ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет72/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   142

215

талдай  келе,  Энгельс  те,  Маркс  сияқты,  капиталистік  қоғамдық 

қатынастардың  соншалықты  қатыгез,  қарапайым  адамдардың  өмір 

сүру  жағдайларының  аянышты  екенін,  ал  оларды  қанаудың  адам 

төзгісіз деңгейін өкінішпен баяндайды. Осының бәрін ол «Англиядағы 

жұмысшы таптың жағдайы» деген жұмысында нақты фактілер келтіре 

отырып  керемет  көрсетіп,  сол  арқылы  өз  заманындағы  қоғамдық 

пікірге  үлкен  ықпал  етеді.  Ол  мұндай  жағдай  мәңгі  болмайтыны-

на,  оның  осы  қоғамның  қоғамдық  қарама-қайшылықтарын  жеңу 

нәтижесінде өзгеруге тиіс екеніне сенді.

Егер  Гегель  диалектикалық  өзгерістердің  себебін  қоғамдағы 

ұлттардың  іс-әрекетінен  көрсе,  Маркс  оны  әлеуметтік  таптардың 

іс-әрекеттерінен  көрді.  Өз  заманының  көпшілік  ойшылдары  сияқты, 

ол  да  адам  қоғамының  жарқын  болашағына  сенді  және  басқаларға 

қарағанда,  осы  жарқын  болашаққа  жеткізетін  күш  –  тек  жұмысшы 



табы ғана болып табылады деп санады.

Маркс  пен  Энгельс  пролетариаттың  бұл  міндетін  қалай  негіздеді

Бәрінен  бұрын,  пролетариаттың  қоғамға  қажетті  барлық  негізгі 

материалдық  игіліктерді  өндіретіні  туралы  тезис  арқылы.  Оның 

үстіне,  пролетариат  қоғамның  ең  үлкен  әлеуметтік  тобын  құрайды 

ғой.  Сондай-ақ  ол  меншіктің  ешқандай  түрімен  байланыспаған, 

сол  себепті  әділ  қоғамның  орнауына  мүдделі.  Егер  мыңжылдықтар 

бойы  адамзаттың  өркениетті  дамуы  аясында  шағын  шығармашылық 

әлеуметтік топ – зиялы топ, яғни интеллигенцияның рөлі жетекші деп 

жорамалданып  келсе,  енді  жұмысшы  табын  қоғамның  жетекші  күші 

деп  тану  –  сол  кездегі  қоғам  үшін  тосын  және  естен  тандыратындай 

болды.  Жұмысшы  табының  жетекшілік  рөлін  мойындаудан  оның 



диктатурасы  идея-сына  дейін  бір-ақ  адым  қалған-ды.  Бұл  тұрғыда 

Маркстің  замандасы  –  орыс  ойшылы,  сенімдері  бойынша  анархист 

М.А.Бакуниннің  көрегендігін  мойындаған  жөн:  ол  пролетариат 

диктатурасының қантөгіс тоталитарлыққа жеткізетінін айтқан.

Бірақ бұл қоғамдық қатынастар дамуының белгілі бір кезеңі іспетті 

социализмнің  маңызын  еш  кемсітпесе  керек:  оған  қазіргі  заманғы 

дамыған  қоғамдардағы  әлеуметтік  бағдарламалардың  шешімдері 

нақты дәлел бола алады. Сөздің кең мағынасында социализм адамдар 

арасындағы айырмашылықтар сақталған кездегі қоғамның әлеуметтігі 

болып  табылады.  коммунизм  идеяларына  келсек,  онда  бұл  жерде, 

дау жоқ, белгілі бір іске аспайтын қиял – утопизм орын алады.

Марксизмнің  таным  теориясы  да  әлемді  диалектикалық-

материалистік  түсінуге  негізделген.  Маркске  дейінгі  материалистер 




216

адамның  қоршаған  дүниені  танып  білуін  оның  сезімдік  пайымда-

уы  деп  түсіндірді.  Қоршаған  әлемдегі  заттар  адамның  сезіміне  әсер 

етеді  және  сол  заттарды  тек  қабылдайды,  ал  белсенділік  сыртқы 

дүние заттарының өздеріне берілген. Маркс бойынша, кез келген та-

ным  субъект  (адам)  пен  объектінің  (адамның  танымдық  әрекеттері 

бағытталған заттар, құбылыстар) өзара іс-әрекеттерін білдіреді. Адам 

назарынан  және  іс-әрекетінен  тыс  жатқан  заттар  мен  құбылыстар 

тек  Табиғаттың  шикі  материалы  болып  табылады.  Міне,  сондықтан 

адамның  ойлауының  негізі  –  Табиғат  қана  емес,  сонымен  қатар 

адамның  іс-әрекеті  арқылы  оны  өзгерту  қажеттігі.  Ал  осы  өзгерту 

барысында  ойлау  дамиды,  демек,  адамның  қоршаған  дүниені  танып 

білуі  орын  алады.  Сөйтіп,  адамның  белсенділігі  нәтижесінде  ғана 

табиғат  заты  танылады  және  адамдардың  қажеттіліктерін  өтеу  үшін 

өзгерістерге  ұшырайды.  Әлемді  нақты  танып  білу  –  оны  адамның 

игеруі болып табылады.

Маркстік философия теориялық емес, бәрінен бұрын практикалық, 

яғни іс жүзіндегі мәселе болып табылатын шындық мәселесіне де жаңа 

идеялар енгізеді. Шындық туралы өмірден, тәжірибеден алшақ жатқан, 

таусылмайтын айтыс-тартыстар тек схоластикалық теориялауға әкеліп 

соқтырады.  Философтар  әртүрлі  жолдармен  дүниені  түсінуге  ғана 

әрекет жасады ғой, ал мәселе оны өзгерту қажеттігінде жатыр. Олар кез 

келген философиялық қағидалардың келешекте ғылым мен қоғамдық 

өмірдің дамуы барысында сөзсіз өзгеретініне, нақтыланатынына, байи-

тынына сенді.



адам  мәселесін  қарай  келе,  Маркс  пен  Энгельс  Фейербахтың 

биологияға  қатысты  көзқарасын  қатаң  сынға  алды.  Адамның 

биологиялық-әлеуметтік  табиғатын  мойындай  отырып,  олар  бұл 

мәселеге  жүйелі  көзқарасты  іске  асырды.  Маркс  адамның  мәні 

қоғамдық  қатынастардың  «ансамблі»  болып  табылатынын  көрсетті. 

Ол Гегельді адамды тек Дара Идеяны өздігінен танып білу құралына 

айналдырғаны  үшін  жазғырды.  Маркс  пен  Энгельстің  ойынша,  адам 

тарихты өзінің көпқырлы қызметі, іс-әрекеттері барысында тудырады 

және  соның  нәтижесінде  өзі  де  өзгереді.  Болашақтағы  коммунистік 

қоғамда  зорлық-зомбылық,  қылмыс,  тойымсыздық,  көреалмаушылық 

және  басқа  да  күнәлар  оған  жат  болатын  жаңа  адам  дүниеге  келеді. 

Ал  бұл  құқықтық  мекемелерге,  тіпті  қоғам  институты  саналатын 

мемлекеттің өзіне де қажеттілік жойылатынына жеткізеді.

Маркс пен Энгельс мұрасында дінге көзқарас мәселесі ерекше орын 

алады.  Маркстің  пікірінше,  діннің  бастаулары  аспанда  емес,  жерде, 



217

«...  дін  –  ол  әлі  өзін  таппаған  немесе  өзін  енді  қайтадан  жоғалтқан 

адамның сана-сезімі және өз-өзін сезуі. Бірақ адам – дерексіз, әлемнен 

тыс бір жерді паналап жүрген тіршілік иесі емес. Адам – ол адамның 



әлемі,  мемлекет,  қоғам.  Бұл  мемлекет,  бұл  қоғам  дінді,  жалған 

дүниетанымды  тудырады,  өйткені  олардың  өздері  –  жалған  әлем» 

(Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. – 1-том. 414-бет).

Ол «социализм қалай дамыса, діннің солай жоғалатынына, ал оның 

жоғалуы  қоғамдық  даму,  яғни  тәрбиеге  үлкен  мән  берілетін  даму 

нәтижесінде болуға тиіс екеніне» сенімді болды (Маркс К. Энгельс Ф. 

Шығ. 45-том. 474-бет).

Маркстің барлық ой-пікірлерінің ішінде «күресу» деген сөздің жоқ 

екенін  (қарсыластары  оны  сол  үшін  жазғырады)  ерекше  атап  айтқан 

жөн. Кейіннен: «Біз дінмен күресуге тиіспіз. Бұл – бүкіл марксизмнің 

әліпбиі»,  –  дегенді  айтқан  Ленин  еді  (В.И.Ленин.  Шығ.  толық  жин.  – 

17-т. 418-бет). Біздің ойымызша, «Дін – халықты улайтын апиын» деген 

формуласына  Маркс  біршама  басқадай  мағына  берсе  керек.  Маркстің 

заманында апиын ауруды жазатын дәрі болған және адамды бұзатын, 

оны құлдырауға жеткізетін есірткі ретінде қабылданбаған.

Бүгінгі  күні  марксизм  туралы  кімде-кім  не  жазса  да,  не  айтса 

да,  ол  –  ерікті  немесе  еріксіз,  ашық  немесе  жасырын  түрде  бір  ғана: 

«Өзін  социалистік  деп  жариялаған  біздің  қоғамымыздың  мүлдем  біз 

қалағандай  болып  шықпағанына  Маркс  кінәлі  ме?»  –  деген  сұраққа 

жауап беруге тырысады.

Алғашқы  жауап  төмендегідей  сипатта:  Маркс  те,  Энгельс  те,  Ле-

нин де бұрынғы КСРО мен социалистік бағыт ұстаған басқа да елдер-

де  орын  алған  өзгерістерге  кінәлі  емес.  Аталған  өзгерістер  –  Сталин 

мен  оның  ізбасарларының  марксизмді  саналы  түрде  және  қасақана 

пиғылмен бұзып көрсеткенінің нәтижесі.

Осы дәстүр арнасында маркстік теорияның негізгі құндылықтарын 

кейбір ғалымдар мен публицистер ескі, қасаң қағида түрінде көрсетіп 

келген.  Марксизмді  бұзып  көрсеткені  үшін  сталинизмді  әділетті 

жазғыра отырып, бұл көзқарасты жақтаушылар сонымен бірге Маркс 

пен  Энгельстің  мұрасына,  оның  теориялық-әдістемелік  пікірлеріне 

қандай да бір сыни көзқарастың болуы мүмкіндігін шын мәнінде жоққа 

шығарады  және  сол  арқылы  олардың  шығармашылық  мұрасындағы 

кейбір қарама-қайшы ойлардың тұралап қалуына себеп болады.

Екінші  жауап  –  осы  уақытқа  қарай  басымдық  алып  келе  жатқан 

балама  үрдіс:  марксизмге  бастапқыдан-ақ  дұрыс  емес  немесе  уақыт 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау