Қазақстан Республикасының
Білім жəне Ғылым Министрлігі
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
С.С. КУБИЕВА
СПОРТ НЕГІЗДЕРІ МЕН КƏСІІІТІК-
ҚОЛДАНБАЛЫ ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫ
Оқу құралы
АҚТӨБЕ - 2013
ƏОЖ 796/799. (075.8)
КБЖ 75.1 Я73
К81
Рецензенттер:
Е.А. Алимханов – пед. ғыл. докторы, Қазақтың спорт жəне туризм
академиясының профессоры
Т.А. Ботағариев – пед.ғыл. докт., Ақтөбе мемлекеттік
педагогикалық институтының профессоры
Н.А.Ахметов – пед.ғыл. канд., Ш.Есенов атындағы Каспий
инженеринг жəне технология университетінің доценті
К81
Кубиева С.С.
Спорт негіздері мен кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы: Оқу
құралы. – Ақтөбе: Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты,
2013. – 240 б.
Оқу қуралы 2013 жылдың 16 мамыр айындағы № 2 хаттамасына
негізделе отырып РӨƏК-і арқылы баспаға ұсынылған
ISBN 978-601-7391-06-5
Оқу құралы модульдерге бөлініп теориялық, тəжірибелік
материалдардан,
өзін-өзі
тексеру
сұрақтарынан,
тест
тапсырмаларынан жүйеленіп білім алушыға сапалы игеруге
мүмкіндік береді. Əрбір модуль өзара логикалық байланыста бірізді
қалыптасып, сызбалар түрінде көрнекілік принципінің жүзеге
асуын қамтамасыз етеді.
Оқу құралы «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығы
бойынша студенттер мен оқытушылар құрамына арналған.
ƏОЖ 796/799. (075.8)
КБЖ 75.1 Я73
Ақтобе мемлекеттік педагогикалық институтының Ғылыми
кенесінің шешімімен баспадан шығаруға ұсынылған
Хаттама № «» Мамыр 2013 ж.
ISBN 978-601-7391-06-5
© Ақтобе мемлекеттік педагогикалық институты, 2013
© С.С.Кубиева, 2013
3
Алғы сөз
050108 «Дене шынықтыру жəне спорт» мамандығына
арналған Спорт негіздері мен кəсіптік-қолданбалы дене
дайындығы пəнінің оқу құралы негізгі мақсат пен міндеттеріне
жету үшін барлық қажетті оқу-əдістемелік құжаттардан тұрады.
Оқу құралының негізгі мақсаты: студенттерде спорт
негіздері
мен
кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындығын
қалыптастыру.
Осы оқу құралды жете зерттегенде келесі міндеттер
шешілуге тиісті:
1. Студенттерде спорт теориясы дамуының қазіргі күйі;
спорт
түрлерінің,
қызметтерінің,
спорттық
жарыстар
теориясының, спорттық жаттығу құрылымының, техникасы мен
тактикасының даму перспективалары; жоғары оқу орындағы
спорттың
өзекті
ғылыми-əдістемелік
мəселелері
туралы
білімдерді қалыптастыру жəне оларды жүзеге асыру.
2. Студенттерде кəсіптік-педагогикалық жəне кəсіптік-
қолданбалы
дене
дайындығының
теориялық-əдістемелік
негіздері туралы білімдерді қалыптастыру жəне оларды жүзеге
асыру.
3. «Айналма жаттығу əдісінің» ерекшеліктері жəне оны
студенттердің кəсіптік-қолданбалы дене дайындығында қолдану
туралы білімдерді қалыптастыру жəне оларды жүзеге асыру.
4. Физиктер, химиктер, математиктер мен биологтар,
географтардың, журналистердің, тарихшылардың, филологтар-
дың, юристердің жəне жеңіл өнеркəсіп инженерлері мен
технологтардың, дене тəрбиесінің болашақ мұғалімдерінің,
автомобиль көлігі болашақ инженерлерінің, суретшілердің жəне
пəн-мұғалімдердің кəсіптік-қолданбалы дене шынықтыруы
туралы білімдерді қалыптастыру жəне оларды жүзеге асыру.
Бұл оқу құралының мазмұны келесі құрылымы бойынша
игерілуге ұсынылған.
1. Біріншіден, модульден тұратын пəннің теориялық
бөлімін оқытуға материал берілген (дəріс пен семинар
сабақтары). Бұл жерде ерекше көңіл аударатын жағдай,
материал зерттеп жатырған тақырыптың бірізділік сабақтастығы
бойынша ұсынылады.
4
2. Əрбір тақырып бойынша студенттердің өз бетінше
орындайтын
жұмыстарының
тапсырмаларын
орындауға
нұсқаулар берілген.
Студенттер
өзіндік
жұмысы,
жеке
жəне
топтық
тапсырмаларды
орындауымен
байланысты.
Студент
бұл
жұмыстың барысында өз бетімен мақсат пен міндеттерді қоюға,
өзінің əрекетін жоспарлауға жəне оны іске асыруға қабілетін
дамытады. Осы мақсатқа студенттің дене тəрбиесі теориясы мен
əдістемесінің терминологиясын, педагогикалық процесстің
заңдылықтарын, құбылыстарын, даму бағыттарын игеруі кіреді.
Мақсаты–оқу құралы талаптарын игеру жəне осы бағыттағы
дене шынықтыру жəне спорт мамандығына қажетті білімді
қалыптастыру.
Оқу құралында берілген материалды бекіту үшін тестілік
тапсырмалар ұсынылған.
Студенттің Өзін - өзі бағалау тапсырмалары берілген.
Бұл оқу құралымен жұмыс жасағанда, құрметті студент
сенің қолыңда келесі материалдар болуы қажет, яғни:
1. Пəн бойынша силлабус
2. Дəптер (сабақта берілген тапсырмалар т.с.с.)
3. Тиісті жабдықтар (қалам, қарындаш, сызғыш т.с.с.)
Оқу құралын игеру барысында келесі ережелерді сақтауың
қажет:
1. Түсінбейтін жерлерін өзіңнің дəптеріңе жазып алу
(сосын оларды оқытушыдан сұрау).
2. 2 – ші жəне 3 – ші тараудағы («тестілер» жəне
«бағалау») берілген материал бойынша өзіңнің түсінбегеніңді
тексеру.
Достарыңызбен бөлісу: |