«Инфоматика» пәні бойынша
Тәжірибелік жұмыс № 14
Тақырыбы: «Деректер қорын жобалау»
Мақсаты: Оқушыларға деректер қорын құру жолдарын меңгерту, Access ортасымен жұмыс істеу кезіндегі кәсіптік машықтарымен біліктіліктерін қалыптастыру.
Microsoft Access-ті жүктеңіз, Новая база данных қосқышын қосыңыз және ОК батырмасын басыңыз.Жаңа деректер қоры файлы терезесінде Мои документы бумасын таңдаңыз және файлға: өз тобыңыздың атын беріңіз, Создать батырмасын басыңыз. Жаңа деректер қоры терезесі ашылады
Таблицы панелін ашыңыз. Конструктор режимінде Создание таблицы шартбелгісін екі рет шертіңіз. «Конструктор» терезесінің жоғарғы сол жақтағы ұяшығына өріс атын жазыңыз және Enter пернесін басыңыз. Көршілес ұяшықта деректер типі пайда болады, типті көрсетпеген жағдайда деректердің «Текстовой» деп аталатын типі шығады. Кез-келген басқа типтер төменгі жағынан ашылатын мәзірден таңдау арқылы беріледі. Бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшу келесі тәсілдердің бірі арқылы орындалады: тышқан көмегімен, Enter пернесін басу арқылы, бағыттауыштар арқылы, Tab пернесінің көмегімен.Келесі алаңдарды енгізіңіз:
Код – Счетчик, кілттік алаң;
Тегі – Текстік
Аты – Текстік
Әкесінің аты – Текстік
Туған жылы – Сандық
Мамандығы– Текстік
Тобы– Текстік
Мекен-жайы – Текстік
Конструкторды жабыңыз, кесте атын – Студент деп сақтаңыз.
Қорды он бес студентпен толтырыңыз
Кестеге форма құрыңыз. Мастер көмегімен.
Формы вкладкасын ашыңыз - Создать - Мастер форм;
Таблица и запросы тізімінен Студент кестесін алыңыз - ОК батырмасын басыңыз;
Формада қажетті болатын жолдарды таңдаңыз, яғни барлық жолдар,ол үшін - >> батырмасын басамыз. <Далее > батырмасын басыңыз;
форма түрін Форма в один столбец таңдап, <Далее > батырмасын басыңыз;
пайда болған әсемдеу стилін өзіңіз таңдаңыз - <Далее>;
Формаға ат беріп сақтаңыз. <Готово> батырмасын басыңыз. Форманы ашып көріңіз
Сұранымдар құру. Ол үшін мына командаларды орындыңыз Вкладка Запросы – Создать – Конструтор. Кесте қосу терезесінде Студент таңдаңыз, терезені жабыңыз.
Тышқанды екі рет шертіп келесі өрістерді таңдаңыз (Тегі, Аты, Мамандығы, тобы).
Сұраным мәліметтерін сақтап қойыңыз (Запрос 1).
Саймандар тақтасындағы Вид белгісі бойынша осы Сұранымның орындалуын тексеріңіз.
Режим Конструкторге оралыңыз. Конструктор режимінде Тегі бағанында Сортировка – по возрастанию опциясын таңдаңыз. Тексеріп (вид) – Жабыңыз.
Студент кестесіне мастер көмегімен есепберу құрыңыз.
Отчеты вкладкасына көшіңіз
«Мастер көмегімен есепберу құру» командасын таңдаңыз. Ашылған Создание отчетов сұқбат терезесінен Таблицы и запросы бөлімінен студент кестесін таңдаңыз. Өзіңізге қажетті жолдарды таңдаңыз.
Есепберудің қажетті параметрлерін таңдап готово батырмасын басыңыз.
Құрылған есепбереді ашып көріңіз.
Access бағдарламасының жұмысын аяқтаңыз. Ол үшін:
ФайлВыход командаларын орындаңыз.
Егер сіз деректер қорымен қандай да бір амалдар орындаған болсаңыз, оларды сақтауға сұраныс шығады. «ДА» командасын орындаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |