Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі


Отбасымның суреті (фототсуреті)



жүктеу 1,93 Mb.
бет7/11
Дата20.05.2018
өлшемі1,93 Mb.
#14681
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Отбасымның суреті (фототсуреті)


Мынау менің отбасымның суреті. Бұл менің атам мен әжем. Атам жас кезінде ұзын бойлы, қара шашты, қой көзді көрікті жігіт болған. Әжем де жас кезінде аққұба, көзі көк өте сұлу әйел болған. Әрине, қазір атам мен әжем қартайды, олардың бетіне әжім түсті. Атам мен әжем өте жомарт, дана адамдар. Атамның жанында менің әкем отыр. Әкем қазір елу жетіде. Әкем толқынды қара шашты, денелі, қой көзді, құс мұрынды, қараторы адам. Ол мәдениетті адам, белгілі саясаткер. Әкемнің жанындағы менің анам. Анам аққұба келген, қыр мұрынды, шашы ұзын, орта бойлы өте сымбатты әйел. Анам өте салмақты мейірімді адам. Әжемнің жанында менің ағам отыр. Ағам дөңгелек жүзді, көзі қара, маңдайы кең бойшаң жігіт. Ағам өте білімді, сабырлы, жұмысына тиянақты адам. Қарындасым менің жанымда отыр. Ол өте нәзік, сұңғақ бойлы, қысқа бұйра шашты қыз. Оның көзі қара, мұрны кішкентай, ерні жұқа, маңдайы ашық. Қарындасым өте сымбатты, сүйкімді, әрі әдепті, кішіпейіл қыз.
Сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз.

1. Отбасымның мүшелері кімдер? А. Жас кезінде аққұба, көзі көк өте сұлу әйел болған.


2. Атам жас кезінде қандай болған? Ә. Ол өте сымбатты, аққұба келген, шашы ұзын,

орта бойлы әйел.Ол өте салмақты мейірімді адам.

3. Әжем жас кезінде қандай болған? Б. Ол дөңгелек жүзді, көзі қара, маңдайы кең

бойшаң жігіт. Ол өте білімді, сабырлы,

жұмысына тиянақты адам.
4.Әкем қандай адам? В. Ұзын бойлы, қара шашты, қой көзді көрікті жігіт

болған.
5.Анам қандай адам? Г. Атам әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және

мен.
6.Ағам қандай адам? Д. Ол өте нәзік, сұңғақ бойлы, қысқа бұйра

шашты қыз. Оның көзі қара, мұрны кішкентай, ерні

жұқа, маңдайы ашық. Ол өте сымбатты,сүйкімді,

әрі әдепті, кішіпейіл қыз.




  1. Қарындасым қандай адам? Е. Ол қазір елу жетіде. Әкем толқынды қара шашты,

денелі, қой көзді, құс мұрынды, қараторы адам. Ол

мәдениетті адам, белгілі саясаткер.




Жазылым.

3-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін аударыңыздар.

Высокий человек, бородатый дедушка, девушка в очках, усатый сосед, длинные рыжые волосы, густые волнистые волосы, тонкие черные брови, толстые красные губы, широкий открытый лоб, круглолицая.


4- тапсырма.Берілген сөздерге сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрыңыз.

Басы, көзі, қасы, кірпігі, кабағы, маңдайы, мұрны, аузы, ерні, денесі, мұрты.


5- тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз

Белые ровные зубы. Высокий рост. Широкий лоб. Густые волосы. Прямой нос. Хороший характер. Тонкие брови. Кудрявые волосы. Крепкое телосложение. Усатый человек. Внешность человека. Длинные тонкие пальцы. Широкое лицо. Рост твоего брата высокий . Мой отец- человек среднего роста. Её муж низкий. Ноги, руки- части тела. Ваш друг- рослый человек. Его супруга полная. Ваша подруга светловолосая.



6-тапсырма. Қазақ. тіліне аударыцыз

У вас красивые глаза. Волосы его были коротко острижены. У твоего отца длинная борода. Он был лет сорока, среднего роста, худощав и широкоплеч. Нас встретил молодой парень, лет двадцати, высокий, красивый. Куаныш был человек уже пожилой. Она была мала ростом. Пришел низкорослый мужчина. Она была совсем юной. Он был высок и строен. У моей сестры густые волосы.



7-тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

Адамның жан дүниесі қандай? Адамның өз тұлғасын қалыптастыратын не? Адам қандай болуы тиіс? Адамның сыртқы келбеті қандай болуы тиіс? Сіздің тобыңыздағы студенттердің келбеті қандай? Зәуре, Алтынай, Балнұр, Қарлығаш, Самалдың келбеттері қандай? Ұлты –татар, ол аққұба келген, орта бойлы, сымбатты, көзі үлкен, әдемі қыз кім? Тобыңыздағы ұлдардың келбеті қандай? Олар өте ұқыпты, тиянақты және соңғы сәнмен киінеді, олар кімдер?
Оқылым.

Адамның сәні.

Сән ( modus деген латын сөзі) – өлшем, тәсіл, іс – қимыл бейнесі. Сән – белгілі бір талғамның уақытша үстем болуы. Сән – әлеуметтік құбылыс. Киім – бірінші қажетті зат. Оны өндірумен өнекәсіптің әр түрлі салалары айналысады, ал сатумен сауда жүйелері шұғылданады.

Стиль (styios деген грек сөзі) – мәнер, сипат, ерекшелік. Киімде бірнеше – классикалық, романтикалық, спорттық, фольклорлық (этникалық) стильдер болады.

Классикалық (қатаң, іскерлік, элегантты) стиль – келісті, іскерлі, элегантты, өзгермейтін стиль. Классикалық стильдегі заттар – ағылшын жакеті, тік тар белдемше, ерлердікі секілді шалбарлар және т.б. оған ғасырлар ең тұрақты, «таңдамалы», «сәннен тыс» өзгермейтін сән үлгілері жатады.

Романтикалық стиль – бұл «қиял», «еске алу», «ізденістер» саласы, тарихи костюмге меңзейді және оның пішімін, сәндік әрлеуін алып пайдаланады. Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдаланады.

Спорттық стиль –(спорт үшін міндетті емес) қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы. (демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер).

Қазақстанның қазіргі сәнгерлері (модельлер) ұлттық киімдердің дәстүрлерін сақтап, дамытуда, көненің құндылықтарын біздің замандастарымызға жеткізуге тырысады.

Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері, көңіл – спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.



тапсырма. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

«Сән» сөзі қай тілден енген? Сән ненің бейнесі? Сән қандай құбылыс? Қанда киім стилі өзгермейтін, іскерлі элегантты деп айтылып жүр? Классикалық стильдегі киімдерге қандай сән үлгілері жатады? Қандай киім стилі қозғалысқа, түрлі жұмысқа ыңғайлы болып саналады? Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері қандай?


Сөйлесім.

Сұхбатты оқып, жаттығыңыз.

А)

- Аманжол, анау ұзын бойлы, сымбатты әйел адам сендермен бірге жұмыс істей ме?



  • Иә, ол- Сақыпжамал. Өзі шашын сәнмен қиып, киімді таңдап киеді.

  • Ал, бөлім бастығы кандай адам?

- Мұқаметжан Арынулы өте жақсы адам. Жасы елулер шамасында, толықша денелі, орта бойлы.

Тәжірибелі, танымал журналист.



  • Ал мына ұзын бойлы, қараторы арык жігіт Берік пе? Танымай калдым.

  • Иә, ол қазір көзілдірік киеді.

Ә)

  • Апа, сізге бір әйел келіп кетті.

  • Жас па?

  • Жоқ. онша жас емес, орта жастағы әйел.

  • Толық келген бе?

  • Жоқ, арықтау. Ұзын қара шашты, шашына ак кірген.

  • Түсіндім. Ол менің құрбым ғой. Ол да есепші.

Б)

  • Салтанат Ғалиқызы ана кісі кім?

  • Кайсы? ¥зын бойлы жас жігіт пе?

  • Жок, аласа бойлы, толық, қырықтар шамасындағы кісі. Оны танымаймын. Мүмкін жаңадан келген кызметкер шығар.


тапсырма Өзіңіздің және жолдасыңыздың мінезі мен келбетін айтып беріңіз. Үлгі: Спросите своего партнера:

  1. Сен міншіл (придирчивый) ....... бе, әлде жұмсақ (покладистый) ........ ба?

  2. Сен мейрімді (добрый)... бе, әлде қатал (злой)........ ба?

  3. Сен сүйкімді (симпатичный)... бе, әлде сұлу (красивый) ...... ба?

  4. Сен еңбексүйгіш (трудолюбивый) ....... бе, әлде жалкау(ленивый) ........ ба?

  5. Сен ұстамды(сдержанный)... ба, әлде сентименталды... ба?


6.тақырып. Уақыт және адам. Уақыт – алтыннан қымбат. Студенттің бос уақыты.
Оқылым.

I. Уақыт алтыннан да қымбат.

1.Лексика:

1. Уақытты басқару – руководить временем.

2. Мезгілінде – своевременно

3. Еш нәрсеге – ничему

4. Үлгіре алмау – не успевать.

5. Біреу – одни (некто).

6. Кейбіреулер – некоторые.

7. Кешігіп жүру – опаздывать.

8. Әйтсе де – тем не менее

9. Кеңес одағы кезінде – во времена Советской власти.

10. Меңгеру – усвоить.

11. Қажеттілік – необходимость.

12. Барлығының – у всех людей (у каждого).

13. Қазір олай емес – сейчас не так.

14. Тәуліктің тең жартысын – половина суток (половина дня).

15. Үнемдеу – экономить.

16. Өзгелер – другие.

2.Мәтін .

Уақытты басқару – өнер. Біреу жұмысқа мезгілінде келіп, мезгілінде кетеді. Бірақ еш нәрсеге үлгіре алмайды. Екінші біреу үнемі кешігіп жүреді. Әйтсе де, жұмысы өз уақытында тамаша орындап тастайды.

Кеңес одағы кезінде адамдарда ауқытты меңгеруге деген еш қажеттілік болмады. Барылығының жұмысы бар, жұмыс уақыты белгілі, тиісті демалысын алады. Міндетін орындаса болды. Қазір олай емес, әркім өзі үшін жұмыс істейді. Соныдықтан кейбіреулер тәуліктің тең жартысын жұмысқа арнап жүр. Бірақ нәтижелі ме ? Әркім өз уақытын меңгере ала ма ? Қымбат минуттарыңызды үнемдеу бар ма ? Өзгелердің уақытына құрметпен қарайсыз ба ?

3. Уақыттымыздың жаулары ( враги нашего времени):


  1. түсініксіз мақсаттар;

  2. тыңдай білмеу;

  3. «жоқ» деп айта алмау;

  4. телефонмен ұзақ сөйлесу;

  5. асығыс шешімдер;

ұмытшақтық;

  1. жұмыс уақытында кофе, шай ішуге кететін үзілістер;

  2. жоспарлай білмеу.

Жазылым.

4. Мәтін бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз.

  1. Уақытты басқару ...

А)білім;

Ә) өнер;


Б) мамандық.

  1. Кеңес одағы кезінде адамдарға уақытты меңгеруге деген еш.... болмады.

А) мүмкіндік; Ә) қажеттілік; б) ой.

  1. Қазір олай емес, әркім ... жұмыс істейді.

А) біреу үшін;

Ә) туысқан үшін;

Б) өзі үшін.


  1. Кейбіреулер тәуліктің тең жартысын ... арнап жүр.

А) ойынға;

Ә) қыдыруға;

Б) жұмысқа.


  1. Қымбат минуттарыңызды ... аласыз ба ?

А) құметтей;

Ә) ардақтай;



5. Тапсырма:

А) мәтіннен бұйрық райда (2 жақ) берілген сөздерді теріп жазыңыз;

Ә) у-жұрнақты қимыл есімді сөздерді теріп жазыңыз;

Б) сұраулы сөйлемдерді теріп жазыңыз.

Оқылым.

6. Тапсырма:

  1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

  2. Сіз уақытыңызды қалай пайдаланасыз туралы шағын мәтін жазып әкеліңіз.

(А ) Уақытыңызды қалай пайланасыз?

Мен әр күнімді жоспарлаймын. Әр күні әр түрлі жоспар жасауға тура келеді. Өйткені күндер бір-біріне ұқсамайды ғой, өз міндеті бар.

Күннің алғашқы жартысында менің жоспарым өзгермейді. Бұл уақытта мен нөмірге жіберілетін барлық материалдарды оқимын. Түске дейін тәртіпті қатаң сақтаймын, тіпті телефон тұтқасын да көтермейтін кездерім болады. Олай отпесем жұмысым,демек, журналдың жұмысы тоқтап қалады. Күннің екінші жартысында авторлармен сөйлесем, келушілер бар, телефон соғушыларға жауап беремін. Жоспарланған жұмысымның бәрін орындауға мүмкіндік бола бермейді. Күтпеген жағдайлар кедергі келтіреді. Оларды ертеңгі жоспарға енгізуге тура келеді. Жұмыс барысында көп уақытымды алатын жағдайлар- келіп-кетішілер, телефон қоңфраулары, авторлармен сөйлесу. Негізінде көп уақытым нөмірге жіберілетін материалдарды оқуға кетеді. Сондықтан бұл жағынан жұмысымды ақсатпауға тырысамын.

Бұдан ұғып алғаным:

  1. Тек жоспармен жүру ешқандай нәтиже бермейді;

  2. Жағдайларға қарап икемделе білу қажет (уметь приспосабливаться);

  3. Жоспарлау қажет, егер болмаса өзгерткен жөн.

(Р.Петров,«Простор»журналынан).

( Ә) Уақытыңызды қалай пайланасыз?

Күн тәртібі менде жоқ.Негізінен биологиялық ырғақ бойынша өмір сүремін. Таңертең тұрамын, таңғы асымды ішемін. Жұмыс күні, кешкі ас, теледидар көремін, ұйықтауға барамын. Жұмыстағы барлық шаруаны өз мезгілінде бітіруге тырысамын. Кейінге, әсіресе демалатын уақытыма уақыт қалдырмаймын. Яғни, адамда жұмыс уақыты және демалатын уақыты болуы керек деп есптеймін. Бірақ әрқашан ойымдағы бола бермейді. Кейде жағдайлар бізге билік жүргізеді. Күнделікті жұмыс күнімді жоспарлаймын. Бұл проблемаларды шешуге көмектемеді.

(А.Баянов, «Новое поколение» газетінен)
7-тақырып. Студенттің бос уақыты. 50 минуттық дәріс және студент.

1.Лексика:

  1. Денсаулығым мен үшін өте қымбат – для меня здоровье очень важно.

  2. Бос уақытымда ұйқымды қандырамын – в свободное время высыпаюсь.

  3. Бос күнімді жоспарлаймын- планирую свободный день.

  4. Жұмыс қабілетім бір қалыпты – стабильная работоспособность .

  5. Бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын – стараюсь с пользой пользоваться своим свободным временем.

  6. Достарыммен хабарласып, кездесеміз – договорившись с друзьями, назначаем встречу.

  7. Ата –анама көмектесуге тырысамын – стараюсь помочь родителям.

  8. Отбасымызбен маңызды шаруаларды шешеміз – семьей решаем важные проблемы.

  9. Қызығушылықтары болады- имеются свои интересы (увлечения).

  10. Бейнелеу өнері – искусство рисовать.


2. Мәтін: Студенттің бос уақыты.

Қазіргі уақытта мен студентпін.Сондықтан менің әр күнім бір-біріне өте ұқсас. Біз аптаның алты күнінде оқимыз, ал жексенбі күні – демалыс.

Денсаулығым мен үшін өте қымбат, сондықтан бұл күні ең алдымен ұйқымды қандарып аламын . Әдеттей сағат 10 немесе 11-ге дейін ұйықтаймын. Содан соң бос күнімді жоспарлаймын.

Ең алдымен ата –анама көмектесуге тырысамын. Отбасымызбен маңызды шаруаларды шешеміз. Кейін өз бос уақытымды тиімді пайдалануға тырысамын, себебі «уақыт алтыннан да қымбат» деп бекер айтылмаған.

Күннің екінші жартысында достарыммен хабарласып, Сити орталығында немесе А.Байтұрсынов алаңында кездесеміз. Бір-бірімізге жаңалықтар айтып, біраз уақыт демалып қайтамыз.

Әр адамның өз қызығушылықтары болады. Менің де бір жақсы көретінім- бейнелеу өнері. Бейнелеу өнері –бұл менің қатысатын үйірмем. Ол қаланың орталығында Шығармашылық үйінде орналасқан. Жексенбі күні сағат 18-ден 19.30-ға дейін мен осы үйірмеде боламын. Онда біз атақты қыл қалам шеберлері туралы, олардың тамаша туындылары туралы әңгімелесеміз. Композиция, пропорция, перспектива сияқты теориялық ұғымдарды меңгереміз. Қарындашпен, тушьпен, пастельмен, гуашьпен, сулы және майлы бояулармен суреттер саламыз. Бұл менің бір жақсы көретін қызығушылығым. Мүмкін, бұл өнерім менің өмірімде қажетті болар деп сенудемін.

Ал кешке қарай ерте жатып, келесі оқу күніне дайындаламын.

III. Адамның бос уақыты (қосымша мәтін).

А. Адам болып бұл дүниеге келгесін ащының да, тұщының да дәмін татамыз. Дегенмен, барлығына бір сәтте қол жеткізгіміз келетіні тағы бар. Өмірді сүре келе түсіне бастай­мыз, түсінгендей боламыз. Қателі­гімізден сабақ алып, қымба­тымыз бен арзаны­мыз­дың ара жігін ажыра­тамыз.Сіз үшін қымбат не? Сұрақ жеңіл болғанмен, сауалға жауап лезде табы-ла кетпейді. Қымбат ұғымын әркім әр түрлі топшы­лайды. Бірі-Отан, бірі-Ана, бірі-денсаулық ұғымына теліп жата­ды. Ал кез-келген табысқа жету үшін адам өз уақытын дұрыс пайдалана білуі керек. Шайтан адамды: «Бұл дүние бір-ақ рет беріледі, әлі жассың, нағыз шалқып жүрер кезің, жас күніңде ойна да күл»,-деп азғырады. Сол сөздің жетегіне еріп, «темірді қызған кезінде соғатын» сәтімізді жіберіп аламыз. Бей-берекет өмір сүруге дағдыланып, кейін «қап» деп сан соғып қалатындар да бар. Ұйқы — уақыт тапшылығын туды­ратын негізгі фактор. Ақиық ақын Мұқа­ғалидың:

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тең шала жансар өлімменен.

Қанша менің өлді екен уақытым,

Ақ жастық, ала жастық кебін­деген, -деген өлең жолдарынан-ақ ұйқының қаншама түндер бойы уақытымыздың көп бөлігін ұрлап жатқандығына көз жеткізуге бола­ды. Ұйқымен қоса енжарлық еркі­ңізді билеп алса, сіздің алдыңыздан жарқын болашақтың жолы көріне коюы неғайбыл. Бір күндік ғұмыр кешетін көбелек­тердің өзі азаннан кешке дейін гүлден-гүлге қонып, тіршілік етеді. Оған қарағанда адамның өмірі ұзақ бола тұра, мәңгілік өмір сүретіндей «әлі талай күн бар ғой» деп екі аяқты керіп жатады. Көпке топырақ шаш­паймыз, әрине. Екі қолды бос қойып бір тәулікті құрайтын 86400 минутыңызды жоғалтқанда, өз әмия­ныңыздағы 86400 теңгені жоғалтқан­дай күй кешіңіз. Ішіңіз удай аши ма? Ендеше, әрбір минутыңызға жаныңыз ашысын. Бәлкім, сонда уақыттың қадірін түсінерсіз.

Ә.  Уақыт сіздің уысыңызда тұр­майды. Таудан тоқтаусыз ағатын мөлдір бұлақ суы сықылды уақытта үзіліссіз өте береді. Таудың мөлдір таза бұлағына түссең, тәнің таза­рып, рахаттану сезімін кешесің. Ал, жай оған көз жүгіртіп қарап отыр­саң, саған келер пайда жоқ. Уа­қытты да қалай болса солай өткізер болсаң үміт артар жол сілтей қой­майды, ал уақытты үнемді пайда­ланып, ұлы мақсат жолына құрбан етсең еңбегін еш кетпейді. Осы турасында «Таңғажайыпты күтпе, таңғажайыпты жаса» деп айтылған қанатты сөз орынды. Сәні мен салта­наты жарасқан жиында сіз үшін ешкім билеп бермейтіні секілді, арманға қол созбасаңыз — өмірдің бекер өткендігі.

Уақытты үнемдеу үшін мен бәріне бірдей үлгеремін деген принциптен бас тартыңыз. Бәріне үлгердім деп жасаған сапасыз дүниеңіз кімге қажет? Оны қайта жасау арқылы бір жұмысты екі жұмысқа айналдырасыз. Парето заңында: «20% атқарылған іс 80% нәтиже береді» деген тұжырым бар.

Қарап отырсаңыз, уақыт үнемдеудің бірнеше тәсілдері бар. Бірінен кейін бірі кезек күттірмей­тін тәсілдердің негізгі бес тәсілін оқырман игілігіне атап өтсек:

1. Өз жұмыс үстеліңізді ыбыр­сытпаңыз. Қалай болса солай жат­қан заттар назарды дұрыс нәрсе­лер­ге аударуға кедергі жасайды.

2. Жұмысты бітіретін мерзімді өз күшіңіз бен мүмкіндігіңізге қарап белгілеңіз.

3. Тек өз басыңызға ғана арнал­ған уақыт бөліңіз. Оған сіздің хақыңыз бар.

4. Адамдарға мейірімді, уақытқа келгенде сараң болыңыз.

5. Бір жұмысты бітіріп, содан кейін ғана келесісіне көшіңіз.

 Өмірге күнде келіп жатқан жоқсыз, ойыңыздағы арманыңыз бен мақса­тыңыз­ға жету үшін уақытты тиімді пайдалануды дағды етіңіз. Уақытты тиімді пайдалану дегеніміз — жақсы­лыққа ұмтылу. Әрбір сағатыңыздың тықылы сіздің өтіп бара жатқан өміріңіз, сіз өз өміріңізге бей-жай қарамайтын боларсыз.?! Ендеше күн сайын кететін уақытыңыздың бір бөлігін кітапқа арнаңыз, екінші бір бөлігін спортқа дегендей. Ниет болса бол­ғаны, қалған игі дүниелер табыла кетеді. Күннің шығысынан кеш­тің батысына дейін беріліп жат­қан ұзын-сонар сериалдарға қа­рап, уақытыңызды сарп етпеңіз!

Біздің еліміз Қазақстан ұлан-асыр жерімен қоса, табиғи бай­лықтан да кенде емес. Мәселен, әлемдік дер­жаваға айналған АҚШ біз секілді табиғи байлыққа тұнып тұрған жоқ, бірақ халқы бізден де жақсы өмір сүреді. Мұның сыры неде? Әрине, тағы да уақытқа келіп тіреледі. Олар уақытын босқа жұмсамайды, бір мамандықты таңдап соның жолында аянбай тер төгеді. АҚШ-та ең танымал адамдар мен ең бай адамдар ғұмыр кешеді, олар әрқашан жұмыс басты болады да, тіпті оларға уақыт жетпей қалады. Халқының көпшілігі бай болуға ұмты­лады, соның жолында күн демей, түн демей жұмыс істейді. Халқы бай мем­лекеттің эконо­микасы өрлей береді, күннен күнге қуаттанады. Ал бұл жа­ман ба? Бізде «шүкір, осы да жетеді» деген түсінік бар. Иә, қанағат қылған дұрыс. Бірақ «шүкір» деген бір ауыз сөзбен тоқтап қалуға бол­майды, жаса­ған дүние­ні жалғас­тырып, дамыта беру керек. Ал мұның бәрі уақыт шең­берін айналып өтіп кете алмайды. Біз­дің де мемлекетіміздің әлемдік дер­жаваға айналатындай мүм­кіндігі бар.

Бір сәттік өмірімізді уақытпен өрнектеп, кемел келешек жолын­да тынбай еңбек етейік!


8-тақырып. Салауатты өмір салты. Дені саудың - жаны сау. Мақал-мәтелдер.
Дені саудың-жаны сау.

Денің сау болу үшін салауатты өмір сүру керек. Салауатты өмір сүру неге байланысты?

1. Спорттың денсаулыққа әсері.

2. Дұрыс тамақтанудың ерекшеліктеріне.

3. Тіс және оны дұрыс күтуіне.

Ел президентінің Қазақстан – 2030 жолдауында әрбір адамға өз денсаулығын сақтауға жауапкершілік жүктеледі. Аурулардың алдын алып, салауатты өмір салтын орнықтыру – мемлекеттің негізгі басымдылық саясаттарының бірі. Ұлттың саулығы әрбір адамның денсаулығын сақтап, нығайту және салауатты өмір салтын орнықтырумен анықталады.

Денің сау болсын десең мынандай негізгі ұстанымдарға сүйен.

Спортпен шұғылдану (күн ара жаттығу (аптасына үш рет);

Темекі шекпеу керек;

Алкогольдік ішімдік пен есірткіні қолданбау керек.

Дәстүрлі әдістер

Таңертеңгілік жаттығулар, жәй жүгіру немесе жылдам жүру, жүзу, сапарлар немесе ұзақ қыдыру, саяхат шегу, түрлі ойындар, велосипед және шаңғы, саяжайда белсенді демалу. Осы аталған құралдарды күнделікті және өмір бойы қолдануға болады.

Таңертеңгі ас- ботқалар, жемістер мен сүт өнімдерінен тұруы керек.

Таңертеңгі қара нан, жүгеріден, сұлыдан жасалған нанды жеу керек.

Дұрыс тамақтану денсаулыққа пайдалы:


  • Түскі ас- дәрумендерге аса бай болу керек.

  • Күріш сорпасы, жүгері, қарақұмық сорпаларын ішкен жөн.

  • Түскі аста ет өнімдерін қолданған жөн.

  • Кешкі ас- пісірілген құс етінен, балық етінен тұру керек.

  • Кешкі астан кейін айран, сүт өнімдерін пайдаланған жөн.

Ақшаға төсек сатып алуға болады, бірақ ұйқыны алуға болмайды.Тамақ сатып алуға болады, бірақ тәбет сатып алуға болмайды. Дәрі сатып алуға болады, бірақ денсаулықты сатып алуға болмайды.Сондықтан әр адам өзінің денсаулығына көңіл бөліп,әрдайым салауатты өмір салтын ұстануы керек.

“Денсаулық баға жетпес

асыл қазына”- деген қазақ халқы.

“Бірінші байлық- денсаулық”



  • деген халқымыз.

Сөздік

денсаулық-здоровье басымдылық-приоритет

нығайту-улучшить таңертеңгі-утренний

дұрыс тамақтану-правильное питание дәрумендер-витамины

өнім-продукт,изделие жүру-ходить

жүзу-плавать жүгіру-бегать

жауапкершілік-ответственность тәбет-аппетит

жүгері-овес пайдалану-употреблять



Берілген сөйлемдерді ауыспалы келер шаққа қойып, орыстіліне аударыңыз.

Мен ерте тұрдым. Дене шынықтыру жаттығуларын орындадым. Жуындым. Төсегімді жинадым. Таңертеңгі асымды іштім. Таңертеңгі асқа ботқа және алма жедім. Содан кейін сабаққа бардым. Мен дұрыс тамақтануға әдеттенгенмін.

Тірек сөздер

емхана - поликлиника ауыру - болеть

барлық - все бел - поясница

тоқтау - остановиться асығу - торопиться

тексеру - проверять емделу - лечиться

жазылып кету – выздороветь

жөтел - кашель

тұмау - насморк, простуда, грипп

жөтелу - кашлять

түшкіру - чихать

көрсету - показывать

қызару - краснеть

қызу - температура

өлшеу - измерять

қатты - сильно

суық тиген - простудилься

баспа ауруы - ангина

үш рет - три раза

бал косқан сут - молоко с медом

зор байлық - огромное богатство

ДӘРІГЕРДІҢ ҚАБЫЛДАУЫНДА.

Потренируйтесь в чтении диалога по парам. Выучите наизусть.

А)

- Сәлем, денсаулығың қалай?



- Нашар.

- Қай жерің ауырады?

- Жүрегім ауырады.

Ә)


  • Дәрігерге неге бармайсыз?

  • Уақытым жоқ.

- Оныңыз дұрыс емес. Денсаулықты сақтау керек.

- Айтыңызшы, дәрігер Аманов бүгін қабылдай ма?

- Иә, қабылдайды.

- Қай кабинетте?

- Екіншіқкабаттағы жиырма үшінші кабинетте.

- Аты-жөніңіз кім? Нешедесіз?

- Саматұлы Асқар. Отыздамын

- Қай жеріңіз ауырады?

- Аздап басым ауырады, қызуым бар.

Б)

- Рұқсат па?



- Рұксат. Кіріңіз. Қай жеріңіз ауырады?

- Басым қатты ауырады.

- Қызуыңыз бар ма? Жөтелесіз бе?

- Қыузым - 39°, жөтелемін.

- Тамағыңызды көрсетіңіз. Шешініңіз, өкпеңізді және жүрегіңізді тыңдаймын.

- Сізге катты суык тиген екен. Қазір сізге рецепт жазып беремін.

- Дәріні қалай ішу керек?

- Дәріні дәріханадан алып, күніне үш рет тамақтан кейін ішесіз.

- Халіңіз қалай? Ауырмайсыз ба?

- Рақмет, қазір денсаулығым жақсы.

- Дұрыс, ауырмаңыз. Денсаулық - зор байлык,


9-тақырып. Ауру – астан

Тапсырма. Мітінді оқып, аударыңыз. Әңгімелеуге дағдыланыңыз.

Ауру- астан

Ас, – адам өмірінде маңызды орын алады. Ас арқылы адам ойлайды, жұмыс істейді, сөйлейді, оқиды, жазады, тыңдайды, қуанады, ұйықтайды. Сондықтан деніңіз сау болу үшін, жақсы тамақ ішу керек.

Қазіргі кезде тамақтың түрі өте көп. Дүкендерде жартылай дайындалған тағамдарды кең түрде сатылады. Әсіресе, шет мемлекеттерден біздің елімізге дайын күйіндегі тағамдар көптеп әкелінеді. Оларды жиі қолданып, жей беруге де болмайды.

Тамақты уақытында ішудің де денсаулығымызға үлкен әсері бар. Себебі, адам ағзасы тамақ арқылы ғана қажетті дәрумендермен, соның ішінде белок, май, көмірсу, минералдық заттармен қамтамасыз етіледі. Осылардың ішінде белоктың алатын орны ерекше. Ғылымда белокты протеин деп атайды. Ол «бірінші орын алушы» деген грек сөзі. Белоксыз өмір сүру мүмкін емес. Дененің барлық клеткалары осы белоктан тұрады. Сүт тағамдары, жұмыртқа түгелдей белоктан тұрады.

Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіне айран, қаймақ ақ ірімшік, құрт, жент, бие сүтінен – қымыз, түйе сүтінен – шұбат, тағы басқалар ерекше бағаланады.

Біздің әрқайсымызға тәулік сайын кем дегенде екі литр су керек, өйткені адам денесінің шамамен 2/3 бөлігі судан тұрады. Адамға күніне 100 г белок, 85 г май, 400 г көмірсу қажет екен.



Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Аурухана – больница

Кезекші дәрігер - дежурный врач

Бас дәрігер - главный врач

Тіркейтін жер — регистратура

Ауру туралы қағаз – бюллетень

Дәрігерлік анықтама - медицинская справка

Қабылдау сағаты — приемные часы

Дәрігердің қабылдауына жазылу - записаться на прием врача
Ауру туралы қағазды беру (ұзарту, жабу) - бюллетень быдать(продлить, закрыть)

Өкпенің қабынуы — воспаление легких

Аурухана – больница

Кезекші дәрігер - дежурный врач

Бас дәрігер - главный врач

Тіркейтін жер — регистратура

Ауру туралы қағаз – бюллетень

Дәрігерлік анықтама - медицинская справка

Қабылдау сағаты — приемные часы

Дәрігердің қабылдауына жазылу - записаться на прием врача

Ауру туралы қағазды беру (ұзарту, жабу) - бюллетень быдать(продлить, закрыть)

Өкпенің қабынуы — воспаление легких

Соқыр ішек - аппендицит

Қан қысымы - давление

Укол салу - делать укол

1. Орыс тіліне аударыңыз.

Барлық жерім ауырады; біз сізді тексерейік; жөтелемін; түшкіремін; тұмауым бар; тамағыңыз қызарып тұр; кызуыңызды өлшейін; өкпеңізді; жүрегіңізді тыңдайын; сізге суык тиген; баспа ауруы; рецепт жазып беру; төсекте жатып емделу; бал қосқан сүт ішу; емделіңіз; жазылыңыз; ауырмаңыз; денсаулық- зор байлык.




2.. Қазақ тіліне аударыңыз .

У меня болит голова, горло; у вас ангина; сильный кашель; простуда; насморк; врач измерит температуру; врач слушает легкие и сердце; пить лекарство; лежать в постели; высокая температура; у него головная боль; врач выписывает рецепт; надо идти к врачу; вызвать врача на дом; пить лекарство два раза в день; лечитесь; выздоравливайте; не болейте.


3. Сөйлемдердегі қарамен жазылған сөздердің орнына астындағы сөздердің керектісін қою арқылы сұрақтарға жауап беріңіз.

Сіздің қай жеріңіз ауырады?- Басым ауырады.

Бас, аяк. кеуде, жүрек, бауыр, өт, өкпе, асқазан, іш, тамақ, құлақ тіс, дене, саусақ, көз, бел.

Дәрігер не істейді?- Ауру адамдарды тексереді

Ауру адамның.қызуын өлшеу; өкпесін және жүрегін тыңдау; тамағын, құлағын тексеру; рецепт жазып беру; диагноз кою.

Мына дәріні қалай ішу керек?- Мына дәріні күніне үш peт ішу керек.

Күніне төрт рет; күніне екі рет; екі күнде бір рет; күніне бір рет; тамақтан кейін күніне үш рет; күніне бес рет; тамақтың алдында күніне үш рет.


4. Оқып, орыс тіліне аударыңыз.

  1. Тісің ауырса, стомотологке бару керек.

  2. Көзің ауырса, окулистке бар.

  3. Тұмауың болса, терапевтке бару керек.

  4. Қызуың болса, дәрігерді үйге шақырайық.

  5. Қүлағың ауырса лорға бар.

  6. Дәрігер бүгін қабылдаса, дәрігерге көрін.

  7. Денсаулықты сақтасаң, ауырмайсың.

  8. Емханаға барсаң, дәрігер дәріге рецепт жазып береді.

  9. Жазылсаң, жұмыска шық..

  10. Жүрегі ауырса, кордиологке көрінсін.

  11. Дәрі керек болса, дәріханаға бар.

  12. Ауырса, төсекте жатып, емделсін.

  13. Емделсең, тез жазыласың.

  14. Денсаулығынды сақта

Сұхбатты рольге қойып, оқыңыз.

- Қай жеріңіз ауырады? (На что жалуетесь? Что беспокоит?)

- Менің басым, тамағым ауырады. Түнде қызуым қатты болды.

- Қане, жүрегіңізді, өкпеңізді тыңдаймын. Қан қысымын өлшеп көрейін. Әзірше қауіпті ештеңе жоқ.. Сізге тұмау тиіпті (грипп).

- Тез жазыламын ба?

- Бұл сізге байланысты. Егер дәрілерді уақытында ішіп отырсаңыз. жазыласыз. Дәрілерді дәріханадан алыңыз. Бал қосқан сүт ішіңіз.

- Ауру туралы қағаз бересіз бе?

- Жоқ, емделіңіз. Денсаулықты сақтау керек.

- Рақмет, сау болыңыз.




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


«А. Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік

университеті» РМҚК
Гуманитарлық-әлеуметтік факультеті





Бекітемін
Оқу және жаңа технология бойынша оқыту жұмыстарының проректоры

___________________Ф.Майер

_____._________20__ ж.




Практикалық лингвистика кафедрасы



ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Пән Қазақ тілі


барлық мамандықтарға

жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау