн ішінде екі сағаттан (ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда - бір сағаттан) аспауға тиіс.Үстеме жұмыстардың жалпы үзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.

Үстеме жұмысқа ақы бір жарым есе мелшерінен сағаттық жалақыдан әр жұмыс сағатына кем теленбейді. Еңбек кодексімен орнатылған шектеулі мерзімнен тыс сағаттарды асыруға тыйым салынады.



6.3. Жұмыс уақытының түрлері және нормалануы

Өз міндеттерін орындауға арналған жұмыс уақыты әр уақытта нақты істеген жұмыс уақытымен сәйкес келмейді.

Нақты уақыт - еңбек процесінде қызметкердің нақтылы қатысуын және өз міндеттеріне көңіл болуін анықтайтын өр қызмет-кермен нақты жұмсалған уақыт.

Нақты істеген уақытпен сәйкес еңбекақы төленеді, зиянды еңбек жағдайларына байланысты қосымша демалыстар беріледі және т.б. Жұмыс күні ішінде толық істемеген жағдайда қызметкердің кінөсі болса тәртіптік жаза немесе басқа санкциялар салынуы мүмкін.

Жұмыс уақыты үзақтығын нормалау өз керінісін бір мезгілде жұмыс күні үзақтығын нормалауда және жұмыс аптасының түрі мен апта ішіндегі жұмыс сағаттарының санында табады.

Жұмыс күні – тәулік ішіндегі жұмыс уақыты үзақтығының орнатылған нормасы.

Еңбек кодексінің 82 бабына сәйкес әрекетке қабілетті барлық қызметкерлерге бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың үзақтығы апталық норма 40 сагат болғанда - 8 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минут және апталық норма 24 сағат болғанда - 5 сағаттан аспауға тиіс.

Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың үзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағат және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиіс.

Жұмыс уақытының нормасы - заңмен орнатылған тиісті күнтізбелік кезең ішінде қызметкер жұмыс істеуге тиіс уақыт үзақтығы.

Жұмыс уақытының қалыпты үзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Қалыпты жұмыс уақытының апталық нормасы заңнамамен қызметкерлерге жұмыс.



Семинар сұрақтары:

1. Жұмыс уақытының ұғымы және оның құқықтық реттеу
маңызын ашыңыздар.

2. Жұмыс уақытының режимі және есебі, оны орнату тәртібі.

3. Мерзімнен тыс жұмыстардың ұғымы және оларды рұқсат
ету тәртібі.

Жұмыс уақытының жиынтық есебінің ерекшеліктері.

Толық емес және қалыпты жұмыс уақыты.

7 тарау. Демалыс уақытын құқықтық реттеу.

Тақырыптың мақсаты: еңбек құқығында демалыс уақытын қарастыру, белгілерімен ұғымына сипаттама беру. Демалыс уақытының өзгешілік белгілеріне назар аудару.

Жоспары:

1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.

2 Демалыс уақытының түрлері
7.1. Демалыс уақытының ұғымы және белгілері.

Демалыс уақытына (тынығуға) азаматтардың құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 24 бабының 4 тармағында бекітілген. Демалысқа құқық жұмыс күні, күнтізбелік теуліктің, апта, ай, жыл ішінде қамтамасыз етіледі.

Еңбек ңүқығында демалыс уақыты деп Еңбек кодексіне сәйкес қызметкердіқ еңбек міндеттерін орындаудан бос және оны ез қалауы бойынша өз мүдделерін қанағаттандыру және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру үшін пайдалана алатын күнтізбелік уақыттың бір бөлігі.

Сонымен, демалыс уақытының езгешелік белгілеріне:

қызметкерді еңбек және мемлекеттік міндеттер, оған қоса қоғамдық тапсырмаларды орындаудан Заң босататын уақыт, егер осыларды орындау уақытында қызметкерде жалақы сақталып немесе қандайда бір жеңілдектер берілсе;

қызметкер ез мүдделерін қанағаттандыру мақсаттарында ез қарауымен қолдана алатын және еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіру үшін арналған уақыт жатады.

Заңнама жұмыс уақыты мен демалыс уақытының алмасуы, жұмыс уақыты кезеңдерінің арасында бос уақытты еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін және қалыпты жағдайлармен салыстырғанда зиянды және ауыр еңбек жағдайларында кеп шығындарды өтеуді реттейді.

7.2 Демалыс уақытының түрлері

Қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлері:

1) жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;

2) әлеуметтік демалыстар беріледі.

Жыл сайынғы ақылы еқбек демалысы қызметкердің тынығуына, жұмыс қабілетін қалпына келтіруіне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердіқ өзге де жеке қажеттіктеріне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгілі бір күнтізбелік күндер санына беріледі.

Әлеуметтік демалыс деп ана болуға, балалардық күтіміне, өндірістен қол үзбей білім алуга қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттар үшін қызметкерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату түсініледі.

Қызметкерлерге әлеуметтік демалыстардың мынадай түрлері:

жалаңы сақталмайтын демалыс;

оқу демалысы;

3) баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды)


асырап алуға байланысты демалыстар беріледі.

Демалыс уақытыньщ түрлері:



1) Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының үзақтығы

Егер қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін басқа норма-тивтік құқықтық актілерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта жоне жұмыс берушінің актілерінде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге үзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.



2) Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары:

ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге үзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі;

бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары беріледі.

Қызметкерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ең төменгі үзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздіксіз үзақ жұмысы, маңызды, күрделі, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу сипа-тында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.

3) Жалақы сақталмайтын демалыс

Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

Жалақы сақталмайтын демалыстың үзақтығы қызметкер мен жумыс берушінің арасындағы келісім бойынша айқындалады, Жұмыс беруші:

неке тіркелген;

бала туылған;

жақын туыстары қайтыс болған;

еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде қызметкердің

жазбаша етініші негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы сақталмайтын демалыс беруге міндетті.

4) Оқу демалысы

Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшін оқу демалыстары беріледі.

Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.

5) Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар

Жүкті өйелдерге, баланы (балаларды) туған өйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар:

- жүктілікке және босануға байланысты ақылы демалыс;

жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге ақылы демалыс;

бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі.

Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар беру ҚР Еңбек Кодексінің 192 - 195-баптарында кезделген шарттармен жүзеге асырылады.

Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, сондай-ақ жақа туған баланы (балаларды) асырап алған ейелдерге (еркектерге) берілетін демалысқа ақы телеу үшін орташа жалақыны есептеу тәртібі ҚР Еңбек Кодексінің 136-бабына сәйкес айқындалады

Заңнама тиісті күнтізбелік кезеңдерде келесі демалыс уақыт түрлерін орнатады: а) жұмыс уақыты ішіндегі үзілістер; б) жұмыста күнаралық (ауысым аралық) үзілістер; в) апта сайынғы демалыс; г) мерекелік күндер; д) жыл сайынғы еңбек демалыстары; е) жыл сайынғы қосымша демалыстар.

Мақсаттық бағыты және құқықтық ерекшеліктеріне байланысты жұмыс күні ішіндегі үзілістер 2 түрге бөлінеді: а) тынығуға және тамақтануға арналган үзіліс, олар жұмыс уақытына кірмеиді, демек ақы төленбейді; б) демалыс үшін арнаулы және басқада арнайы мақсаттағы үзілістер.

ҚР Еңбек кодексінің 93 бабына сәйкес қызметкерге күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ішінде тынығуға және тамақтануға арналған үзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс берілуге тиіс.

Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Мүндай жұмыстардың тізбесі, демалу және тамақтанутәртібі мен орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді.

Тынығуғажәне тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде үш сағат өткеннен кейін және төрт сағаттан кешіктірілмей белгіленуге тиіс.

Үзақтығы 8 сағаттан асатын күнделікті жұмыста (жұмыс ауысымында) жұмыс уақытының икемді жиынтық есебі режимі кезінде тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) басталғаннан кемінде төрт сағат өткеннен кейін белгіленуі мүмкіи.

Тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс беру уақыты, оның үзақтығы еңбек төртіптемесі ережелерінде, еңбек шартында, ұжымдық шартта белгіленеді.

Тынығуға және тамақтануа арналған үзіліс уақыты жұмыс уақытына қосылмайды. өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін болмайтын жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерді жұмыс уақытында арнаулы жабдықталған орында тынығу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті. Мүндай жұмыстардың тізбесі, тынығудың және тамақтанудыңтәртібі мен орны ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып шығарылған актілерінде белгіленеді.

Жұмыстың жекелеген түрлерінде қызметкерлерге технологияға және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруға байланысты, жұмыс уақытына қосылатын ауысымішілік үзілістер беріледі. Бүл жұмыс түрлері, мүндай үзілістер берудің үзақтығы мен тәртібі ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып қабылданған актілерінде белгіленеді.

Жылдың суық мезгілінде ашық ауада немесе жылытылмай-тын жабық үй-жайларда жұмыс істейтін, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарында істейтін қызметкерлерге жылыну және тынығу үшін жұмыс уақытына қосылатын арнаулы үзілістер беріледі.

Осы үзілістін мақсаты жұмыс істеушілердің денсаулығын қор­ғау, еңбек қабілеттілігін қалпына келтіру.

Жұмыс беруші қызметкерлердің жылынуы мен тынығуына арналған ұй-жайлардың жабдыңталуын қамтамасыз етуге міндетті.

Бір жарым жасқа толмаған балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге тынығуға және тамақтануға арналған үзілістен бөлек, ҚР Еңбек Кодексінің 188-бабына сәйкес баланы тамақтандыруға арналған қосымша үзілістер беріледі.

Әр күндік (ауысым аралық) үзілістер өздерімен жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы бос уақытты сипаттайды.

Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс.

Апта сайынғы демалыс - толассыз демалыс, оған әр күндік (ауысым аралық) үзіліс және демалыс немесе екі демалыс күні кіреді.

Апталық демалыстың нақты үзақтығы жұмыс аптасының түрі және қызметкерлер еңбегінің режиміне байланысты. Жалпы демалыс күні жексенбі болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы жағдайында қызметкерлерге аптасына - екі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір демалыс күні беріледі.

Өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үнемі үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету қажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарда, сондай-ақ үзіліссіз өндіріс жүргізілетін ұйымдарда жұмыс берушінің актісімен бекітілген ауысым кестесіне сәйкес, қызметкерлердің әрбір тобына демалыс күндері аптаның әртүрлі күндерінде кезекпен беріліп отырады.

Ерекше жағдайлар болған кезде қызметкердің келісімінсіз демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылады, бірақ Кодекспен ескерілген жағдайларда ғана. ҚР Еңбек кодексінің 98 бабы бүл жағдайларға жатқызады: 1) төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін; 2) жазатайым оқиғаларды, мүліктің опат болуын немесе бүлінуін болдырмау және оларға тексеру жүргізу үшін; 3) жалпы ұйымның немесе оның жекелеген белімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы осылардың жедел орындалуына тәуелді болатын шүғыл, бұрын көзделмеген жұмыстарды орындау үшін жол беріледі.

Қызметкерлерді демалыс күні жұмысқа тарту жұмыс берушінің жазбаша актісі арқылы мүмкін.

Қызметкерлер демалыс күні жұмысқа тек қана медициналық көрсеткіштермен ғана тартыла алмайды.

Еңбек кодексінің 98 бабына сәйкес өндірістік-техникалық жағдайлары бойынша немесе халыққа үзіліссіз тұрақты қызмет көрсету ңажет болуы себепті демалыс күндері жұмысты тоқтату мүмкін болмайтын ұйымдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында белгілеген мереке күндері жұмыс жүргізілмейді.

Мереке күндері Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады және осы күнді жұмыс беруші немесе Қазақстан Республикасының басқару органы басқа күнге ауыстыруы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының 2001 ж. 13 желтоқсандағы №267-11 Заңына сәйкес келесі мереке күндері орнатылды: 1-2 қантар - Жаңа жыл; 8 наурыз - Халықаралық өйелдер күні; 22 наурыз - Наурыз мейрамы; 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы; 9 мамыр - Жеңіс күні; 30 тамыз - Конституция күні; 25 қазан - Республика күні; 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, және 56 бап бойынша Мүсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Қүрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады.

Барлық қызметкерлердің уақытша және маусымдық қызметкерлерден басқа, жұмысқа осы кәсіпорын, мекеме, ұйымға орналасқан күннен бастап есептелетін өр еңбек жылына бір рет берілетін жыл сайынғы еңбек демалысына құқықтары бар.

Еңбек демалысы - қызметкерлерге жұмыс орны (лауазым) және жалақысын сақтап, заңмен орнатылған жылдағы жұмыс күндеріндегі үздіксіз демалыс күндері.

Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейін күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер басқа нормативтік құқықтық актілерде, еңбек шарты, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін өзгеше көзделмесе, қызметкерлерге үзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Қатарынан екі жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажына:

1) нақты жұмыс істелген уақыт;

қызметкер нақты жұмыс істемеген, бірақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе ішінара сақталған уақыт;

қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс істемеген уақыт;

4) қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс
істемеген уақыт қосылады.

Жұмыс беруші қызметкерге жыл сайын еңбек демалысын беруге міндетті. Жұмыс істеген бірінші жылы үшін еңбек демалысы еңбек шарты бойынша бірінші жұмыс жылы өткеннен кейін беріледі. Қызметкердің қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.

Жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы қызметкерлердің кейбір санаттарына еңбектің ерекше жағдайларына немесе мінезіне байланысты және Еңбек кодексінің 203 бабына сәйкес жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары қызметкерлерге өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына құқық беретін ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне сәйкес беріледі. Демалыстың бүл түрінің үзақтығын, сондай-ақ оны берудің шартын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып айқындайды.

Ақы төленетін жыл сайынғы қосымша демалыста жүрген қызметкерді осы демалыстан кері шақыртуға болмайды.

Жүктілігі мен босануы бойынша демалыстан басқа әйелге оның өтініші бойынша баласы үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасау жөнінде жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріледі. Қосымша демалыс уақыты ішінде оның жұмыс орны (қызметі) сақталады.

Жаңатуған нәрестелерді тікелей перзентханадан асырап алған әйелдердің (еркектердің) өтініші бойынша сәби үш жасқа толғанға дейін оған күтім жасау үшін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беріліп, осы кезеңде оның жұмыс орны (қызметі) сақталады.

Бүл демалыстың сәби үш жасқа толғанға дейін кез келген уақытта толық немесе бөліп пайдаланылуы мүмкін.

Білім беру ұйымында оқитын қызметкерлерге емтихандар тапсыру, диплом жобасын (жұмысын) дайындау және қорғау, бітірушілер емтихандарын тапсыру кезеңінде ақы төленетін немесе ақы төленбейтін қосымша демалыс берілуі мүмкін.

Қызметкерлер еңбек демалысымен жыл сайын қолданады. Басқа мерзімге ауыстыру немесе жыл сайынғы демалысты үзарту келесі ерекше жағдайларда ғана мүмкін: қызметкердің уақытша еңбекке жарамсыздылығында; қызметкермен мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін орындау кезінде демалысты қызметкерге берген жағдайда касіпорын, мекеме, ұйым жұмысының қалыпты жүрісіне жағымсыз өсер етсе. Бүл жағдайда демалысты келесі еңбек жылына ауыстыру тек қызметкер келісуімен ғана рұқсат етіледі.

Демалысты ақшалай өтеуге тыйым салынады, еқбек шартын бүзу кезіндегі пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы төлеу жағдайынан басқа.

Жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкер ар-
тында жұмыс орны немесе лауазымы сақталады. Жалақы сақталмайтын демалыс беру жане оның үзақтығы туралы мәселе жұмыс
берушімен қызметкердің демалыс беру өтінішін тудырған мүмкіндіктер мен себептерді назарға алып шешіледі. Мүндай демалыстар қысқаша уаңытты болады, олардың үзақтығы - екі аптадан көп емес.

Еңбек демалысы күндеріне дәл келетін мереке күндерін есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының үзақтығы, қолданылып жүрген жұмыс режимдері мен кестелеріне қарамастан, күнтізбелік күндермен есептеледі.

Жұмыстарды уақытша тоқтату қажеттілік жағдайында немесе олардың көлемі уақытша төмендеуіне байланысты жұмыс беруші қызметкерлерді жұмыстан босатудын алдын алу үшін қызметкерлердің келісімі негізінде оларға жалақы сақталмайтын немесе жалақы жартылай сақталатын демалыс беруге құқылы.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

Демалыс уақытының ұғымы.

Демалыс уақытының түрлері.

Еңбек демалыстары және олардың үзақтығы.

Әлеуметтік бағыттағы демалыстар.

Жалақы сақталмайтын демалыстар.

Оқу демалыстары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қағазов Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2011.

2. Айымханова Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2012

3. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2008. – 88с.


8 тарау. Жалақыны құқықтық реттеу.

Тақырыптың мақсаты: еңбек құқығында жалақының құқықтық маңызын ашып қарастыру, сонымен қоса жалақының құқықтық ретелуін сипаттау.

Жоспары:


1. Жалақы ұғымы.

2. Жалақыны реттеу әдістері.

.3. Жалақылар жүйесі.
жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау