Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі



жүктеу 1,81 Mb.
бет4/9
Дата23.05.2018
өлшемі1,81 Mb.
#16660
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пысықтау сұрақтары:

1. Доғал заттардан болатын жарақаттар.

2. Өткір заттардан болатын жарақаттар.

Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.

Тақырып 5 Танатология.
1. Танатология анықтамасы.

2. Мәйіттің сот медициналық сараптамасы.


Өлім туралы білім танатология (грекше Іһапаіоз - өлім) деп аталады. Қазіргі танатологияның міндетіне өлу процесі динамикасының терминалдық жағдайларына (танатогенеза), өлумен бірге болатын клиникалық, биохимиялық және мор-фологиялық өзгерістеріне қатысты мәселелерді зерттеу кіреді. Өлу процесіне дәрігердің араласу мәселесі - организмді тірілту (реанимация) және эутаназия (науқастың ажал алдын-дағы азабын жеңілдету) танатрлогия проблемасымен тығыз байланысты.

Танатология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы танатология өлімнің басталу диагностикасы мен даму дина-микасы мәселелерін, өлік өзгерістері мен олардың сыртқы ортаның жай-күйіне байланыстылығын, өлу себептерін анық-тау үшін өлікті зерттеу ерекшеліктерін, жасанды жолмен сақ-тау және жерлеу әдістерін, т.б. зерттейді. Жеке танатоло-гия бұл мәселелерді әр түрлі аурулар, жарақаттар және өлімнің әр түрлі себептері жағдайында қарастырады.

Сот-медицина танатологиясы бірінші кезекте зорлықтан және кенеттен болған өлімге байланысты проблемаларды зерттейді. Бүл сот әділдігі органдарына өздерінің қылмыс-керлікке қарсы күрес жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруына, ал денсаулық сақтау органдарына халыққа емдеу және алдын алу көмегін көрсетуді (диагностикалық қателердің алдын алу, жарақаттанудың, уланудың жәнет.б. алдын алу) жақсартуға көмектеседі. Сот-медицина танатологиясының бірінші кезек-тегі міндеті - бірқатар арнаулы мәселелерді (өлу мерзімін,

себебін, улану диагнозын және т.б.) анықтауда тергеу ор-гандарына көмектесу. Сондықтан өлікке сот-медицина са-раптамасын жүргізу процесінде патологиялық-анатомиялық жару кезіндегіге қарағанда, жалпы және жеке танатология мәселелеріне зор көңіл бөлінеді.

Өлікті сот-медицина түрғысынан зерттеудің патология-лық-анатомиялық зерттеуден мақсаты жағынан да, объекті-лері жағынан да айырмашылығы бар.

  1. Сот-медициналық союдың іс жүргізу (заң) жағынан айырмашылығы бар. Ол тергеу және сот органдарының жазбаша үсынысы болған жағдайда ғана жүргізіледі.

  2. Өлік дәрігерлер үшін міндетті бірыңғай ережелерге сәйкес жазылуға тиіс. Ол ережелерде өліктерді қабылдау, тіркеу, зерттеу, сақтау және беру тәртібі көрсетілген, өлік материалдарын алып, зерттеудің қосымша әдістеріне жіберудің де арнаулы ережелері бар.

  3. Өліктерді сот-медициналық жару кезінде тергеу органдары өкілдерінің қатысуына болады.

  4. Түтас және жаңа өліктер ғана емес, олардың бөліктері де, сондай-ақ әр түрлі сатыда бүзылған (шіріген) өліктер де сот-медициналық түрғыдан жаруға жатады.

  5. Ауру тарихы болатын және белгілі бір клиникалық диагноз қойылған өліктерді патологиялық-анатомиялық түрғыдан жарудан айырмашылығы сот-медицина сараптамасы жағдайында оны жару кезіне дейін өлудің мән-жайы көбінесе белгісіз болады және өлудің себебі мен генезі, жарақаттың
    механизмі және т.б. туралы бірқатар күрделі мәселелерді жару нәтижесі бойынша ғана шешуге тура келеді.

6. Патологиялық-анатомиялық жарудың міндетіне өлу себептерін анықтау және патологиялық-анатомиялық диагноз қою кіреді. Ал сот-медицина сарапшысы оның үстіне адамның өлу мерзімін, қанша уақытта өлгенін, өлген адамның оқиға болған сәтте және өлген кезде отырған-түрғанын, т.б.
анықтауға тиіс. Әдетте патологанатомның алдына мәселелер қойылмайды, өйткені науқас адам емдеу мекемесінде медицина қызметкері мен басқа да адамдардың көз алдында өледі.

  1. Патологанатом маманы өліктің сыртын қарауға және өлік қүбылыстарына біршама аз көңіл бөліп, ішкі қүрылысын зерттеуге баса назар аударады. Ал сот-медицина сарапшысына өліктің сыртын қараудың зор маңызы бар, өйткені сыртын қарау деректері оның бірқатар маңызды мәселелерді шешуіне мүмкіндік береді. Оларға сыртқы жарақаттардың
    шоғырлануы, үлкендігі мен ерекшеліктері, олардың адам тірі кезінде немесе өлгеннен кейін салынғаны, өлікті тануға мүмкіндік беретін жеке белгілері және т.т. жатады.

  2. Сот-медицина сарапшысы өліктің киім-кешегін, қаружарақты қарап шығуға, патологиялық анатомияда қолданылмайтын сот-химиялык, және физикалық-техникалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін ескеруге міндетті.

9. Өлгеннен кейін түрлі мерзімде жерден қазып алынған (эксгумация) өліктерді зерттеу тек сот дәрігерлерінің ғана құзыретіне жатады, оны патологанатомдар жүргізбейді.

Сонымен өлікті сот-медициналық зерттеу танатология деректеріне негізделген көптеген арнаулы сүрақтарды шешу-мен байланысты. Сондықтан сот медицинасында өлім және өлік қубылыстары туралы ілімге зор көңіл бөлінеді.

Өмір мен өлім көрер көзге қаншалықты қарапайым болған-мен, оларға дәл және нақты анықтама беру өте қиын. Әр заманда өз кезінесәйкес анықтамалары да болған. Табиғатта ең көп таралған қүбылыстар ретінде өмір мен өлімнің мәні туралы мәселелермен философтар, биология, медицина ғылымдарының өкілдері, жазушылар мен ақындар, суретшілер айналысқан.

Биология және медицина ғылымдарының дамуына байланысты өлім, ажал туралы түсінік, сондай-ақ "өлім" деген үғымның анықтамасы өзгерді.

Өлім (биологиялық) - организм тіршілігінің қайтып оралмастай болып тоқтауы, кез келген оқшауланған тірі жүйенің жеке тіршілігінің болмай қоймайтын ақырғы нүктесі.

"Өмір бар жерде, өлмек бар" дейді халқымыз. Демек, тіршілік еткеннің бәрі өлуге тиіс, ал өмірде жоқ тіршіліктің өлуі де мумкін емес. Демек, өмір мен өлім біртүтас процесс, қарама-қарсылықтардың бірлігі ретінде қарастырылуға тиіс. Өлім өмірдің табиғи және болмай қоймайтын соңы, ақыры, ол бүкіл өмір бойы организмде бірінен кейін бірі болып жа-татын өзгерістер мен процестер тізбегінің бір шеті, ақырғы шеті.

Адам ғүмырының шегі қандай? Ол ең көп дегенде қанша жасай алады?

И.П. Павлов адамды кемінде 100 жыл жасауға тиіс деп санаған. Ол былай деп жазды: "Біз өзіміздің ынсапсыздығымыз-бен, өзіміздің берекетсіздігімізбен, өзіміздін өз организмімі-зге лайықсыз қарайтындығымызбен осы қалыпты мерзімді анағүрлым аз цифрға түсіреміз..." "Жүз жыл жасауға тыры-самын. Сол үшін шайқасамын". И.П. Павловтың үзақ та жемісті өмір сүріп, әбден қартайғанша ақылы айқын, жүмыс қабілеті жоғары болғаны белгілі.

Ал И.И. Мечников үтымды және ғылым деректеріне не-гізделген өмір ажалды алыстатады, сөйтіп, адам одан қорық-пайтын болады деп көрсетті. Адам жасампаз еңбекке толы өте үзақ өмір сүреді, деді ол, сөйтіп өлім де үйқы сияқты физиологиялық қүбылысқа айналады. Бүл арада геронто-логия мен танатология бір арнаға қүятын сияқты.

Қазіргі геронтология қартаю мәселесін қартайған кездегі жүмысқа қабілеттілік кезеңін барынша үзарту үшін зерт-тейді. Жалпы алғанда, үзақ жасау проблемасы адамдардың жүмысқа қабілеттілігімен тығыз байланысты. Үзақ жасаушылардың басым көпшілігі - еңбекке берілген, дене еңбегін сүйетін және спортпен айналысатын белсенді адамдар.



Өлім өмір жолының соңғы және міндетті кезеңі болған-дықтан, танатология өмірді зерттеумен, яғни биологияның, физиологияның, биохимияның, патологияның тиісті бөлімдерімен тығыз байланысты. Қазіргі танатологияның пәні терминалдық жағдайларға (латынша terminalis - шекаралас, шектес), яғни өмірдің соңғы сатысына, өмір мен өлім арасындағы шекаралас жағдайға қатысты мөселелерді зерттеу болып табылады. Ал "терминалдық жағдайлар" үғымына ең ауыр естентану (шок) түрлері, талықсу (коллапс), жанталасу алдындағы жағдай, терминалдық үзіліс (пауза), жанталасу (агония) және клиникалық өлім кіреді. Бүл процестерді терминалдық жағдайларға біріктіретін сипатты ерекшелік заттар, атап айтқанда, органикалық қышқылдар алмасуының толық қышқылданбаған өнімдері жинақталуының сал-дарынан ацитоздың асқынуына байланысты тез үдей түсетін гапоксия болып табылады. Ацидоздың дәрежесі мен үзаққа созылуы жандану болжамына да себепші болады.

Шоктың ауыр сатылары, коллапс тікелей жанталасу ал-дындағы жағдайға ауысуы мүмкін, бүл жағдай орталық нерв жүйеанің жоғары бөлімдерінде тежелісгің бел алып, естен тануынан көрінеді. Бүл орайда мидың сабақ бөлігі қозу жағ-дайында болып, біршама уақыттан кейін тежелістің ми са-бағына да ауысуы мүмкін.

Жанталасу алдындағы жағдай кейде талай сағаттарға созылып, терминалдық үзіліске ауысады. Соңғысы рефлекстердің болмауымен, тыныс алудың және жүрек қан тамыр қызметінің аз уақытқа тоқтап қалуынан байқалады. Мүндай жағдайда науқас өліп қалған сияқты болып көрінуі мүмкін. Терминалдық үзілістің айрықша ерекшелігі бульбарлық орталықтардың жүмыс істеуі сақталған жағдайда қабықтың терең тежелуі болып табылады, соның салдарынан орга-низмнің қызметі "бей-берекет", үздік сипатта болады. Терминалдық үзіліс бір минутқа, кейде 2-4 минутқа созылып, организмнің тіршілік үшін күресінщ соңғы алкінісі сияқты болып көрінетін жанталасқа ауысады. Кейбір ғалым-дар жанталасты сөніп бара жатқан алаудың түтініне үқсастырады. Жанталасу бірнеше минуттан отыз және одан да көп минуттарға созылуы мүмкін.

Жанталасу кезінде тырысып-қүрысу түрінде дем алу қайтадан пайда болады, кейде әлсіз болса да жүрек-қан тамыр қызметі қалпына келеді, тіпті аз уақытқа адамның есі кіруі де мүмкін. Науқастын манындағылар мен туыстары мүндай жағ-дайды екінің бірінде науқас сауығып келе жатыр деп үғып, оның содан кейінгі жантәсілім етуін медицина қызметкерінің дүрыс әрекет жасамағандығынан болды деп санауы ықтимал. Жанталасу кезінде қабық терең тежелген жағдайда физиологиялық функциялардың бульбарлық реттеу белсенділігінің барынша артқаны байқалады. Сонан соң тежелу мидың сабақ жағына көшіп, клиникалық өлімге апарып соға-ды. Осы кезге қарай ми үлпасында тотықтану ғана емес, со-нымен бірге гликолиз де тоқтайды, бүл, сірә, ферменттік жүйелердіқ бүзылу салдарынан болуы мүмкін. Мүның өзі мида сүт қышқылының үлғаюы мен ацидоз қүбылыстарының күшеюіне апарып соғады. Клиникалық өлім орын алады, ол жүректің соңғы жиырылуы мен соңғы тыныстан басталады деп саналады. Тыныс алу мен жүрек соғысы бір мезгілде тоқтамауы да мүмкін.

Клиникалық өлім кезеңінің үзақтығы 5-6 минутқа созылады, кейде З-4 минутқа дейін қысқаруы ықтимал. Егер өлім кезінде температура төмен (гипотерия) болса, жас адамдар, дене күші мықты субъектілер өлгенде, сондай-ақ адам тез өліп кеткен жағдайда, т.б. бүл мерзім үлғаяды. Жанталасудың және бүкіл өлу кезеңінің патологиялық процесі мен үзақтығы сипатының да мән-мағынасы бар.

Өлу үзаққа созылған жағдайда адамның барлық компенсаторлық механизмдері іске қосылады, қанның қайта бөлінуі соның көрінгстерінің бірі болып табылады. Шеткі қан тамырларының түйілуі (спазм) салдарынан қанның негізгі массасы жүрек пен миға ағылады, мүның өзі олардың неғүрлым үзақ тіршілік етуіне себепші болады. Мүндай жағдай кейде бірне-ше сағатқа созылуы мүмкін, ал егер адамға жан бітірудің сәті түспесе, барлық тіршілік функцияларының толық және біржола сарқылу көріністері жағдайында ол өліп кетеді. Бүл жағдайларда клиникалық өлім өте қысқа (бірнеше секунд) болғанның өзінде де адамға жан бітіру іс жүзінде мүмкін емес, өйткені организм шын мәнінде жүрек пен тыныс тоқтағанға дейін-ақ өліп қалған. Жарып көрген кезде одан ми клеткалары біршама сақталған жағдайда бауыр мен бүйректің дистро-фиялық ауыр зақымдануы байқалуы мүмкін. Өлімнің мүндай механизмі соматикалық механизм деп аталады.

Адам тез өліп кеткен жағдайда организм өзінің бүкіл ком-пенсаторлық, энергетикалық және функционалдық мүм-кіндіктерін сарықпайды, мүның өзі неғүрлым үзаққа (бірне-ше минутқа) созылған клиникалық өлім кезінде организмнің жандануын қамтамасыз етеді. Мүндай жағдайларда парен-химатоздық мүшелердің үзаққа созылған жанталасқа байланысты дистрофиялық өзгерістер болмайды, ал сол кезде олардың ми клеткаларынан байқалуы мүмкін ("ми өлімі").

Өлімнің келу қарқынын морфологиялық белгілер бойын-ша анықтаудың сот-медициналық мәні зор. Жанталасудың үзаққа созылғаны жүрек пен ірі қан тамырларында, мидың қатты қабықтарының қатпарларында болатын қызыл және, әсіресе, сары (ақшыл) үйыған қанның табылуымен анықта-лады. Мүндай жағдайларда қанның едәуір дәрежеде үйыған-дығы өліктік таңбалардың қаншалықты айқын болатындығы-нан көрінеді. Керісінше, адам тез өліп кеткен жағдайда, ке-неттен өлген кезде өліктегі қан сүйық болып қалады, бүл айқын аңғарылатын өліктік таңбалардың пайда болуына, көк тамыр жүйесінде қанның түрып қалуына, ішкі мүшелерде қанның толық болуына және өкпенің, жүректің сероздық қабықшалары астында үсақ нүктелер тәрізді экхимоздар пай-да болуына, сондай-ақ қабақ конъюнктивасына себепші болады. Кенеттен өлудің бүл белгілерінің бәрі бүрын түншығып өлу белгілері деп қарастырылып келді, бүл дүрыс емес.

Кенеттен өлген жағдайда өлікте қанның сүйық күйде болуын фибриногенолизбен, яғни фибриногеннің берік фибрин түйіршіктер түзу қабілетінен айрылуымен түсіндіруге болады. Кенеттен болған өлім жағдайында бүл фибриногеннің таяқша тәрізді түрден ірі дискерсті корпускулярлық белокқа, фибрин-глобулинге көшуі салдарынан орын алады. Та-яқшалар қозғалмалы түйірлерге айналады да, олар енді түйіршік түзіп, берік арқауға жабыса алмайды.

Өлген бойдан барлық реттерде де өліктегі қанның адам тірі кезде қан үйып қалған жерлерден басқасының бәрінде әрқашанда сүйық болатынын атап көрсеткен жөн. Жанталасу үзаққа созылған жағдайда қан адам өлгеннен кейін 2 сағат-тан соң үйиды. Кенеттен тез өліп кеткен жағдайда, өлу се-бептеріне қарамастан, өліктің қаны өзінің үю қабілетін өлгеннен кейін 3-5 сағат өткен соң жоғалтады. Алайда мүн-дай жағдайда да адамның денесінен жарақат алу салдарынан қүйылған қан тірі адамның қаны сияқты үйиды. Егер тез өлген адамның мәйітінен ол өлгеннен кейін жарты - бір сағаттан соң сынама үшін түтікшеге қан қүйып алынса, қан үйып қалады да, бірсыпыра уақыт өткен. соң ол қайтадан сүйық қанға айналады. Тез өліп кеткен адамдардың қаны ол өлген соң 3-5 сағаттан кейін үю қабілетін толық жоғалтады, сондықтан мүндай өліктерді жарған кезде қан тамырлары мен жүрек қуыстарынан сүйық қан шығып, ол тромбин қосқанның өзінде де үйымайды.

Таяқша тәрізді фибриногеннің корпускулярлық белокқа айналуы адамның тірі кезінде де, мысалы, дене қуысына қүйылған қаннан да басталуы мүмкін. Мүндай қанның үйы-майтыны мәлім, мүның өзі ішкі қан ағуының із-түзсіз сіңіп кетуіне жәрдемдеседі.

Егер 5—6 минуттан астам уақыт Оойы тыныс болмай, жүрек соқпаса, ми қабығының клеткаларында, сонан соң оның оттегі жетіспеуін онша сезіне бермейтін бөлімдерінде және ба-сқа мүшелердің клеткаларында да протоплазмалар мен клеткалар ядроларының ыдырау процесі басталады, сөйтіп, олар біржола биологиялық өлім қүбылыстарына апарып соғады.
Пысықтау сұрақтары:

1.Танатология анықтамасы.

2. Мәйіттің сот медициналық сараптама түрлері.
Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1. Г.М.Төлепбергенова, Б.А.Дүкенбаева. Сот медицина пәнінен студенттерге арналған оқу әдістемелік құралы (каз., рус.).- Алматы, 2009.-183б.

2. Г.М.Төлепбергенова, Сот медицина пәнінен дәрістер жиынтығы (каз).- Алматы, 2006.-91б.

3. Қаракөбенов Қ.Д. Сот медицинасы. Оқулық .- Алматы, 1996.-319б.

2.Судебная медицина. Учебник / В. Н. Крюков, Л.М. Бедрин. Москва «Медицина», 2005 – 474 с.

3. Практикум по судебной медицины. Г.П. Джуваляков, Д.В. Сундуков. Ростов-на-Дону «Феникс», 2006.

4. Судебная медицина. Ю.Д. Гурочкин, Ю.И. Соседко. Москва «Эксмо», 2006.

5. Попов В.Л., Судебная медицина, Учебник, Санкт-Петербург, 2002

6. Томилин В.В., Пашинян А.П. Руководство по судебной медицине. Москва, 2000.

7. Задачи и тестовые задания по судебной медицине. Под редакцией Ю.И.Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед» 2004.

8. Учебное пособие для практических занятий по судебной медицине. Под редакцией Ю.И. Пиголкина. Москва. «Гзотар-мед». 2004.

9. Судебная медицина в схемах и рисунках. Г.А. Пашинян, П.О. Ромадановский. Москва. «Гзотар-мед», 2004.


Тақырып 6 Өлімнің түрлері.

1. Өлімнің түрлері.

Өлім өмір жолының соңғы және міндетті кезеңі болған-дықтан, танатология өмірді зерттеумен, яғни биологияның, физиологияның, биохимияның, патологияның тиісті бөлімдерімен тығыз байланысты. Қазіргі танатологияның пәні терминалдық жағдайларға (латынша terminalis - шекаралас, шектес), яғни өмірдің соңғы сатысына, өмір мен өлім арасындағы шекаралас жағдайға қатысты мөселелерді зерттеу болып табылады. Ал "терминалдық жағдайлар" үғымына ең ауыр естентану (шок) түрлері, талықсу (коллапс), жанталасу алдындағы жағдай, терминалдық үзіліс (пауза), жанталасу (агония) және клиникалық өлім кіреді. Бүл процестерді терминалдық жағдайларға біріктіретін сипатты ерекшелік заттар, атап айтқанда, органикалық қышқылдар алмасуының толық қышқылданбаған өнімдері жинақталуының сал-дарынан ацитоздың асқынуына байланысты тез үдей түсетін гапоксия болып табылады. Ацидоздың дәрежесі мен үзаққа созылуы жандану болжамына да себепші болады.

Шоктың ауыр сатылары, коллапс тікелей жанталасу ал-дындағы жағдайға ауысуы мүмкін, бүл жағдай орталық нерв жүйеанің жоғары бөлімдерінде тежелісгің бел алып, естен тануынан көрінеді. Бүл орайда мидың сабақ бөлігі қозу жағ-дайында болып, біршама уақыттан кейін тежелістің ми са-бағына да ауысуы мүмкін.

Жанталасу алдындағы жағдай кейде талай сағаттарға созылып, терминалдық үзіліске ауысады. Соңғысы рефлекстердің болмауымен, тыныс алудың және жүрек қан тамыр қызметінің аз уақытқа тоқтап қалуынан байқалады. Мүндай жағдайда науқас өліп қалған сияқты болып көрінуі мүмкін. Терминалдық үзілістің айрықша ерекшелігі бульбарлық орталықтардың жүмыс істеуі сақталған жағдайда қабықтың терең тежелуі болып табылады, соның салдарынан орга-низмнің қызметі "бей-берекет", үздік сипатта болады. Терминалдық үзіліс бір минутқа, кейде 2-4 минутқа созылып, организмнің тіршілік үшін күресінщ соңғы алкінісі сияқты болып көрінетін жанталасқа ауысады. Кейбір ғалым-дар жанталасты сөніп бара жатқан алаудың түтініне үқсастырады. Жанталасу бірнеше минуттан отыз және одан да көп минуттарға созылуы мүмкін.

Жанталасу кезінде тырысып-қүрысу түрінде дем алу қайтадан пайда болады, кейде әлсіз болса да жүрек-қан тамыр қызметі қалпына келеді, тіпті аз уақытқа адамның есі кіруі де мүмкін. Науқастын манындағылар мен туыстары мүндай жағ-дайды екінің бірінде науқас сауығып келе жатыр деп үғып, оның содан кейінгі жантәсілім етуін медицина қызметкерінің дүрыс әрекет жасамағандығынан болды деп санауы ықтимал. Жанталасу кезінде қабық терең тежелген жағдайда физиологиялық функциялардың бульбарлық реттеу белсенділігінің барынша артқаны байқалады. Сонан соң тежелу мидың сабақ жағына көшіп, клиникалық өлімге апарып соға-ды. Осы кезге қарай ми үлпасында тотықтану ғана емес, со-нымен бірге гликолиз де тоқтайды, бүл, сірә, ферменттік жүйелердіқ бүзылу салдарынан болуы мүмкін. Мүның өзі мида сүт қышқылының үлғаюы мен ацидоз қүбылыстарының күшеюіне апарып соғады. Клиникалық өлім орын алады, ол жүректің соңғы жиырылуы мен соңғы тыныстан басталады деп саналады. Тыныс алу мен жүрек соғысы бір мезгілде тоқтамауы да мүмкін.

Клиникалық өлім кезеңінің үзақтығы 5-6 минутқа созылады, кейде З-4 минутқа дейін қысқаруы ықтимал. Егер өлім кезінде температура төмен (гипотерия) болса, жас адамдар, дене күші мықты субъектілер өлгенде, сондай-ақ адам тез өліп кеткен жағдайда, т.б. бүл мерзім үлғаяды. Жанталасудың және бүкіл өлу кезеңінің патологиялық процесі мен үзақтығы сипатының да мән-мағынасы бар.

Өлу үзаққа созылған жағдайда адамның барлық компенсаторлық механизмдері іске қосылады, қанның қайта бөлінуі соның көрінгстерінің бірі болып табылады. Шеткі қан тамырларының түйілуі (спазм) салдарынан қанның негізгі массасы жүрек пен миға ағылады, мүның өзі олардың неғүрлым үзақ тіршілік етуіне себепші болады. Мүндай жағдай кейде бірне-ше сағатқа созылуы мүмкін, ал егер адамға жан бітірудің сәті түспесе, барлық тіршілік функцияларының толық және біржола сарқылу көріністері жағдайында ол өліп кетеді. Бүл жағдайларда клиникалық өлім өте қысқа (бірнеше секунд) болғанның өзінде де адамға жан бітіру іс жүзінде мүмкін емес, өйткені организм шын мәнінде жүрек пен тыныс тоқтағанға дейін-ақ өліп қалған. Жарып көрген кезде одан ми клеткалары біршама сақталған жағдайда бауыр мен бүйректің дистро-фиялық ауыр зақымдануы байқалуы мүмкін. Өлімнің мүндай механизмі соматикалық механизм деп аталады.

Адам тез өліп кеткен жағдайда организм өзінің бүкіл ком-пенсаторлық, энергетикалық және функционалдық мүм-кіндіктерін сарықпайды, мүның өзі неғүрлым үзаққа (бірне-ше минутқа) созылған клиникалық өлім кезінде организмнің жандануын қамтамасыз етеді. Мүндай жағдайларда парен-химатоздық мүшелердің үзаққа созылған жанталасқа байланысты дистрофиялық өзгерістер болмайды, ал сол кезде олардың ми клеткаларынан байқалуы мүмкін ("ми өлімі").

Өлімнің келу қарқынын морфологиялық белгілер бойын-ша анықтаудың сот-медициналық мәні зор. Жанталасудың үзаққа созылғаны жүрек пен ірі қан тамырларында, мидың қатты қабықтарының қатпарларында болатын қызыл және, әсіресе, сары (ақшыл) үйыған қанның табылуымен анықта-лады. Мүндай жағдайларда қанның едәуір дәрежеде үйыған-дығы өліктік таңбалардың қаншалықты айқын болатындығы-нан көрінеді. Керісінше, адам тез өліп кеткен жағдайда, ке-неттен өлген кезде өліктегі қан сүйық болып қалады, бүл айқын аңғарылатын өліктік таңбалардың пайда болуына, көк тамыр жүйесінде қанның түрып қалуына, ішкі мүшелерде қанның толық болуына және өкпенің, жүректің сероздық қабықшалары астында үсақ нүктелер тәрізді экхимоздар пай-да болуына, сондай-ақ қабақ конъюнктивасына себепші болады. Кенеттен өлудің бүл белгілерінің бәрі бүрын түншығып өлу белгілері деп қарастырылып келді, бүл дүрыс емес.

Кенеттен өлген жағдайда өлікте қанның сүйық күйде болуын фибриногенолизбен, яғни фибриногеннің берік фибрин түйіршіктер түзу қабілетінен айрылуымен түсіндіруге болады. Кенеттен болған өлім жағдайында бүл фибриногеннің таяқша тәрізді түрден ірі дискерсті корпускулярлық белокқа, фибрин-глобулинге көшуі салдарынан орын алады. Та-яқшалар қозғалмалы түйірлерге айналады да, олар енді түйіршік түзіп, берік арқауға жабыса алмайды.

Өлген бойдан барлық реттерде де өліктегі қанның адам тірі кезде қан үйып қалған жерлерден басқасының бәрінде әрқашанда сүйық болатынын атап көрсеткен жөн. Жанталасу үзаққа созылған жағдайда қан адам өлгеннен кейін 2 сағат-тан соң үйиды. Кенеттен тез өліп кеткен жағдайда, өлу се-бептеріне қарамастан, өліктің қаны өзінің үю қабілетін өлгеннен кейін 3-5 сағат өткен соң жоғалтады. Алайда мүн-дай жағдайда да адамның денесінен жарақат алу салдарынан қүйылған қан тірі адамның қаны сияқты үйиды. Егер тез өлген адамның мәйітінен ол өлгеннен кейін жарты - бір сағаттан соң сынама үшін түтікшеге қан қүйып алынса, қан үйып қалады да, бірсыпыра уақыт өткен. соң ол қайтадан сүйық қанға айналады. Тез өліп кеткен адамдардың қаны ол өлген соң 3-5 сағаттан кейін үю қабілетін толық жоғалтады, сондықтан мүндай өліктерді жарған кезде қан тамырлары мен жүрек қуыстарынан сүйық қан шығып, ол тромбин қосқанның өзінде де үйымайды.

Таяқша тәрізді фибриногеннің корпускулярлық белокқа айналуы адамның тірі кезінде де, мысалы, дене қуысына қүйылған қаннан да басталуы мүмкін. Мүндай қанның үйы-майтыны мәлім, мүның өзі ішкі қан ағуының із-түзсіз сіңіп кетуіне жәрдемдеседі.

Егер 5—6 минуттан астам уақыт Оойы тыныс болмай, жүрек соқпаса, ми қабығының клеткаларында, сонан соң оның оттегі жетіспеуін онша сезіне бермейтін бөлімдерінде және ба-сқа мүшелердің клеткаларында да протоплазмалар мен клеткалар ядроларының ыдырау процесі басталады, сөйтіп, олар біржола биологиялық өлім қүбылыстарына апарып соғады.
жүктеу 1,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау