Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет14/70
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27704
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70

 
42 
жақсы  өтуіне  хабарлау,  хабарлап  отырған  адамның  дұрыс 
ойластырылған, нақты, сауатты сөздерінің де маңызы өте зор. 
Спортшылардың,  төрешілердің,  көрермендердің  отыратын, 
жүретін,  тұратын  жерлерінің  дұрыс  ойластырылуы,  алдын  ала 
белгіленуі, 
оған 
жауапты 
адамдардың 
сол 
жерлердегі 
тəртіптілікті  қатаң  қадағалауы  да  маңызды  мəселелердің  біріне 
жатады. Спорт жарыстарында таблолардың болуы, төрешілердің 
өз 
төрешілік 
жұмыстарын 
нақты 
орындауы, 
төрешілік 
терминдерді, қолмен көрсететін жестерді нақ, шұғыл орындауы, 
өз жұмыстарына жауапты қарауы да жарыс кезінде көзге көрініп 
тұрады.  Өйткені,  көрерменнің  көзіне  спортшының  қимыл 
əрекетімен  бірге  төрешінің  əрекеті  де  бірдей  шалынады. 
Сондықтан  спортшының  таза,  қонымды  спорттық  формасымен 
бірге  төрешінің  де  төрешілік  киімі  сəнді,  таза,  жақсы,  жарыс 
талабына сай болуы қажет. 
Жарыстың  ашылу  жабылу  салтанатында  сөз  сөйлейтін 
адамдарды  дұрыс  белгілеу,  олардың  жарыс,  спорт  бағытында, 
негізгі  өткізіліп  жатқан  спорт  түрі  жарысы,  спортты,  салауатты 
өмір  салтын  насихаттау  бағытында  орынды  сөз  сөйлеуіне  де 
жауапкершілікпен  қараған  жөн.  Концерттік  бағдарламалар, 
спорт  түрлерінен  көрсететін  көрсетілімдер  де  тиянақты 
ойластырылып, адамдар жалығып кетпейтіндей жағдайда болуы 
керек. 
 Жақсы,  салтанатты,  мереке  түрінде  басталған  жарыс, 
салтанатты,  əсем,  əсерлі  түрде  аяқталуы,  жабылуы  қажет. 
Адамдар  өткен  жарыстан  эстетикалық  қанағат  алып,  жақсы 
көңілмен тарқағаны дұрыс болады. 
Жарыстың құжаттары, оларды құрастыру əдістемесі 
Жарыстың құжаттары төртке бөлінеді. Олар: 
1. Жарыстың мəлімдемесі. 
2.Жарысқа қатысушының сұранысы. 
3. Жарыстың хаттамалары. 
4. Жарыстың бас төрешісінің есебі. 
Жарыстың мəлімдемесін құрастыру, жазу 
Барлық  дəрежедегі  жарыстарға  даярлық  алдында  ең  негізгі 
жарыс  құжатын  —  мəлімдемені  құрастыру,  жазу  керек. 
Жарыстың мəлімдемесін жазған кезде жарыстың атына, атауына 
үлкен  мəн  берген  дұрыс.  Жарыстың  атауында  жарыс  көлемі, 


 
43 
масштабы, кімдер арасында өткізілуі нақты түрде көрініс табуы 
керек.  Мысалы:  «Шаңғы  спортынан  оқушылар  арасында 
өткізілетін  Шығыс  Қазақстан  облысының  біріншілігі,  Дзю-до 
күресінен  ересектер  арасында  өткізілетін  Өскемен  қаласының 
біріншілігі» т.с.с. 
Барлық  жарыс  түрлерінің  мəлімдемелері  негізгі  жеті  түрлі 
бөлімдерден тұрады. Олар: 
1. Мақсаты мен міндеттері. Жарыстың мақсатын жазғанда, 
жарыс  негізі  қандай  мақсатта  өткізілетінін  жазамыз.  Мысалы, 
дзю-до  күресінен  қала  біріншілігін  өткізсек,  өткізу  мақсаты: 
қаланың  мықты  дзюдошыларын  анықтау.  Облыс  біріншілігін 
өткізсек,  республикалық  жарысқа  қатысатын  облыс  құрама 
команда мүшелерін анықтау т.с.с. Міндеттері 1-3 ке дейін болуы 
мүмкін.  Мысалы:  1.  Спортшылардың  денсаулығын  нығайту.  2. 
Жарыс  өткізілетін  спорт  түрін  насихаттау.  3.  Спорт  түрінің 
техникасы мен тактикасын жетілдіру жəне т.б.  
2. Жарыс өткізілетін орны мен уақыты. Өткізілетін орны 
мен  уақыты  қатаң  белгіленіп,  нақты  жазылуы  керек.  Мысалы: 
«Жарыс Өскемен қаласында, Спорт Сарайында, 2008 жылдың 1-
3 қараша жұлдызында өткізіледі». 
3.  Жарысты  басқару.  Бұл  бөлімде  мəлімдемені  бекітіп, 
оның  оң  жақ  бұрышына  «бекіттім»  деп  қол  қоятын  мекеме 
басшысы  жарысты  басқаруға  төрешілер  тағайындайды.  Сол 
төрешілер жарысты басқару бөлімінде жазылуы керек. Мысалы, 
жарысты  Облыстық  дене  мəдениеті  жəне  спорт  басқармасы 
өткізсе:  «Жарысты  басқару  ШҚО  Дене  мəдениеті  жəне  спорт 
басқармасы  бекіткен  төрешілер  алқасына  жүктеледі»,  -  деп 
жазылады. 
4.  Жарысқа  қатысушы  спортшылар  мен  командалар. 
Бұл  бөлімде  жарысқа  қатысушы  спортшылар  кімдер  екені 
(ерлер,  əйелдер,  қыздар,  ұлдар),  қай  жас  тобына  жататыны 
(жасөспірімдер,  жастар,  ересектер,  үлкен  жастағы  адамдар), 
қандай 
спорттық 
дəрежедегі 
(разрядтағы) 
спортшылар 
қатысатыны  жазылады.  Командалар  арасында  болса,  команда 
аттары  немесе  қай  лигада  ойнайтын  командалар  арасында 
өткізілетіні нақты жазылады. 
5.  Жарыстың  бағдарламасы  мен  кестесі.  Бұл  бөлімде 
жарыстың  өткізілу  уақыты,  сағаты,  ашылу  жəне  жабылу 


 
44 
салтанаты  жазылады.  Командалар  арасындағы  жарыс  болса, 
жарыс кестесі, қай команда кіммен ойнайтыны көрсетіледі. 
6. Жарысты жүргізу, есептеу жолы мен марапаттау. Бұл 
бөлімде жарыс қандай жолмен (айналмалы, шығып қалу, аралас) 
өткізілетіні,  ұпай  саны  қалай  есептелетіні  жазылады.  Мысалы, 
жарыс  айналмалы  жолмен  жүргізіледі,  ұпай  саны  I  орын  алған 
спортшыға - 10 ұпай, ІІ орын алған спортшыға - 8 ұпай, III орын 
алған  ойыншыға  -  6  ұпай  т.с.с.  беріледі  деп  жазылады. 
Марапаттауды  жазғанда  жүлделі  орын  алған  споршыларға 
қандай мақтау қағазын, қандай сыйлықтар берілетіні жазылады. 
Мысалы:  «Жүлделі  орын  алған  спортшылар  I,  II,  ІІІ  дəрежелі 
дипломдармен,  бағалы  сыйлыктармен  марапатталады»,  -  деп 
жазылады. 
7. Сұраныс жəне оны беру уақыты. Бұл бөлімде сұраныс 
қандай түрде, жарыс басталардан неше күн бұрын берілуі керек 
екені  жазылады.  Төменде  сұраныс  беру  түрі  көрсетілген.  №  4 
бағанада  күрес  түрлеріндегі  салмақ  дəрежелері  көрсетілді,  ал 
жеңіл  атлетика  жарысы  сұранысы  болса  жарыс  жаттығулары 
түрлері,  100  м,  үзындыққа  секіру,  граната  лақтыру  деп 
көрсетіледі.Дұрыс 
толтырылмай 
қалып, 
мандаттық 
комиссияның  талаптарына  сай  келмей,  спортшылар  жарысқа 
жіберілмесе, егер ол оқиға басқа қаладан барған кезде болса, ол 
жауапты  адам  мен  бапкерге  көп  шығындануына,  мекеме 
басшысы  алдында  үлкен  жауапкершілікпен  жауап  беруіне  тура 
келеді. 
Сондықтан 
сұраныс 
жəне 
спортшының 
классификациялық  куəлігінің  дұрыс,  сауатты  толтырылуына 
үлкен мəн беру қажет. 
Сұраныс  толтырылғанда  спортшының  аты-жөні,  туылған 
жылы,  спорттық  дəрежесі  оның  жеке  жэне  классификациялық 
куəлігіндегі  мəліметтерге  сай  болуы  қажет.  Міндетті  түрде 
спортшыларды  жарысқа  жіберген  мекеме  басшысының  аты-
жөні  жазылады,  қолы  қойылады,  мекеменің  мөрі  басылады. 
Спортшының  жарыс  алдында  дəрігерге  тексерілуі,  сұранысқа 
дəрігердің  қолы  қойылуы,  белгісі  (штамп)  басылуы  керек 
болады. Сұраныстың үлгі түрі төменде көрсетілген. 
8.  Спорттық  нəтижелер  жəне  олардың  спорттың 
дамуына əсер етуі 
 


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау