41
12. Сұраныс заңы білдіреді:
а) сұраныс шамасының баға деңгейіне тура тәуелділігін
б) сұраныс шамасының баға деңгейінің ӛзгерісіне кері пара-
пар тәуелділігін.
в) бағаның сұраныс шамасының ӛзгерісіне тура тәуелділігін
г) сұраныс шамасы бағаның ӛзгерісіне тәуелді еместігін
д) халық табысының ӛзгеруінен сұраныстың ӛзгеруің
13. Сұраныс функциясы дегеніміз:
а) тауар бағасы мен оның кӛлемінің арасындағы қатынас
б) тауардың бағасымен табыстың арасындағы ӛзара байланыс
в) тауардың кӛлемі мен ӛндірістік факторлардың арасындағы
ӛзара қатынас
г) табыс пен таурдың бағасы арасындағы ӛзара байланыс
д) сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне сәйкес келуі
14. Ұсыныс дегеніміз:
а) сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында тауарлар
саны
б) тұтынушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы
берілген баға мен сатып алғысы келетін тауарлар кӛлемі
в) нарықтағы тепе-теңдік бағаға сәйкес келетін ұсыныс
кӛлемі
г) барлығы дұрыс
д) дұрыс жауабы жоқ
15. Ұсыныс функциясы тӛмендегі кӛрсеткіштердің арасындағы
тәуелділікті кӛрсетеді:
а) сатылатын тауардың бағасы мен шығындардың
б) тауардың сатылатын кӛлемі мен бағасының
в) технология түрі мен шығындардың
г) барлығы дұрыс
д) дұрыс жауабы жоқ
42
Жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларындағы
нарықтың әрекет ету механизімінің теориясы
Бәсеке сӛзі қақтығысу,жарыс дегенді білдіретін латынның
«concurrentian» деген сӛзінен шыққан. Экономикалық тілге
аударғанда,бәсеке-бұл олжалы мәміле үшін, барынша кӛп тиім
алу үшін нарықтық қатынастарға қатысушылар арасындағы
күрес.
Монополия сӛзі екі грек сӛзінен шыққан:» монос-бір және
полео-сатамын «.Нарықтық қатынастарға қатысушылардың
қайсыбірі
толығымен
нарықты
ӛзіне
бағындырды
(монополияландырды).
Кез-келген елдің нақты экономикасында,әдетте таза түрде
тек еркін бәсекені немесе екі абсолютті монополияны табуға
болмайды. Алайда бріншісі қалай болса, екінші түсінікте солай әр
түрлі үйлесімдерде ең әдеттегі нарықтық құрылымдардың (нарық
үлгілірінің) негізі болып табылады. Экономистер бір бірінен
елеулі түрде ерекшеленетін тӛрт нарық үлгісін атап ӛтті:
1. Таза бәсеке
2. Таза монополия
3. Монополиялық бәсеке
4. Олигополия
АҚШ-та трестке қарсы заңдылық XIXғасырдың аяғында
пайда болды. Ол картельдерге, бағаның бекітілуіне және осыған
ұқсас келісімдерге қарсы бағытталған болатын.
Шерман заңының 1890 ж. екі басты бӛлімі болды. Біріншісі
сауданы шектеу мақсатымен жасалған шарттарға, бірлесулерге
және келісімдерге тыйым салды,оны бұзғандарға 1 жылға шейін
бас бостандығынан айыру немесе ақшалай айып тағу ұйғарылған.
Екінші бӛлім монополияға, сауда және саудагерлік бӛлігінің
монополияландыруға тырысуға тыйым салды.
Клейтон заңы (1914) Шерман заңымен қамтылған ірі
фирмалардың әрекеттерін заңнан тыс деп жариялау үшін және
Шерман
заңы
мен
белгіленген
бұзулар
дамығанша
монополияның ӛсуін оның ұрығында шектеу үшін арналған
болатын. 1936ж. елеулі түрде толықтырылған Клейтон заңының 2
бӛлімі бәсекені бір шама азайтқан немесе монополияны құру
тенденциясы бар сатып алушыларды бағалық кемсітуді (олар
үшін бірыңғай емес бағаларды орнату) тыйды. 3 бӛлім бәсекені
43
байыппен қозғайтын аталмыш фирмамен ерекше іс жүргізу
жӛніндегі келісімдер мен байланысқан шарттарды (бір шарттың
жасалуы басқаның жасалуымен ескерілген-А фирмасының
тауарды сатып алған кезде ол кезегінде бұл фирмадан тауар
сатып алу керектігі алап етіледі) заңсыз деп жариялады. 5бӛлім
трестке қарсы заңдылықтың бұзылуын дәлелдеу мысалын,оны
бұзушыларға жүктеу арқылы, жеңілдетті,мұндай бұзулардан
келетін зиянның орнын үш еслеп толтыру жӛнінде ереже енгізді.
1950ж. Толықтырылған 7-бӛлім бәсекені азайту тенденциясы бар
бірлесулерге тыйым салды. 8 бӛлім бәсекелес фирмалар
арасындағы ӛзара шырмалған директораттарға тыйым салды.
Тестілер:
1. Жетілген бәсеке нарығында:
а) ӛндіріс саласындағы фирмалар бір үлгідегі тауарлар
шығарады
б) бұл тауарларды сатушылар мен сатып алушылар саны кӛп
в) нарыққа кіруге және шығуға тосқауыл қойылмайды
г) сатып алушылар мен сатушылар нарықтық бағаның
ӛзгеруіне ықпал жасай алмайды
д) барлығы дұрыс
2. Олигополия дегеніміз нарық құрылымы және ол кезде нарықта:
а) бірдей тауарлар ӛндіретін ӛзара бәсекелес фирмалардың
саны кӛп болады
б) ӛзіндік ерекшеліктері бар тауарлар ӛндіретін ӛзара
бәсекелес фирмалардың саны кӛп болады
в) тек қана бір фирма болады
г) тек қана бір ірі сатып алушы болады
д) бәсекелес фирмалардың саны ӛте кӛп болмайды
3. Олигополия теориясын салған алғашқы ғалым:
а) А.Смит
б) Дж.М.Кейнс
в) П.Самуэльсон
г) Дж.Робинсон
д) Э.Чемберлин