30
жоғарылайды.
Теориялық
білім
спортшыға
спорттық
жетістіктерге жылдам жетуге ғана емес, күнделікті өмірде де,
маңайындағы адамдарды салауатты өмір салтын насихаттауда
да қажет болады.
Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны
дұрыс. Ол келесі бөлімдерге бөлінеді:
1 Дене мəдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы,
қоғамдағы рөлі.
2 Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы.
3 Дене жаттыгуларының адам ағзасына əсері.
4 Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн
тіртібі туралы мағлұматтар.
5 Дəрігерлік бақылау, өзін өзі бақылау, жарақаттарды
болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж.
6 Спорттық жаттықтырудың негізгі əдістемелері.
7 Спортшының жалпы жəне арнайы дене қуаты дайындығы.
8 Спортшының техникасы, тактикасы жэне оларды
жетілдіру əдістері.
9 Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.
10 Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.
2. Жаттықтыру үрдісін жоспарлау
Жоғары спорттык көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп
жылдар бойы, 10 жылдан артық мөлшерде, үзіліссіз жаттығуы
керек.
Осы көп жылдық жаттығу шартты түрде төрт кезеңге
бөлінеді.
Алғашқы дайындық кезеңі. Республикамызда спорт
мектептерінің алғашқы дайындық топтарына өз еркімен
спортпен шұғылданғысы келген, ата-аналарының, мектеп
басшыларының,
дəрігердің
келісімін
алған
балалар
қабылданады.
Бұл
балалар
спорт
мектептерінің
жас
ерекшеліктеріне, спорт түріне байланысты бекітілген ережелері
бойынша спорт топтарына бөлінеді. Мысалы, гимнастика 6
жастан, суда жүзу 7 жастан, футбол 8 жастан, хоккей 9 жастан,
ескек есу 10 жастан, ат спорты 11 жастан т.с.с.
31
Осы топтардағы оқушылар үш жыл бойы жалпы дене
қуатын дамытумен, бастапқы техника негіздерін үйренумен
айналысады да, əр түрлі сынақтар тапсырғаннан кейін оқу-
жаттығу топтарына ауыстырылады.
Бастапқы мамандану кезеңі балалардың жасөспірім жас
шағына сəйкес келеді. Бұл кезеңнің негізгі міндеті организмді
жан-жақты дамыту жэне қимыл-қозғалыс ептілігі мен дағдысын
жетілдіру болып табылады. Бастапқы мамандану кезеңінің
ұзақгығы 3-4 жыл, бірақ спортшының дарындылығына,
спорттың түріне байланысты ол уақыт өзгеруі де мүмкін.
Балалардың
жастарына,
жаттыққандығына
байланысты
жаттықтыру уақытының ұзаруы, жаттықтыруларды бір апта
ішінде қайталау жиілігі біртіндеп көбейіп отырылуы қажет.
Тереңдете жетілдіру кезеңі. Бұл кезең спортшының
есейген кезіне сай келеді. Кейбір ерте жастан жаттыға
бастайтын суда жүзу, гимнастика, мəнерлеп сырганау т.б. спорт
түрлерінде жасөспірім жас мөлшеріне сəйкес келіп қалуы да
мүмкін. Бұл кезеңнің негізгі міндеті жоғары спорттық
шеберлікті меңгеру. Жаттықтыру кезінде жүктеме көлемі мен
қарқындылығы ең жоғары шекке дейін өсіріледі, жарыстың
саны көбейеді, дəрежесі жоғарылайды. Бұл кездегі жас шектеу
мөлшері жылдамдықты керек ететін спорт түрлерінде 18-ден 26
жасқа дейін, төзімділікті керек ететін циклдік спорт түрлерінде
30 жасқа дейін болады.
Спортта ұзақ жасау кезеңі.
Бұл кезең дайындалғандық деңгейін төмен түсірмей ұстап
тұра алған кезге дейін созылады. Бұл кезенде спортшылардың
жас ерекшеліктеріне, психикалық болдыруына, жаттықтырулар
мен
жарыстардан
шаршауларына
байланысты
спорттық
көрсеткіштері біртіндеп төмендей береді. Жалпы жүктеме
көлемі жайлап азайтыла бастайды. Жаттықтыруларда жүктеме
қарқыны, жарыстар саны азаяды. Əрбір спортшы бұл кезенде
жаттықтыру жүктемелерін, жаттықтыруларды кенеттен қойып
кетпей, біртіндеп азайтуы керек. Бұлай етпеген жағдайда
денсаулығына зиян келетінін білуі қажет.
Спорттық жаттықтыру кезеңдері
Көп жылдық жаттықтыру үрдісі үлкен макроциклдерден
тұрады. Олар жылдық, жəне жартыжылдық деп аталады. Əрбір
32
жылдық немесе жарты жылдық цикл дайындық, жарыс жəне
өтпелі деген үш кезеңнен тұрады.
Дайындық кезеңі. Дайындық кезеңі жылдық циклде 4-5
айға, жарты жылдық циклде 2-3 айға созылады. Бұл кезеңнің
міндеті организмнің мүмкіншілігін жоғары деңгейге жеткізу.
Дайындық кезеңі 2 бөлімге бөлінеді.
1. Жалпы дайындық бөлімінде спортшы ағзасының жалпы
қызметтік мүмкіндіктерінің деңгейін көтеру, қозғалыс қасиеті
мен қозғалыс шеберлігін, дағдысын жетілдіру мəселелері
шешіледі. Жалпы дайындық бөлімі екі түрлі тарту жəне
негіздеу деген орта циклдерден тұрады.
Тарту циклінің мақсаты - жүктеме қарқындылығы мен
көлемін жайлап өсіру. Негіздеу немесе базалық циклінің
мақсаты - негізгі жаттықтыру жүктемесінің көлемін орындау.
2. Арнайы дайындық бөлімінің міндеті - спортшының өзі
айналысқан
спорт
түріне
керек
дене
қуаты
қасиеттерін,техникасын,тактикасын дамыту.
Бұл бөлімде арнайы дайындыққа 60-70 пайыз уақыт
бөлінеді. Жарыс жаттығуларына ұқсас жаттығулар, бақылау,
тексеру, жаттықтыру амалдары қолданылады. Бұл бөлім
тексеру, дайындау, шыңдау циклдерінен тұрады. Тексеру,
дайындау
циклінде
жаттықтыру
жүмыстары
бақылау
жарыстарына
қатысуымен
араласа
жүргізіледі.
Шыңдау
циклінде тексеру жарыстарынан кейін анықталған техника,
тактика
кемшіліктерін
жою,
айла-əдістерін
шындау
жаттығулары жүргізіледі. Жүктеме қарқындылықты арттыру,
жаттықтыру көлемін азайту түрінде қолданылады.
Жарыс кезеңі. Бұл кезеңде спортшы өзінің негізгі
жарыстарына қатысады. Бұл кезеңнің басты міндеті - алдыңғы
кезенде жақсы жаттыққан спортшы ағзасының жарысқа дейінгі
күйін ұзақ уақытқа сақтау. Жарысқа қатысу жиілігі спорт түріне,
спортшы дəрежесіне байланысты.
Жарыс алдындағы циклде спорттық бабына кіру жəне
алдыңғы жарысқа дайындалу жаттығулары жүргізіледі. Жарыс
циклдері негізгі жарысқа қатысу кезінде өтеді де бірнеше кіші
циклдерге бөлінеді (микроциклдер). Олар: жарыс алдындағы,
жарысқа қатысу жəне қалпына келу циклдері. Қалпына келу -
көтермелеу циклі кезінде сипаты бір-біріне ұқсас жаттықтыру
Достарыңызбен бөлісу: |