175
анықталады. Одан ары қарай шұғылданушылардың жекелеген
ерекшеліктері мен нақты міндеттеріне байланысты жоғарыдан
¼, 1/3, ½ -ге тең қайталаулар саны арқылы 1-3 дөңгеленуді іске
асырады.
Дəстүрлі айналма жаттығу негізінде үш əдіс жатыр.
Үздіксіз-ағымдық, аздаған демалыс интервалы арқылы
жаттығуларды бірге, бірінен кейін бірін орындаудан тұрады.
Бұл əдістің ерекшелігі – жұмыс қуаттылығын (ең жоғарысы 60%
қа дейін) арттыру мен бір немесе бірнеше дөңгелену арқылы
жаттығулар санын арттыру негізінде бірте-бірте жекелеген
жүктемелерді арттыру. Бір уақытта жаттығуларды орындау
уақыты қысқарады (15-20 с дейін) жəне демалыстың ұзақтығы
арта түседі (30-40 с дейін). В.В. Чуниннің пікірінше, бұл əдіс
қозғалыс сапаларының кешенді дамуына ықпал етеді.
Ағымдық-интервалдық, техникасы бойынша қарапайым
жаттығуларды 20-40 секундта орындауға негізделгендіктен (ең
жоғары қуаттылықтың 50%-дай), əр бекетте ең аз демалады.
Оның мақсаты – бақылау уақытын 1-2 айналмаға азайту. Бұл
тəртіп жалпы жəне күш төзімділігін арттырады, тыныс алу жəне
жүрек-тамыр жүйелерін жетілдіреді.
Қарқынды-интервалдық,
шұғылданушылардың
дене
дайындығының арту деңгейі арқылы пайдаланылады. Оның
тапсырмаларының қуаттылығы ең жоғарысының 75% құрайды
жəне қарқындылық пен жұмыс уақытының қысқаруы арта
түседі (10-20 с дейін). Оның мақсаты – стандарты көлемі мен
демалыстың уақыттық параметрлерінің сақталуы (40-90 с дейін)
Бұл тəртіп жоғары жəне «жарылма» күшті дамытады. 30-40 с
демалыс
интервалы
күш
жəне
жылдамдық
төзімділігі
жаттығулары нəтижелерінің өсуін қамтамасыз етеді.
Дəстүрлі айналма жаттығулардың жоғары тиімділігі
бірқатар кемшіліктерден де кем еемес. Оның кейбіреулері сол
идеяның өзінде жатса, кейбіреулері ұйымдастыру-практикалық
сипатқа ие. Мысалы дəстүрлі айналма жаттығу бір жаттығу
сабағындағы
қозғалыс
сапаларын
қалыптастырудың
физиологиялық заңдылықтарын ескере бермейді, олардың қатаң
дифференсациялаусыз кешенді түрде дамуын ғана қамтамасыз
етеді.
176
Бекеттерде жаттығулар орындаудың үздіксіз-ағымдық əдісі
қалыпты демалыс уақытын (əр түрлі функционалдық мүмкіндік-
тері арқылы бірдей шұғылданушыларға), мақсатқа сай деп
тануға келмейді. 8-10 бекетте шұғылданушылардың үлкен
контингенті ұйымдастырудың практикалық аспектінде қалыпты
емес мүліктер мен құрал-жабдықтардың едəуір көп санын талап
етеді. Бұл құрал-жабдықтарды түрлі жастағы, түрлі жыныстағы
жəне дайындығы əр түрлі топтар арасында кеңінен пайдалана
бермейді. Белгілі бір сабақтардың міндеттерінің өзгеруі олар
өткізілетін
орындардағы
құрал-жабдықтардың
орын
ауыстыруын қажет етеді. Сабақтарды өткізетін уақыт факторы
да маңызды факторлардың бірі болып табылады. 80-100 адам
шұғылданатын кездерде шұғылдану уақыты 2,5-3 сағатқа дейін
ұзартылуы мүмкін, бұл дене шынықтырудың көпшілік
формалары үшін шындыққа сəйкес келмейді. Бұл кемшіліктер
түрлі санаттағы еңбекшілердің дене дайындығы барысында
түрлі айналма жаттығудың дəстүрлі формаларын кеңінен
енгізуге кедергі жасап отыр [3, 25б. ].
И.А. Гуревич ұсынған кесте бойынша (сурет 13), мұғалім
мен оқушы арасындағы басқаруға қолайлы тұтас тұйық жүйе
жасайтын тура жəне кері байланысқа ие бағдармаланған
айналмалы жаттығуды ұйымдастыру уақытындағы өз байланыс
моделі көрсетілген. Тура байланыс оқушыға бекеттік карточка-
тапсырмаларда көрсетілген жаттығу жəне орындау тəсілдері
туралы ақпараттарды беру үшін арналған. Ал кері байланыс
оқытушыға оқушының жаттығуларды меңгеру дəрежесі туралы
ақпараттарды алуы үшін, сонымен қатар айналма жаттығу
кезінде оған ішкі жəне сыртқы ортаның əсерін білу үшін қажет.
Мəтінді
жəне
бейнелі
кестелі
ақпараттармен
бағдарламаланған бекетті плакаттар жасау жəне оларды
орналастыру мен сақтау тəсілдерін анықтау.
Қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты
дене сапаларын артықшылықпен дамыту қажеттілігі бірқатар
ғылыми зерттеулер арқылы дəлелденген. 14 суретте айналма
жаттығу барысында күш, жылдамдылық, төзімділіктердің өзара
байланысы жəне ептілік пен икемділіктің дифференсациялануы
көрсетілген.
177
Айналмалы жаттығу əдісін қолдану арқылы дене
дайындығының түрлі үлгісін жасау барысында қажет шарттар:
- дене қабілеттерін дамытуға кезекті мақсаттарын анықтау
мен олардың оқытудағы нақты дамуы кезеңдерін белгілеу;
- жаттығуларға терең талдау жасау, олардың оқу-жаттығу
материалдарымен өзара байланысын анықтау, сонымен қатар
жекелеген
жаттығулардың
белгілі
бір
дағдылары
мен
біліктілігінің оң жəне теріс алмасуын есте сақтай білу;
- жаттығулар кешені сабақ пен жаттығудың белгілі бір
бөлігіне топтың дене дайындығы дəрежесін ескеру арқылы
енгізу;
- жас жəне жыныс ерекшеліктерін ескеру арқылы
жаттығуларды орындау барысында бекеттердегі жұмыс жəне
демалыс көлемін анықтау;
- жаттығуларды орындау жүйелілігін жəне бір бекеттен
екіншісіне өтуде, сонымен қатар кешенді түрде айналмалы
жаттығу арасында қайта өту барысында қатаң сақтау.
2. Айналма жаттығуды ұйымдастыру мен өткізудің
əдістемелік еркшеліктері
К.Е. Ахметов [4] айналма жаттығуды ұйымдастыру мен
өткізуді 4 кезеңнен тұрады деп есептейді:
1. Бағдарламаларды салыстыру:
- жаттығуларды іріктеу;
- оларды орындаудың ізбе-ізділігін анықтау;
- жүктемелердің бағдар беруші есебі;
- жұмыс нүктелерінің («бекеттерінің») орналасуы;
- жұмыс топтарының сандық құрамы.
Бағдарлама
жаттығу
міндеттері,
шұғылданушылар
контингенті мен материалдық базаларды ескеру арқылы
жасалады.
2. Бағдарламаны тексеріп көру (1-2 сабақ).
Міндеттер:
- жаттығуларды жаттап алу,
- жаттығулар құрамы мен жұмыс нүктелерін нақтылау;
- бір бекеттен екіншісіне ауысу ретін анықтау (бір
уақыттық, ізбе-із, дабыл бойынша, өз бетімен);
Достарыңызбен бөлісу: |