ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет20/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   142

59

Аристотель нақты шынайылықты: Ай астындағы, Ай үстіндегі деп 

екі салаға бөледі. Олардың айырмашылығы өздері жасалған материяға 

байланысты. Сонымен, Ай астындағы әлемнің материясы – бұл төрт: 

жер,  су,  ауа,  от  элементтерінде  берілген  қарама-қарсылықтар  әлеуеті. 

Оларды ойшыл өзара қалпына қайта келетіндер деп санады. Бұл оның 

жойылудың  қайта  тууы  үдерістерін  негіздеуіне  және  терең  түсінуіне 

мүмкіндік  туғызды.  Жоғарыда  аталған  төрт  элементке  Аристотель 

эфирді  –  оның  пікірінше,  солардан  аспан  жаралған  «бесінші  мәнді» 

немесе  «бесінші  субстанцияны»  қосады.  Бұл  теория  кейіннен  Орта 

ғасырларда  дамып,  ал  әлемді  Ай  астындағы  және  Ай  үстіндегі  деп 

бөлу – Жаңа заманда ресми түрде теріске шығарылды.

Ары қарай Аристотель дүниенің ықпалды және мақсат көздеуші 

себептерін ажыратады. Шындығында, бірдеңенің пайда болуы әлдебір 

нәрсенің ықпал етуі негізінде орын алады. Бірақ, егер біз пайда болған 

зат неге арналған деген сұраққа берілсек, онда бұл Аристотель заттың 



энтелехиясы (грек сөзі – entelechia – жетілгендік, кемеліне келгендік) 

деп  айқындаған  мақсат  көздеуші  себепті  көреміз.  Қазіргі  замандағы 

термин тілімен айтқанда, энтелехия – бұл заттың ішкі бағдарламасы.

Бірақ бұл жерде өз заманында Платон көтерген: біздің алдымызда 

жатқан әлем неге кемеліне келмеген деген мәселе пайда болады. Арис-

тотель бұл мәселені материя арқылы шешеді. Инертті, енжар материя 

формамен  бірігіп,  қажеттіліктің  пайда  болуына  ғана  емес,  сонымен 

қатар  кездейсоқтықтың  пайда  болуына  да  келтіреді.  Сол  себепті, 

бұл  дүниедегінің  барлығының  дами  беретініне  қарамастан,  ештеңе 

де  өзінің  толық  кемеліне  жетпейді,  яғни  өзінің  энтелехиясына  толық 

сәйкес келмейді.

Ал  өмір  мәселесіне  келер  болсақ,  тірі  ағзаның  материалдық 

тәні,  ал  жанның  формасы  бар.  Сондықтан  жан  ішкі  энтелехияны 

қалыптастырады және ағзаны мақсат көздеуші негізде дамытады.

Аристотель жанның үш түрін ажыратып көрсетеді:

Өсіп-өнетін жан (өсу және көбею);

Сезетін жан (жан-жануарларда болады);

Ойлайтын жан (адам ғана ойлай алады).

Аристотель  этика  ғылымында  да  үлкен  із  қалдырды.  Оның  адам 

өмірінің  мәні  туралы  ой-толғаныстарына  құлақ  салып  көрейік. 

Көпшілік адамдар өмірдің мәнін рақат табудың соңына түсіп, қызық 

қуудан көреді. Бұл, – шындығын айтқанда, құлдардың арманы.

Екіншілері құрмет-қошемет, даңқ туралы армандайды, бірақ оның 

бәрі оларға басқалар арқылы келеді. Бүгін – бар, ертең – жоқ.




60

Үшіншілері  байлық  қуып  шаршайды.  Бұл  –  табиғатқа  қайшы 

келетін,  ең  бір  мағынасыз  іс,  өйткені  байлықты  басқа  мақсаттарға 

жетудің  құралы  ретінде  пайдалануға  болады,  ал  мақсаттың  өзі 

ретінде оның ешқандай маңызы жоқ.

Адамның  барлық  іс-әрекеттерінің  мақсаты  –  рақатқа  жету.  Адам 

саналы тіршілік иесі болғандықтан, рақаттың ең биік шыңы – Әлемді 

өз ойларыңмен қамту (theoria). Бірақ адамға алдымен өмір сүру керек, 

ал ол үшін басқа адамдармен өзара қарым-қатынас жасау қажет.

Әлбетте,  кедейлік,  қажетті  заттардың  өне  бойы  жетіспеуі,  ауру-

сырқаулар және басқалары адамды рақаттан алыстата түседі. Сен бай 

болсаң,  қалағаныңның  бәрі  бар  болса,  денсаулығың  мықты,  ал  күш-

қуатың тасып тұрса, онда сен өзіңді бақытты сезінесің. Алайда бұл – 

барлығы емес.

Рақатқа жетудің айқын жолы – арете (arеte – грек сөзі, ізгілік деген 

мағынада). Адамның рақат алуы – ол ізгілікті іс-әрекеттің нәтижесі, 

бұл ақыл-оймен шектелген ләззат. Олай болса, онда оған үйрену ке-

рек.  Адам  біржақтылықтан  азат  болуға  және  «ортаңғы  жолды»  таба 

білуге  тиіс,  еш  нәрсе  де  шектен  аспауы  керек.  Мысалы,  батылдық 

ессіз  батырлық  пен  қорқақтықтың  арасындағы,  ал  жомарттық  – 

ысырапшылдық пен сараңдықтың арасындағы бірдеңе.

Аристотель  адамға  «zoon  politicon»  –  «саяси  хайуан»  деген 

анықтама  береді,  өйткені  адам  бұл  дүниеде  жападан-жалғыз  тіршілік 

ете  алмайды.  Сол  себепті  мемлекет  адамдардың  бірлескен  тіршілік 

қарекеті  жолындағы  қажеттілік  іспетті  пайда  болады.  Аристотель 

мемлекетті  жеке  меншік  пен  еркіндікпен  ұштастырады.  Сондықтан 

құлдар  мемлекеттің  азаматтары  бола  алмайды.  Құлдық  мәселесінде 

данышпан  Аристотель  де  өз  заманының  шектерінен  шыға  алмады, 

өйткені әрбір адам – өз дәуірінің ұрпағы.

Платон  жеке  меншікке  қарсы  болса,  ал  Аристотель  сол  үшін  қол 

көтереді.  «Меншіктің  орасан  зор  пайдасын  айтпағанның  өзінде, 

оның  болуының  өзі  адамды  өзгеше  рақат  сезімге  бөлейді,  –  деп 

сендіреді  ол.  Алайда  байлық  иеленуші  адам  жомарттық  көрсетуге, 

кіріптарларға  жәрдемдесуге  тиіс,  олай  болмаған  жағдайда  қоғам 

өзінің  орнықтылығынан  айырылып  қалуы  мүмкін».  Аристотель 

қоғам  орнықтылыққа  жетіп,  халықтың  басым  көпшілігінің  орта-



ша  баршылықта  өмір  сүргенін  қалайды.  Ойшылдың  осы  идеялары 

негізінде  XX  ғасырда  Батыс  философиясында  «орта  тап  теориясы» 

құрылды.  Біздің  мемлекетіміздің  «орта  тап»  құру  жолында  орасан 

күш-қайрат жұмсауы ұлы ойшылдың идеялары арнасында тоғысқан.




61

Аристотель  «саяси  формалардың  алмасуы»  теориясын  құрып,  өз 

заманының  саяси  философиясының  өркендеуіне  үлкен  үлес  қосты. 

Афинаның  саяси  өмірі  тарихын  мұқият  зерттеу  негізінде  ойшыл  үш 

дұрыс (монархия, аристократия және полития) және үш дұрыс емес 

(зорлық-зомбылық,  олигархия  және  демократия)  (қазіргі  заманғы 

терминология  бойынша  –  охлократия,  яғни  қаралардың,  тобырдың 

билігі) саяси форманы ажыратып көрсетеді.

Сөйтіп, – бұны да ерекше атап өткен жөн, – Аристотель философия 

мен  ғылым  тарихында  үлкен  із  қалдырды.  Оның  көптеген  идеялары 

бүгінгі таңда да өзектілігін жойған жоқ.

Ұлы  ойшылдардың  назарынан  сол  уақытта  ғылым  философиясы 

аясында  туған  жіктеп  саралау  мәселесі  да  тыс  қалған  жоқ.  В.Вундт 

дұрыс  атап  көрсеткендей,  ежелде  ғылымдарды  саралау  мәселесі  іс 

жүзінде философияның өзін жүйелеуге парапар болатын, өйткені же-

ке-дара ғылымдар әлі де одан оқшауланып, бүршік жарып үлгірмеген-

ді (ол туралы оқыңыз: В.Вундт. Введение в философию. – М.: Добро-

свет, 1998. 44-46-беттер).

Белгілі  болғандай,  ғылымды  айтпағанның  өзінде,  кез  келген 

құбылысты  жіктеу  үшін,  алдымен  қатаң  белгілер  әзірлеп  алып,  со-

дан кейін солардың негізінде бөлшектеуді жүзеге асыруға болады. Бұл 

тұрғыда ұлы Платонның еңбектерінде сондай белгілер болып адамның 

танымдық  қызметіндегі  рухани  қабілеттер  айырмашылығы  әрекет 

етеді.  Платонның  ойынша,  адам  бойындағы  ондай  қабілеттер  саны  – 

үшеу. Біріншіден, әлемді түсінікпен тану. Платонның шамамен барлық 

туындыларында  бұл  сұхбат  немесе  сұрақтар  мен  олардың  жауаптары 

түрінде  іске  асырылады.  Екіншіден,  сезімдік  қабылдау  арқылы  біз 

алдымызда жатқан әлемнің заттары мен құбылыстарын, олардың ды-

быстары мен иістерін сезіп, көреміз. Үшіншіден, бұл – ерік пен қалау. 

Олар адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бағыттай отырып, оның 

белсенділігін оятады. Соларға толық сәйкестікте Платон үш ғылымды 

ажыратады. Бұл – диалектика, физика және этика. Егер Платонның 

сұхбатын шолып өтсек, онда «Тэтатет», «Парменид», «Софист» деген 

туындылары диалектикаға арналса, «Тимей» мен Федон» – физикаға, 

ал «Мемлекет» және «Саясат» этика мәселелеріне арналғанын байқауға 

болады. Платон бойынша, диалектика ең жоғарғы ғылым болып табы-

лады, өйткені адамның ең жоғарғы рухани қабілеті – ойлайтын ақылы 

негізінде жүзеге асырылады. Онсыз физика мен этика жетілген білімге 

қол  жеткізетін  толық  және  өз  бетінше  бағалы  ғылымдар  бола  алмас 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау