«Қазақстан республикасының ЕҢбек қҰҚЫҒЫ»


Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі



жүктеу 2,34 Mb.
бет7/11
Дата14.11.2017
өлшемі2,34 Mb.
#331
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

10.2. Ішкі тәртіп. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі.

Ұйымдардың ішкі еңбек тәртібі деп еңбек функциясын орындап қызметкер еңбектенетін ұйымның ішінде орнатылған тәртіп түсініледі. Ол өзіне қызметкер мен меншік иесі тапсыр­масымен ұйымдаеңбек үрдісінде қызметкерлер арасындағы қарым-қатынасты басқаратын әкімшілікпен өзара қарым - қатынасын реттейтін тәртіпті қосады.

Ішкі еңбектәртібінің өте маңызды элементтері: қызметкер-лердің және әкімшіліктің негізгі құқықтары мен міндеттері, қызметкерлердің жұмыс уақытыныңтәртібі, оларды мадақтау тәртібі және жауапкершілікке тарту болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің құқықтық жағдайы ең алдымен ұйым үсынуымен қызметкерлердің жалпы жиналысымен бекітілетін ішкі еңбек тәртіп ережерімен анықталады.

Тәртіптік жауапкершілік – тәртіптік теріс қылықтарды жасаған үшін жауапкершілік. Еңбек Кодексінде көзделмеген тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді.

Тәртіптік жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етілуі тиіс. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы, тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда тиісті акт жасалады.д

Еңбек Кодексінің 73-бабы және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тәртіптік жаза қызметкерге тәртіптік теріс қылық анықталғаннан кейін тікелей, бірақ ол аньіқталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады. Тәртіптік жазаны - тәртіптік теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан асқаннан кейін, ал Қазақстан Республикасының звңдарында белгіленген немесе ревизия немесе жұмыс берушінің ңаржы-шаруашылық қызметін тексеру нөтижелері бойынша тәртіптік теріс қылығы анықталған жағдайларда қызметкер тәртіптік теріс қылық жасаған күннен бастап бір жылдан асқаннан кейін колдануға болмайды. Көрсстілген мерзімдсрге қылмыстық іс бойынша іс жүргізу уаңыты кірмейді.

Қызметкердің еңбекке уақытша ңабілетсіздігіне, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттер орындау үшін жұмыстан босатылуына, демалыста, іссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында тәртіптік жаза қолдану мерзімінің барысы тоқтатыла тұрады және тәртіптік жаза қолдану туралы актісі шығарылмайды.

Әрбір тәртіптік теріс қылығы үшін бір ғана тәртіптік жаза қолданылуы мүмкін.

Тәртіптік жаза қолдану туралы акті шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде тәртіптік жазаға тартылған қызметкерге қолын қойғызып хабарланады. Қызметкер жұмыс берушінің актісімен танысқанын қол қойып растаудан бас тартқан жағдайда, тәртіптік жаза қолдану туралы актіде ол туралы тиісті жазба жасалады. Қызметкерді жұмыс берушінің тәртіптік жаза қолдану туралы актісімен жеке таныстыруға мүмкіндік болмаған жағдайда жұмыс беруші актіні қызметкерге хабарламалы хатпен жіберуге міндетті.

Тәртіптік жаза қолданылған жағдайда жұмыс беруші жасалған теріс ерекеттің ауырлығын, оның жасалу мән-жайларын, қызметкердің соның алдындағы мінез-қүлқын, еңбекке көзңа-расын, сондай-ақ тәртіптік жазаның жасалған теріс өрекеттің ауырлығына сәйкестігін ескеруге тиіс.

Тәртіптік жазаға еңбек дауларын қарау үшін белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Тәртіптік жазаның қолданылу мерзімі оны қолданған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс. Егер осы мерзім ішінде қызметкер жаңа тәртіптік жазага тартылмаса, ол тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі.

Қызметкерге тәртіптік жаза қолданған жұмыс беруші оны ез бастамасымен, қызметкердің немесе оның тікелей басшысының өтініші бойынша, қызметкерлер мен олардың өкілдерінің өтініш жасауы бойынша мерзімінен бұрын алып тастауға құқылы.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Еңбектәртібінің ұғымы және мазмүның қалай түсінесіз?

2. Еңбектәртібін қамтамасыз ететін қандай әдістерді
білесіздер?

3. Ішкі еңбек тәртібінің ұғымы және элементтері .

4. Жұмыстағы табыстар үшін мадақтаудыц қандай түрлерін
білесіз?

Тәртіптік теріс қылық деп нені түсіну керек?

Тәртіптік жауапкершіліктің қандай түрлерін білесіздер?

Тәртіптік жазаларды салу тәртібі.



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қағазов Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2011.

2. Айымханова Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2012

3. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2008. – 88с.



11 тарау. Материалдық жауапкершілік.

Тақырыптың мақсаты: материалдық жауапкершілік ұғымына сипаттама беру, толық материалдық жауапкершілікті жан – жақты қарастыру.

Жоспары:


1. Материалдық жауапкершілік ұғымы. Толық материалдық жауапкершілік.

2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды етеудің тәртібі және оны анықтау.


11.1. Материалдық жауапкершілік ұғымы. Толық материалдық жауапкершілік.

Материалдық жауапкершілік - қызметкердің жұмыс берушінің алдында істеген мүліктік құқық бүзушылық үшін жауап беру міндеті және келтірген зиянды заңмен орнатылған мөлшер мен тәртіпте өтеу.

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттарды жұмыс беруші он сегіз жасқа толған, өндіріс процесінде өзіне берілген қүндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (босатуға), тасымалдауға немесе қолдануға тікелей байланысты қызметті атқарушы немесе жұмысты орындаушы қызметкермен жасасуы мүмкін.

Мүндай қызметтер мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы үлгі шарт ұжымдық шарттарда бекітіледі.

Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарап оны Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкер мен жұмыс берушінің материалдық жауапкершілігі нақтылануы мүмкін.

Еңбек шартының залал (зиян) келтірілгеннен кейін тоқтатылуы еңбек шарты тарапын басқа тарапңа келтірілген залалды (зиянды) етеу жөніндегі материалдық жауапкершіліктен босатуға өкеп соқпайды.

Еңбек шарты тарапының еқбек шартының басқа тарапына өзі келтірген залал (зиян) үшін материалдық жауапкершілігі, егер Еқбек Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге заңда-рында езгеше көзделмесе, қүқыңа қарсы кінөлі мінез-қүлық (әрекет немесе әрекетсіздік) нөтижесінде келтірілген залал (зиян) үшін және құқыққа қарсы кінәлі мінез-қүлық пен келтірілген залал (зиян) арасындағы себепті байланыс үшін басталады. (Жұмыс беруші қызметкер алдында:

1) қызметкерді өз жұмыс орнында еңбек ету мүмкіндігінен
заңсыз айыру арқылы келтірілген залал үшін;

2) қызметкердің мүлкіне келтірілген залал үшін;

3) қызметкердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиян үшін материалдық жауаптылықта болады.

Қызметкер жұмыс берушінің алдында:

жұмыс берушінің мүлкін жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген залал үшін;

қызметкердің әрекеті (әрекетсіздігі) нөтижесінде туындаған залал үшін материалдық жауаптылықта болады.

Қызметкер мен жұмыс беруші ұжымдық шартта, еқбек шартында белгіленген басқа жағдайларда өзара материалдық жауаптылықта болады.

Қызметкер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыс орнына жіберілмеген, еңбек шартының ережелері біржақты өзгертілген, қызметкер жұмыстан шеттетілген, еңбек шарты негізсіз бүзылған жағдайда, жұмыс беруші қызметкердің алмай қалған жалақысы мен оған тиесілі өзге де телемдерді оған етеуге міндетті.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің қызметкерлер өкілдерімен келісілген актілерінде қызметкерді еңбек ету мүмкіндігінен заңсыз айыру арқылы келтірілген залалды жұмысі берушінің етеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі мүмкін.

Қызметкердің мүлкіне залал келтірген жұмыс беруші оны еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес толық келемде етеуге міндетті.

Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілгенде жұмыс беруші қызметкерге келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында кезделген көлемде өтеуге міндетті.

Қызметкердің еңбек міндеттерін атқаруына байланысты оның өміріне және (немссе) денсаулығына кезделген зиян қызметкерде сақтандыру төлемдері болмаған кезде толық келемде өтеледі. Саңтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру сомасы меи зиянның нақты мелшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті.

Жұмыс берушілердің қызметкерлердің өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

Қызметкердің жұмыс берушіге залал келтіргені үшін материалдық жауапкершілігі Еңбек Кодексте кезделген жағдайларда және мөлшерде басталады.

Қызметкер жұмыс берушіге келтірілген тікелей нақты залалды етеуге міндетті.

Егер залал ескерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті қорғаныстың, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, қызметкердің жұмыс берушіге келтірілген залал үшін жауапкершілігі жойылады.

Қызметкерге қалыпты өңдірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін залал үшін жауапкершілік жүктеуге жол берілмейді.

Жұмыс беруші қызметкерлердің қалыпты жұмысы және оларға сеніп тапсырылған мүліктің толық саңталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.

Тікелей нақты залал деп жұмыс берушінің бар мүлкінің азаюы немесе аталған мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта болса, үшінші түлға-лардың жұмыс берушіде жатқан мүліктерінің) жай-күйінің нашар-лауы, сондай-ақ жұмыс берушінің мүлікті сатып алу немесе қалпына келтіру үшін шығындалуына не артық төлем төлеуіне деген қажеттілігі түсініледі.

Қызметкер келтірілген залал үшін, егер Еңбек Кодексінде өзге-ше көзделмесе, өзінің орташа айлық жалақысы шегінде материал-дық жауаптылықта болады.

Келесідей жағдайларда жұмыс берушіге келтірілген залалдың толық мелшеріндегі материалдық жауапкершілік қызметкерге жүктеледі.:

қызметкерге толық материалдық жауапкершілікті өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде берілген мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;

қызметкер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да бағалы заттардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;

алкогольдік, нашақорлық немесе уытқүмарлық масаңдық (соларға үқсас) жағдайда залал келтірілген;

материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды әзірлеу кезіндегіні қоса алғанда, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға берген қүрал-саймандар, елшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе қасақана бүлдірілген;

қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен расталған заңсыз іс-әрекеттерінен залал ке лтірі лгенде.

Өндіріс процесінде өзіне берілген мүлік пен қүндылықтарды сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе өзге де пайдалануға байланысты лауазым атқаратын немесе жұмыстар орындайтын қызметкер және жұмыс беруші қызмет-керге берілген мүліктің және басқа да қүндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкердің толық жеке материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.

Өндіріс процесінде ездеріне берілген мүлік пен қүндылықтарды сақтауға, еңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға, қолдануға немесе езге де пайдалануға байланысты, келтірілген залал үшін әрбір қызметкердің материалдық жауапкершілігінің аражігін ажырату мүмкін болмайтын жұмыстарды бірлесіп орындайтын қызметкерлер және жұмыс беруші қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да қүндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін қызметкерлердің толық ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілігі туралы жазбаша нысанда шарт жасасады.

Толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкер-шілік туралы шарттар еңбек шартын жасасу кезінде де, еңбек шартына қосымша ретінде де жасалуы мүмкін.

Қызметкерлерге берілген мүліктің және басқа да қүндылық-тардың сақталуын қамтамасыз етпегені үшін толық жеке және ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарттар жасалуы мүмкін қызметкерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материал-дық жауапкершілік туралы үлгілік шарт ұжымдық шартпен (ол бар болған кезде) немесе жұмыс берушінің актілерімен бекітіледі.



11.2. Материалдық жауапкершілік жағдайында келтірілген зиянды етеудің тәртібі және оны анықтау.

Еңбек шартындағы басқа тарапқа зиян келтірген тарап оны Еңбек кодексі және езге де заң актілеріне сәйкес сот шешімі негізінде не ерікті түрде етейді.

Еңбек шартында осы шарт тараптарының материалдық жауапкершілігі нақтыланады.

Егер қызметкер өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқа-руына байланысты жұмыс берушінің кінесінен жарақат алса немесе денсаулығына өзге де зақым келіи, соның салдарынан ол еңбек қабілетін толық немесе ішінара жоғалтса, жұмыс беруші қызметкерге сақтандыру өтемі теленбейтін кезде оған келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық акті-лерінде көзделген тәртіп пен жағдайларда өтеуге міндетті.

Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына және ұйымның мүлкіне келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі сақтандырылуға тиіс.

Еңбек шартының басқа тарапқа залал (зиян) келтірген тарапы оны Еңбек Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мөлшерде сот шешімінің негізінде не ерікті түрде өтейді.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

І.Еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі ұғымы.

2. Материалдық жауапкершіліктің туындау жағдайлары.

3. Қызметкерлердің ұйымға келтірген зиян үшін материалдық


жауапкершіліктің түрлері.

4. Толық материалдық жауапкершілік жағдайларын көрсетіңіз.

5. Толық заттық жауаптылық оқиғаларын келтіріңіздер.

6. Еңбек міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен


денсаулығына және ұйымның мүлкіне келтірілген зиян үшін
жұмыс берушінің жауапкершілігі.

7. Зиянды материалдық жауапкершілікте өтеу



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Қағазов Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2011.

2. Айымханова Қ.Р. Еңбек құқығы., Алматы 2012

3. Кузярина А.С., Берешев С.Х. Трудовое законодательство РК в вопросах и ответах. Алматы: ТОО Баспа, 2008. – 88с.

тәртібі.
12 тарау. Еңбекті қорғау.

Тақырыптың мақсаты: еңбек құқығында еңбекті қорғау аспектісін қарастыру, ұғымы және қағидаттарына талдау жасау.

Жоспары:


1. Еңбекті қорғау ұғымы және қағидаттары

2. Еңбекті қорғаудағы мемлекеттік басқару.



3. Жазатайым оқиғаларды тексеру мен есебі.

4. Жазатайым оқиғаларды рәсімдеу және тіркеу.


12.1. Еңбекті қорғау ұғымы және қағидаттары.

Еңбекті қорғау дегеніміз құқықтың, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен қүралдарды қамтитыи, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

Құқықтық аспектіде еңбекті қорғауды екі бағытта қарастыру керек: 1) қызметкерлердің қауіпсіз еңбек лсағдайларына субъективті құқығы, яғни еңбек құқықтық қатынасының элементі ретінде; 2) еңбек құқығының ерекше бөлімінің, еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, нормалар тобын біріктіретін ңүңықтың институт ретінде.

Еңбектік құқықтық қатынас ретінде, еңбекті қорғау дегеніміз қызметкерлердің кәсіпорын (ұйым) әкімшілігінен өздерінің денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуді талап ету құқығы, яғни еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру және кәсіпорынмен (ұйыммен) осы мақсаттарға қүралдар мен тәсілдер бөлу.

Қызметкерлердің кәсіпорындарда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларына еңбек құқықтық қатынасының элементі ретіндегі субъективті құқықты салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігіне келесі міндеттер жүктеледі: өндірістік мертігудің алдын алатын техникаиың қазіргі қүралдардын енгізу; қызметкерлерде көсіби аурулардың пайда болуын алдын алатын санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету, өндірістік ғимараттар салған және қолданған кезде еңбекті қорғау талаптарын сақтау.

Еңбек құқығының институты ретінде еңбекті қорғау - қызмет-керлердің өмірімен денсаулығына қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған жиынтық нормалары.

"Еңбекті қорғау" құқықтық институты жұмыс беруші мен қызметкердің еңбектің қауіпсіздігі және гигиена мөселелері бойынша құқықтары мен міндеттерін орнататын және де оЛарды нақты­лайтын нормаларды қосады: еңбекті қорғау бойынша ережелер мен нұсқаулар; ауыр, зиянды немесе қауіпті жағдайларда істейтін адамдарға өтемдер мен жеңілдіктер туралы арнайы нормалар; өйелдер, көмелетке толмаған және еңбекке төмен қабілеттілігі адамдардың еңбегін қорғау туралы.

Кәсіпорындармен, мекемелермен, кооперативтермен, фермерлік (шаруа) шаруашылықтарымен және меншігі мен шаруашы-лык жүргізуі өртүрлі түрпаттағы ұйымдармен (Бүдан өрі - "кәсіпорындар" деп аталады), оның ішінде жекелеген жалдаушылар мен еңбек қатынасында тұратын барлық қызметкерлер; кооператив мүшелері, өндірістік практикадан және өндірістік оқудан өтуші жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары; ескери қызмет атқаруға қатысы жоқ жұмысқа тартылған ескери қызметшілер; Үкімнің орындалуын бақылайтын органдар белгілейтін кәсіпорындарындағы жұмыс кезінде сот үкімінен жаза өтеп жатқан адамдар, сондай-ақ қоғам мен мемлекет мүддесі үшін ұйымдастырылған еқбек қызметінің кез-келген түріне қатысушылар еңбекті қорғауға құқылы.



12.2. Еңбекті қорғаудағы мемлекеттік басқару.

Еңбекті қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыруды реттейтін нормаларға, мазмұнында әкімшіліктердің келесі міндеттері жататын ережелер: а) еңбекті қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру; б) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы белімінің жұмысын еқбек ұжымы, мемлекеттік еңбек инспекторларымен қызметкерлерге салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, өңдірістегі жазатайым оқиғаларын алдын алу.

Ережелердің көпшілігінде бір уақытта қауіпсіздік техника нормалары және өңдірістік санитарияның нормалары болады.

Қауіпсіздік техникасы деп қызметкерлерге әсер ететін қауіпті өңдіріс факторларын, яғни зақымға немесе басқа денсаулықтың кенет езгеруіне екелетін факторларды алдын алу ұйымдық шаралар және техникалық қүралдар жүйесі аталады.

Өндірістік санитария деп қызметкерлерге әсер ететін қауіпті өңдіріс факторларын, яғни ауруға немесе жұмысқа қабілеттілікті темендетін факторларды алдын алу немесе азайтатын ұйымдық шаралар және техникалық қүралдар жүйесі аталады

Еңбекті қорғау облысының мемлекеттік басқару жүйесінде орталық қадағалау мен бақылау органдары ескерілген.

Мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға екілетті орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болады. Еңбек туралы заңдар, соның ішінде еңбекті қорғауды орындалуын көрсетілген министрліктіқ мемлекеттік инспекторлары тікелей бақы-лауды жүзеге асырады.

Еңбек туралы заңдар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік еңбек инспекторлары берген нүсқа-малар меншік нысандарьгаа қарамастан барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті.

Егер бүзушылықта кінәлі адам еңбек инспекторының актісімен келіспесе, екі инстанцияға шағым жасай алады:

жоғары тұрған инпекторға;

сотқа.

Шағым жасау берілген үйғарымдардың орындалуын тоқтата түрмайды.



Қадағалау мен бақылау өзімен қүзырлы органдардың қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған іс-әрекетін білдіреді. Көрсетілген іс-әрекет үрдісінде аталған органдар жұмыс беруші және онымен уәкіл етілген түлғалар еңбек заңдарын бүзуын алдын алады және айқындайды, қызметкерлердің еңбек құқықтарын қалпына келтіреді және осы құқықтарды бүзуда кінөлілерді жауапкершілікке тартады.

Еңбек заңдарының сақталуын қадағалау жұмыс берушінің шешімдерін заңдылыгын тексеруді білдіреді.

Бақылау мен қадағалаудың түрлері: бәрінен бұрын қызметкердің конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақталуын қадағалауды қажет ететін мемлекеттік, соттық, прокурор-лық қадағалау және қоғамдық бақылау.

Ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасыныц сақталуын мемлекеттік бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Мемлскеттік еңбек инспекциясынық кызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, өділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:

ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету;

қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын сақтауды және қор-ғауды қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мөселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бүзушылықтардың анықталуына қарай мемлекеттік еңбек инспекторы мынадай актілер:



1) нүсқама: Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарын бүзушылықтарды жою туралы; жарақаттану қаупі бар және авариялық жағдайлардың туын-дауын болғызбау үшін өндірістік объектілер мен жабдықтардағы, сондай-ақ өндірістік процестердегі еңбек қауіпсіздііі және еңбекті қорғау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы; жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындары мен жабдықтардың пайдаланылуына және түтас алғанда ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата түру) туралы нүсқама шығарады (жасайды). Бүл ретте ұйым қызметіне тыйым салу (оны тоқтата түру) туралы акт сот шешімі шығарылғанға дейін қолданылады;

2) екімшілік құқық бүзушылық туралы хаттама;

3) әкімшілік құқық бүзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы қаулы;

. 4) әкімшілік құқық бүзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарады.

Мемлекеттік еңбек инспекторының актілері жұмыс берушілер мен лауазымды адамдардың тексеруді жүзеге асыру барысында белгілі болған (анықталған) еңбек заңнамасының талаптарын бүзушылықтарына ықпал етудің құқықтық шаралары болып табылады. Актілер екі дана етіп жасалады, оның біреуі қолы қойғызылып, жұмыс берушіге тапсырылады.

Лауазымды адамдар, жеке және заңды түлғалар мемлекеттік еңбек инспекторының актілерін орындауға міндетті.

Мемлекеттік еңбек инспекторы актілерінің нысанын еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер болып белінеді.

Жоспарлы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, алдыцғы тексеру-лерге қатысты Қазақстан Республикасынық заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін тексеру.

Жоспарлы тексеру Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау меселелері бойынша басқа бақылаушы органдармен және қызметкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, кешенді түрде де жүргізілуі мүмкін.

Бір жеке немесе заңды түлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен аспайтындай етіп, ал шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмеген болса, үш жылда бір реттен жиі болмайтындай етіп жүргізілуі мүмкін.

Жоспардан тыс тексерулер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бүзылуы туралы жеке немесе заңды түлғалар, мемлекеттік органдар өтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бүзушылықтарды дереу жоюды талап ететін фактілерді анықтаған немесе осындай бүзушылықтар белгілерінің болуын куәландыратын немесе өңдірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу кезінде анықталған құжаттармен және езге де делелдемелермен расталатын өзге ақпарат алған жағдайларда жүргізіледі.

Анонимдік етініштер жоснардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылмайды.

Тексеру үзақтығы күнтізбелік он күннең аспауға тиіс. Ерекше жағдайларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру келемі ауқымды болған кезде мемлекеттік еңбек инспекциясының немесе оның аумақтық белімшесінің басшысы (немесе оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін оқшауланған қүрылымдық белімшесі жоқ заңды түлға үшін күнтізбелік жиырма күнге дейінгі мерзімге, ал оқшау-ланған қүрылымдық белімшесі бар заңды түлға үшін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге үзартуы мүмкін.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмыс беру-шінің құқықтары мен заңды мүдделері бүзылған жағдайда, жұмыс беруші мемлекеттік еңбек инспекторының ерекеттеріне (ерекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен еңбек женіндегі уәкілетті мемлекеттік органға, жоғары тұрған мемлекеттік инспекторға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.

Шағымдану мемлекеттік еңбек инспекторлары берген актілер-дің орындалуын тоқтатпайды.

Еңбек кодексінің 338 бабына сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау женіндегі ішкі бақылау кезделген.

Ішкі бақылау еңбек жағдайларының жай-күйін қадағалауды ұйымдастыруды, өңдірістік бақылаудың деректеріне жедел талдау жүргізуді, теуекелдерді бағалауды және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауды қамтиды.

Жұмыс беруші жұмыс орындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі белгіленген талаптарды сақтау және анықталған бүзушылықтарды жою бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асырады.

Қызметкерлерінің саны 50-ден асатын өндірістік ұйымдарда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау үшін ішкі бақылауды жүзеге асыру мақсатында жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін қүрады. Еңбек қауіп-сіздігі және еңбекті қорғау қызметі өз мвртебесі бойынша негізгі өндірістік қызметтерге теңестіріледі.

Ұйымдағы еңбек қауіисіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы үлгілік ережені еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Қызметкерлерінің саны 50-ге жетпейтін жұмыс беруші қызмет ерекшелігін ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандық лауазымын енгізеді не еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі міндетті басқа маманға жүктейді.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маманның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талалтарын орындау жөніндегі нүсқауларын ұйымның барлық қызметкерлері орындауға міндетті.

Еңбек кодексінің 340 бабына сәйкес қызметкерлердің өкілдері өздерінің мүдделерін білдіретін қызметкерлердің еңбек, ұжымдық шарттары талаптарының орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.

Ұйымда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды ұйымның кәсіподақ комитеті, ал кәсіподақ болмаған кезде қызметкерлердің жалпы жиналысы (конференциясы) сайлайтын еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор жүзеге асырады.

Қызметкерлердің республикалық, салалың, өңірлік бірлестіктері ұйымдарда еңбек заңнамасының сақталуын қоғамдық бақылауды мүндай құқық келісімдерде және ұжымдық шарттарда бекітілген жағдайда жүзеге асырады.

Еңбек туралы заңдарды сақтауды қадағалау мен бақылау екі негізгі салада жүргізіледі: еңбек жағдайларын орнату саласы және орнатылған еңбек жағдайларын қолдану саласында - сөз тиісті құқықты қолдану құжаттары, қабылдау, ауыстыру және жұмыс-тан босату, тәртіптік жазаға тарту құжаттары туралы айтылады. Өр айтылған салада алғашқы (ескерту), ағымдағы жвне кейінгі қадағалау мен бақылауды айыру қажет.

Алғашқы қадағалау мен бақылаудын мақсаты заңдарды бұзушылықтын алдын алу, яғни заңсыз шешімдерді қабылдауын жі-бермеу. Алғашқы қадағалау мен бақылаудын барысында жұмыс беруші шешімдерінің заңға сәйкестігі және мақсатқа лайықты-лығы тексеріледі.

Ағымдағы қадағалау мен бақылау немесе алғашқы (егер тиісті шешім өлі қабылданбаса), немесе кейінгі (егер бұл шешім болып қойса) болуы әбден мүмкін.

Кейінгі қадағалау мен бақылау еңбек заңдарын жіберілген бүзушылықтарды айңындау және қызметкердің құқықтарын қалпына келтіруді мақсатын көздейді.

Еңбек заңнамасының бүзылуына кінөлі түлғалар тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық және заңнамаларға тиісті басқа жауап-кершілікке тартылады: 1997 ж. 16 шілдедегі Қазақстан Республи-касының Қылмыстық Кодексінің 148, 150-1 баптары, 2001 ж. 30 қантардағы Әкімшілік ңүңық бүзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 87, 89 баптары.


жүктеу 2,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау