ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет78/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142

233

түйсік  –  ырықсыз  сезім  мен  ақыл-еске  бөлінген.  Сол  бойда  ырықсыз 

сезім  өзінің  саналы  сезімінен  айырылса,  ал  ақыл-ес  заттардың  ішкі 

мәнін ажырата білу қабілетінен айырылған.

Адамның  түйсігі  ақыл-еске  бағынады.  Алайда  кейбір  шектес 

жағдайларда,  мысалы,  адам  өміріне  қауіп  төнген  немесе  өмірінде  аса 

маңызды,  тағдыршешті  оқиғалар  орын  алған  кезде,  түйсік  ақыл-ес 

бұғауынан  босанып,  адамға  нақты  шындықты  көрсетеді  және  оның 

Ғарыштағы орны мен тағдырын айқындауға көмектеседі.

Адам  –  ізденіспен,  шығармашылықпен  жүретін  тіршілік  иесі, 

өйткені  «өмірге  құлшыныс»  оның  жүрегі  арқылы  өтеді.  Бірақ  өмірге 

терең  бойлау  түйсігі  –  адамдардың  басым  көпшілігіне  берілмеген 

қасиет.

Бергсонның  әлеуметтік  философиясы  да  өзіндік  сипатқа  ие. 



«Мораль  мен  діннің  екі  бастауы»  деген  еңбегінде  ол  мәдениет 

философиясының  өз  түсінігінде  қандай  екенін,  сондай-ақ  этикалық-

діни  мәселелерге  көзқарасын  баяндайды.  Ал  бұл  тұжырымдаманың 

теориялық негізін «Шығармашылық даму» жұмысында берілген идея-

лар құрайды. Бергсон әлеуметтіктің екі:

1)  «жабық»  және  «ашық»  қоғамдарды;  2)  соларға  сәйкес  келетін 

мораль  мен  діннің:  орнықты  және  серпінді  (динамикалық)  үлгісін 

қарастырады.  Жабық  қоғамдарда  адамдар  көп  жағдайларда  өзі  үшін 

емес, басқалар үшін өмір сүреді. Ал ашық қоғамдарда тұлғаның жеке 

өмірі, оның шығармашылығы ұжым мүдделерінен жоғары тұрады. Ішкі 

өміріне терең бойлап қана адам өзінің еркіндігін және әлеуметсіздігін 

сезінеді.

Бергсон  өз  философиялық  мектебін  құрмағанмен,  оның 

көзқарастары Еуропаның, әсіресе Францияның мәдени және зияткерлік 

ахуалына терең ықпал етті. Оның идеяларының әсерін өз заманының 

көрнекті  қайраткерлері:  П.Тейяр  де  Шарден,  Э.Леруа,  А.Тойнби, 

Дж.Сантаяна және басқалары да сезіне білді.

Бірақ  «өмір  философиясында»,  сөз  жоқ,  аса  күрделі  тұлға  Фри-



дрих  ницшенің  (1844-1900)  шығармашылығы  ерекше  орын  алады. 

Әсемдікті  түсінуге  жетік,  сұңғыла  ойшыл  эстетиканы  биологиялық 

текпен ұштастыруға дейін жетті, әйел атаулыны жек көрді, өзін артық 

санаудың  азабын  тартты,  соның  кесірінен  жаны  күйзеліске  түсіп, 

ақырында ауруға ұшырады.

Әдетте,  Ницшенің  өмірбаянынан  Еуропаның  мәдени  дамуы 

кезеңдері  табылып,  оның  шығармашылығын  үш  кезеңге  бөлу 

қалыптасқан:




234

–  біріншісі – жарқын, көтеріңкі романтизм;

–  екіншісі  –  позивитизмге  өту,  қатаң  ғылымды  және  оның 

әдістерін дәріптеу;

–  үшіншісі  –  шын  мәнінде  ницшелік  –  «мәңгілік  қайта  оралу», 

«билеуге ерік» және «өзін бәрінен жоғары қоятын адам» идеяларымен 

қоса алғанда.

Оның ерте байқалған мүдделерінің қақ ортасында грек және неміс 

әдебиеті тұрды, оның өзі де поэзия және музыкамен айналысып, ол са-

лаларда тәп-тәуір жетістіктерге қол жеткізе алды.

Грек  өркениетіне  жасаған  терең  талдауын  ол  сол  замандағы  неміс 

қоғамына да қолдануға әрекет етті. Ницшенің ойынша, грек мәдениеті 

оған екі үрдіс келіп қосылғанда ғана өз биігіне көтеріле алды. Олардың 

біреуін,  ойшылдың  пікірінше,  шарап  пен  көңіл  көтеру  құдайы  – 



Дионис білдірген. Онда ырықсыз сезім, құмарлық, табиғаттың жабайы 

күштері  басым.  Осы  үрдіс  көбірек  орын  алған  жердегі  адамдардың 

бойынан  айтыс-тартыспен  жеңіске  жетуге  деген  шексіз  ынтықтық, 

мистикалық  ашу-ыза,  тіпті  кек  көбірек  байқалады.  Екінші  үрдістің 

орын алуына өнер мен ғылым құдайы – аполлон еңбек сіңірді. Апол-

лон рухы билік еткен жерде адамның: өз-өзін билеуі, барлық нәрседе 

бірқалыптылық пен алаңсыздық таныту сияқты қасиеттері алға тарты-

лады.


Ницшенің  пікірінше,  бастамасында  ертедегі  гректердің  өміріне 

дионистік қасиеттер тән болды, бірақ сәтті араластыру кезеңінен кейін 

аполлондық қасиеттер басымдық алды. Грекияның ұлылығын құраған 

екі  үрдістің  сәтті  қосылуы  ұзаққа  бармады.  Нәтижесінде,  дионистік 

қасиеттер  аяққа  тапталып,  «шамадан  тыс  ештеңе  емес»  доктри-

насы  билік  алды.  Ал  бұл  Батыс  өркениетінің  жетекші  уәжі  –  көнбіс 



орташалықтың,  яғни  ортадан  аспаудың  кіріспесіне  айналды.  Ал 

себеп – христиандықтың пайда болуы және таралуы.

Сөйтіп, ницшелік талдаудан Грекияның жоғары мәдениетіне ауру-

сырқау діңкелеткен, құмарлыққа, дараланып көрінуге зәру Еуропаның, 

атап айтқанда, XIX ғасырдағы Германияның қарама-қайшы екені келіп 

шықты.  Оған  (жоғарғы  мәдениетке)  жету  үшін,  алдымен  Батысты 

жайлаған  христиандық  мораль  саналылығының  дәстүрлі  үстемдігін 

жеңу керек.

Өмір  сүру,  Ницшенің  сөзімен  айтқанда,  –  күрес.  Бұл  тезиске 

сөзсіз ықпал еткен: «Табиғат күштілердің тірі қалып, әлсіздердің көзі 

жойылғанын құптайды», – дейтін Дарвин тұжырымдамасы болды.



235

Егер  Шопенгауэр  философияға  «Әлемдік  ерік»  санатын  енгізсе, 

ал  Ницше  оған  әлеуметтік-этикалық  мағына  беріп,  «билеу  еркі»  де-

ген түсінікке ауыстырды. Шопенгауэрдің «Әлемдік еркі» біреу болса, 

Ницше  еріктердің  көптілігін  және  билік  үшін  күресте  олардың  бір-

бірімен  бәсекелестігін,  үстемдігін  мойындайды.  Шопенгауэр  Әлемдік 

ерікке  қарсы  тұру  үшін,  еріктен  бас  тартуды  қажет  санаса,  ал  Ниц-

ше, керісінше, адам – құл емес, демек, ол билеуге деген ерікті өмірге 

енгізуге, сол үшін күресуге тиіс деп санайды.

Өз-өзіне:  «Жақсы  деген  не?»  –  деген  сұрақ  қойып,  Ницше:  «Ол  – 

билікке  жетуге  септігі  тиетіннің  барлығы»,  –  деп  жауап  береді. 

«Дүниені танып білу билеуге ұмтылатын ерікті күшейте ала ма?» – де-

ген сұраққа ол: «Жоқ, өйткені ақыл-ес өзінің әртүрлі ой-тұжырымдары 

арқылы  билік  алғысы  келетін  ерікті  басып-жаншиды.  Мораль  да 

қоғам мүдделерінен келіп шығатын өзінің талаптары арқылы адамның 

билікке  жеткісі  келетін  ерік-қалауын  әлсіретеді»,  –  деген  жауап 

қайтарды.

Билеу еркі – күшті адам құқығының негізін құрайды, сондықтан ол 

кез келген діни, моральдық және басқадай нормалардан жоғары болуға 

тиіс.


Адамдардың  теңдігін  жариялай  отырып,  социализм  сол  арқылы 

адамның билікке ұмтылысын тұқыртады. Демократия да соған қарсы 

әрекет етеді, өйткені тобыр кез келген билікке қарсы, демек, күштінің 

билікке  деген  құқына  қарсы  тұрады.  Еркек  пен  әйелдің  өзара  қарым-

қатынастарына  келсек,  онда  табиғаттың  өзі  алғашқысын  күшті  етіп 

жаратқан, яғни оған билеу құқын берген. Сондықтан еркек пен әйелдің 

теңдігіне  (эмансипация)  бағытталған  кез  келген  әрекет  –  қоғамның 

іріп-шірігенінің көрсеткіші.

«Мораль  генеалогиясына»  деген  еңбегінде  Ницше  моральды 

жоғарыда келтірілген ой-пікірлерден шығаруға тырысады. Оның пікірі 

бойынша, «жаман», «ұсқынсыз» деген мағына беретін «shlecht» деген 

неміс  сөзінің  мағынасы  «shlicht»  –  «қарапайым  адам»  сөзіне  жақын. 

Тарихи қалыптасқан «бай», «атақты», «даңқты» деген сөздер «жақсы» 

ұғымымен  теңестіріледі.  Ал  «кедейшілік»,  «қарапайымдылық», 

«әлсіздік» сөздері «жаман» ретінде бағаланады.

Ал  мыңжылдықтар  бойы  кедейлер  мен  құлдардың  қоғамға  өз 

моралін  таңуға  тырысқанын  ол  «құлдар  мен  моральдың  көтерілісі» 

деп  атады.  Тарихи  тұрғыда,  Ницшенің  пікірінше,  осының  бәрі  де 

«Көне  Өсиет»  кезеңінің  еврейлерінен  бастау  алады.  Олар:  «жақсы  – 

ізгілікті  –  күшті  –  бақытты»  деген  сөздерге  теріс  мағына  беріп, 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау