36
уақытының кестесі, жылдық жоспар кесте, əрбір айға
қүрастырьшған айлықжоспар, спортшылардың жаттықтыруға
қатысуларын
күнделікті
белгілеу
кестесі
(44-кесте),
жаттықтырулардың эр сабақ жазулары (45-кесте), спортшьшар
туралы
мəліметтер,
олардың
спорттық
көрсеткіштері
көрсетіледі.
Жаттықтыру үрдісі барысында қолданылған əдістер мен
амалдардың нəтижелік деңгейін аныктау үшін бақылау мен
бағалауды қолдану қажет. Бақылау сапалы болуы үшін
спортшының жаттықтыру мен жарыс жүктемелерін, амалдарды
тізімдеп, қағазға түсіріп отыруы керек. Бақылау спортшы
дайындығының өсу деңгейін білу үшін ғана емес, артық
жаттығып, болдыру деңгейіне дейін жібермеу үшін де керек.
Артық жаттығу, болдыру.
Оның себептері
Артық жаттығу, шаршау, болдыру күйі екі түрлі жағдайда
пайда болады. 1 Ұзақ психикалық қозудан, тынышсыздықтан,
ағзаның демалып қалпына келмеуінен (мысалы, жиі өткен
жарыстар). 2 Ұзақ психикалық тежелуден (мысалы, бір сарынды
жаттықтыру, зорығу т.с.с).
Артық жаттығу, шаршау, болдыру түрлері жүктемеге көп
байланысты. Ұзақ мерзімде қайталанган көп жүктеме артық
жаттығудың бірінші түріне, ал үзақ мерзімде аса көп жүктеме
екінші түріне əкеліп соқтырады. Жаттықтырушы, бапкерлер
артық жаттыққанда спортшыны əбден титықтатып тастайтын
мынадай қателерді білуі керек:
-жаттықтыру
əдістемесінің
қателігі,
біртіндеушілік
қағидасын сақтамау;
- көп жүктеменің арасындагы демалу уақытының аздығы,
өте көп жарыстар жəне т.б.);
- спорт тəртібінің бұзылуы (түнгі ұйқының аз болуы, дем
алу жағдайының нашарлығы, теледидарды, кинофильмдерді көп
көруі т.б.);
- əлеуметтік ортаның жаман əсері (сабақтың ауырлығы,
көптігі, нашар оқу үлгерімі, мектептігі, отбасындағы ұрыс-
керістер, маңайындағы адамдардың спортқа деген нашар
көзқарасы);
- денсаулықтың бұзылуы.
37
Жұмыс қабілеттілігі азайғанға дейін де артық жаттығып,
шаршап, болдыра бастаудың белгілері біліне бастайды. Ол үш
кезеңге созылуы мүмкін. Бірінші кезеңде спортшы психикасы
өзгереді,тынышысыздық, өзіне сенімсіздік, əлсіреу пайда
болады. Екінші кезенде ағза қызметінде өзгеріс пайда болады.
Ұйқы нашарлайды, тамаққа тəбет, салмақ азаяды, ішек-асқазан
жолдарының жұмысы бұзылады, спортшы тез терлейді, тез
қалпына келе алмайды, қалпына келу уақыты көбейеді. Үшінші
кезеңде жұмыс қабілеттілігі нашарлайды. Басында қимыл
үйлесімділігі, сонан соң қозғалыс қасиеттерінің деңгейі
төмендей бастайды.
Сондықтан бірінші шаршау, болдыру белгілері біліне
бастағанда-ақ жарысқа қатысуды, жиі жаттықтыруларды
азайтып, жүктемені аз бере бастау қажет. Қалпына келу үрдісіне
белсенді демалыс, денеге массаж жасау, су, су массажы
процедураларын кіргізу қажет. Жаттыктыруды мүлдем тоқтатып
қоюға болмайды, ол кері əсерін тиігізуі мүмкін. Жоғарыда
айтылған шаршау, болдыру белгілері жоғалған соң біртіндеп
жаттықтыру көлемін, сонан соң жүктеме қарқынын көбейтіп,
жаттықтыруды жоспар бойынша одан əрі жалғастыра беруге
болады.
3. Балалардың спорт дайындығының ерекшеліктері
Қазіргі кезде балалар спортпен өте жас кезінен шұғылдана
бастайды. Сондықтан жаттықтыру үрдісіне, жарыстар өткізуге
айрықша көңіл бөлген жөн.
Жас спортшылардың жаттықтыруларына төмендегідей
талаптар қойылады:
1. Жаттықтыру кезінде спортшының дене қуаты қасиеттері
жан-жақты
дамытылуы,
ағзасының
жұмыс
қабілеттілігі
жоғарылатылуы керек.
2. Психикалық ширығулар жэне дене қуаты жүктемелері,
өсіп келе жатқан бала ағзасының мүмкіндігіне, жасына,
жынысына, дайындық деңгейіне сай берілуі керек. Жаттықтыру
жетісіне 3-6 рет өткізіліп, ол балаларды жалықтырмайтындай əр
түрлі, əсерлі, көбінесе ойын түрінде болуы қажет.
38
3. Спортшы ағзасының бастапқы қалпына келу тəртібі,
жаттықтырушының, дəрігердің ұсыныстары, ұйқы, тамақтану,
дем алу тəртібі қатаң сақталғаны жөн. Жаттықтырулардың
бастапқы кезінде толық жəне қарапайым қалпына келу тынығу
аралығы қолданылады. Дене қуаты дайындығының деңгейі
көтерілген
соң
қатаң
қалпына
келу
тынығу
аралығы
қолданылады. Қалпына келу үрдісін жеңілдету үшін күндік
жүктемені бөліп өткізуге болады. Ол кезде бір күндік
микроциклдер пайда болады да, кіші жəне орта жүктемелер
қалпына келу үрдістерінің жеңіл өтуіне себебін тигізеді.
4. Жыныстық жетілу мерзімі кезінде спортшы ағзасының
қызметі қатаң бақылауға алынады. Бұл мерзімде жасөспірім үл
мен қыз балаларға берілген өте жоғары жүктемелер олардың
денсаулығына зиянын тигізуі мүмкін. Əсіресе қыз балаларға
айрықша көңіл бөлген жөн. Олардың жұмыс қабілеттілігінің
өзгеруі, тез əсерленгіш көңіл -күйлері көбінесе етеккір келу
циклдерінің мерзіміне байланысты. Етеккір келер алдында жəне
келген кезде жаттықтыру жүктемелері төмендетіледі. Ол
арқылы цикл аяқталған кезде спортшы қыздардың жүмыс
қабілеттілігінің тез қалпына келуіне жағдай жасалынады. Ал
қыз
балалардың
ағзасының
ерекшеліктері
ескерілмей
жүргізілген
жаттықтыру
жұмыстары
олардың
қабілетін
төмендетіп,
жаттықтыруға
ықыласын
азайтады.
Жаттықтырушының беделіне, біліміне сенімсіздік туғызады.
Өте көп жүктемелер балалардың жыныстық жетілуіне кері
əсерін тигізеді.
5. Балаларға «аз уақыттың ішінде өте жоғары спорттық
көрсеткіштерге жету керек» деген міндет қоюға болмайды.
Ондай асығыс дайындықтардың бала ағзасына зияннан басқа
пайдасы жоқ.
6. Спорт жаттықтыруларын жоспарлағанда мектептегі оқу
үрдісінің тоқсандарын, демалыстарын ескерген жөн. Өте
жоғарғы дене қуаты жүктемелерін каникул, демалыс кездеріне
орайластыра орындау қажет.
7. Дене қуаты жəне психикалық ширығуларды азайту үшін
жарыстарды жеңіл түрде өткізуге тырысу қажет. Ол жарыстар
жүгіру қашыктығын қысқарту, спорт ойындарында, жеке
сайыстарда жарыс уақытын азайту түрінде өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |