2-ші міндет: Девиантты мінез-құлық белгілерімен оқушыларды ерте диагностикалау.
Шешімі:
1. Девиантты мінез-құлығы бар балаларды ерте диагностикалау механизмін анықтау.
2. Девиантты мінез-құлыққа бейім оқушыларды ерте анықтау үшін психодиагностикалық құралдарды анықтау.
3. Девианттық мінез-құлық түрлері, белгілері, ерте диагностикалау, девианттық білім алушылармен жеке сұхбат жүргізу бойынша әлеуметтік педагогтардың және педагогтар-психологтардың құзыреттіліктерінің деңгейін жоғарылату.
3. Құқық қорғау органдарының және медициналық мекемелердің қызметкерлерінің қатысуымен әлеуметтік-психологиялық мониторингті жүзеге асыру механизмін ендіру (комиссия құру, кездесулер жиілігін, алдын алу шараларын анықтау).
4. Мұғалімдердің, ата-аналардың және балалардың девианттық мінез-құлықты ерте диагностикалау және әлеуметтік-педагогқа жүгіну сұрақтарында хабардар етілу деңгейін жоғарылату.
Девианттық мінез-құлық белгілері бар оқушыларды ерте диагностикалау келесі кезеңдерді қамтиды:
әлеуметтік-психологиялық мониторинг;
тәуекел тобына қосылған оқушыларды жеке психологиялық диагностикалау.
Әлеуметтік-психологиялық мониторинг – тәуекел тобымен алдын алу құралдарын және түзету шараларын таңдау мақсатымен девианттық мінез-құлық көрсеткіштерінің жағдайын және өзгеруін қадағалау процесі.
Ұсыныс: мектепте кәмелетке толмағандардың қараусыздығының және құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесі құрылады, оған директор, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог-психолог, полицияның мектеп инспекторы, сынып жетекшісі, мектептің медициналық қызметкері кіреді.
Әлеуметтік-психологиялық мониторинг оқу жылының ішінде 2 рет өткізіледі: қыркүйек-қазан және сәуір-мамыр.
Тәуекел тобын және алдын алу шаралары жоспарын анықтау мыналардың:
оқушылардың оқу үлгерімдері мен сабаққа барулары бойынша сынып жетекшінің мәліметтерінің, ата-аналардың өтініштерінің және сұратуларының.
оқушының психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктері және оның микроортасы, өмір жағдайлары жөнінде әлеуметтік психологтың мәліметтерінің.
оқушылардың құқықтық бұзушылықтары, ата-аналардың құқық бұзушылықтары бойынша полицияның мектеп инспекторының мәліметтерінің.
оқушылардың мектепте және жалпы тәжірибе дәрігеріне жүгінулерін талдау бойынша медициналық жұмыскердің мәліметтерінің
балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік дамуларының бұзылуларын жоспарлық диагностикалау, жеке консультациялар негізінде педагог-психологтың мәліметтерінің негізінде жасалады.
Балалар мен жасөспірімдердің «тәуекел тобына»:
сабақтарға бармайтын балалар;
үлгерімдері төмендеп бара жатқан балалар;
сыныптастарымен жанжалдасып қалған, төбелесте байқалған балалар;
алкоголь, темекі, есірткі заттарын тұтынатын балалар;
құқық бұзушылықтар үшін құқық қорғау органдарымен ұсталған және Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау комиссиясына немесе полицияның кәмелетке толмағандардың істері бөліміне есепке қойылған балалар;
қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардың балалары;
бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын отбасылардың балалар кіреді.
«Тәуекел тобына» енгізілген оқушыларды жеке психологиялық диагностикалау.
Тәуекел тобындағы оқушыларды жеке психологиялық диагностикалаудың негізінде осы оқушылармен, олардың отбасыларымен жұмыс жасау бағыттары анықталады:
Педагог-психологқа түзету жұмысына жіберу.
Жалпы тәжірибе дәрігеріне консультацияға жіберу.
Әлеуметтік педагогтың басқа мамандармен (әлеуметтік жұмыскермен, полицияның мектеп инспекторымен, педагогтармен) бірлескен түзету шараларын анықтау.
3-ші міндет: «Тәуекел тобына» анықталған кәмелетке толмағандармен түзету-дамытушы жұмыс.
Шешімі:
Түзеу бағдарламасын әзірлеу (түзеу мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін және жүргізілген тұзеу тиімділігінің көрсеткіштерін айқындау).
Тәуекел тобындағы балалардың ата-аналарымен жұмыс бағдарламасын әзірлеу.
Педагог-психолог жүзеге асыратын түзеу шараларының міндеттері мыналарды қамтиды:
«тәуекел» тобындағы білім алушылардың толық бейімделуі және өзін-өзі танытуы үшін шаралар кешенін жоспарлау;
әлеуметтік дағдыларды дамыту, коммуникативті құзыреттілікті дамыту;
оқушының психоэмоционалдық жағдайын түзету;
агрессия, мазасыздану деңгейін төмендету, өзін-өзі бағалауды түзету, өзін-өзі реттеу дағдыларын үйрету;
еңбек, дағдарыстық жағдайларда білім алушыардың мінез-құлықтық стратегияларының репертуарын кеңейту;
жанжалдарды шешуде көмек көрсету және балалар, жасөспірімдер мен отбасыда, мектепте ересектер арасында қатынастарды тұрақтандыру;
ата-аналарға бала - ата-ана қатынастарындағы мәселелерді шешуде, отбасылық өзара қатынастарды, отбасылық тәрибелеу стилін қайта құруда көмектесу, оның ішінде кеңес беру, отбасылық тренингтер арқылы;
«тәуекел» тобасындағы білім алушылар білім алатын сынып ұжымын жұмылдыру бойынша жұмыс жасау, сыныпта жағдайды өзгерту және топтағы төмен мәртебемен оқушылардың мәселелерін шешу бойынша шараларды ұйымдастыру, балалар ұжымының тәрбиелік потенциалын ұлғайту үшін топтық қызметке жағымды әсер ететін оқушылардың мәртебесін жоғарылату.
Педагог-психологпен қатар кәмелетке толмағандармен түзеу-дамыту жұмыстарын педагог және әлеуметтік педагог жүргізеді.
Осыған сүйене отырып, педагогикалық түзеу міндеттерін айқындауға болады:
- оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың білімдеріндегі ақауларды жою жұмыстары;
- «тәуекел» тобындағы оқушылардың отбасыларына бару;
- сынып сағаттарында, сабақтан тыс жұмыспен қамтылу кезінде сыныптарда тәрбие жұмысы;
- оқу уәждемесін жоғарылату үшін шараларды жоспарлау және жүзеге асыру,
Әлеуметтік педагогтың түзету шараларының міндеттері:
- энергияны әлеуметтік-пайдалы арнаға бағыттау мақсатымен оқушыларды алдын алу бағдарламалары және жобалары бойынша жұмысқа қосу.
- бейәлеуметтік мінез-құлықпен балаларды белсенді шығармашылық және спорттық қызметке қосу, кәмелетке толмағандардың бос уақытын ұйымдастыру;
- баланың мәселелерін шешу және тіршілік ету ортасының жағымсыз жағдайларын жою үшін мүдделі мекемелермен өзара әрекеттесу;
- оқушының құқықтық мәдениетін жоғарылату.
. ОРТА МЕРЗІМДІ КЕЗЕҢДЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Орташа мерзімді алдын алудың мақсаты: жасөспірімдердің психикалық денсаулықтарына және тұлғалық дамуына максималды көмектесу, оқушылардың адаптивті мінез-құлқын қалыптастыру.
Алдын алу міндеттері:
салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыру;
мінез-құлықтағы ауытқуларға ықпал ететін себептерді ерте анықтау;
білім алушылардың тұлғалық дамуына кедергі келтіретін, мінез-құлықтағы ауытқуларға ықпал ететін факторларды азайту;
жасөспірімдерді конструкциялық мінез-құлық, ішкі өзін-өзі бақылау, психологиялық қорғау әдістеріне, әр түрлі өмірлік жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету;
оқушыларды тұлғалық жанжалдарды шешу дағдыларына үйрету;
оқушыларға кәсіби және өмірлік өз тағдырын өздері шешуде көмек көрсету;
білім алушылардың өз мәселелерін сезіну, сондай-ақ мәселеге қатысты меншікті ұстанымын және қатынасын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
Девиантты мінез-құлықты алдын алу бойынша білім беру мекемелеріндегі жұмыстың кезеңдері:
1) Алдын алу. Мыналар бойынша іс-шаралар өткізу:
салауатты өмір салтын насихаттау бойынша;
құқықбұзушылықтарды алдын алу бойынша;
мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру бойынша;
ата-аналардың, педагогтардың психологиялық сауаттылығын жоғарылату;
сынып ұжымдарында қолайлы психологиялық климат жасау бойынша жұмыс;
қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасыларға балаларды оқытуда және тәрбиелеуде көмек көрсету;
отбасы және мектеп байланыстарын нығайту;
дағдарыстық жағдайлардың дамуын ескерту;
балада қорғалу, психологиялық жайлылық сезімдерін тудыру, өлшемдес талаптар қою;
білім алушылардың қызығушылықтарын анықтау, кәсіби өз тағдырын өздері шешуде, келесі білім жолын таңдауда көмек көрсету;
жасөспірімдердің құқықтарының сақталуын бақылау
рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие.
2) Диагностикалық:
жасөспірімдердің тұлғасының дамуына жағымсыз әсер ететін факторларды, мінез-құлықтағы ауытқулардың себептерін анықтау (мысалы: тұрғы үй-тұрмыстық жағдайларды тексеру, топтан тыс референтометрия, тәрбиелеу мәселелері бойынша сауалнамалар);
оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін, эмоционалдық-ерік аясының ерекшеліктерін анықтау;
баланың даму деңгейін зерттеу, қажет болса, кәмелетке толмағандарды одан әрі оқытудың бағдарламаларын және нысандарын анықтау үшін кешенді тексеруді ұйымдастыру;
түзету-дамыту жұмысында сүйенуге болатын қызығушылықтарды және жағымды қасиеттерді анықтау;
икемсізденудің басым синдромдарын анықтау;
баланың сыныптағы жағдайын зерттеу;
алдын алудың жеке бағдарламаларын түзету мақсатымен өзгерістерді аралық диагностикалау;
оқушылардың мәселелерін ерте анықтау мақсатымен білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық мониторингтер.
3) Түзету-дамытушы:
оқушыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, оқытуда дара келіс жүзеге асыру бойынша ұсыныстар дайындау;
жас ерекшеліктерін ескерумен, дамудағы және мінез-құлқындағы ауытқулар бар кәмелетке толмағандармен түзету-дамытушы жұмыс.
4) Оңалту:
оқушылардың, ата-аналардың мәселелері бойынша кеңес беру;
оқушылардың білім алуын бақылау;
баланың мәселелерін шешу үшін мүдделі мекемелермен өзара әрекеттесу.
5) Қорытынды:
жасалған шаралардың тиімділігін бағалау, кейінгі жұмысты жоспарлау, ұсыныстар әзірлеу;
оқушылардың мектеп өмірімен қанағаттануларын, СӨС сұрақтарына, өзекті мәселелерге қатынастарын зерттеу;
ата-аналардың білім беру мекемесінің қызметіне, баланың мектеп ұжымындағы жағдайына қанағаттануларын зерттеу.
Мектеп мамандары жұмысының бағыттары
Психологиялық көмек (бағытты педагог-психолог жүзеге асырады)
Отбасымен жұмыс:
отбасы қатынастары, отбасылық тәрбиелеу стилі сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес беру,
ата-аналармен және отбасының басқа мүшелерімен байланысты баланың қиындықтарын диагностикалау,
психологиялық ағарту, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін жоғарылату,
ата-аналармен ынтымақтастыққа және өзара әрекеттесуге негізделген алдын алу жұмысының бірлескен шараларын әзірлеу.
Отбасымен өзара әрекеттесу жеке және топтық кеңестер, ата-аналар жиналыстары, Алдын алу кеңесі, отбасы клубтарының жұмысы арқылы жасалады. Отбасыға бағдарланған бағдарламалар ретінде отбасы дағдылары тренингі, өзіне-өзі көмек көрсетудің отбасы топтарын құру ұсынылады.
Білім алушылармен жұмыс жасау:
тұлғалық өсуде көмек көрсету, оқушыларда әлеуметтік икемсізденудің туындауын алдын алу бойынша шаралар, оқушылардың психикалық, соматикалық және әлеуметтік амандықтарын сақтау бойынша жұмыс:
оқушылардың тұлғаларының дамуына теріс әсер ететін және олардың құқықбұзушылықтарды жасауларына ықпал ететін факторларды анықтау және қажетті психологиялық көмек көрсету;
оқушылардың адекватты өзін-өзі бағалауларын қалыптастыру, танымдық және адамгершілік-эстетикалық мәдениеттерін дамыту;
баланы психологиялық тексеруді ұйымдастыру: мінезінің акцентуацияларының типін, танымдық даму деңгейін анықтау, баланың қызығушылықтарын анықтау;
оқушыларға уақытылы психологиялық көмек көрсету, психологиялық-педагогикалық тұзету, зияткерлік, тұлғалық, эмоционалдық-ерік саласында кемшіліктерді тегістеу бойынша жеке жұмыс;
психологиялық жайсыздық күйін шешу;
өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру;
коммуникативті және мінез-құлықтық дағдыларды дамыту;
кәсіби өзін-өзі анықталуда, кейінгі білім алу жолын таңдауда көмек көрсету;
жетістіктерді уәждемелеуді қалыптастыру бойынша көмек;
нақты мәселелерді, атап айтқанда мектептегі жанжалдарды шешуде консультативтік көмек көрсету;
тұлғаның жағымды қасиеттеріне сүйену негізінде баланың құрдастарымен қарым-қатынасын басқару;
мәселелерді ерте анықтау мақсатымен білім беру мекемесінде әлеуметтік-психологиялық мониторингтер;
СӨС сұрақтары бойынша алдын алу жұмысы.
Білім алушылармен жұмыс консультациялар, тренингтер, сынып сағаттарындағы сұхбаттар, психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумдар арқылы жасалады. Білім беретін бағдарламалар ретінде мыналар ұсынылады:
1. Аффективті оқыту бағдарламалары. Осы бағдарламалардың мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді эмоцияларды реттеуге, оларды сезінуге және бақылауға, өзін-өзі бұзатын мінез-құлық нысандарына жүгінбей, оларды бір эмоционалдық модальділіктен басқасына ауыстыруға үйрету. Аффективті және интерперсоналды оқыту бағдарламалары Мен-тұжырымдамасын дамыту, өз сезімдерін, басқа адамдармен қатынастарын сезіну, шешімдерді қабылдау және коммуникативті құзыреттілік дағдыларын үйрету мақсатымен жасөспірімдерде ішімдікке және есірткі қолдануға салынуды ескерту амалы болып табылады.
2. Мінез-құлықтық оқыту бағдарламалары жасөспірімдерде темекі, алкоголь, есірткі тұтынуға, әлеуметке қарсы компанияларға қосылуға төзімділікті жоғарылату мақсатымен мінез-құлықтық дағдылар тренингіне негізделеді.
3. Әлеуметтік баламаларды қалыптастыру бағдарламалары ішімдікке салынуға, есірткі қолдануға және т.б. балама позитивті қызмет жасөспірімдерді қайта бағдарлауға ықпал ететіндігі жөнніде идеяға негізделеді.
4. Әлеуметтік қолдау топтарын құру бағдарламалары. Егер балада оны қолдайтын әлеуметтік орта болмаса, онда осындай ортаны жасанды түрде құру керек: құрдастар арасында өзіне-өзі және өзара көмек көрсету топтарын құру.
Педагогтармен жұмыс жасау
білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету сұрақтары бойынша психологиялық құзыреттілікті жоғарылату;
балаға дара тәсілдемені жүзеге асыру бойынша ұсыныстар, білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу бойынша жұмысты үйлестіру;
білім алушылардың ата-аналарымен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын үйрету;
сыныптың балалар ұжымын дамыту, қолайлы микроклимат жасау бойынша ұсыныстар;
педагогтың балаға қатынасын түзету, онымен жұмыс жасау әдістерін ұсыну, баланы позитивті ынталандыру әдістемесін пайдалану, баланың психологиялық артық жүктемелерін шешу;
рефлексивті ойлауды, педагогтардың мінез-құлқын дамыту;
педагогикалық шындықты адекватты қабылдау шарты ретінде мұғалімнің эмоционалдық артық жүктемелерін алып тастау.
Жұмыс консультациялар, педагогикалық кеңестер, тренингтер арқылы жүзеге асырылады. Тренинг бағдарламалары ретінде мыналар ұсынылады:
Мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара әрекеттесуді жақсарту бағдарламалары мектепте әлеуметтік-қолдайтын климат тудыру мақсатымен мұғалімдердің тренингтерін, мұғалімнің өзін-өзі бағалауымен және мен-тұжырымдамасымен жұмыс жасауды, тұлғалық бақылау және әлеуметтік дағдылар тренингтерін енгізеді.
2. Мұғалімдер тарапынан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету топтарын құру бағдарламалары.
Әлеуметтік көмек (әлеуметтік педагог іске асырады)
Отбасымен жұмыс жасау:
оқу-тәрбиелеу процесінде ата-аналардың педагогтармен өзара әрекеттесулерін ретке келтіруде көмек көрсету;
отбасыда өмір жағдайларының және жағдайдың өзгерістерін зерттеу және қадағалау мақсатымен ішкі істер органдарының есебінде, мектепішілік есепте тұрған және әлеуметтік қауіпті жағдайдағы оқушылардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру
бала үшін режимнің ұйымдастырылуын бақылау, оның бақылаусыздығын жою;
бала үшін режимді ұйымдастыруды бақылау, оны бақылаусыздықты жою;
әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларды анықтау, балаларды оқытуда және тәрбиелеуде оларға көмек көрсету, осы отбасыларда жағдайды сауықтыруға ықпал ету;
әлеуметтік жәрдемақыларды, жеңілдіктерді ресімдеуде көмек көрсету (құзыреттілік шектерінде)
баланың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыруда көмек көрсету (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған әлемді тану, отбасындағы қарым-қатынас);
«тәуекел» тобындағы, қиын өмірлік жағдайға душар болған отбасылардан шыққан білім алушыларға бақылау істерін жүргізу.
Білім алушылармен жұмыс жасау:
мекемелерде, ұйымдарда және білім алушылардың мекен ету жерлері бойынша тұлғаны тәрбиелеу, оқыту, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру:
баланың құқықтарын қорғау, тұлғаға әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қорғау;
білім алушылардың тұлғаларының ерекшеліктерін, олардың микроорталарын, өмір сүру жағдайларын зерттеу;
кәмелетке толмағандардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
әлеуметтік қауіпті жағдайдағы, сондай-ақ білім беру мекемелеріндегі сабақтарға дәлелсіз себептермен бармайтын немесе жүйелі түрде өткізетін кәмілетке толмағандарды анықтау және есепке алу, оларды тәрбиелеу және олардың негізгі жалпы білім алулары бойынша шаралар қолдану;
әлеуметтік бейімделуде қиындықтар сезінетін балалар жөнінде мәліметтер базасын жасау;
«тәуекел» тобындағы білім алушыларды үйірмелерге, спорт секцияларына, жасөспірімдер клубтарына, қызығушылықтар бойынша клубтарға қатысуға тарту;
кәмелетке толмағандардың заңға бағынушылық жүріс-түрісін қалыптастыруға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру, сабақтарды өткізу;
салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс, білім беру процесі барысында білім алушылардың өмірін қорғауды және денсаулықтарын қамтамасыз ету;
білім алушыларға психологиялық жайлылық және қауіпсіздік жағдайын құруға, әлеуметтік ортада адамгершілікті, салауатты қатынастарды орнатуға жәрдемдесу;
баланың қызығушылықтарын және мұқтаждықтарын, қиындықтарын және мәселелерін, мінезіндегі ауытқуларын анықтау және әлеуметтік көмек пен қолдау уақытылы көрсету;
баланың жағымды қызығушылықтарын және бейімділіктерін пайдалану негізінде баланы белсенді қызметке қосу;
білім алушылардың әлеуметтік маңызды қызметінің әр түрлі түрлерін, әлеуметтік бастамаларды дамытуға, әлеуметтік жобаларды және бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру;
отбасының, баланың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін басқа мекемелермен өзара әрекеттесу.
Педагогтармен жұмыс жасау – әлеуметтік бейімделу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілікті жоғарылату.
Педагогикалық көмек (сынып жетекшісі іск асырады)
Отбасымен жұмыс жасау:
оқу-тәрбие процесінде ата-аналардың педагогтармен өзара әрекеттесуі;
жеке кеңестер, баланың теріс қасиеттерін жеңуде және тәрбиелеуде ата-аналарға көмек көрсету;
баланың саналы қызметін ұйымдастыруда көмек көрсету (ойын, еңбек, шығармашылық, қоршаған әлемді тану, отбасыда қарым-қатынас жасау);
баланың мәселелері бойынша мүдделі мекемелермен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру.
Білім алушымен жұмыс жасау:
адекватты өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, білім алушылардың танымдық және адамгершілік-эстетикалық мәдениетін дамыту;
мектеп бағдарламасын игеруде баланың жетістігін ұйымдастыру;
тұлғаны зерттеу және білім алушыларды тәрбиелеуде түзету;
өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу дағдыларын қалыптастыру;
баланың жағымды қызығушылықтарын және бейімділіктерін пайдалану негізінде белсенді оқудан тыс қызметке тарту;
уәжсіздендірілуді, оқытуды теріс уәждеуді жеңу;
тұлғаның жағымды қасиеттеріне сүйену негізінде баланың құрдастарымен қарым-қатынасын басқару;
балалардың рухани-адамгершілік әлемін қалыптастыру бойынша жұмыс;
салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жұмыс;
жетістіктерді уәждемелеуді қалыптастыру бойынша жұмыс;
білімдегі ақауларды жою үшін білім алушылардың пәндер бойынша қосымша жеке сабақтарға баруларын бақылау;
баланың қызығушылықтарын, қиындықтарын және мәселелерін анықтау және оларға уақытылы педагогикалық көмек көрсету;
сыныптың сабақтан тыс қызметін ұйымдастыру, сынып ұжымын дамыту бойынша жұмыс.
Осылайша, балалар мен жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтық алдын алу мәселелерін шешудегі нақты қадамдар қысқа мерзімді және орта мерзімді алдын алу бағдарламаларының міндеттерін іске асырумен ұштасады.
Қысқа мерзімді бағдарлама ретінде субъектілердің алдын алу жұмыстарының орта білім беретін мектептер базасында бір жыл ішінде іске асырылуы керек міндеттері мен бағыттары айқындалған. Қысқа мерзімді кезеңге арналған алдын алу іс-шаралары ерте диагностикалау үлгісін жасау және сынақтан өткізу және ведомствоаралық өзара ықпалдастық тетігіне негізделген мультикомпонентті алдын алу бағдарламаларын енгізу міндеттерін шешуді қамтиды. Ғылыми зерттеу шеңберінде іске асырылған осы міндеттердің шешімі орта мерзімді кезеңде бағдарланған алдын алу қызметінің тиімді үлгісін енгізуге мүмкіндік береді.
Орта мерзімді бағдарламалар іске асыру баланың мектепте оқу кезең ішінде жүргізіледі.
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШЕҢБЕРІНДЕ БАЛАЛАРМЕН ЖӘНЕ ЖАСӨСПІРІМДЕРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС НӘТИЖЕЛЕРІН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Девианттық мінез-құлықты алдын алу мақсатымен балалармен және жасөспірімдермен жұмыстың сәйкестігін анықтау үшін бақылау жасалады. Бақылау балалар мен жасөспірімдердің мінез-құлық реакцияларын өзгерте отырып, көмектеседі, олардың уайымдарының жағдайлар мен күйлердің ерекшеліктерімен байланысын анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау баланың тұлғалық өсуінің, өз психо-эмоционалдық күйін, мінез-құлқын және олардың нормаға сәйкестігі бойынша жұмысының толықтығын қамтамасыз етеді. 2-Кестені қар.
Кесте – 2. Девианттық мінез-құлықтың алдын алу бойынша шаралардың нәтижелерін бақылау және бағалау
Алдын алу шаралары субъектілерінің функциялары
|
Іс әрекеттер
|
Бақылау және нәтижелерді бағалау:
ең жоғары 9-7 балл,
ең төмен 3-4 балл
0 – теріс нәтиже
|
отбасы және бала:
үндеу;
белсенділік;
уәждеме.
|
- экологиялық өзара әрекеттесуге үйрету;
- мінез-құлықты талдауға және бағалауға үйрету;
- кәсіби көмекке жүгіну жоспарын әзірлеуді үйрету;
- баланың өз қабілеттеріне қызығушылығын тудыру;
- өмірге, оқуға, қызметке қызығушылықты тудыру;
- әлеуметтік белсенділікке тарту және ынталандыру;
- тиімді өзін-өзі таныту жағдайларын жасауға үйрету
|
- отбасында қолайлы климат;
- отбасында міндеттерді тұрақты және сапалы орындау;
- өз мінез-құлықты және оның салдарларын талдай білу;
- баланың ата-анаға және олардың қызметтеріне қызығушылығы, ата-ананың балаға және оның қызметіне қызығушылығы;
- кәсіби көмекке жүгіну жоспарын әзірлей білу және, қажет болса, тікелей жүгіну;
- өзін-өзі уәждемелей білу;
- баланың және ата-ананың мектепке баруы, баланың тапсырмаларды орындауы;
- баланың қоғамдық құпталатын шараларға қатысуы;
- өзін-өзі таныту нәтижелерінің болуы.
|
баланың тұлғасы:
Кеңес беру
Диагностика
Түзету.
Маманға жіберу (терапевт, психиатр)
Қостау
Психотерапия және психотүзету
|
- кәсіби кеңес беру, диагностика, түзету, қажет болса – баланы маманға жолдау;
- баланың өз мінез-құлық рефлексиялауы үшін жағдайлар жасау;
- психогигиена жөнінде ағарту;
- баладағы мәселелер бойынша баламен жүйелі және жоспарлы кездесулер-сұхбаттар жүргізу;
- өзін-өзі реттеу, аутотренинг, өзін-өзі таныту әдістеріне үйрету.
|
- өз мінез-құлық жөнінде білу, өз мінез-құлқын қабылдау, өз мінез-құлқымен жұмыс жасау, құрдастарымен өзара әрекеттесуде өзімен өзі жұмыс жасау тәжірибесін өзекті ету;
- тұлғалық өсу: психикалық функцияларды озық жүзеге асыру– сөйлеу, есте сақтау, шешім қабылдау, ерікті және жауапты іс әрекеттер;
- диагностиканың позитивті мәліметтері: өзін-өзі бағалау, мазасыздану деңгейі, субъектвті бақылау деңгейі, өзін, өз келбетін қабылдау деңгейі;
- тұлғаның дамуының жоспарлары және перспективалары;
- баланың білім алу ниеті және оған отбасы мүшелерін тарту;
- баланың қиын жағдайға түскен басқа балаларға көмектесу және қолдау ниеті;
- эмоционалдық күйді өзін-өзі реттеу.
|
педагог, полицияның мектеп инспекторы:
Ойын-сұхбат, тренингтер, кейстер түрінде ағарту;
Маңызды тапсырмаларды табыстау және т.б. түрінде түзету;
Позитивті паттерндерге үйрету.
|
- девиантты мінез-құлық және оның салдарлары жөнінде ағарту;
- балалар мен жасөспірімдерді қадағалау себептері жөнінде ағарту;
- позитивті ұстанымдарды қалыптастыру және балалар мен жасөспірімдердің девиантық мінез-құлқы жөнінде теріс таптаурындарды бұзу бойынша жұмыс;
- мінез-құлықтың позитивті паттерндеріне үйрету, өзін-өзі танытудың жағдайларын саналы және ерікті құру;
- әлеуметтік маңызды тапсырмаларды, әлеуметтік рөлді, миссияны орындауға үйрету;
- ынтамен білім алатын баланы позитивті қолдау;
- баланы өзін-өзі танытудың кәсіпкерлік уәждерінде қолдау
|
- девиантты мінез-құлық жөнінде білу;
- девиантты мінез-құлық салдарларын білу;
- девиантты мінез-құлыққа қарсы тұру әдістерін игеру;
- сабақтарға бару, тапсырмаларды орындау;
- девиантты мінез-құлықты алдын алу және эмоционалдық күйді реттеу тренингтеріне, шараларына бару;
- мектепте және мектептен тыс қосымша сабақтарға бару
- пән мұғалімдеріне қолдау және көмек үшін дербес жүгіну, педагогтарға және полиция қызметкерлеріне сену;
- сыныптастарымен, оқушылармен әлеуметтік құпталатын ынтымақтастық
- әлеуметтік құпталатын кәсіпкерлік қабілеттерді жүзеге асыру
|
медқызметкер:
ағарту;
диагностика, консультациялар;
ұсынымдар, жолдамалар, СӨС насихаттау.
|
- физикалық және психикалық күйлер жөнінде ағарту;
- гигиена, СӨС жөнінде ағарту;
- балалар мен жасөспірімдердің жағдайын бағалау;
- мазасыздану, дағдарыс, депрессия деңгейлерін бағалау;
- баланың мамандарға жүгінуіне ұсыныс беру: эндокринолог, невропатолог, психотерапевт, невролог, дефектолог және т.б.
- мазасыздық, дағдарыс, депрессия деңгейлерін реттеу бағдарламасын әзірлеу
|
- ата-аналарды және педагогтарды баланың жағдайы жөнінде хабардар ету;
- баланың өз жағдайын білуі;
- балалардың девианттық мінез-құлыққа тәуекел тобын есепке алу;
- баланың гигиена, СӨС қағидаларын және ережелерін білуі және ұстануы;
- баланың жағдайымен тиімді жұмыс жасау жеке жоспары және бағдарламасы;
- баланың жеке жоспарды орындауы;
- баланың басқа мамандарға баруы
|
Достарыңызбен бөлісу: |