178
- «жүктеме бекеттерін» қарастыру;
- жұмыс топтарының құрамын нақтылау.
3. Жүктемелерді тестілеу мен есептеу (2-3 сабақтар)
Міндеттер:
- ЖТ – жоғары тестіні алу (уақытты есептеу немесе
есептемеу арқылы жаттығуларды қайталаудың жоғары тесті)
жаттығулардың əрбір түрі бойынша;
- айналма жаттығулардың жекелеген карточкаларын
толтыру;
- əрбір жұмыс нүктесі бойынша жүктемелерді есептеуді
нақтылау (жекеше);
- ЖТ жартысында бір айналманы өту уақытын анықтау
(ЖТ*ЖТ/2*1 айналма);
- əрбір сабақтың тапсырмаларын анықтау.
4.
Тікелей
жүргізу,
тапсырмаларды
орындау
жəне
жүктемелерді реттеу (3-6 апта):
- жаттығу процесін басқару;
- консультациялық көмек, орындауға бақылау жасау;
- жеке дара карточкадағы жүктемелерді есептеу өзгерістері.
Жеке карточкада болуы тиіс:
- жаттығулар тізбесі;
- жоғары тест;
- бастапқы тапсырма;
- мақсатты тапсырма;
- əрбір сабақ бойынша тапсырма;
- оларды орындау;
- жұмыс пен демалыс уақыты;
- өту уақыты.
Айналма
жаттығудың
ұйымдастыру-əдістемелік
сипаттамасы:
1. Шұғылданушылар кішірек топтарға бөлінеді (1-4 адам),
жұмыс нүктелерінің (бекеттерінің) саны – 4 тен 12 ге дейін.
2. Жаттығулар бір уақытта орындалады, немесе ізбі-із
жалғасу арқылы.
3. «Бекеттен» «бекетке» ауысу дабыл бойынша іске асады,
немесе өзбетінше тапсырмаларды орындаған соң іске асады.
4. Əрбір жаттығу бойынша жүктемелер жеке дара тестілеу
арқылы анықталады.
179
5. Айналма жаттығу бағдарламасы тұрақты түрде ұзақ
уақытқа созылады (4 айға).
6. Жаттығулардың көлемі мен қарқындылығы үздіксіз
өзгеріп отырады.
7. Өзгерістер шамасы мен сипаты алдын-ала есептеу, жеке
дара реакция мен жаттығу эффектісі арқылы анықталады.
8. Көлем 3 айналмаға дейін артуы мүмкін.
9. Қарқындылығы 30% дейін артуы мүмкін.
10. Сабақтардың жиілігі аптасына 1 реттен 3 ретке дейін.
11. Бір сабақтың ұзақтығы 10 минуттан 60 минутқа дейін.
В.А. Романенко, В.А. Максимович [5] 80-100 адамның жас
жəне жыныстық пен функционалдық мүмкіндіктерін ескеру
арқылы қозғалыс дайындығы процесін басқаруға мүмкіндік
беретін айналма жаттығу нұсқасын ұсынды. Осы нұсқалардың
айналма
жаттығулардың
дəстүрлі
формаларынан
айырмашылығы
бір
сабақта
нақты
қозғалыс
сапасын
тəрбиелейтін бұлшық еттер жұмысының бағытынан тұрады.
Төрт бекеттің əр қайсысында құрылымы жағынан түрліше
жаттығулар пайдаланылады, бірақ бірдей физиологиялық тəртіп
əрқашан
сақталады.
Қозғалыстардың
биомеханикалық
құрылымы ескерілгенімен (ептілікті тəрбиелеу кешендерінен
басқасы), ол кейінге ысырылады да оларды пайдалану тəртібі
алға шығады. Сабақтарды осылай құру əдістемесі төрт бекеттің
əр қайсысында əрбір шұғылданушы үшін физиологиялық
негізделген жəне оңтайлы дене жаттығулары тұсында ғана
мүмкін. Бір реттік жүктеме оның жеке дара ауыспалы шамасына
сəйкес таңдалады.
Дене тəрбиесін ұзақ процесс ретінде қарастыруға болады,
олар оқу жылдары бойынша бөлінеді, оның əр қайсысында
циклді түрде бағдарлама қайталанып отырады, бірақ барған
сайын сапалық жағынан жоғары деңгейде қарастырылады.
Сонымен қатар онда айналма жаттығу əдісі арқылы іске
асырылатын жалпы жəне арнайы кəсіптік-қолданбалы дене
дайындығын жоспарлау ерекше орын алады.
И.А. Гуревичтің пікірінше, «…барлық сабақтарға арналған
жалпы жəне арнайы кəсіптік-қолданбалы дене дайындығы
материалы оқу жылы бойында дене тəрбиесінің бағдарламасына
сəйкес жоспарланады.
180
Мұғалімнің қарауы бойынша бұл материал айналма
жаттығу кешеніне бірігуі мүмкін немесе сабақтың кез-келген
бөлігін бөліп өткізуге болады. Айналма жаттығулардың
мақсатты түрде бағыттылығы үш түрлі маңызды міндеттерді
шешуге мүмкіндік береді: жалпы, арнайы жəне кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығын бір уақытта жəне өзара
байланысқан түрде салыстырмалы түрдегі қысқа уақыт
аралығында жəне үлкен тиімділікпен іске асырылады» [6, б.9].
Айналма жаттығуды іске асыру барысында студенттердің
морфофункционалдық ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. В.А.
Романенко, В.А. Максимовичтердің пікірінше, «…20 жасқа
қарай ағзаның морфофункционалдық жүйесінің қалыптасуы
аяқталады да, 30 жасқа дейін бұл жүйелер салыстырмалы түрде
қалыпты жұмыс істейді. Осы жас аралығындағы əйелдер
ерлерден бұлшық еті мен төзімділгі жағынан ерекшеленеді,
қозғалыс
жылдамдығы
жағынан
оларға
жол
береді.
Кардиореспираторлық жүйе, қанның оттегі сыйымдылығы,
оттегі тəртібінің үнемшілдігі көрсеткіштері, ОЖС мен оттегі
жетіспеушілігі
оларда
төмен
болып
келеді.
Дегенмен,
əйелдердің ерлерге қарағанда икемділік көрсеткіштері артық
болып келеді. Олардың буындарындағы қозғалмалылығы да
артықшылыққа ие. Осы жəне басқа да көрсеткіштерді дене
шынықтырудың
көпшілік
формаларымен
шұғылдану
практикасында ескеру қажет».
25-30
жастарда,
ал
кейде
тіпті
ертерек
қозғалыс
функцияларының
инволюциялық
процестері
басталады,
биологиялық даму процестері параллель емес, гетерохронды
түрде жүреді, яғни уақыттан артта қалады. Бірінші кезекте ол
жылдамдық сияқты қозғалыс сапаларына қатысты болады. Оны
құрайтындардың бəрі де зардап шегеді: қозғалыс реакциясының
латенттік кезеңі, жеке қозғалыс жылдамдығы мен қозғалыс
қарқыны.
Жас
кезде
ептілікті
жетілдіру
үшін
экстремальді
жағдайларға жақындатылған альтернативалы шешімдер мен
жағдайлар қажет. Бұл талаптарды өрмелеу эстафеталары,
өрмелеп асу, акробатикалық жаттығулар, бірнеше заттарды
тасымалдау,
доптармен
жəне
спорт
ойындарының
элементтерімен жонглерлық жасау қанағаттандырады.
Достарыңызбен бөлісу: |