Қазақстан республикасының білім және ғылым


Оқытудың сыныптық –сабақ жүйесі



жүктеу 1,06 Mb.
бет2/7
Дата25.05.2018
өлшемі1,06 Mb.
#16854
1   2   3   4   5   6   7

Оқытудың сыныптық –сабақ жүйесі (классно –урочная система обучения) –білім беру мекемелерінде оқу сабақтарының ұйымдастырылуы. Оқушылар жеке сыныпқа жасына және білім деңгейіне қарай топтастырылады. Мында оқыту сыныптардағы тұрақты оқушылар құрамымен, сабақ кестесімен өткізіледі. Оқудың негізі –сабақ болады. әр сыныпта оқыту мазмұны оқу жоспарымен және бағдарламасымен анықталады. Сабақ оқу жоспарының негізінде құрылған қатаң сабақ кестесімен өткізіледі. Сабақты сынып бөлмесінде, оқу кабинеттерінде, шеберханаларда, оқу –тәжірибелік үлескілерде өткізіледі. Бұл жүйе XVI ғасырда қалыптасты.

Парадигма (грек. Paradigma -үлгі) –1) берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезіеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі. Ұғымды енгізген америкалық тарихшы Т.Кун ғылыми пәннің дамуында прпарадигмалық кезең (Парадигма белгіленер алдындағы кезең), Ппарадигма үстемдігі кезеңі, дағдарыс және ғылыми революция кезеңі (парадигмалардың алмасуы, бірінен екіншісіне өту) болады деп пайымдады. Парадигма тұжырымдамасы алға қойған проблемалар (ғылыми пән және оның даму кезеңдері туралы, таным субъектісі ретіндегі ғылыми қауымдастық туралы және т.б.) отандық ғылымда диалектикалық материалистік әдіснама тұрғысында талдап шешілуде; 2) шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 3) белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі.

Педагогикалық зерттеулер –оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, құрылымы, мехнизмі, педагогиканың теориясы мен тарихы, оқу –тәрбие жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері мен ұйымдастырылу нысандары туралы қоғамдық тұрғыдан маңызды жаңа білімдер алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі. Педагогикадағы зерттеулер эмпириялық тексеруге келетін фактілерге негізделеді, мақсаткерлігімен, жүйелілігімен, барлық элементтерінің, процедуралары мен әдістерінің өзара байланыстылығымен ерекшеленеді, талдап –белгіленген теорияға сүйенеді, элементтерін ғылыми және практикалық қызметте бір мәнде ұғынып, пайдалануға болатындай логикалық –сындарлы схемалар шеңберінде құрылады. Педагогикадағы зерттеулердің теориялық маңыздылығы оның соңылығымен, тұжырымдамалық мәнмен, алынған нәтижелердің дәлдігімен байланысты. Практикалық маңыздылығы алынған нәтижелелердің оқу –тәрбие процесіне, оқыту әдістемесіне, қызметтің әр түрін ұйымдастыруға ықпал -әсерімен, бұл нәтижелердің әлеуметтік және экономикалық мәнділігімен анықталады.

Педагогикалық басқару (Педагогическое управление) –қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.

Педагогикалық диагноз (Педагогический диагноз) –оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады.

Педагогиқалық жүйе (Педагогиская система) –адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық жүйенің белгілері: 1) мақсатқа жету үшін қажетті құрауыштардың толықтығы; 2) құрауыштар арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктердің болуы; 3) құрауыштарды біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның болуы; 4) құрауыштар арасында ортақ қасиеттердің пайда болуы.

Педагогикалық зерттеу әдістері (Методы педагогиского исследования) –оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объектиытік заңдылықтарын танып- білудегі амалдар мен тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық зерттеу міндеті (Задачи педагогического исследования) –педагогикалық зерттеудің нақтыланған немесе неғұрлым жекеленген мақсаттарын айқындау.

Педагогикалық зерттеу пәні (предмет педагогического исследования) -зерттеу объектісінің нақты бөлігіне ондағы жүріп жатқан процесс немесе зерттелетін мәселе аспектісі.

Педагогикалық импровизация (лат. Improvisus –күтпеген, кенеттен) –педагогикалық қарым –қатынас барысында мұғалімнің, тәрбиешінің алдын ала ойластырылмай жүзеге асырылатын әрекеті. Педагогикалық импровизацияның мақсаты –оқыту мен тәрбиелеудің нақты жағдайларда жаңа шешімін табу. Кенеттен туындаған педагогикалық міндетке тез және икемді жауап беру –педагогикалық импровизацияның мәнін құрайды.

Педагогикалық кәсіптік борыш (Профессиональный педагогический долг) –педагогтың кәсіптік іс -әрекетін жүзеге асыратын құлықтық талаптар жүйесі.

Педагогикалық кеңес (Педагогический совет) –білім беру мекемесінің тұрақты жұмыс істейтін, кеңесетін ұйымы. Ұйым құрамына директор (төраға), оның орынбасарлары, мұғалімдер, кітапханашы, мектеп дәрігері, ата –аналар комитетінің төрағасы кіреді. Педагогикалық кеңестің директор бекіткен шешімі білім мекемесінің барлық қызметкерлері үшін міндетті. Педагогикалық кеңес әр оқу тоқсанында кем дегенде бір рет отырыс өткізеді.

Педагогикалық консилиум (Педагогический консилиум) –оқушылардың үлгерімі мен тәртібін тереңірек қарастыратын, оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табы мақсатында өткізілетін мұғалімдердің кеңесі.

Педагогикалық қабілеттер (Педагогические способности) –мұғалімнің педагогтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық –психологиялық ерекшеліктер мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Педагогикалық қабілеттердің мынадай түрлері сараланады: гностикалық (танып білу –және одан ләззат ала білу), дидактикалық (түсіндіре білу, білім бере, үйрете білу), коммуникациялық (қарым –қатынас, ынтымақтастық жасай білу), конструктивтік (оқу –тәрбие материалын іріктеп ала білу, жобалай, жасай білу), ұйымдастырушылық (шәкірттерін әр алуан қарекет түрлерін еліктіріп, тарта білу, қатысушылардың бәрін біріктіріп, олардың мүдделерін қойылған мақсатта орындауға бағыттай білу), перцептивтік (баланың ішкі жан –дүниесін ұғына білу, олардың сезімдер мен жан –күйін түсіне білу, эмпатияға қабілеттілік), болжамдаушылық (педагогикалық көрегендік жасай білу, педагогикалық қызметтегі өзара әрекеттестік нәтижелерін болжай білу), суггестивтік (мұғалімнің эмоциялық, ерік –жігерлік, иландырушылық ықпалы, нық айтылған жігерлі сөзбен қажетті әсер нәтижесіне жете білу қабілеті), экспрессивтік (мұғалімнің өзінің білімі мен сенімдерін эмоциямен әсерлі етіп айтып жеткізе білуі, артистизмі, дауыс ырғағы, ым, ишара, оңтайлылық элементтерін жетік меңгеруі).

Педагогикалық міндет (Педагогические задачи) –жеке тұлға не топтың жағымды қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған мұғалім не тәрбиеші белгілеген міндеттер. Ол нақты педагогикалық және қызметтік педагогикалық міндеттерге бөлінеді. Нақты педагогикалық міндет оқушы тұлғасын бір қалыптан екінші қалыпқа, яғни тәрбиелік, оқытылымдылық, дамытылымдылықты неғұрлым жоғары деңгейге жеткізуді көздейді. Қызметтік педагогикалық міндет нақты педагогикалық міндет пен түр, әдіс және жүзеге асыру жолдарын таңдау мен байланысты көрініс береді (мыс., әдеби шығарманы талқылау, пікі алу жұмыстарын ұйымдастыру). Педагогикалық насихат (педагогическая пропаганда) –балаға білім беру және тәрбие беру жөніндегі аса қажетті мәліметтерді көпшілік арасында тарату. Педагогикалық насихаттың түрлері сан алуан: дәріс, баяндама, кеңес беру түрінде мектепте ата –аналарға арналған дәрісханаларда немесе ата –аналар университеттерінде өткізіледі. Ата –аналарға педагогикалық білім беру газет журнал беттерінде де кеңес беру арқылы іске –асырылады, сондай –ақ арнайы кітапшалар шығару арқылы жүргізіледі.

Педагогикалық практика (Педагогическая практика) –жоғары және орта педагогикалық оқу орындарындағы кәсіптік оқыту түрі, болашақ мұғалімдерді практикалық даярлау. Педагогикалық практика педагогтің кәсіптік іс -әрекетіне жақын жағдайда өткізіледі. Педагогикалық практика процесінде болашақ мұғалімдердің өз кәсібін меңгеруі кемелдене түседі. Студенттер нақты практикалық іс -әрекетке кіріседі, лауазымдық міндетін орындаумен тәкелей танысады және мұғалімнің кәсіптік міне –құлық логикасын меңгереді. Практика кезіндегі студенттердің іс -әрекеті мазмұны мен құрылымы жағынан мұғалімнің кәсіптік іс -әрекетіне ұқсап, қарым –қатынастың (оқушылармен, олардың ата –аналарымен, басқа мұғалімдермен) әр алуандылығымен сипатталады. Педагогикалық практика нәтижесін бағалаудың негізгі өлшемдері: әрбір студентте кәсіптік педагогикалық біліктің қалыптасу дәрежесі; студенттердің өздерінің практикалық іс -әрекетінің мақсатын, міндетін, мазмұнын теороиялық тұрғыдан ұғу деңгейі; болашақ педагогтардың қызығушылықтарының кәсіптік бағыттылығының, олардың белсенділігінің, балалармен қарым –қатынастарының деңгейі; кәсіби мәдениетінің деңгейі; кәсіби мәдениеттің деңгейі. Педагогикалық практиканың нәтижесі студент жұмысын жүйелі талдау; мұғалімдермен, сынып жетекшісімен (тәлімгерлермен, тәрбиешілермен) әңгімелесу; мектеп басшыларының студент жұмысын талдауы; студенттердің өздерінің практикалық жұмысқа дайындық дәрежесін және өз жұмысының сапасын бағалауы негізінде бағамдалады.

Педагогикалық техника (Педагогическая техника) –жеке балаға, сондай –ақ тұтас ұжымға тәрбиелік әсер етуге таңдаған әдістемелерді жүзеге асыратын білім, шеберлік, дағдылардың жиынтығы Педагогикалық техника педагогиканың және психологияның терең білім мен іс жүзіндегі әзірлікті ерекше қажетсінеді.

Педагогикалық технология (Педагогическая технология) –педагогикалық процесс пен оған қатысушылар іс -әрекетінің құрауыш, кезең, үйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік қозғалысы. Ақпараттық технологияда да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі.

Педагогикалық тұлға (Педагогическая личность) –ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тңғышнегізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 –1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек. А.С.Макаренко, А.В.Сухомлинский сияқты ұлы педагогтер ұстаз беделінің жеке бастың үлгісіне негізделуін қуаттады. 1960 –1980 ж.ж. жаңашыл педагогтердің (В.Ф.Шаталов, Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков және т.б.) қуаттаған ынтымақтастық педагогикасының негізгі идеясы ұстаздың шәкіртке жеке бастық үлгісімен ықпал етуіне негізделеді.

Педагогикалық ұжым (Педагогический коллектив) –оқу -тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарға органы –педагогикалық кеңес. Педагогикалық ұжым сынып және мектептен тыс ұйымдармен де жұмыс істейді.

Педагогикалық шеберлік (Педагогическое мастерство) –педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтің оқушылардың оқутанымдық іс -әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.

Педагогикалық ықпал -мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.

Педология (грек. paidos-жасөспірім, бала, logos-ілім).XIX ғ. соңында қолданбалы психология мен эксперименттік педагогиканың шеңберінде эволюциялықидеяның таралуы мен дамуынан туындаға ағым. Педология терминін 1893 ж. америкалық психолог О.Хризман ұсынды. Педологияның негізін қалаушылар –С.Холл, Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, Э.Мейман, В.Прейер, П.П.Блонский, Л.С.Выготский және т.б. Бұл ағымның мазмұнын жасөспірімнің дамуы туралы психологиялық, анотомиялық –физиологиялық, биологиялық, әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады. Бірақ бұл кездегі пікірталастарда педологияның басқа ғылымдардан тиянақты айқындала қоймады. Тек шешендік әдістемелік негіз бен бағдар үйлескеннен кейінгі кезеңдегі баланың психикалықдамуытуралыдиагностикаыл қізденістер жаңа нәтиже мен табыстарға жетті.

Талап (требование) –педагогикалық ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі. Іс -әрекетке итермелейтін талап (кесімділік дәрежесіне қарай -өтініш, тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге тыйым салатын талап (нұсқау, сәйкес бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.

Тәлімгер (наставник) –жеке және топтық кәсіби оқытуды тікелей жұмыс орнында іске асырушы адам. Тәлімгер жұмысында практикалық біліктер мен дағдыларды қаалыптастыруға баса көңіл бөлінеді.

Тәрбие –жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Халық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жаасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір –бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады.

Тәрбие әдістері (Метод воспитания) –ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым –қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзыр деңгейі айқындалады. Тәрбие әдістеріне бақылау, өзін -өзі бақылау, өзін -өзі тәрбиелеу, әрекеттерді ұымдастыру және т.б. жатады.

Тәрбие психологиясы (Психология воспитания) –балалар ұжымының, баланың іс -әрекетін мақсаттылық ұйымдастыру жағдайында жеке адамның дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Тұлғаның мотивациялық саласының мазмұны, оның бағыттылығын, құндылық бағдарлануын, сондай –ақ әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан балалардың өзіндік сана сезімдеріндегі айырмашылықты, балалар ұжымы мен бозбалалар ұжымының құрылымын, олардың жеке тұлғаның қалыптасуындағы ролін, психикалық депривацияның жағдайы мен салдарын зерттейді.

Тәрбие технологиясы (Технология воспитания) -процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.

Тәрбиелік әлеуметтану (Социология воспитания) қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы.

Үйрену –адамның белгілі бір білім жүйелерін, тиісті қимыл қозғалыстар мен амалдарды меңгере алуы. Адамның негізгі үйренетін нәрсесінің бірі –білім. Үйренудің адам мен жануарларға ортақ негізгі үш түрі бар: сенсор, мотор, сенсомотор. Адамға ғана тән үйренудің түрін когнитивтік үйрену деп атайды. Сенсорлық үйрену арқылы: білім, моторлық үйренумен –дағды қалыптасады. Бірнеше үйренудің қиысуы, мақсатқа сай әрекет ету ойлаудың жоғары түрінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

Тұлға (Личность) –1) –дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмріінің дара нысаны. Тұлға әлеметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады. Ал тегі, құрылымы және нысаны жағынан даралық сипатта болады. Тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен -өзі болу қабілетінде ашылады. Табиғи таланттардың, туа біткен ерекшеліктердің маңызды ролын тұлға дамуында әлеуметтік факторлар жаңаша түрде көрсетеді. Дара өмірдің тіршілік ету әдісі дегеніміз –адам өмірінің (неғұрлым ерекше немесе неғұрлым жалпы) көрінісі, адамның бірегей және бесаспап қасиеттерінің бірлігі, тұтас жүйе; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным –орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.

Тәрбиелік қарым –қатынас (Воспитательное отношение) –баланы дамытуға, яғни оның өзін -өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым –қатынас. Тәрбиелік қарым –қатынас –адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы.

Тәрбиеші –оқу –тәрбие мекемелерінде балалармен тәрбие жұмысын жүргізуші. Мектепке дейінгі мекемелерде, балалар үйінде, мектеп –интернаттарда, кәсіптік –техникалық оқу орындарында, балиғатқа толмаған тәртіп бұзушылардың еңбек колонияларында тәрбиеші тағайындалады. Тәрбиешу тәрбиеленушілердің күнделікті оқу –тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады, көпшілік –мәдени жұмыстарын жүргізеді. Тәрбиеші педагогикалық оқу орандарында даярланады.

Тәртіп (Дисциплина; лат. disciplina –оқыту –тәрбиелеу) –адамдардың белгілі бір қауымдастығындағы, тіршілік қарекеті саласындағы реттіліктің, жөн –жосықтылық пен ұйымшылдықтың сапалық сипаттамасы; адамдардың мінез –құлқының қоғамда қалыптасқан құқық, мораль нормаларына не қайсібір ұйымның жарғылық талаптарына сәйкестігін бейнелейді. Тәртіп адам мәдениетінің ең маңызды құрауыштарының бірі ретінде оның әр түрлі салаларындағы қоғамдық мінез –құлқын сипаттайды. Тәртіптілік тұлғаның ұстамдылығын, іштей ұйымдасқандығын, жауапкершілігін, өз мақсаттарына бағыну (өзіндік тәртіп) мен қоғамдық нұсқауларға (заңдар, нормалар, принциптер) бағынуға әзірлігі мен дағдысын қамтиды. Қоғамдық тәртіп адамдардың мінез –құлқы мен жүріс –тұрысында үйлесімді, жөн –жосықты сипат береді, ұжымдық іс -әрекеттің өнімді болуының, әлеуметтік институттар мен ұйымдардың қалыпты қызмет атқаруының, тұлғааралық қарым –қатынастардың дұрыс болуының алғы шарты болып табылады.

Тәртіптілік (Дисциплинированность) –адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік –адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе. Осы жүйені орындау арқылы адамның қоғамдағы қарым –қатынасы, еңбекке қатысы айқындалады. Тәртіптілік нормалары әдет –ғұрып, дәстүр, қоғамдық дағдылар арқылы көрініс табады. Ол қоғамдық орындар мен жеке топтарда, отбасы бірлестіктерінде іске асырылады. Тәртіпсіз ешбір қоғамның нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін емес. Тәртіпті сақтау саналы түрде іске асырылғанда ғана нәтижелі, жемісті болады. Зорлау, күштеу арқылы орындалған тәртіп іштей ыза, кек туғызып, жұмыста тиісті нәтиже бермейді. Ол өнімнің сапасына да кері әсер етуі мүмкін.

Теория –практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатынжалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.

6.3.2 Дәріс сабақтарының тақырыптары.

Дәріс сабақтарының мақсаты және міндеттері:

Әр бір тақырыпты қарастыру барысында толық құнды, жүйелі білім беру.

Тақырыптың фундаментальды негізін, қазіргі кездің мәселелерін түсінуге көмектесу, зерттелінетін тақырыптардың теориялық және қолданбалы тұжырымдамалары бойынша өз бетінше баға бере алу үшін білім беру.

Әр жақты ғылыми көзқарастарды қарастыра отырып, әр түрлі авторлардың тұжырымдамаларының ерекшеліктерін және ғылыми мектептердің жақсы жақтарымен кемшіліктерін бағалай алуға үйрету.

Ғылым негіздері жайында түсінік беру. Белгілі бір ғылыми-практикалық міндеттер және мәселелерді шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Оқытылатын пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзбеттілікпен ойлау шығармашылығын дамыту. Ойлау, талқылау және қойылған мәселеге талдау жасай алуға үйрету. Ғылыми-материалистік дүниетанымын қалыптастыру.

Ұсынылып отырған пән бойынша оқу-әдістемелік кешенде дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны берілген.
Тақырып: Педагогикалық психологияның мақсаты, міндеттері, мазмұны.

Мақсаты:Педагогикалық психология пәні, мақсаты, мазмұнымен танысып, меңгеру.

Педагогикалық психологияның қазіргі уақытта даму ауқымы одан сайын кеңейіп отыр. Мысалы, отандық педагогикалық психология оқытуды басқарудың психологиялық механизмдерін зерттейді (Н.Ф. Талызина, Л.Н. Ланда және т.б.) жэне білім беру процесін жалпы зерттейді (В.С. Лазарев жэне т.б.), іс-әрекеттердің жинақтап қорытылған тэсілдерін меңгеру процесін басқару (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов жэне т.б.), оқу мотивациясы (А.К. Маркова, Ю.М. Орлов жэне т.б.), осы процестің табыстылығына әсер етуші жеке психологиялық факторлар, мысалы ынтымақтастық (Г.А. Цукерман жэне т.б.), оқушылар мен мұғалімдердің жеке түлғалық ере-кшеліктері (В.С. Мерлин, Н.С. Лейтес, А.А. Леонтьев, В.А. Кан-Калик және т.б.). Жалпы, педагогикалық психология оқу процесін басқарудың психологиялық мэселелерімен, танымдық процестер-ді қалыптастыруды (ең алдымен, теоретикалық ойлау) зерттейді, оқушы түлғасын қалыптастырудың жалпы контексінде «оқыту про-цесінде ой еңбегі дамуының неғұрлым жоғары деңгейіне қол жет-кізуге мүмкіндік беретін ой еңбегі дамуының сенімді өлшемдерін іздейді, педагог пен оқушының өзара арақатынас мәселелерін, сонымен қатар оқушылар арақатынасын қарастырады».

Педагогикалық психологияның негізгі ұғымдары. Оқыту, даму, даму және оқыту арақатынасы, тәрбие, білім беру, білім беру жүйесі және т.б. Педагогикалық психологияның бөлімдері. Оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, ұстаз психологиясы, дамуы жетімсіз балаларды оқыту және тәрбиелеу психологиясы, мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас психологиясы. Педагогикалық психология проблемалары, даму мен оқытудың байланысы проблемасы; оқыту мен тәрбиенің байланыс проблемасы; дамудағы сензитивті кезең проблемасы; дарынды балалар проблемасы; баланы мектепке даярлау проблемасы және т.б. Педагогикалық психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны. Оның басқа ғылым салаларымен байланысы.
Өзін- өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Педагогикалық психологияның пәні, анықтамасы.

2. Педагогикалық психология саласындағы білімнің оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру барысындағы маңыздылығы неде ? Мысал келтіре отырып түсіндіріңіз.

3. Педагогикалық психологияның негізгі ұғымдары ?

4. Педагогикалық психологияның қарастыратын мәселелер аймағын атаңыз ?

Әдебиеттер:

1. Выготский Л.С. Педагогическая психология. М., 1991.

2. Крутецкий В.А. Основы психологической психологии. М., 1972.

4.Немов Р.С. Психология. Книга 2 . М., 2000г.

5.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. М., Логос; Алматы: 2005.

6.Мұқанов М. Педагогикалық психология очерктері. Алматы. 1962.

7.Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М:; 1976.

8.Айсмонтас . Педагогическая психология. М:; 2000.



Тақырып: Педагогикалық психологияның зерттеу пәні, обьектісі, құрылымы, зерттеу әдістері.

Мақсаты: Педагогикалық психологияның зерттеу обьектісі, зерттеу пәні және құрылымы.

Ғылымның кез-келген саласы сияқты педагогикалық психо-логияны қарастырғанда ең алдымен оның объектісі мен зерттеу пәнін ажыратып алу қажет.

Ғылыми объекті - бүл зерттеудің өзінен тыс, эртүрлі ғылым-дарды зерттеуге болатын ақиқат. Объект ретінде материалдық жэне материалдық емес қүбылыстар, денелер, процестер; тірі, биологиялық жэне абстрактілі жүйелер; күрделілігі эртүрлі дәрежедегі биологиялық ағзалар бола алады. Ғылыми зерт-теу объекті ретінде өсімдік жэне жануарлар әлемі, адам, қоғам, өркениет, ғарыш, т.б. қарастырылады.

Әрбір объект (ғылыми тану объектісі ретінде адам да) көптеген ғылымдармен зерттеліне алынады. Мысалы, адам антропология, физиология, психология, элеуметтану, педагогика ғылымдарымен зерттелінеді. Алайда, эрбір ғылымның өз зерттеу пәні бар, яғни, оның объектідегі зерттеу нысаны. Мысалы, жас ерекшелік және педагогикалық психологияның зерттеу объектісі ортақ - адам, бірақ бүл ғылымдардың зерттеу пәні әртүрлі. Жас ерекшелік психологиясы үшін адамның психикалық дамуы мен өмірге келген сэттен бастап қартайған шаққа дейінгі қалыптасуының заңдылықтары мен механизмдері, педагогикалық психология үшін, ең алдымен, білім беру процесінде адамның элеуметтік мэдени тэжірибені игеру механизмдері мен заңдылықтары. Алай-да, педагогика мен психологияның, жас ерекшелік психологиясы мен педагогикалық психологияның зерттеу объектісінің ортақ бо-луы олардың тығыз, іштей ажырамас байланысына жэне олардың пәндерінің эртүрлілігінің негізінде жеке бөліп қарастыруға шарт-ты түрде қарауға себеп болып отыр.

Педагогикальщ психологияның пәніне жан-жақты анықтама бермес бұрын көптеген ғылымдардың зерттеу объектісі болып та-былатын (педагогика, әлеуметтану, физиология, медицина, басқару теориясы, жалпы, элеуметтік, жас ерекшелік, педагогикалық психология) білім беру, педагогикалық процесс - күрделі, көп қимылды, көп құрамдас бөлікті құбылыс екеніне назар аудару қажет.

Зерттеу пэнінің келтірілген анықтамасы мен жоғарыда қарастырылған көзқарастар түрғысынан педагогикалық психо-логияның қү_рылымына:

1. Білім беруші қызметтің психологиясы (оқу жэне педагогикалық

қызметтің бірлестігі ретінде);

2. оқу қызметінің және оның субъекті - оқушының психология-

сы (оқушы, студент);

3. педагогикалық қызметтің (білім беруші және тәрбиелеуші

әсердің бірлестігі) жэне оның субъекті (мұғалім, оқытушы)

психологиясы;

4. оқу-педагогикалық еңбектестік жэне қарым-қатынас психоло-

гиясы кіреді.

Аталған кү-рылым педагогикалық психологияның зерттеу аумағын кеңейтіп отырғаны анық, соның өзінде ол 3 тармақта дэстүрлі болып қалып отыр (оқыту, тэрбие беру, мүғалім).

Педагогикалық психология әдістеріне түсінік. Педагогикалық психологияның зерттеу әдістерінің негіздері –L -, Q және T мәліметтері екендігі мен оларға сипаттама беру; Ақпарат алудың бірінші көзі - L - деректер (Ъі£е гесогсі) - негізінен бақылау нәтижесінде адам өмірін тіркеп отыру арқылы алынған деректер; мұнда сараптамалық бағалау да кіреді. Ақпарат алудың екінші көзі - Q - деректер сауалнамалар мен өзін-өзі бағалаудың басқа әдістері негіздерінде алынады. Мұндай ақпарат көзіне ММРІ (Минесоттық көпсалалы тұлғалық тізбе), Кэттелдің 16-факторлық түлғалық сауалнамасы. Ақпараттың үшінші көзі - Т - деректер- бүл объективті тестердің деректері, олардың ішіндегі негізгі 12 топ, Р.Б. Кэттел мен В.Ф. Варбуртонға сэйкес педагогикалық психологияда тестілеу эдісін қарастырғанда келтіріледі.

Зерттеу әдістерінің негізгілері бақылау, өзін -өзі бақылау, әңгімелесу, сұқбат, интерью, анкета, эксперимент, іс нәтижесін талдау, тест (оның түрлері), әдістерінің сипаттамасы мен қолданылу ерекшеліктері. Психологиялық –педагогикалық зерттеулердің негізгі кезеңдері.



жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау