Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі



жүктеу 1,81 Mb.
бет6/9
Дата23.05.2018
өлшемі1,81 Mb.
#16660
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пысықтау сұрақтары:

  1. Дәрігер маманның ролі.

Ұсынылатын нормативтік актілер

1ҚР ның Конституциясы 2007ж

2.ҚР сының «ҚР сының Президенті туралы» Конституцяилық заңы//

3.ҚР ның Үкіметі туралы заң 2006ж



2. Негізгі әдебиеттер

1.Карипова, А.И. Институт освобождения от административной ответственности и административного взыскания :Учеб. пособие.-Алматы:HAS,2005.-

2.Жетписбаев, Б.А. Административные правонарушения: опыт теории и практики .-Алматы, 2005

3.Административное право РК. Часть общая. – А., 1996

4.Административное право РК. Часть особеннная / Ред. Таранов А. – А., 1998

5.Кодекс об административных правонарушениях. – А., 2000

6.Ибрагимов Х. Административное право РК. – А., 2000

7.Жетписбаев Б. Административная ответственность. – А., 1999

8.Практикум по административному праву. – А., 1998

9.Бахрах Д. Административное право. – М., 1993


Тақырып 9. Жәбірленушілердің, айыпталушылардың және т.б. тұлғалардың сот - медициналық сараптамасы.

1. Жәбірленушілердің, айыпталушылардың және т.б. тұлғалардың сот медициналық сараптамасыңың түрлері.

2. Орта дәрежелі және жеңіл дене жарақаттары.

Сот-медицина сарапшысының әрбір нақты жағдайда дене жарақатын дүрыс анықтау үшін оның қаншалықты ауыр екенін айқындауға байланысты кейбір қүқылық мәселелерді білуі қажет. Сонымен бірге сарапшы дене жарақатының қан-шалықты ауыр екенін анықтау жөніндегі өз жауапкершілігін де білуге тиіс. Өйткені сарапшы қорытындысының сыртында талай адамдардың тағдыры түрады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарын-да денеге салынатын ауыр жарақат түрлерінің бірнеше белгі-лері көрсетілген. Біз оларға жеке-жеке тоқталып өткенді жөн көрдік.

Шын мәнінде заңдарда жарақаттардың бір-ақ түрі - адам өміріне қауіпті жарақаттар ғана қарастырылады. Өйткені жарақат түрлерінің басқа белгілерінің бәрі жарақаттың нақ өзі емес, соның зардаптары болып табылады.

Адам өмірі үшін қауіпті жарақаттарға адам медициналық көмек көрсетілмей өліп кететін немесе оған өлім қаупін туғызатын жарақаттар жатқызылады. Бүл жарақаттар медици-налық көмек көрсетілгеніне қарамастан, сондай жарақат алудың өзі-ақ адам өміріне қауіпті деген сөз. Кейде, медициналық көмек көрсетілген жағдайда, мүндай жарақаттардың ақы-ры жақсы болып, ауыр зардаптарга соқтырмайды. Сондықтан мүндай жарақаттар салынған сәтінде ғана қауіпті болуы мүмкін.

Адам өміріне қауіпті жарақаттарға мыналар:



а) ішкі мүшелер жарақаттанбаса да, бас сүйегіне, кеуде және іш қуысына, сондай-ақ омыртқа өзегіне өтіп кететін жарақаттар;

ә) бас сүйек күмбезі мен түбінің ашық және жабық сы-нықтары, сондай-ақ екі табақшаның да жабық шытынауы жат қызыла ды.

Маңдай қуысының сыртқы қабатынын жарылуы адам өміріне қатер төндірмейді. Мүндай зақымданудың қаншалықты ауыр екендігі денсаулықтың қанша уақыт нашарлауына қарай анықталуға тиіс. Маңдай қуысы дененің басқа да сырт-қы орталарымен тікелей байланысты. Маңдай қуысы сүйегінің жарылуы бас сүйегі ішіне ауа кіргізбейді, сондықтан өмірге қауіп туғызбайды;

б) қолқа, күре тамыр, ішкі күре тамыр, сыртқы күре тамыр, буғана асты, қблтық, иық, сан, тақым артериялары не-месе солармен қатар көк тамырлар сияқты қан жүретін ірі тамырлардың зақьімдануы;

в) түтікті үзын жіліктердің: сан, жіліншік, иық және білек
сүйектерінің ашық сынуы;

г) омыртқалардың жекелеген өскіндерінің жеке сынғанын қоспағанда, мойын ом^ртқаның сынуы, сондайақ басқа жерлердегі омыртқалардЫЧ сынып, жүлынның белсенді жүмыстан қалуы;

ғ) жамбас сүйектерінің сынуы естен тану ауыр болса, қан көп кетсе, жамбас мүшелері зақымданса, яғни өмірге шын қауіп төнсе, сондай-ақ 33 %-тен астам еңбек қабілетін түрақ-ты жоғалту белгілері бюйынша;

д) өмірге қатер төндіретін симптомдарымен қоса, ми шайқалуының ауыр дәрежеде болуы;

е) клиникалық жол^ен анықталған кеуде немесе іш қуысының, жамбас, бүйрек қуысының ішкі органдарының жабық жарақаттары, сондай-^Қ мидың зақымдануы мен бас сүйегі ішіне қан қүйылуы;

ж) токтың ауыр сатысы, коллапс, май және газ эмболиясы
немесе қанның көп кетуі сөйтіп өмірге қатер төндіретін симптомдардың болуы;

з) жүтқыншаққа, көмейге, өңеш пен кеңірдекке жарақат түсуі;

и) егер клиникалық деректермен және істің мән-жайымен объективті түрде анықталған жағдайда алқымның қысылуынан естен айырылып, үмытшақ (амнезия) болкш, мидың қан айналысының бүзылуы;

к) дененің термиялыК. химиялық, электрлік П-Ш дәреже-дегі және дене сыртыныЯ кемінде 25 %-ін қамтитын күйіктер.

Қандай болғанымен, қалған жарақаттардың бәрі негізіне қарай бағаланады.

Өмірге қатер төндіруіне байланысты туындайтын кейбір мәселелерді жеке алып карастыру қажет. Жарақат салу әді-сінің адам өміріне қауідтілігін, оның орналасуын және жа-рақаттың өзі адам өміріие қатер төндіретінін анықтау керек. Жарақат салу әдісіній адам өміріне қауіптілігі қолданыл-ған қүралға (мысалы, балта), қаруға (атылатын қүрал, қанжар және басқалар), заттарға (тотияйын, цианисты калий, т.б. бе-руге тырысу), тәсілге (мОЙынға түзақ салу, қолмен түншықтыру, суға батыру, т.б.) байланысты болуы мүмкін. Адам өміріне қауіп төнуі өзгер:мей қала береді жөне жасалған өре-кет жағдайында ғана емеА сонымен бірге соған дайындалып, өлтіру ушін қастандық жасау, бүл әдіспен денеге жарақат салу жағдайында да сақталып қалады. Егер әлдебіреу жарақат салу мақсатымен сатылып, дайындалған қарумен біреу-лерге шабуыл жасаса, бір ДҚ қаруды қолданып үлгірмесе, оны қолдану қаупі өзгермей қала береді. Ал егер бір адамды атып, оған тигізе алмаса да, атылатын қаруды қолдану әдісінің өзі адам өміріне қауіпті болады т.б.

Зақым келтіру әдісінің адам өміріне қауіптілігін анықтау көп жағдайларда арнайы анықтауды, демек сараптама жүр-гізуді талап етпейді. Тек жекелеген жағдайларда ғана арнайы анықтау керек болуы мүмкін. Мысалы, улануға әрекет жасалған жағдайда қолданылған улы заттың сипаты мен оның адам өмірі үшін қауіптілігін және оның мөлшерін анықтау арнайы анықтауды талап етеді. Бірақ бүл жағдайда да заттың сипатңі мен мөлшерін анықтау үшін арнайы тексеруді қажет етеді, ал сарапшының қорытындысы бойынша тергеуші және сот қолданылған әдістің адам өміріне қауіптілігі жайында түжырым жасайды. Сонымен жарақаттың адам өміріне қауіп төндіретінін немесе оның денсаулығы-на басқаша зиян келтіретінін сарапшы анықтамайды. Сарапшы денсаулыққа зиян келтіру әдісін - жарақаттың адам өміріне қауіптілігін ғана анықтайды.

Жарақаттардың белгілі бір дене бөлігінде орналасуы жа-рақаттың адам өмірі үшін қауіпті екенін өзінен-өзі анықтамайды. Мәселен, жарақаттардың бас, жүрек, іш жағына са-лынуы олардың сол жерлерде болуының өзі адам өміріне қауіпті деуге негіз болмайды. Теріге бас маңынан оқпен жарақат салу, сондай-ақ тері бетіндегі пышақпен, қанжармен жүрек маңынан салынған жеңіл-желпі жарақаттарды сарапшы олардың орналасуына ғана қарап, адам өмірі үшін қауіпті деп анықтай алмайды. Тергеуші мен сот қару мен жарақаттардың орналасуын негізге ала отырып, денеге салынған жарақаттың адам өмірі үшін қаншалықты қауіпті екені туралы қорытынды жасайды.

Заңда дене жарақаты қарастырылғанда мынадай екі жағдай: жарақаттың адам өмірі үшін қауіптілігі мен денсаулыққа жарақат келтірген зияны ескеріледі. Адам өміріне қауіптілік дегеніміз денеге түскен ауыр жарақаттың ерекше белгісі.

Кейбір сарапшылар жарақаттарды олардың сипаты бойын-ша бағалау керек деп пайымдайды. Мысалы, жамбастың сынуы - денеге түскен ауыр жарақат. Жарақаттарды сипаты бойынша есепке алу үшін әуелі жарақаттың сипаты қандай екенін .анықтау қажет. Ал біз жарақаттың сипатын анықтауға әрекет жасасақ, оның адам өміріне қауіп төндірудің нақ өзі немесе оның нәтижесі болып шығады. Ал соңғысы яғни оның нәтижесі түрлі дәрежеде еңбек қабілетін түрақты жоғалтуға немесе үзақ уақыт бойы не аз уақытқа денсаулықтың бүзылуына әкеп соғады.

Алам өміріне қауіптілік дәрігерлік көмекті тез көрсету мүмкіндігіне байланысты кемімейді. Өйткені дәрігерлік көмекті тез көрсетуге мүмкіндік жоқ жағдайда, мысалы түрғын үйлерден, ауруханалардан алыс жерлерде жарақат алы-нуы мүмкін. Мәселен, іш қуысына өтіп кететін жарақат адам өмірі үшін әрқашанда қауіпті. Медициналық көмек көрсетіл-месе, іш пердесінің қабынуы - перитонит бел алып, адам өліп кетеді. Сондықтан өмірге қауіпті жарақаттарға өдетте адамның өліп кетуіне әкеп соғатын немесе сондай қауіп төндіретін жарақаттар жатқызылуға тиіс. Ал осы түрғыдан алғанда бас сүйегін, кеудені, іш қуысы мен жүлын жолы қуысын тесіп өтетін жарақаттар адам өміріне қауіп төндіретін жарақат болып есептеледі.

Күнделікті тәжірибеде кездесетін мәселелерге байланыс-ты адам өміріне ең қауіпті кейбір жарақаттарды қарастырып өткен жөн.

1. Бас сүйек қуысын тесіп өтетін жарақаттардын өмірге қауіп төндіретініне ешқандай күмән жоқ. Кейде кеуде қуысын тесіп өтетін жарақаттардың адам өміріне неліктен қауіпті болатынына күмән келтірулер бар. Емдеу мекемелерінің ма-териалдарына қарағанда, кеуде қуысын тесіп өтетін жара-қаттан адамның ажал табуы мейлінше көп кездесетін көрінеді.

2. Бас сүйектің күмбезі мен түбі сүйектерінің ашық неме-се жабық сынуы да олардың адам өмірі үшін қауіпті екеніне сөз жоқ. Бас сүйек күмбезінің жабық түрде сынуын да бас сүйекке ауа кіруін туғызатын осындай жарақаттарға жатқызу керек. Бас сүйектің сыртқы немесе ішкі жүқа табақшала-ры біреуінің шытынауы, бас сүйек қуысына ауа кіргізбейті-ндіктен, адам өмірі үшін қауіпті деп саналмайды. Сондай-ақ ішкі дөңес табақшалардың, маңдай қуысының ішкі жақтары мен тор сүйек қабырғаларының шытынауы да мүндай жарақаттарға жатқызылмайды.

3. Ірі қан тамырларының жарақаттануы адам өміріне қауіпті екеніне күмән туғызбайды. Басқа да шеткі (білек, саусақ, жіліншік, табан, мойын, бет, бас) қан тамырларының зақымдануынан кейбір жағдайларда қан көп ағып, қанды көп жоғалту және естен тану жағдайына жеткізуі мүмкін. Мүндай
жағдайларда олар адам өміріне нақты қауіп төндіретіндіктен өмірге қауіпті жарақат деп есептелуге тиіс.

4. Түтікті үзын сүйектердің, жамбастың, жіліншіктің, иық пен білектің ашық сынуының өмірге қауіпті жарақаттарға жатқызылатын себебі, олар сонымен бірге тез арада білікті медициналық көмек алу мүмкін болмаған жағдайда организмнің жалпы зақымдануына апарып соғуы мүмкін. Бүл
әсіресе неғүрлым ірі сүйектердің ашық сынуына қатысты.

Біреулер сан сүйегінің сыңуы адам өміріне әрқашанда қауіпті, сондықтан дененің ауыр жарақатына жатқызылуға тиіс деп санайды. Мүнымен келісуге кейде болмайды. Өйткені сан сүйегінің сынуын адам өміріне қауіпті дене жа-рақатына жатқызуға болмайтын себебі - оның сынуынан адамның өліп кетуі өте сирек кездеседі. Оның үстіне ол еңбек қабілетін үштен бірінен астам жоғалтуға әкеп соғады. Міне, осындай жағдайда ғана оны нақ осы белгілері бойынша де-ненің ауыр жарақатына жатқыэуға болады. Сондай-ақ сан сүйегінщ сынуы есті қатты тандыруға әкеп соғуы мүмкін. Мүндай жағдайларда олар өмірге қауіп төндіретіндігі жөніндегі белгісі бойынша ауыр дене жарақатыңа жатқызылуға тиіс.

5. Тәжірибенің көрсетіп жүргеніндей, мойын омыртқалардың сынуы, сондай-ақ басқа да омыртқалардың толық сынып, жүлын қызметінің бүзылуы адам өміріне қауіпті екені еш күмән туғызбайды. Ал кеуде мен бел омыртқалардың жүлын қызметін зақымдамай сынуы адам өміріне қауіпті емес және дүрыс емделген жағдайда ешқандай зардабы болмауы
ықтимал.

  1. Жамбас сүйектерінің сынуы да дененің ауыр жарақатына жатқызыла бермейді. Ол адам өміріне тікелей қатер төндіргенде ғана қауіпті болады. Бүл орайда ол естен тандырып, қан көп кетуге, жамбас мүшелері зақымдануға тиіс.

  2. Ми шайқалуынын әр түрлі дәрежесі болады. Клиникада мидың шайқалуы үш дәрежеге бөлінеді.

Ми шайқалуынын бірінші яғни жеңіл дәрежесінде адам аз уақытқа естен танып қалуы, басы ауыруы, басы айналуы, лоқсып, қүсуы мүмкін.

Ал орташа яғни екінші дәрежесінде адам үзақ уақыт - бірнеше сағат бойы естен танып қалады, үйқы басып, кейде амнезияға, есінен жаңылуға дейін жетеді. Зардап шегушіден брадикардия, менингиалдық қүбылыстар, үсақ ошақты нев-рологиялық симптомдар, рефлекторлық функциялардың нашарлауы, бастың ауыруы мен айналуы, лоқсып қүсу бай-қалады. Ми шайқалуының ауыр яғни үшінші дәрежесінде адам үзақ уақыт бойы есінен танып, коматоздық немесе сопороздық жағдайға үшырайды, сөйтіп үйқыға батып, есінен айрылады, рефлекторлық функциялары күрт төмендеп, ме-нингиалдық қүбылыстар, ошақты неврологиялық және па-тологиялық симптомдар байқалады, адам лоқсып қүсады, басы айналады.



Ми шайқалуынын адам өміріне қауіптілігі жалпы ми шайқалуы жөнінен ем^с, оның ауырлығымен бағаланады. Адам өміріне оның үшінші, ауыр дәрежесі қауіпті. Орташа яғни үшінші дәрежедегі ми шайқалуы адам ауыр жағдайға үшырағанда ғана оның өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін.

8. Кеуде қуысы мен іш қуысының, жамбас қуысының ішкі мүшелерінің, бүйректердің жабық жарақаттары, мидың зақымданып, бас сүйек ішіне қан қүйылуы адам өміріне қатер төндіретіндігіне күмән жоқ. Мүндай жарақаттар тек қана клиникалық жолмен анықталуға тиіс. Несепте қан пайда болған жағдайда мүның басқа жарақаттарға емес, бүйректің жабық жарақатына байланысты екенін негіздеу керек.

9. Қатты естен тану, коллапс, май немесе газ эмболиясы және қанның көп кетуі клиникалық жағынан айқын аңғарылса, олардың өмірге қауіпті екені күмән туғызбайды.

10. Көмейдің, кеңірдек пен өңештің тесіп өткен жарақаттары адамға қатерлі естен тану, қан кету және жағдайдын қосымша қиындауы (медиастинит) өріс алған кезде өмірге қауіп төндіреді.

11. Қолмен немесе түзақпен буындырудың адам өміріне қауіптілігін сондай қауіп төндірілгеніне және олардын объективті деректермен расталуына қарай бағалау керек. Бүл орайда адамның есінен айрылғанын, амнезия яғни оттегінің жетіспеуі салдарынан мидағы қан айналасының бүзылу симптомдары болғанын анықтау қажет. Егер көздің дәнекер
қабығында (конъюнктиваларда), бетте, шырышты жүтқыншақта көгерген жерлер (экхимоз) болса да, қолмен буындыруды адам өміріне қауіпті деп бағалауға болмайды. Экхимоздың болуы жоғарғы көк тамыр жүйесінде қысымның артқаңын ғана дәлелдейді. Адамның мойнын буындырмай-
ақ, қатты жөтелген, лоқсыған, күшенген жағдайда да экхимоз болуы мүмкін. Спортшылардың жаттығу кезінде көзінің дәнекер қабығы қызарып кетуі кездеседі. Сонымен бірге, мойыннан буындыру жиі болғанымен, одан адамның өліп кетуі сот медицинасы тәжірибесінде өте сирек кездеседі. Бүл
арада мойыннан қолмен қылғындыру немесе түзақпен буындыру әдісінің адам өміріне қауіптілігін осылайша буындыру салдарынан естен айрылу, тырысу, амнезия түрінде болатын қауіптіліктен айыра білу қажет.

12. Дененің кемінде 25 %-інде П, Ш дәрежелі күйік болған жағдайда термиялық, химиялық және электр күйіктерінің адам өміріне қауіпті екені өзінен-өзі түсінікті.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде аяқ-талуы жөнінен ауыр дене жарақаттары белгілері бойынша бірнеше топқа бөлінеді. Солардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өтейік.

1. Көру қабілетінен айрылу. Мүлдем емделмейтін соқыр-лық пен оған теңестірілген жағдай көру қабілетінен айрылу деп саналады. Көру қабілеті соқырлыққа теңестірілген жағ-дайда жақсы көретін көздің көру қабілеті көздің кемшілігін түзеткенде 0,03-тен аспайды немесе екі көздін көру аймағы-ның концентрациялық тарылуы 5—10° болады. Ал бір көздің көру қабілетін жоғалтуы жалпы еңбек қабілетін 35% мөлшерінде яғни кемінде 1/3 мөлшерінде жоғалту деп баға-ланады.

Соқыр көзді алып тастау талап етілген жарақат денсау-лықтын қаншалықты үзаққа созылуына қарай бағаланады. Сот мүндай зақымдану салдарын орны толмайтындай сиқы бүзылу белгісі бойынша ауыр дене жарақаты деп бағалауы мүмкін.

2. Есіту қабілетінен айрылу. Мүлде айықпайтын көреңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді өте жақын жерден (қүлағынан 3-5 см) айтқанда ғана есіте алатындай жағдай есіту қабілетінен айрылу деп саналады. Кейбір криминалис-тер бір қүлақтың есітпей қалуын бір көздің көрмей қалуы сияқты ауыр жарақат деп есептейді. Дене жарақатының ауырлығын анықтау принциптері түрғысынан алғанда мүнымен келісуге болмайды. Бір көздің көруден қалуы бинокулярлық көрудің бүзылуына және жалпы еңбек қабілетінің 35 %-ін, яғни кемінде үштен бірін түрақты жоғ-алтуға әкеп соғады, сондықтан ол ауыр дене жарақаты деп бағаланады.

Бір қүлақтың есітпей қалуы жалпы енбек қабілетінің 15 %-ін, яғни кемінде үштен бірін біржола жоғалту емес, сон-дықтан ол денсаулықтың бүзылуына әкеп соққан жеңіл жарақат деп бағаланады. Демек, бір қүлақтың есітпей қалуы ауыр дене жарақаты белгілерінің бірде-біреуіне жатпайды.

3. Қандай да бір өзге мүшеден айрылу. Тілден (сөйлеуден) қалу, қолынан, аяғынан, жыныс мүшелерінен айрылу "өзге мүшелерден" айрылу деп саналады. Бірақ саусақ сияқты мүшелерден айрылу оған жатпайды. Бүл орайда ондай мүше-лерден олардың (қолдың, аяқтың, тілдің, жыныс мүшесінің) бөлініп қалуы мағынасында айрылуға немесе сол мүшенің жүмыс істемей қалуына, оның жансыздануына (қол-аяқтың, т.б. салдануына) жарақаттың себепші болғанболмағанының мәні жоқ.

Сөйлеу қабілетін, өз ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен жеткізу қабілетін біржола жоғалту тілден айрылу деп саналады.



Білектен, білезіктен, тобыққа, тізеге дейін аяғынан айрылу немесе олардын сал болған сияқты қозғалмай қалуы қол-аяқ-тан айрылу деп түсініледі.

Жыныс қатынастарына қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып, оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу түқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады. Мүндай зардаптардың бәрі ауыр дене жарақаттарына жатады. Бір еннің зақымдану салдарынан жоғалтылуы үрықтану қабілетінен айрылуға әкеп соқпайды, сондықтан ол ауыр дене жарақатына жатқызылмай, денсаулық бүзылуының қаншалықты үзаққа созылуына қарай бағалануға

тиіс.


4. Дене мүшесінің өз қызметін атқара алмауы деп зақым-дану салдарынан оның сал болып қалуы немесе жүмыс істеу қабілетін жоғалтуы айтылады. Бүған қол басы пішінінің бүзылуы, ірі буындар маңынын тыртықтанып тартылуы және қандай да болсын мүшенің жүмыс істеуіне кедергі жасайтын басқа өзгерістер жатады. Егер дене мүшесінің әрекеттен қалуы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірінен біржола ай-рылуға әкеп соқса, әлгі айтылған белгілер еңбек қабілетін турлі дәрежеде біржола жоғалту белгісі болып табылады.

5. Іш қүса болу. Жарақат алуға байланысты іш құса болу ауыр дене жарақатының белгісі болып табылады. Мысалы, бас сүйек жарақатына байланысты пайда болатын қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Іш қүсаның диагнозын қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтауға сот-медицина сарапшысы емес, сот психиатры қүзіретті. Сот-медицина сарапшысы психиатрия саласының маманы емес, сондықтан ол психикалық аурулар жөнінде қорытынды бере алмайды. Дене жарақатының осындай зардаптарының қаншалықты ауыр екенін сот-медицина сарапшысы психиатрдың қатысуымен анықтайды. Тәжірибеде зақымдану салдарынан

іш қүса болу сирек кездеседі.



6. Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін біржола жогал-туға үласқан өзге де денсаулықтың бүзылуын алдын ала анықтап алу қажет. Негізінен алғанда, еңбек қабілетін біржо-ла жоғалту деп жалпы енбек қабілеті, былайша айтқанда, ма-мандықты талап етпейтін енбекке қабілеттілік айтылады.

Еңбек қабілетін біржола жоғалту зардап шеккен адамның жалпы еңбек қабілеті мен онын жоғалтылу көлемін онша өзгертпейтін жарақат зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістерімен байланысты. Бүл орайда зардап шегуші адамның бейімделуі айтылып отыр. Еңбек қабілетінің біржола жоғалтылуы жарақаттың немен тынатыны айқын-далғаннан кейін ғана, яғни оның жазылу кезіне қарай анық-талады. Енбек қабілетін жоғалту тек түрақты болуы мүмкін. Еңбек қабілетін уақытша немесе үзақ мерзімге жогалту жа-йында айту дүрыс емес. Мүның екеуі ле еңбекке уақытша ғана қабілетсіздік болып табылады. Бүл жағдайда адам еңбек қабілетін жогалтпайды, оны сақтап қалады, тек уақытша ғана еңбекке жарамсыз болады.

Қылмыстық істерде дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтау үшін жалпы еңбек қабілетін яғни мамандықты керек етпейтін еңбекке жарамдылықты жоғалту мөлшері айқындалатынын атап көрсеткен жөн. Кәсіптік еңбек қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамды нақ кәсіптік еңбек қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің қаулысы немесе сот үйғарымы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Еңбекке қабілетті адамның еңбек қабілетін біржола жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, I топтағы мүгедекке, ягни еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мүндай жағдайларда дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады:

  1. балалардың кейін ол 18 жасқа толғанда еңбек қабілетін
    қандай дәрежеде жоғалтқаны көрсетіледі;

  2. мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады, яғни мүгедектігі мен оның тобы ескерілмейді.

7. Түсік тастау. Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат екендігінін мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады. Мүндай сараптаманы акушер-гинекологтың қатысуымен жүргізу керек. Бүл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы түсіктің зардап шегуші организмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оған дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс. Бүл орайда алдьш ала қылмысты түсік жасалуы, оны зардап шегушінің жарақаттан
болды деп көрсетуі мүмкін екенін ескеру керек.

Кейде сот-медицина сарапшысьша "қатерлі түсік", "мерзімі-нен бүрын қатерлі түсік болғаны" туралы айтылған медици-налық қүжаттар табыс етіледі. Сарапшы мен акушер-гинеколог бүл қүжаттарды мүқият анықтап, диагноздың дүрыс қойылганына көз жеткізуге тиіс. Мүндай жағдайларда диагноздың анамнестикалық деректерге ғана негізделуі сирек кез-деспейді. Бүл, әрине, сот-медицина сарапшысы анамнестика-лық мәліметтерді ескермеуге тиіс деген сөз емес. Сарапшы оларға мүқият талдау жасап, өз түжырымының (пікірінің) негізіне алынуға тиісті объективті зерттеудің деректерімен салыстыруға міндетті.

8. Беттің жарақатталуы. Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі, ол дене жарақатының қаншалықты ауыр екенін бағалау жөнінде тірі адамды куәландырған барлық жағдайлардың жартысында дерлік кездеседі.

Бет жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салынған кезде оның адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы, мүрынға соққы тигенде естен тану, жақтың сыртқы күре тамырлары жарақаттанғанда қан ағу, т.б.), сезім (көру, есіту, иіскеу) мүшелерінің зақымдануын және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бүзылуын ескеру керек. Сот-медицина сарапшысы бет пішінінің бүзылғанын анықтамайды, өйткені ол медициналық үғым емес. Бет сиқьшың бүзылуы туралы мәселені сот шешеді. Сот-медицина сарапшысы мүндай жағдайларда бүл жарақаттың нақты белгілерін негізге ала отырып, жарақаттың сипаты мен қаншалықты ауыр екенін анықтайды. Сонымен бірге сарапшы жарақаттың жазылу мүмкіндігін анықтауға тиіс, бүл орайда ол мәселе сараптаманың шешуіне қойылған болуы керек.

Бет жарақатының жазылуы дегеніміз тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайдың нәтижесінде олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын ңыртыс-тарына және т.б. үқсап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу әдістерінің нәтижелері де осыған жата-ды. Ал егер консервативтік ем жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға косметикалық операция жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан қалпына келмейтін жарақат деп қаралады. Бұл өте білікті маман жасағаннын өзінде де косметикалық операциялардың ойдағыдай аяқтала бермейтінімен байланысты. Сонымен бірге әдетте операциялар зақымданған адамға қосымша физикалық және психикалық залал келтіреді.

Адамның бет ігішінінің қалпына келмейтіндей болып бузы-луы ауыр дене жарақатына жатады, өйткені мундай жағдайда орын алатын іш қүса болып қатты қайғыруға бет піішншің бүзылуы ғана емес, адамның қоғаммен байланы-сының бузылу қаупі де негіз болады.

жүктеу 1,81 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау