209
дін адамзат үшін қажет, сондықтан «сүйіспеншілік діні» де сондай
болуға тиіс.
Фейербах қана сүйіспеншілік мәселесін философия деңгейіне көтерді
деуге, әрине, болмайды. Ерте замандарда-ақ Кон-Фу-Цзы адамдардың
өзара қарым-қатынастарының негізінде жатуға тиіс «жень» (махаббат)
қағидасын алға тартқан, ал Эмпедокл тіпті «махаббатты» әлем, дүние
негіздемесіне «жау» етіп көрсеткен. «Әркім де «платондық махаббат»
деп аталатын сүйіспеншілік туралы біледі. Барлық ортағасырлық фи-
лософия Августин, Яссауи және басқаларының атынан Құдайды сүюге
шақырады.
Олай болса, бұл туралы Фейербах жаңалық болатын не айт-
ты? Оның ойы бойынша, әйел мен еркек арасындағы, олардың бір-
біріне табиғи жыныстық сезімдерінен туған сүйіспеншілік – жаңа
сүйіспеншілік дінінің негізінде жатуға тиіс. Адам табиғаттық-
биологиялық тіршілік иесі болғандықтан, түйсіктері мен сезімдері
оны алдамайды, сондықтан адамдар арасында олардың өзара
сүйіспеншілігінен өзге, қандай да бір маңызды ештеңе жоқ. Олай болса,
адам «о дүниедегі жұмақтың» орнына, өзінің барлық мәнді күштерін
жердегі сезімдік махаббатқа бағыттауға тиіс. Бір-бірін сүйетін «Мен»
және «Сен», шын мәнінде, адамның шынайы бақыты болып табылады.
Адамның әртүрлі қажеттіліктері және адамдардың оларды
қанағаттандыру жолындағы талпыныстары адамдарды қоғамға бірігуге
жеткізеді. Егер адамдар Құдайға сенудің орнына бір-бірлеріне сенсе
және адамға Құдайға қарағандай қараса, сонда жыныстық тектеріне
қарамастан, олар ізетті және пайда ойламайтын болады, сондай-ақ
коммунизмге тура жол ашылады.
Фейербахтың ілімі марксизмнің қалыстасуына үлкен ықпал етті.
6.6. марксизм: «иә» және «қарсы»
XX ғасырда тұтас әлеуметтік-саяси идеология іспетті марксизммен
кезіндегі Кеңес Одағының ғана емес, Шығыс Еуропаның, Азияның,
Латын Америкасының да көптеген елдерінің тағдыры тығыз байла-
ныста болды.
Бірақ бұрынғы Кеңес Одағы өзінде алғаш рет коммунистік қоғам
құрудың батыл да қасіретті және сәтсіздікпен аяқталған әрекетіне
барған бірден-бір басты мемлекет еді. Миллиондаған адамдар сол
идеяның құрбанына айналғанмен, оның нәтижесі – елдің күйреуі
және қирауы болып шықты. Егер бұрындары кеңестік қана емес, со-
210
нымен қатар көптеген шетелдік ғалымдар марксизмді адамзаттың
2,5 мыңжылдық дамуындағы философиялық ойдың биік шыңы деп
бағаласа, енді «бұрынғы марксистердің» көпшілігі оны бастан-аяқ жа-
мандап, кенеттен шын берілген антимарксистер болып шыға келді.
Алайда Әлемді тура мағынасында төңкеріп тастаған ілімді ұмытуға,
әсте, бола ма? Бұл жерде салмақты және, ең бастысы, тиянақты
көзқарас қажет.
Сонымен, марксизмнің негізін салушылар – XIX ғасырдың ұлы ой-
шылдары карл маркс (1818-1883) пен Фридрих Энгельс (1820-1895)
болды.
Бұл ілімнің пайда болуының тарихи алғышарттары еуропалық мем-
лекеттер капитализмнің қарқынды дамуы кезеңін бастан кешіп жатқан
XIX ғасырдың ортасындағы әлеуметтік-экономикалық, саяси және
ғылыми жаратылыстану факторларының жиынтығы болып табылады.
Ол кезде капиталистік қатынастардың жедел дамуы жүріп жатқан, еңбек
пен капиталдың қарама-қайшылығы үлкен дәрежеде ашыла бастаған-
ды. Қайта өндіру дағдарысы мыңдаған жұмысшыларды фабрикалар
мен зауыттардың қақпасының сыртына лақтырып тастауға жеткізіп,
жұмыссыздық өсті, ал ол жалдамалы жұмысшылардың әлеуметтік
жағдайын күрт төмендетіп жіберді. Буржуазиялық идеологтардың
«Еркіндік, теңдік және бауырластық» деген ұраны өзінің бұрынғы
тартымдылығын жоғалтып, зиялы топтар ортасында түңілу орын
алды. Осының бәрі ойшылдардың буржуазиялық тұжырымдамалардан
шегініп, революциялық демократия жолын қабылдауына себеп болды.
Еуропа елдерін шарпып өткен 1848 жылғы революциялар терең таптық
қайшылықтарды жалаңаштап, Маркс пен Энгельстің революциялық-
демократиялық бағдарын нығайтты. Тарихи үдерісті жаңаша ойласты-
ру қажеттігі айқын көрінді.
Марксизм философиясы сонымен қатар өз заманының ғылыми
жаратылыстану жетістіктерінің ықпалымен де қалыптасты. XIX
ғасырдың ортасына қарай ғылым елеулі жетістіктерге қол жеткізді,
соның нәтижесінде материалистік диалектика қағидаларын теориялық
негіздеуге мүмкіндік туды. Сол уақыттың саны көп ғылыми
жетістіктерінің ішінен неміс биологтары – т.Шван мен м.Шлейденнің
жануарлар мен өсімдіктер организмдерінің жасушалы құрылысы
бойынша ашқан жаңалықтарын ерекше атап өткен жөн, өйткені бұл
олардың ішкі туыстығының өмірді эволюция (даму) тұрғысында
түсінуге жол ашқанын көрсетеді. Диалектикалық-материалистік
көзқарастардың қалыптасуына сол заманғы қоғамға жарылған бом-
211
бадай ерекше күшті әсер еткен Ч.Дарвиннің эволюциялық теория-
сы болды. Физика саласында неміс оқымыстылары Р.Майер мен
Г.Гельмгольцтің және ағылшын физигі Дж.Джоульдің энергияны
сақтау және айналдыру заңын негіздеуі материализм қағидаларын
нығайта түсті.
Маркстік философия адамзаттың философиялық ойларының ең
жақсы жетістіктерін: ертедегі грек ойшылдарының ілімдерін, Қайта
өрлеу дәуірі мен Ағарту дәуірі идеяларын, әсіресе неміс ойшылдары –
Лессинг, Гердер, Гейне және басқаларының идеяларын бойына сіңірген.
Марксизм философиясының қалыптасуында Канттың, Гегельдің,
Фихтенің, Фейербахтың да идеялары үлкен рөл атқарды.
Марксизмнің неміс классикалық философиясымен тығыз бай-
ланысы Маркстің шығармашылық өмірбаянында ерекше айқын
көрінеді. Берлин университетінің студенті болып жүрген кезінде-
ақ, яғни 1837 жылы ол Гегель философиясымен танысып, А.Руге мен
Б.Бауэр басқаратын жас гегельшілер үйірмесіне қатысады. Бұл кезеңде
Маркс неміс классикалық философиясының көптеген қағидаларын
құптайтын. Басқа гегельшілер сияқты, ол да философияны рухани,
яғни қоғамға даналық пен парасат енгізуге, сол арқылы қоғамдық-
тарихи прогреске ықпал етуге арналған негіз, нағыз мән (квинтэссен-
ция) деп санайды.
Маркстің белсенді қоғамдық қызметке «Рейн газетінің» журналисі
және редакторы ретінде енуі нақты өмірмен жақынырақ танысуына
мүмкіндік берді. Бұл оның гегельдік философияның бастапқы идея-
ларынан теріс айналуына себеп болды. 1843-1844 жж. Маркс Фейер-
бах ұстанымы жағына шықты. Ол кезде Маркске адам бойындағы
сезім бастауларын қалпына келтіруді, адамның табиғат берген да-
рындарын толық іске асыруын, адамның табиғатқа және адамның
адамға адамгершілік көзқарасымен қарауын жақтайтын Фейербах
материализмінің адамгершілік ұстанымы көбірек ұнайтын. Фейербах
болашақты адамдардың жалпыға бірдей бауырластығы ретінде көріп,
оны «коммунизм» (лат. – communis – жалпыға ортақ) деп атаған.
Маркс – экономика ғылымының көрнекті теоретигі. Оны ол Фей-
ербах гуманизмі және сынға қатысты әлеуметтік талдаумен біріктіру
жолымен құрған. Оның аса нанымды көрінісі – «1844 жылдың
экономикалық-философиялық қолжазбалары» атты еңбегі болып табы-
лады. Еңбектің негізгі мақсаты – жеке меншік қоғамында адамды шет-
тету, жат ету идеясы және алдағы коммунистік қоғамда шеттетуді
жою идеясы.
Достарыңызбен бөлісу: |