181
Сонымен қатар, ертерек берілген уақыт интервалында
акробатикалық жаттығулардың кешендері де пайдалы болар еді.
Үйлестіру қабілеттерін қолдау үшін айнадан көрсетілетін
жаттығулар мен жаңа биомеханикалық құрылымдарға ие
қозғалыс
жаттығулары
тиімді
болып
келеді.
Азырақ
дайындалғандарға қозғалыстардың кеңістік-уақыттық жəне күш
сипаттамасын меңгеруге кеңес беріледі. Оларға жататындар:
түрлі бастапқы жағдайлардан белгіленген бір нүктеден
белгіленген нүктеге секіру, бір немесе бірнеше доптармен
жонглерлық жасау, көздеп ату, қозғалмалы жəне спорт
ойындары жəне т.б.
Жаттығу əдісі – қайталамалы: орташа жəне жоғары
қарқындылықта
(шұғылданушылардың
дайындығына
байланысты).
Бұл жаста инволюция процестері өзіне күш қабілеттерін
қоспайды. Дегенмен соңғы он жылдықтар ішінде 20-30 жастағы
адамдардың бойында күшке қатысты көрсеткіштердің төмендеуі
байқалады. Оның негізгі себебі – гипокинезия себебінен май
тканьдерінің арта түсуі болып табылады [ 5, б.110-113].
3. Жоғары оқу орындарында студенттердің кəсіптік-
қолданбалы дене дайындықта айналма жаттығу əдісін
қолдану еркшеліктері
Студенттердің екі жылы бойы дене тəрбиесі пəнін оқу
процесінде шеңбер жаттығуларын жоспарлаудың өзіндік
ерекшеліктері келесімен сипатталады.
10 кестедегі айналма жаттығу əдісін өткізу оқу жылындағы
бағдарламаларды өтудің реттілігін жəне оның əр түрі бойынша
сабақтардағы айналма жаттығуларының мазмұны ұсынылады.
Оқу жылының басында студенттерді айналмалы жаттығу
əдісімен таныстыру қажет.
А) Кестеде көрсетілген бағдарламалық материалдың 15
түрінен бекеттік плакаттар дайындадық. Плакаттың жоғарғы
жағына ұзынынан «бекет» сөзі 1-ден 15-не дейін жазылды.
Өлшемдері: плакаттікі –18*12, бекеттік тапсырманікі - 15*8 см.
Б) Берілген бекеттік тапсырмаларда сызбалық жəне
мəтіндік ақпарат үндесті. Осындай модель тиімді оқыту мен
182
қабылдауға, санадан өткізуге жəне бекеттік тапсырмаларды одан
əрі меңгеруге оңтайлы жағдайлар туғызады.
В) Студенттер жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол,
гимнастика элементтерін өтіп болғаннан соң, ұсынған бекеттік
тапсырмаларда
көрсетілген
жаттығуларды
үйренді.
Студенттерді қайталаудың жоғарғы көрсеткішін анықтау үшін
сынақтан өткіздік жəне əрбірі МТ/4 немесе МТ/2 стандартты
өлшемге ие болды.
Əрбір бекеттегі жаттығулар еркін қарқында, уақыт
есептелмей жүргізіледі;
Г) Əрбір бекетті орындап болғаннан кейін студенттердің
жүрек қағыстары тексерілді (10 секундтың ішінде);
Д) Біз айналма жаттығу əдісінің аталған нұсқасын жүзеге
асыруда орташа алғандағы нақты орындау нəтижелерін
тексердік.
Осылайша, студенттер айналма жаттығу əдісі кешенін
орындауды меңгеріп алады.
Айналмалы жаттығу əдісінің келесі үлгілерің қолдану
қажет.
Жаттығулар
үзіліссіз,
қайталаудың
стандартталған
көрсеткішімен өткізілді. Жаттығуларды меңгергеннен кейін
жəне əрбір бекетте 30 жұмыс жəне 30 демалыс принципі
бойынша қайталаудың ең жоғарғы көрсеткіші анықталған соң
жаттығулық стандартталған уақытпен жаттығу өткізіледі. Əрбір
айналымды өту өлшемі мен уақыты стандартты болғанымен
айналмалы жаттығу саны көбейе береді. Айналмалы жаттығу
əдісі аяқталғаннан соң, студенттер есеп карточкасына тек
айналып өткен айналма мен бекет санын толтырады.
Бірінші жылы оқығанда, гимнастика сабақтарына бірінші
жарты жылдықта 6-8 сабақ бойынша айналма жаттығу əдісін
енгізу қажет. Айналма жаттығу əдісі станциялардың санына
байланысты жоғары тығыздық пен уақыт көлеміне сəйкес
келеді, оның əсіресе дене тəрбие сабақтарында маңызы ерекше.
Алға қойған сабақтың мақсатына қарай айналма жаттығу
əдісін оқытушы негізгі сабақтың басында немесе соңында
жоспарлауына болады. Оны қолдану оқушылардың əр топтағы
санына да, оқу жылына да, дене тəрбиесі дайындығы мен
техникалық шеберліктеріне де байланысты. Оны сабақтың
183
негізгі бөлімінің басына енгізу үлкен күшті жəне ерік күш-
жігерді (тиімді жағдайларда алға қойған мақсаттарға жету үшін)
талап ететін дене тəрбиесі саласы бойынша алда тұрған ұтымды
жұмыстармен байланысты.
Мұндай кешеннің рөлі алда тұрған жұмыстарға студент
ағзасының бітімі даярлығы болып табылады жəне жалпы
дамытушылық жүйесі негізгі міндеттерді шешетін сипатталады.
Негізгі сабақ алдындағы айналма жаттығуларын қолдану адам
ағзасы əлі шаршамаған жағдайда жəне зор көлемдегі
жұмыстарды атқаруға дайын кездегі дене тəрбиесі сапаларын
дамытумен байланысты. Сабақтың негізгі бөлімін құрайтын
кешендер күш жұмсауға бағытталған жалпы дамытушылық
сипатқа
ие
болады
жəне
кəсіптік-қолданбалы
дене
дайындығымен тығыз байланысты. Онда жеткілікті дəрежеде
күш жұмсайтын жəне жылдамдықтағы жаттығулар болуы тиіс.
Негізгі сабақтың аяғында айналма жаттығуының кешені сирек
жоспарланады жəне сабақ кезіндегі жүктеме тығыздығы
жеткіліксіз болған жағдайда ғана жоспарланады.
Мұндай кешендердің мақсаты – дене шынықтыруды
дамытуға қол жеткендерді саптау жəне бекіту, сондай-ақ өткен
оқу материалдарын жетілдіру.
Дене шынықтыру сабақтарында айналма жаттығу əдісі
əсіресе гимнастика сабақтарының тығыздылығын арттырып
қана қоймайды, сонымен қатар жалпы ағзаға өнімді əсер етеді.
Жүктеме концентрациясының тиімділігі – қысқа мерзімде
жалпы жəне дене даярлығын табысты дамытуға алып келеді.
Гимнастика
сабағындағы
айналма
жаттығу
əдісін
ұйымдастырудың
үлгі-схемасы
төмендегідей:
1-сабақта
студенттер станциялардағы сабақтардың ұйымдастырылуымен
(кесте 11, сурет 15), олардың орналасуымен, жаттығуларды
орындаудың
ретімен,
ауысуымен,
есеп
карточкаларына
жазумен, есептеумен т.б. мəселелермен танысады.
2-сабақта əр станциядағы жаттығуларды орындауын МТ (ең
жоғарғы тест) анықтайды. Схема бойынша жүктеме МТ/2
немесе МТ/4 топтың дене шынықтыру даярлығына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |