«Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ»


Еңбек даулары жөніндегі келісі комиссиясы



жүктеу 2,34 Mb.
бет9/11
Дата14.11.2017
өлшемі2,34 Mb.
#331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

13.3. Еңбек даулары жөніндегі келісі комиссиясы

Еңбек даулары жөніндегі келісім комиссиясы өзінің заңи табиғаты бойынша - шешімді қабылдау кезіндегі релі, саны бойынша бірдей тұрақты екілдерден қүрылатын әкімшілікпен кәсіподақтың тепе-теңдік органы.

Жеке еқбек дауларын еңбек дауы тараптарының етініші бойынша келісім комиссиясы қарайды.

Келісу комиссиясы тепе-теңдік негізінде жұмыс берушінің және қызметкерлердің өкілдерінің бірдей санынан қүрылады.

Келісу комиссиясының сандық құрамы, оның жұмыс істеутәртібі және келісім комиссиясы өкілеттігінің мерзімі жұмыс беруші мен қызметкерлердің арасындағы келіеім бойынша қызмет-керлердіц жалпы жиналысында (конференциясында) белгіленеді.

Келісу комиссиясының қызметкерлерден қүрылатын мүшелері қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) сайланады. Келісу комиссиясының жұмыс берушіден қүрылатын мүшелері жұмыс берушінің актісімен тағайындалады. Келісу комиссиясының мүшелері бірінші ұйымдастыру отырысында көпшілік дауыспен өз құрамынан төрага мен хатшыны сайлайды.

Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берген күнпен бастап жеті күндік мерзімде қарайды.

Қарау нәтижесі бойынша келісу комиссиясының шешімі қа-былданады, ол қабылданган күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтініш иесіне беріледі.

Жеке еңбек дауларын қарау жөніндегі органдарға жүгіну үшін мынадай мерзімдер белгіленеді:

жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша - жұмыс беру-шінің еңбек шартын бүзу туралы актісінің көшірмесі табыс етілген күннен бастап үш ай;

басқа еңбек даулары бойынша - қызметкер немесе жұмыс беруші өз құқығының бүзылғаны туралы білген немесе білуге тиісті күннен бастап бір жыл.

Келісу комиссиясы, Еңбек Кодексте және Қазақстан Республи-касының өзге де заңдарында қараудың өзгешетәртібі белгіленген дауларды қоспағанда, ұйымдарда туындайтын еңбек дауларын қарау жөніндегі орган болып табыладььі

Егер қызметкер келіспеушіліктердіжұмыс берушімен арадағы өзі немесе өз өкілі қатысатын тікелей келіссөздер барысында реттемеген болса, еңбек дауын келісу комиссиясы қарайды7.

Келісу комиссиясына келіп түскен өтініш аталған комиссияда міндетті түрде тіркелуге тиіс.

Келісу комиссиясы еңбек дауын өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде қарауға міндетті.

Дау өтініш берушінің немесе ол увкілеттік берген өкілдің қатысуымен қаралады. Дауды қызметкердің немесе оның өкілінің қатысуынсыз қарауға тек оның жазбаша өтініші бойынша ғана жол беріледі. Қызметкер немесе оның өкілі аталған комиссияның оты-рысына келмей қалған жағдайда, еңбек дауын қарау кейінге қал-дырылады. Қызметкер немесе оның өкілі дәлелді себептерсіз екінші рет келмей қалған жағдайда, келісім комиссиясы мөселені қарау-дан алып тастау туралы шешім шығаруы мүмкін, мүның өзі қыз-меткерді Еңбек кодексінде белгіленген мерзім шегінде еңбек дауын қарау туралы қайтадан өтініш беру құқығынан айырмайды. Келмеу қалудың себептерін делелді деп танығанда келісім комиссиясы істі мөнісін қарап шешім шығарады. Өр отырыста хаттама жүргізіледі, оған тараптар қол қояды.

Келісу комиссиясының отырысы оған қызметкерлер атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы және жұмыс беруші атынан өкілдік ететін мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда, заңды деп есептеледі.

Келісу комиссиялары: ауыстыру және жұмыстан шығару, еңбек ақыны төлеу, кепілдіктер мен өтемақылар, жұмыс уақыты мен демалу уақыты, тәртіптік және материалдық жауапкерші-лікті, еңбекті қорғау және т.б. сүрақтарды қарастырады.

Келісу комиссиясы отырысқа куәгерлерді шақыртуға, маман-дарды шақыруға құқылы. Бүл тұлғалар отырысқа, қалай дау тараптарының етінішімен, солай келісім комиссиясының бастама-сымен шақырыла алады. Отырысқа келмеген куөгерлерге, маман-дарға, сарапшыларға және басқа түлғаларға келісім комиссиясы қандай да бір межбүрлеу шараларын қолдануға құқығы жоқ. Комиссияның талап етуі бойынша ұйымның басшысы оған қажетті құжаттарды белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті. Қызметкер немесе жұмыс берушінің (оның өкілі) өтінішімен келісім комис-сиясы құрамына қарсылық білдіру мүмкін, егер қарсылық білдіру туралы өтініш келісім комиссиясының отырысы алдында немесе еңбек дауын қарау барысында берілсе. Қарсылық білдіру туралы өтініш және келісім комиссиясының шешімдері делелді болуы керек (комиссия мүшесінің істің нетижесінде мүдделі болуы, өтініш берушімен жақтырмаушылық қатынастары және т.б.).

Келісу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен шешім ңабылдайды. өтініш берушінің немесе комиссия мүшелерінің бірінің талап етуі бойын-ша дауыс беру жасырын еткізіледі.

Келісу комиссиясының шешімінде:

ұйымның (бөлімшенің) атауы, комиссияға жүгінген қызмет-кердіңтегі, аты, екесінің аты, лауазымы, кесібі немесе мамандығы;

комиссияға жүгінген күн мен дауды қарау күні, даудың мені;

комиссия мүшелері мен отырысқа қатысқан басқа да адам-дардың тегі, аты, екесінің аты;

шешімнің мені және оның негіздемесі (заңға, өзге де норма-тивтік құқықтық актіге сілтеме жасай отырып);

дауыс беру нөтижелері көрсетіледі.

Келісу комиссиясы шешімінің тиісінше расталған кешірмелері шешім қабылданған күннен бастап үш күн ішінде"ұйымның қызметкері мен басшысына беріледі.Келісу комиссиясының шешімі онда белгіленген мерзімде орындалуға тиіс және қандай да бір бекітуді кажет етпейді.

Комиссияның шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда қызметкер немесе жұмыс беруші еңбек дауын шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқылы.Нақты еңбек дау бойынша келісу комиссиясы қызметкер талаптарын толық немесе жартылай қанағаттандыру туралы, немесе қызметкер талаптарын қанағаттандырудан жартылай бас тарту, немесе келісімге келмеу туралы шешімді қабылдайды.

Ал енді ұжымдық еңбек даудың тараптары:жұмыс беруші (жұмыс берушілер);бірнеше ұйымның, филиалдың, өкілдіктің қызметкерлері.

Ұжымдық еңбек даудың басталу кезі жұмыс берушінің қыз-меткерлер талаптарының барлығын немесе жартысын қабылдамау туралы шешімін жариялау күні немесе жұмыс берушімен берілген мерзімде қызметкерлердің талаптарына қатысты шешім щығар-мағанда, және де ұжымдық келіссөздер барысында хаттама жасал-ған күні.

Қызметкерлердің талаптары жалпы жиналыста көпшілік дауысымен жасалып, бекітіледі.

Талаптарды жасаумен бірге қызметкерлер өзі уәкілеттік берген өкілдерді ұжымдық еңбек дауын шешуде қатысуға сайлайды.

Жиналыста хаттама жүргізіледі, шешімде қызметкерлердің талаптары нақты түжырымдалады. Ұжым қойған талаптар жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі.

Жұмыс беруші еңбек ұжымы қойған талаптарды олар алынған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей қараудың мәні бойынша келісімге қол жеткізуге өрекет жасауға, ал аталған мерзім ішінде келісімге қол жетпеген жағдайда дауды одан өрі қарау үшін өз өкілдерінің жеке құрамын көрсете отырып өзінің шешімі мен үсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымының назарына жеткізуге міндетті.

Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен еңбегіне ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, қызметкерлер мен жұмыс берупгінің, жұмыс берушілер бірлестігінің арасындағы ұжымдық іііарттар мен келісімдерді жасасу, өзгерту және орындау мөселелері жөніндегі талаптары қызметкерлердің жалпы жиналысында (конференциясында) ұйым қызметкерлері жалпы санының кемінде жартысы болған кезде жиналысқа (конференцияға) қатысушылардың көпшілік даусымен түзіледі және бекітіледі.

Қызметкерлердің талаптары жазбаша түрде жазылады және жұмыс берушілерге, жұмыс берушілердің бірлестіктеріне жалпы жиналыс (конференция) өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзімде жіберіледі.

Аталған талаптарды өртүрлі жұмыс берушілердің қызметкерлері қойған жағдайда, бүл талаптарды кәсіптік одақтардың салалық немесе өңірлік бірлестіктері не қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды түлғалар үсынуы мүмкін.

Жұмыс беруші, жұмыс берушілердің бірлестігі қызмет-керлердің талаптар қою жөнінде жиналыс (конференция) өткізуіне кедергі келтіруге өсер ететін қандай да болмасын араласудан қалыс қалуға міндетті.

Жұмыс беруші тарапынан қызметкерлер талаптарын қанағат-тандырудан бас тартқан жағдайда немесе одан белгілі мерзімде жауап алмағанда дау, бітімгерлік рәсімдерін қолданатын сатыға көшеді.

Еңбек кодексіне сәйкес бітімгерлік рөсімдері - ұжымдық еңбек дауын алғашында - бітімгерлік комиссиясында, ал онда келісімге қол жетпеген кезде еңбек төрелік сотында өз кезегімен қарау.

Бітімгерлік комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бітімге келтіру жолымен реттеу үшін жұмыс берушілер мен қыз-меткерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша қүрылатын орган.

Жұмыс беруші өз шешімін еңбек ұжымының назарына жеткізген, не Еңбек кодексінің 292-бабына сәйкес жұмыс беруші хабарламаған күннен бастап күнтізбелік үш күн мерзім ішінде бітімгерлік комиссиясы қүрылады.

Бітімгерлік комиссиясы еңбек ұжымының талаптарын озі құрылған күннен бастап күнтізбелік жеті күннен аспайтын мерзімде қарайды.

Бітімгерлік рәсімі процесінде комиссия еңбек ұжымымен, жұмыс берушімен, жергілікті атқарушы органмен, өзге де мүдделі ұйымдармен кеңеседі.

Комиссия шешімі келіссөздер негізінде тараптар арасындағы келісім бойынша қабылданады, тараптардың өкілдері қол қоятын хаттамамен ресімделеді және оның тараптар үшін міндетті күші болады.

7 күндік белгіленген мерзімде бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда бітімгерлік комиссиясының жұмысы тоқтатылады, ал дауды шешу үшін еңбек төрелігі қүрылады.

Еңбек арбитражы - бітімгерлік комиссиясында келісімге қол жетпеген жағдайда, дауды шешу үшін уәкілетті тұлғаларды тарта отырып ұжымдық еңбек дауына қатысушы тараптар қүратын, уақытша жұмыс істейтін орган.

Еқбек арбитражын ұжымдық еңбек дауының тараптары бітімгерлік комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық, салалық немесе өңірлік комиссия мүшелерінің қатысуымен қүрады

Еңбек арбитражы мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қараудың тәртібі тараптардың келісімімен белгіленеді. Еңбек арбитражы кемінде бес адамнан қүрылуга тиіс. Еңбек арбитражының құрамына қогамдық бірлестіктердің өкіл-дері, мемлекеттік еңбек инспекторы, мамандар, сарапшылар мен басқа да адамдар енгізіледі.

Еңбек арбитражының төрагасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан сайлайды.

Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің де қатысуымен қарайды.

Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткізеді.

Еңбек арбитражының шешімі құрылған күңінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім дөлелді ері жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерінің барлығы ңол қоюға тиіс.

Бітімгерлік комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптарының келісіміне қол жеткізілмеген кезде, заң бойынша ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда, еңбек арбитражы міндетті түрде қүрылуға тиіс.

Ұжымдық еңбек дауының тараптары еңбек арбитражының шешімін орындауға міндетті болады.

Ұжымдық еқбек дауының тараптары арасында дауды делдал-дың қатысуымен немесе онсыз шешу туралы келісімге қол жеткі-зілген барлық жағдайларда аяқталмай қалған бітімгерлік рәсімдері тоқтатылады, ал тараптар арасындағы келісімнің талаптары дауды шешудің талаптары деп есептеледі.

Ұжымдық еңбек дауының тараптары қол жеткізген келісімдер жазбаша түрде ресімделеді.

Тараптар арасында даудың шешілуі туралы келісімге қол жеткізу, егер ереуіл жарияланған болса, оның тоқтатылуына әкеп соғады.

Бітімгерлік комиссиясының мүшелері ұжымдық еңбек дауын шешу жөніндегі келіссөздерге қатысқан уақытта орташа жалақысы сақтала отырып, негізгі жұмысынан босатылады.

Қызметкерлердің, олардың бірлестіктерінің ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысатын өкілдері ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тәртіптік жазаға тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды немесе солардың өкілдік етуіне уәкілеттік берген органның алдын ала келісімінсіз жұмыс берушінің бастамасы бойынша олармен еңбек шарты бүзылмайды.

Тараптардың ешқайсысы бітімгерлік ресімдерге қатысудан жалтаруға құқылы емес.

Бітімгерлік комиссиясы, еңбек арбитражы реттей алмаған ұжымдық еңбек дауындағы келіспеушіліктер жазбаша түрде тараптардың назарына жеткізілуге тиіс.

Егер жұмыс берушінің өкілі өкілеттіктерінің жеткіліксіз болуына байланысты ұжымдық еңбек дауы тараптарының келіспеушіліктерін реттеу мүмкін болмаса, қызметкерлердің талаптары ұйымдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, мүлкінің меншік иелері шетелдік жеке немесе заңды түлғалар болып табылатын ұйымдардың не шетелдік қатысуы бар ұйымдардың мүлік меншік иелеріне, қүрылтайшыларына (қатысушыларына) немесе акционерлеріне табыс етіледі.

Жоғарыда көрсетілген ресімдердің нетижелерімен келіспеген жағдайда, қызметкерлер өз мүдделерін қорғаудың заңда көзделген, ереуіл өткізуге дейінгі өзге де барлық тесілдерін пайдалануға құқылы.

Ұжымдық еңбек дауын қараудың кез-келген сатысында тараптар делдалға жүгіне алады. Делдалдық рәсім бітімгерлік комиссиясындағы, еңбек арбитражындағы бітімгерлік рәсімдерге қарағанда дербес рәсім болып табылады және солармен қатар жүргізілуі мүмкін.

Ұжымдық еңбек дауларын делдалдың қатысуымен қарау тәртібін дауласушы тараптармен келісім бойынша делдал белгілейді.

Делдал ретінде тараптар өздері үшін беделді ұйымдарды және тараптарға қатысы жағынан бейтарап адамдарды таңдайды. Әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық немесе жергілікті жерлердегі үшжақты комиссия ұжымдық дауға қатысушы тараптардың келісімімен ұжымдық еңбек дауларын реттеу жөніндегі жұмысқа орталық және жергілікті жерлердегі атқарушы органдардың, қауымдастықтар мен басқа~да бірлестік-тердің, кәсіпорындардың, кәсіподақ органдарының басшылары мен қызметкерлерін, жұмыс берушілерді, сондай-ақ төуелсіз сарапшыларды тарта алады. Делдалдарды сайлаудың барлық жағдайларында олардан делдалдыққа келісім алынуға тиіс.

Өз бастамасымен делдалдықты құзыретті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар: министрліктер мен олардың жергілікті жерлердегі органдары, сондай-ақ олардьщ лауазымды адамдары, ғылыми қызметкерлер және тараптар үшін беделді басқа да органдар, ұйымдар мен адамдар үсына алады.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Еңбек дауларының ұғымын ашыңыздар.

Еңбек дауларының себептері қандай?

Еңбек дауларын қарайтын органдар.

4.Келісім комиссиясында дауларды шешу ресімдері қандай?

5.Жеке және ұжымдық еңбек даулардың пәні.

6. Ұжымдық еңбек дауларының шешу тәртібі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қағазов Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2011.

2. Айымханова Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2012

3. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2008. – 88с.




14 тарау. Жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастырудың құқықтық реттеуі

Тақырыптың мақсаты: Жұмыспен қамту мен жұмысқа орналастырудың құқықтық реттелуін қарастыру, жан – жақты сипаттама беру.

Жоспары:


1 Жұмыспен қамту ұғымы, маңызы және азаматтардың жұмыспен қамту облысындағы құқықтары

2. Жұмыссыздың құқықтық мертебесі

14.1 Жұмыспен қамту ұғымы, маңызы және азаматтардың жұмыспен қамту облысындағы құқықтары

Жұмыспен қамту туралы заңнама Қазақстан Республика-сының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығ,ы жоқ адамдарға қолданылады.

Жұмыспен қамту қатынастары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149-II «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның, ұжымдық шарттар мен келісімдер және өзге де нормативтік құқықтық актілер нормаларымен реттеледі.

Жұмыспен қамтылу - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне қайшы келмейтін жеке қажеттерін қана-ғаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі.

Кез келген әкімшілік немесе азаматтарды еңбекке межбүр­леудің басқа түрі тыйым салынады, заңдармен ескерілген жағдайдарды қоспағанда. Мысалы, Қазақстан Республикасынық Конституциясына (24 баптың 1 тармағы) сәйкес мәжбүрлі еңбекке тыйым салынған. Мөжбүрлі еңбекке тек сот үкімі бойынша, не төтенше соғыс жағдайлары жарияланған кездерде ғана жол беріледі.

Азаматтар жұмысынан айырылу (жұмыссыздық) жағдайына ерікті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.

Сонымен қатар, мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында:

1) кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кесіп
пен жұмысқа ие болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге;

2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауға;

3) уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау
мен жұмысқа орналасуда жердемдесуге кепілдік береді.

Заңнамалармен азаматтардың шетелде еңбек қызметіне қүқы-ғы ескерілген. Азаматтар өз бабымен жұмыс іздестіруге және шетелде жұмысқа орналасуға құқықтары бар.

Азаматтар жұмысынан айырылу (жұмыссыздық) жағдайына ерікті сақтандыру шартын жасасуға құқылы.

Соныменен, жұмыспен қамту саласындағы азаматтардың Құқықтары жұмысқа орналасуға мүқтаж азаматтардың дербес немесе еңбек бойынша өкілетті мемлекеттік органдар кемегімен кесіби дайындық ету және еңбек нарығының сүранысымен білік-тілігін жоғарылатуға нақты мүмкіндігі бар.

Заңнамалармен жұмыспен қамтылған халыққа жататын түлғалар шеңбері анықталған. Оларға:

1) Еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі), кірісі бар;

кәсіпкерлік қызметпен шүғылданатын;

өз бабымен жұмыспен айналысатын;

қосалқы кәсіпшілікпен айналысатын және өнімді шарттар бойынша өткізетін;

жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойын-ша орындайтын азаматтар, сондай-ақ өндірістік кооперативтердің (артельдердің) мүшелері;

ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;

Қазақстан Республикасының қарулы Күштерінде, үлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық үланда, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де ескери қүралымдарда қызмет өткеріп жүрген азаматтар жатады.

Берілген тізімнен жұмыспен қамтылу өзіне азаматтардың барлық қоғамдық пайдалы қызмет түрлерін қосатының байқауға болады.

Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді. Нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген жвне елеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде жұмыспен қамтылу зақымен белгіленген адамдар топтары.

Нысаналы топтарға:

табысы аз адамдар;

21 жасқа дейінгі жастар;

балалар үйлерінің төрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

кәмелетке толмаған балаларды тербиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, кемекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);

мүгедектер;

Қазақстан Республикасының қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

бас бостандығынан айыру жвне (немесе) мөжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

оралмандар жатады.

Жергілікті атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен жергілікті бюджеттің қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың бүған қосымша тізбесін, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілей алады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қызметкерлер мен жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарлары негізінде халықты жұмыспен қамтудың:

халықты жұмыспен қамту деңгейін өсіруге ынталандыратын шараларды;

жұмыс күшіне сүраныс пен үсынысты теңдестіру жөніндегі шараларды;

халықтың әлеуметтік қолдауға мүқтаж нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды;

қосымша жұмыс орындарын ашатын шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды;

еңбек рыногындағы қажеттілікті ескере отырып, жұмыссыздарды көсіби даярлау мен қайта даярлаудың икемді жүйесін ұйымдастыруды;

6) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен жетілдіруді;

жұмыспен қамтудың аймақтық проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлін арттыру жөніндегі шараларды;

жұмыспен қамтуды реттеу және еңбек рыногы мөселелерінде уәкілетті органның қызметін жұмыс берушілермен, қоғамдық бірлестіктермен, еңбек делдалдығымен айналысатын жеке жұмыспен ңамту агенттіктерімен ұштастыруды;

жұмыспен қамту мөселелері жөніндегі деректердің ақпараттық базасын жетілдіруді;

инвестициялық бағдарламаларды өзірлеген кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере отырып, қосымша жұмыс орындарын ашуды көздейтін бағдарламаларын езірлейді және бекітеді.

Халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары және Қазақстан Республикасьшың заңдарына сәйкес өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Жоғарыда айтылғандай, азаматтар қоғамдық жұмыстарда қатысуға құқықтары бар. қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады және олар республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан және жұмыс берушілердің өтінімі бойынша солардың қаражатьшан қаржыландырылады.

Азаматтардық қоғамдық жұмыстарға қатысуы тіркелген күніне сәйкес кезектіліктәртібімен жүзеге асырылады. Нысаналы топтарға кірген жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарға басым төртіппен қатысу құқығы бар.

Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дөлелсіз себептермен өз қалауы бойынша тоқтатқан жұмыссыздар уәкілетті органда қайтадан тіркелген күннен бастап үш ай өткеннен кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қайтадан жіберілуі мүмкін.

Қоғамдық жұмыстар уақытша жұмыс орындарын ашу жолы-мен ұйымдастырылады және олардың мынадай ерекшеліктері болады:

1) жұмыссыздарға өдейі арналған;

жұмыс орындарының саны іс жүзінде шектелмейді, жұмыс уақытша сипатта болады және оларды ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос қызмет орындарын пайдалануға бол-майды;

жұмысты толық емес жұмыс күні жағдайында және икемді график бойынша ұйымдастыру мүмкіндігі болады;

аймақ үшін экономикалық, елеуметтік және экологиялық пайдасы болады;

арнаулы білімі жоқ адамдардың уақытша жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

Жергілікті атқарушы органдардық шешімі бойынша:



1) қоғамдық жұмыстарға сүраныс пен үсыныс айңындалады;

2) аймақтардағы ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстар-


дың түрлері, кәлемі мен нақты жағдайлары, қатысушылардың
еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру
көздері бекітіледі.

Авариялар, дүлей зілзалалар, апаттар және басқа төтенше жағдайлар зардаптарын жедел жою қажеттілігіне байланысты қызмет түрлері қоғамдық жұмыстарға жатпайды.

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдарға еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заң актілері қолданылады.

Халықты жұмыспен қамтылу Заңы қылмыстық заңдарда көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастарды реттемейді.


жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау