25
Тауар және оның құнының теориясы
Тауарлы қатынастардың пайда болуы мен ӛз міндеттерін
атқаруының әлеуметтік-экономикалық негіздері, біріншіден
белгілі бір нақты ӛнімдерді ӛндіруге маманданатын қоғамдық
еңбек бӛлінісі. Ал, екіншіден бұл ӛндірушілердің бір-бірінен ӛз
еңбектерінің нәтижелеріне ӛздері иелік ететін меншік
қатынастары
мен
экономикалық
жағынан
белгілі
бір
оқшаулануы. Міне, нақ осы екі жағдай тауар ӛндірісін қажет
етеді. Еңбектің ӛрімі тауарға, яғни нарықта айырбастау, сату
үшін жасалатын затқа айналады, ал ӛндіруші тауар ӛндіруші
болады.
Тауар – еңбек ӛнімінің нысаны болғандықтан оған еңбек
ӛнімінің жоғарыда қарастырылған барлық қасиеттері тән. Ал
тауар мен ӛнім арасындағы айырмашылық неде? Тауар ең
алдымен ӛндірушінің ӛз тұтынуы үшін емес, басқа ӛнімдерге
айырбастау мақсатымен жасалған еңбек ӛнімі түрінде кӛрінеді.
Бұдан тауардың натуралдық заттай және әлеуметтік –
экономикалық жақтарының ерекшеліктері келіп шығады.
Әрбір тауардың тұтыну құны болады, бірақ ол оны
жасаушының ӛз қажетін емес, басқа адамдардың қажетін
қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады.
Бұл соңғы ӛндірушіні тауардың басқа тауарларға.
Тауардың бұл қасиеті (айырбастала алуы) оның айырбас
құны деп аталады. Айырбас құнын тауарлар сатылғанда ілесе
жүретін баға кӛрсеткіші айқын кӛрінеді.
Айырбас құнының негізі не? Тауардың белгілі бір қатынаста
айырбасталуы олар сан жағынан салыстырылады деген сӛз. Ал
сан жағынан салыстыру әрқашанда сапалық тұрғыдан бір ортақ
бірдененің болуын қажет етеді. Айырбасталатын тауарлар үшін
мұндай ортақ бірдеңе олардыӛндіруге жұмсалатын еңбек болып
табылады.
Тауардың екі жақты болуы тауар ӛндіруш еңбегінің екі
жақты сипатына байланысты. Бір жағынан бұл еңбектің белгілі
бір түрі. Ол арнаулы еңбек құралдары және еңбек заттарының
қолданылуымен,
ӛндіріс
операциялардың
ерекшелігімен,
жұмыскердің кәсіби машықтануымен және еңбектің нақты
нәтижесімен – белгілі бір тұтыну құнымен сипатталады.
Сондықтан оны ӛндіруші еңбек нақты еңбек деген ат алады.
26
Екінші жағынан еңбек - нысанына байланыссыз,жалпы жұмыс
күшінің шығыны- қоғамдық жиынтық еңбектің бір бӛлігі. Бұл
абстрактылы еңбек деп аталады,тауардың құнын жасайтын да
осы.
Құнның шыққан тегі еңбек деген идея К.Маркстен кӛп бұрын
ұсынылғанды.
Құнның
еңбек
теориясының
негізін
қалаушылардың қатарына классикалық буржуазиялық саяси
экономияның негізін салушылар:
XVIIғ. аса кӛрнекті экономисі және статистигі Уильям Петти,
XVIIIғасырда ӛмір сүрген ұлы шотландық А.Смит, ағылшынның
XIXғасырдың басындағы ылғи жолы болғыш бизнисмені және ӛз
еңбектерінде классикалық буржуазиялық саяси экономияны ең
жоғары даму сатысына кӛтерген Д.Рикардо болды.Дегенмен
құнның еңбек теориясына басты үлесті К.Маркс қосты.Ол
тауарды жасайтын еңбектің екі жақты сипатын ашып,жан - жақты
талдады. Бұл жаңалықтың саяси экономия үшін шешуші маңызы
бар.
Еңбектің табиғи ӛлшемі жұмыс уақыты болып табылады.
Бірақ құн тек әншейін еңбек емес,қоғамдық еңбекпен
жасалынады. «Қоғамдық» деген ұғым ең алдымен құнның
мӛлшері қандай да бір ӛндірушінің жеке еңбек шығындарымен
емес, қоғамдық қажетті жұмыс уақытымен ӛлшенетіндігін
кӛрсетеді.
Ол қалай анықталады? Оның К.Маркс берген сипаттамасына
назар аударалық. Қоғамдық қажетті уақыты дегеніміз-ӛндірістің
қазіргі қоғамдық қалыпты жағдайында және осы қоғамдағы
шеберлікпен еңбек интенисвтілігінің орташа дәрежесіне қарай
белгілі бір тұтыну құнын жасау үшін жұмсалатын жұмыс уақыты.
Тауар құнында қарапайым еңбек кӛрінеді. Қарапайым еңбек
дегеніміз – арнаулы дайындықты талап етпейтін еңбек. Ол
әртүрлі елдерде және әртүрлі уақытта бірдей болмайды. Бірақ құн
кӛрініп отырған белгілі бір нарық үшін (ел ішінде немесе онан
тыс болсын бәрібір) қарапайым еңбек белгілі шама деп саналады.
Ол біліктілігі жӛніне неғұрлым жоғары деп бағаланатын барлық
еңбек түрлерін, яғни күрделі еңбекті бір-біріне теңестіруде негізгі
база болып табылады. Демек күрделі еңбек – бұл дәрежеленген
немесе еселенген қарапайым еңбекке қарағанда кӛп құн ӛндіреді.
27
Тестілер:
1. Сату мақсатымен ӛндірілетін еңбек ӛнімі:
а) ақша
б) пайдалық
в) сұраныс
г) сұраныс
д) тауар
2. Тауарды ӛзге тауарға тікелей айырбастайтын тауар айырбасы:
а) ӛндіріс
б) бӛлу
в) тұтыну
г) бартер
д) айырбас
3. Тауар - бұл:
а) табиғатпен жаратылған нәрсе
б) шаруашылық ішілік тұтыну үшін ӛндірілген ӛнім
в) сату-сатып алу арқылы айырбас үшін арналған еңбек ӛнімі
г) мұрагерлік бойынша берілетін мүлік
д) отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеке
қосалқы шаруашылықта ӛндірілген ӛнім
4. Тауардың негізгі қасиеттерін атаңыз:
а) тұтыну құны мен құны
б) айырбас құны мен құны
в) тұтыну құны мен пайдалылық
г) құны мен құн шамасы
д) пайдалылық пен сапа
5. Құнның еңбек теориясы қоғамдық қажетті еңбек шығындары
астарында мынаны ұғынад тауарларды бірдей ӛндіруге кететін ы:
а) тауарларды бірдей ӛндіруге кететін барынша кӛп шығындарды
б) тауарларды бірдей ӛндіруге кететін мейлінше аз
шығындарды
в) тауарларды бірдей ӛндіруге кететін орташа шығындарды
г) тауарларды бірдей ӛндіруге кететін кез-келген шығындарды
д) материалды-техникалық базасы ең артта қалған
кәсіпорындардағы шығындарды